Алуа ассортименті. Пайдаланылатын майлы дақылдарға байланысты тахинді (күнжіт), күнбағысты, жаңғақты және жержаңғақты және құрама (жаңғақ немесе дәндердің бірнеше түрінен жасалған) болып бөлінеді. Рецептурасына сәйкес осы түрлеріне қоспалар: жаңғақ, мейіз, какао өнімдері, цукаттар және т.б. қосылу мүмкін. Сонымен қатар шоколадпен әйнекейленген алуа өндіріледі.
Алуны өлшеп сатылатын және буып түйілген түрда шығарады: нетто массасы 300 г брикет түрінде; 800 г дейін металл банкіде; 1500 г дейін сурет салынған картон, қаңылтыр немесе полимерлі қораптарда. Өлшеп сатылатын алуаны картон қораптарға (12 кг), ағаш қораптарға (15 кг) алдын ала пергамент, пергамин немесе целофан төсеп салады.
Алуаны 18С дейін температурада 70% дейін салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтау керек. Сақтау кезінде пайда болатын ақауларына майдың ағуы және ашуы, бетінің ылғалдануы мен қараюы жатады.
Сақтау мерзімі: күнжіт алуасы мен шоколадпен әйнекейленген алуа – 2 ай; қалған түрлері – 1,5 ай.
Достарыңызбен бөлісу: |