Қара бұйра шайды жасыл жапырақтарды қақтау, орау, ферменттеу, кептіру арқылы алады да, содан соң іріктеп буып түйеді.
Көк шай – шашылмалы, баспаланбаған шай. Қара шай алатын шикізаттан өндіріледі. Ол үшін шай жапырақтарын, көк түсін сақтау және ферменттерді жою үшін, булайды, содан соң кептіреді және орайды. Көк шайдың құрамында басқа шайларға қарағанда танин, С дәрумені молдау болады. Көк шайдың дәмі сәл ашқылтым, ал иісі мүлдем басқа. Шөлді жақсы қандырады. Күн ыстық жерде кеңінен пайдаланады. Сергітетін қасиеті мен Р дәруменінің құрамы көк шай қара шайдан асып түседі.
Көк бұйра шайды қақтау және ферментация операцияларын жүргізбей алады. Жиналған жапырақтарды 1,5–2 минут аса қызған бумен өңдейді де, ылғалдылы 60–62%-ға жеткенше кептіреді. Содан соң орайды, іріктейді және кептіреді. Бұл шайда қара бұйра шайға қарағанда дәрумендері көп.
Шай жапырақшаларының өлшеміне байланысты бұйра шайды жапырақты және түйіршікті түрін шығарады. Сапасына қарай жоғары, 1, 2, 3 сұрыптарға бөледі. Букет және экстра атты шай жоғары сұрыпқа жатады.
Престелген шай тақта және кірпіш түрінде болады. Тақта шайдың сапалы ұнтақтарын престеу арқылы алады. Плиткалы қара және көк шайды 250 грамдық төрт бұрышты плитка түрінде шығарады.
Сапасы бойынша плиткалы шайдың жоғары, 1, 2, 3 сұрыптарын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |