Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет160/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   379
Сүтті карамельді қант-сірне сиропын сүтпен қайнатып алынған сүтті карамель массасынан жасайды. Мұз және салмамен болуы мүмкін (Буратино, Молочная, Му-му, Сказка және т.б.).

Жұмсақ карамельдің шоколадпен немесе маймен әйнекейленген түрлерін шығарады. Карамель қабығы салмадан ылғалды сіңіріп алғандықтан жұмсақ болады (Дружба, Загадка және т.б.).

Дәруменделген карамель С және В1 дәрумендерін қосып мұз және салмалы түрлерін шығарады (Спортивная, Березка, Звездочка және т.б.). Емдік карамель теңіз орамжапырағын, ментол, эвкалипт немесе анис майын, йодты калий қосып мұз кәмпит және салмалы кәмпит түрінде өндіреді (Ментоловые пастилки, Анисоментоловая, Монпасье леденцовое с морской капустой).

Карамельді әртүрлі ыдыстарға буып-түйеді. Карамель оралған және ашық, өлшеп буып түйілген, өлшенетін және дара түрде шығарылады. Ашық карамельді оның ылғалдануын болдырмайтын ыдыстарға: қаңылтыр, қағаз немесе картон банкілер, ішіне полимер үлдірлер төселген қораптар мен жәшіктер, полимерлі материалдан жасалған пакеттер мен банкілер.

Қорғап өңделген ашық карамельді, оралған және өлшеп буып-түйілген карамельді ағаш, фанерлі жәшіктерге немесе гофрирленген картон жәшіктерге карамель түріне байланысты 5-22 кг салады.

Карамельді тауарлық көршілестікті қадағалай отырып 18С дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі – 6 ай. Сүтті, ликерлі, араластырылған, майлы-қантты салмамен оралған карамельді – 3 айға дейін. Қосындысы бар және желе, жаңғақ, ликер салмалы карамельді – 2 ай. Фигурная – 15 тәулік.

Сақтау кезінде карамель бұзылуы ылғалдануымен тууы мүмкін, бұл кезде түйірлер, жабысқақтық пайда болады; карамель пісінін жоғалтып ағып кетуі мүмкін. Майы бар салмалы карамельдерде май ашуы нәтижесінде жағымсыз дәмі пайда болуы мүмкін. Шоколадпен әйнекейленген карамель бетінде май немесе қант тұнуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет