Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет204/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Ірімшік торттары сары май, ароматты заттар қосылып, ылғалдылығы 36% болғанша престелген ірімшіктен алынады. Торт бетін креммен, цукаттармен, шоколад әйнекейімен және т.б. безендіреді. Безендірілмеген өнімдегі май мөлшері 21-26% аралығында ауытқиды.

Ірімшік пасталарын тәтті және тұзды етіп өндіреді. Тәттілеріне бал және басқа толтырғыштар қосады. Оларда 25% дейін май бар.

Құрт – сүт өнімі; қой, сиыр сүтінен жасалатын ежелгі қазақ тағамы. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады. Қайнап жатқан кезде түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт бұлғауышпен араластырып отырады. Әбден қойылған соң қапқа құйып, керегеге асып қояды, сонда қалған суы ағып, құрғайды. Содан соң қолмен әр түрлі формаға келтіріп, өреге жайып кептіреді. Құрт кенеулі ас, түрлі тамаққа қосылады.

Жас құрт – сүзбеде тұрған құрттың сары маймен жентектелген түрі; шай дастарқаны тағамы. Ертеде жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуына сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, тері илеуге малма жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет