Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Қаймақ сапасына қойылатын талаптар



бет198/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қаймақ сапасына қойылатын талаптар. Қаймақтың дәмі мен иісі таза сүт қышқылды, пастерленген өнімге тән болу керек. Барлық қаймақ түріне сәл ашқылтым дәм мен қорытылған май дәмінің болуы рұқсат етіледі. Консистенциясы біртекті, шекті қою, жылтыр бетті болу керек. Майлылығы 20 және 25% қаймақ жеткіліксіз қою, сәл тұтқыр, майлылығы 20% қаймақта ауа көпіршіктерінің болуы рұқсат етіледі. 40% майлылықты қаймақ консистенциясы тығыз, жайылмайтын болу керек. І сұрыпты қаймақ үшін жеткіліксіз қою, сәл түйіршікті, сәл созылғыш консистенция рұқсат етіледі. Әуесқойлық қаймақтан басқа барлық қаймақта әлсіз білінетін жем дәмінің болуы рұқсат етіледі. Түсі крем реңді ақ түсті. Әуесқойлық және жоғары сұрыпты қаймақтан басқа қаймақта әлсіз білінетін ыдыс, ащылық, онша білінбейтін қорытылған май татымы рұқсат етіледі. Стандарт бойынша қышқылдылығы, майлылығы, ақуызды толтырғыштары бар қаймақта құрғақ зат мөлшері нормаланады. Патогенді микроағзалардың болуы рұқсат етілмейді.

Қаймақты буып-түю және сақтау. Қаймақты 50 кг дейін ағаш бөшкелерге, 30-35 кг-нан металл ыдыстарға, 10 кг-нан алюминий бидондарға құяды. Флягалар мен бидондарды резина немесе пергамент төселген қақпақтармен жауып пломбалайды. Қаймақты майда ыдысқа – шыны

банкілерге, парафинді және полимерлі стакандарға, полимерлі пакеттерге 50500 г-нан өлшеп салады. 40% майлылықты қаймақты брикет түрінде шығарылады. Емдәмдік қаймақ 100, 200, 300 г-нан стақандарға құяды.

Қаймақты 8С дейін температурада шығарылған сәттен бастап 72 сағатқа дейін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет