Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет75/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

3.2.10. Бұршақты және астықты көкөністер


Бұршақты көкөністерге асбұршақ, атбас бұршақ, үрме бұршақ жатады.

Бұршақты көкөністер жеңіл сіңетін ақуыздарға бай. Мысалы, бұршақта ақуыз – 6,5%, атбасбұршақта – 4%, үрме бұршақта – 6%. Сонымен қатар бұршақты көкөністерде қант (6-9%), крахмал (2-7%), С, В тобы, РР, К, каротин дәрумендері бар. Бұршақты көкөністердің энергетикалық құндылығы өте жоғары.

Асбұршақ бұршағының (горох) құрылымы мен қолдану әдісі бойынша қантты және қауыздалған болып ажыратылады. Тағамға қантты асбұршақтың жетілмеген тәтті бұршақтары қолданылады. Қантты асбұршақтың кең кәсіптік мәні жоқ.

Қауыздалған бұршақтың тек тұқымдарын қолданады. Тегіс және бұдырлы сұрыптары бар. Бұдырлы сұрыптары тәттірек, құрамында қант мөлшері көп, крахмал мөлшері аз. Сұрыптары: Кубань, Овощной, Изумрудный.



Атбас бұршақты (фасоль) да қантты және қауыздалған деп бөледі. Қантты атбас бұршақ жетілмеген тұқымды, нәзік болады, оны аспаздықта қолданады. Қауыздалған сұрыптарын жетілген тұқымдарды алу үшін қолданады.

Қантты жүгері (кукуруза) астықты көкөністерге жатады. Тағамға пісірілген собықтар және консервіленген дәндер қолданады. Қантты жүгерінің собықтары сүтті жетілу кезінде қолданылады. Жетілудің бұл кезеңі жүгері құрамында 4–10% қант, 6–12% крахмал, А,В2, РР, ақуыздар бар.

Бұршақты және астықты көкөністерді буып түю және сақтау.Тасымалдау және сақтау үшін оларды 15 кг дейін жәшіктерге салады. Жүгері собықтарын сыйымдылығы 12 кг дейін торлы жәшіктерде тасымалдайды. Бұршақты көкөністерді дүкенде 12 сағат ішінде өткізілуі тиіс. Қантты жүгері собықтарын дүкенде 4–8С температурада және 85–90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 3 тәулікке дейін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет