Тұқымды жемістердің аурулары. Тұқымды жемістер көбінесе жеміс шірігімен, паршамен, күйе саңырауқұлағымен зақымданады. Физиологиялық аурулар (күю, жұмсағының қараюы, солу және т.б.) дұрыс емес сақтау кезінде пайда болады. Тұқымды жемістердің зиянкестеріне плодожорка, долгоносик, щитовка жатады.
Тұқымды жемістерді буып-түю және сақтау. Алмаларды сыйымдылығы 30 кг дейін жәшіктерге, алмұртты – 20 кг дейін, айваны – 35 кг дейін буыптүйеді.
Жемістерді жәшіктерге қатарлап немесе шахматты ретпен әр қатарды ағаш жаңқаларымен сеуіп орналастырады. Помологиялық сұрыптары құнды алма мен алмұртты әр жемісін арнайы қағазбен орап жәшіктерге салады. Тұқымды жемістерді 0-1С температурада және 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.