Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Көбік – қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті: майлы, кенеулі ас. Көбікті жас балалар мен қарияларға қалқып беретін болған. Ыстық құрт



бет205/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Көбік – қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті: майлы, кенеулі ас. Көбікті жас балалар мен қарияларға қалқып беретін болған.

Ыстық құрт – қайнап жатқан құртқа май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тигенде ем саналған.

Сықпа құрт – қапқа құйылған ашыған айраннан жасалған құрт; сүзілген айран тұздалып, әр түрлі формаға келтіріп, тақшаға кептіріледі.

Малта – езілген құрттың түййіршіктері; әрі жұмсақ, әрі дәмді ас саналады. Ұзақ жолда ауызға салып, суын сорса, әрі сусын, әрі қорек.

Езген құртастауға ұнталған, келіге түйілген немесе диірменге тартылған құрт; сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт езіледі.

Ақ малта – езген құрттың ең соңғы шайындысы, сұйық күйінде ішеді; өте жұғымды және тез сіңетін тағам.

Ұнтақ құрт – арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына салып жейді.

Құрт-май – сары майға батырылған кепкен сықпа жалпақ құрт. Асығыс уақытта дастарқанға дәм таттыруға қояды. Құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындысы да құрт-май деп аталған.

Құрт-көжекөжеге қосылған езілген құрт; кенеулі, күшті, қадірлі ас. Қазақ арасында сорпаға, көжеге құрт езіп ішу кең тараған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет