Ф 11-19 Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна 7М1530 Информатика мамандығының магистранттарына арналған «жоо-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы»



бет2/11
Дата13.01.2023
өлшемі221,95 Kb.
#61243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
361815 (1)

Тапсырмалар
1. Нақты а және b сандары берілген. Олардың қосындысын, айырмасын және көбейтіндісін есептеңіз.
2. Нақты х және у сандары берілген. Есептеңіз:
3. Кубтың бір қыры берілген. Кубтың көлемін және бір бетінің ауданын табу керек.
4. Нақты, оң екі сан берілген. Осы сандардың арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыз.
5. Нақты екі сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын және олардың модулінің геометриялық ортасын табыңыз.
6. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Үшбұрыштың гипотенузасы мен ауданын есептеңіз.
7. Температурасы t1 көлемі V1 сумен, температурасы t2 көлемі V2 су араласқан. Пайда болған
қоспаның температурасымен көлемін есептеңіз.
8. Радиусы r шеңберге іштей сызылған дұрыс n-бұрышты көпбұрыштың периметрін
есептеңіз.
9. R2, R2, R3 кедергілері параллель қосылған. Жалпы кедергіні есептеңіз.
10. h биіктіктен еркін түскен тастың түсу уақытын есептеңіз.
11. х, y, z сандары берілген. а және b сандарын есептеңіз, егер

12. Теңқабырғалы үшбұрыштың қыры берілген. Осы үшбұрыштың ауданын есептеңіз.


13. Ұзындығы L маятниктің тербеліс периодын есептеңіз.
14. Массалары m1 және m2 екі дененің F тарту күшін есептеңіз. Денелер бір-бірінен r қашықтықта.
15. Тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы берілген. Үшбұрыштың екінші катетімен іштей сызылған шеңбердің радиусын есептеңіз.
16. Шеңбердің ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын
есептеңіз.
17. Ішкі радиусы 20, ал сыртқы радиусы r (r>20) болып келген сақинаның ауданын есептеңіз.
18. Үшбұрыштың барлық бұрыштарымен сырттай сызылған шеңбердің радиусы берілген. Үшбұрыштың қабырғаларын есептеңіз.
19. Бір-біріне қарай бірқалыпты үдемелі қозғалып келе жатқан екі дененің кездесу уақытын есептеңіз. Олардың алғашқы жылдамдығы, үдеуі және олардың бір-бірінен арақашықтығы берілген.
20. Берілген a, d, n шамалары бойынша арифметикалық прогрессия құрайтын сандардың қосындысын табу керек

2-3 өзіндік жұмыстар. Тармақты алгоритмдер


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар


Тармақталу алгоритмдері. Тұрмыста кездесетін алгоритмдер әр түрлі болып келеді. Олардың жиі кездесетін түріне алгоритмнің белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты тармақталып бірнеше жолдарға бөлінуі жатады.
Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып келеді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоритмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар "таңдау" және "аттап өту" мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.
"Таңдау" жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі (1.2-сурет), егер ол шарт орындалса (шарт ақиқат болса), онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.
"Аттап өту" (1.3-сурет) алгоритмінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- және 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы барысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап алынып жүзеге асырылады да, ал екінші таңдап алынбаған тармақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады. Енді осыған нақты мысалдар келтірейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет