Құрғақ сүт өнімдерінің сапасы әрекеттегі стандарттар немесе техникалық шарттар талаптарына сай болу керек. Ол негізінен органолептикалық көрсеткіштер бойынша: консистенциясы, дәмі мен иісі, түсі бойынша анықталады. Ауыр металдар мөлшері және микроағзалардың жалпы мөлшері нормаланады.
Физико-химиялық көрсеткіштерден ылғалдылықтың массалық үлесі, майдың массалық үлесі, қышқылдылығы, ерігіштігі анықталады.
Түсі- әлсіз крем реңді ақ, үлдірлі кептірілген өнімдер – крем түсті, тез ерігіш кілегей – крем реңді ақ және аса майлы кілегеі – ашық сары түсті.
Құрылымы мен консистенциясы – жеке агломерацияланған бөлшектерден тұратын майда құрғақ ұнтақ. Бірінші сұрыпты сүтте күйген бөлшектердің болуы рұқсат етіледі. І сұрыпты кілегей түйірлі борпылдақ, аса майлы кілегей – аз сусымалы ұнтақ, І сұрыпты кілегейде түйірлілік рұқсат етіледі.
Иісі, дәмі – балғын пастерленген сүт пен кілегейге тн болу керек. І сұрыпты сүтте аса пастерлеу, әлсіз жем татымдарының болуы рұқсат етіледі.
Аса майлы кілегей – сәл тәттілеу.
Физика-химиялық көрсеткіштер 7.4-кестеде келтірілген.
7.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |