Май әйнекейімен әйнекейленген кәмпиттер. Дәмі мен тағамдық құндылығы бойнша шоколадпен әйнекейленген кәмпиттерден төмен. Май әйнекейі құндылығы төменірек шикізаттан жасалады: кондитерлік немесе басқа гидромай, какао ұнтағы, соя ұны, какаовела. Оларды тек помадкалы корпуспен ғана өндіреді (Осеннее, Спортивные, Лимонные және т.б.)
Әйнекейленбеген кәмпиттер бір немесе бірнеше кәмпит массасынан тұрады. Корпус түрі бойынша келесі түрлері болады: пралине типті – батондар (Рот-Фронт, Мурзилка); помадкалы кәмпиттер (Школьная, Сливочная тянучка, Коровка, Киевская помадка және т.б.); қатпарлы кәмпиттер (Золотая осень, Спорт, Арктика және т.б.).