Сүзбені буып-түю және сақтау. Саудаға сүзбе өлшенетін және өлшеніп оралған түрде түседі. Майлы, жартылай майлы және майсыз сүзбе 250 г-нан пергаментке, қағазға оралады, емдәмдік сүзбе – 100, 200, 250 г-нан полимерлі стакандарға, пакеттерге салынады.
Өлшеп сатылатын сүзбені 50 кг дейін ағаш бөшкелерге, 35 кг дейін металл флягтарға, 10 кг-нан алюминий бидондарға салынады. Дүкендерде сүзбені 8С дейін температурада 36 сағатқа дейін сақталады.
Ұзағырақ сақтау үшін сүзбені –25С температурада қатырады да, –18С температурада оралған сүзбені 4 айға дейін, өлшемді сүзбені 6 айға дейін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |