Органолептикалық көрсеткіштерден пішіні, сыртқы түрі, түсі мен иісі анықталады. Карамель өнімдерінің пішіні өнім түріне сай, деформацияланбаған, тігісі ауытқымаған болу керек. Қалыптау—орау машиналарда жасалған карамель үшін аздап деформациялану, түзу емес кесілу рұқсат етіледі.
Физико-химиялық көрсеткіштерден ылғалдылық, қышқылдыллық, редуцирленетін қант мөлшері, салманың массалық үлесі, әйнекей мөлшері, қанттың массалық үлесі, жалпы күкіртті қышқылдың массалық үлесі, кұл мөлшері анықталады.
Оралған карамельде берік боялған суретті затбелгісі болу керек. Өнім беті құрғақ, жарылмаған, салма іздерсіз болу керек. Пішіні – дұрыс, деформацияланған. Түсі – біртекті, бір түсті немесе көп түсті. Дәмі мен ароматы– айқын білінетін, атына сәйкес, бөтен дәм мен иіссіз.
Стандарттармен ылғалдылығы, қышқылдылығы, салма мен әйнекей
мөлшері, түсіп қалған қант немесе басқа өңдеу материал мөлшері, езілген және жартылай оралған карамель мөлшері нормаланады. Ауыр металл тұздарының мөлшері шектеледі, ал жеміс-жидек салмалы өнімдерде күкіртті қышқыл мөлшері шектеледі.
Ақаулары: бөтен дәм мен иіс, бетіндегі дақтар (біртексіз бояу), жарылу, жабысқақтық, деформация, сұрлануы.
Достарыңызбен бөлісу: |