Бұршаққынды бұрыш (перец стручковый) – екі-төрт камера ұяшығы бар көптұқымды жалған жидек болып табылады. Тұқымдары мен жеміс қабығы арасында қуыс бар.
Бұршаққынды бұрышты ащы және тәтті сұрыптарға бөледі. Ащы бұрышта құрғақ заттар – 9–20% (тәтті бұрышта – 7–9%) мен қант – 4,5–8% (тәтті бұрышта 5% дейін) көп. Басқа көкөністерге қарағанда бұрышта С дәрумені (100–400 мг% дейін), каротин (1–2 мг%) және фосфор (25 мг%) көп. Бұрыштың өткір дәмі құрамындағы капсаицин алкалоидына (құрғақ массаға шаққанда 0,02–1%) негізделген.
Техникалық жетілген жемістері (піспеген) қою жасыл, ашық жасыл және крем түсті, ал жетілген жемістері қызыл, қызыл-сары немесе сары түсті болады. Тәтті бұрышты техникалық және биологиялық жетілген кезде, ал ащы бұрышты тек піскен кезде (қызыл түс) жинайды.
Тәтті бұрышты балғын, фаршталған және консервіленген түрде қолданады. Ащы бұрышты көкөністерді тұздағанда қосады және дәмқосар ретінде балғын немесе кепкен түрде тағамдарға қосады.
Тәтті бұрыш балғын, таза, аурулармен зақымданбаған, пішіні мен түсі бойынша ботаникалық сұрыпқа сәйкес, тәттілеу, сәл өткір дәм білінетіндей болу керек. Ұзынша формалы жемістердің ұзындығы 6 см, ал домалақ формалы – ең үлкен көлденең диаметрі бойынша 4 см кем болмау керек.
Ащы бұрыш балғын, таза, аурулармен зақымданбаған, жетілген, ащы дәмді болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |