Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Шоколад және какао ұнтағын буып-түю және сақтау



бет155/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   379
Шоколад және какао ұнтағын буып-түю және сақтау. Шоколадтарды жәшіктерге буып түйеді. Шоколадтың барлық дерлік түрін орамада шығарады. Әдетте шоколадты екі қабатқа орайды: фольга және сурет салынған орамаға (плитка) немесе парафин қағазы мен затбелгіге (батон). Шоколад фигураларын тек фольгаға орайды. Фигуралар үшін сонымен қатар мөлдір полимерлі үлдірлер қолданады.

Оралған шоколадтарды 5 кг-нан гофрирленген картон жәшіктерге және 2,5 кг-нан картон футлярларға салады, ары қарай оларды ағаш жәшіктерге буып-түйеді.

Какао ұнтағын бөлшек сауда орындары үшін тек майда өлшеніп салынған (250 г дейін) түрде шығарады. Оларды картон қораптарға, пачкаларға, полимерлі үлдірден жасалған пакеттерге салады.

Шоколад пен какао ұнтағын таза, жақсы желдетілетін, бөтен иіссіз, зиянкестермен зақымданбаған бөлмелерде 18С дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Температура мен ылғалдылық ауытқыса шоколад беті буланады да беті сұрланады, майда қант кристалдары жиналады (қанттың тұнуы). Шоколадқа күн көзі түспеу керек. Шоколад 26С және одан жоғары температураға дейін қызса, какао майы балқиды, ал содан соң суытқанда бетінде май кристалдары жиналуы мүмкін (майдың тұнуы). Сақтау мерзімі: оралған және өлшеп буып түйілген қосындысыз шоколад – 6 ай, қосындысыз өлшеп сатылатын буып түйілмеген шоколады – 4 ай, оралған және буып-түйілген қосындысы бар, салмасы бар, диабеттік – 3 ай, өлшеп сатылатын өлшеп буып-түйілмеген қосындымен шоколад – 2 ай, ақ шоколад – 1 ай, қаңылтыр банкідегі какао ұнтағы – 12 ай, қағаз пакеттегі какао ұнтағы – 3 ай.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет