Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Сүт консервілерінің сапасын сараптау



бет194/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

7.2.1. Сүт консервілерінің сапасын сараптау


Сауда орындарына қоюландырылған сүт консервілері тұтынушылық қаптамада түседі. Қабылдау кезінде санын, брутто массасын және банкілер саны есептейді. Сараптауды ыдысын қараудан және маркілеу белгілерін ексеруден бастайды.

Сыртқы түрін тексеру кезінде корпусының деформацялануына, түбіне, қақпағына, тот басқан дақтарға, метал банкілердің тігісіне көңіл аударады.

Затбелгідегі және банкі корпусындағы жазбалар стандартпен қарастырылған мәліметтерден тұру қажет. Банкі түбінде және қақпағында бір қатарға немесе екі қатарға шартты белгілер штампталу қажет. Бір қатарға маркілеу кезінде металл банкі түбінде 5-7 белгі штампталады: М – сүт саласының индексі; өндіруші зауыт нөмірі; консервілердің ассортменттік нөмірі және аусым нөмірі. Қақпағында бір қатарға 6 белгі белгілейді: өнімді өндіру күні (екі сан); өндіру айы (екі сан); өндірілге жылы (соңғы екі сан).

Қоюландырылған сүт сапасы көбіне сүттің құрамы мен қасиеттеріне, технологиялық факторларға байланысты.

Сүт консервілерінің органолептикалық қасиеттері сыртқы түрі, түсі, құрылымы мен консистенциясы, иісі, дәмі бойынша анықталады.

Сыртқы түрі біртекті, тегіс, таза бетті жылтыр масса.

Түсі – крем реңді ақ түсті, бүкіл масса бойынша біртекті. Майлы емес консервілер үшін әлсіз көгілдір рең, толтырғышы бар консервілер үшін қою қоңыр рең болуы рұқсат етіледі.

Құрылымы мен консистенциясы – біртекті, лактоза кристалдары білінбеу керек.

Дәмі, иісі – таза, айқын пастерленген сүт пен кілегей дәмі мен иісі біліну керек. Дәмі тәтті. Аздап жем татымы білінуіне рұқсат етіледі. Толтырғышы бар консервілер үшін – толтырғыштың дәмі, иісі айқын біліну керек.

Физика-химиялық көрсеткіштерден жалпы қышқылдылығы, ылғалдылығы, май түйіршіктерінің мөлшері мен шамасы, сүт қанты кристалдарының мөлшері мен шамасы, ерігіштігі анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет