Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Ірімшік өнімдерінің сапасынақойылатын талаптар. Өнім пішіні әртүрлі болады. Консистенциясы – біртекті, нәзік, шекті тығыз, әр өнімге тән; майлы, жартылай майлы және майсыз сыроктар мен ірімшік массалары үшін сәл ұнды консистенция рұқсат етіледі. Дәмі мен иісі – таза, сүт қышқылды, қосылған толтырғыштардың дәмі мен ароматы айқын білінетін, бөтен дәм мен иіссіз болу керек; төмендегідей жартылай майлы және майсыз сыроктар мен ірімшік массалары үшін әлсіз жем дәмі мен ыдыс дәмінің білінуі рұқсат етіледі. Өнім түсі ақ крем реңді болу керек. Әйнекейленген сүзбешелер беті әйнекеймен біртекті жабылу керек. Әйнекей орамаға жабыспау керек. Орамасы тығыз, зақымданбаған болу керек.