Үй ірімшігін немесекілегейлі түйірлі сүзбе ақуыз, май және ылғал мөлшері бойынша жартылай майлы сүзбеге жақын, тек түйірлі құрылымды болады. Құрамында 20% дейін май, 1% тұз бар. Қышқылдылығы 150Т дейін. Сату мерзімі – 36 сағат. Таза сүт қышқылды дәмімен ерекшеленеді, пастерленген кілегей дәмі мен ароматы айқын білінеді. Консистенциясы нәзік, жұмсақ, сүзбе дәндері айқын ажыратылады. Түсі – ақтан ашық сарыға дейін.
Сүзбе сапасына қойылатын талаптар. Майлы, жартылай майлы және майсыз сүзбе жоғары және І сұрыпқа бөлінеді. Қалған сүзбе түрлері сұрыпқа бөлінбейді. Сүзбе жұмсақ болу керек; біртексіз консистенция, ал майсыз сүзбе үшін – сәл сарысуы бөлінген шашыраңқы консистенциялы болу рұқсат етіледі. Емдәкдік сүзбе нәзік, сәл жағылғыш консистенциялы, бөтен дәм мен иіссіз, ал І сұрыпты сүзбе үшін сәл жем татымы, ыдыс татымы және әлсіз ашқылтым болуы рұқсат етіледі. Сүзбе түсі ақ крем реңді немесе сәл сарғыш болу керек. Физика-химиялық көрсеткіштерден стандартпен майлылығы, ылғал мөлшері, қышқылдылығы нормаланады.