Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет58/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   379
Ақ қауданды орамжапырақ – орамжапырақ көкөністердің ішінде кең таралған. Оны балғын түрде, аспаздықта, ашыту және маринадтау үшін қолданады. Ақ қауданды орамжапырақта 1–2,5% ақуыз, 2,5–5,3% қант, 0,8% минералды заттар, 70 мг% дейін С дәрумені бар.

Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады. Өлшемі бойынша майда (0,7 кг), орташа және ірі (4–8 кг) болады. Жетілу мерзімі бойынша ерте, орташа және кеш пісетін сұрыптарға бөлінеді. Ерте пісетін сұрыпты орамжапырақтардың қаудандары борпылдақ, орташа тығыздықты және орташа өлшемді болады. Оларды балғын түрде қолданады. Оларға: Номер бірінші, Колхозница, Золотой гектар, Заря, Казачок сұрыптары жатады. Орташа сұрыптардың қауданы тығыздау және ерте пісетін сұрыптарға қарағанда жақсы сақталады. Оларды балғын күйінде және ашыту, консервілеу үшін қолданады. Оларға: Слава Грибовская, Белорусская, Брауншвейгская, Столичная жатады. Кеш пісетін сұрыптарының қаудандары ірі, басқа сұрыптарға қарағанда құрамында қант мөлшері көп. Оларды ашыту үшін және балғын күйінде ұзақ мерзім сақтау үшін қолданады. Оларға: Амагер, Зимовка, Харьковская зимняя жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет