Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет77/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

3.3.1. Жемістердің жіктелуі


Құрылымы мен өсіру аймағына байланысты жаңа піскен жемістер келесі топтарға бөлінеді:



  • тұқымды – алма, алмұрт, айва;

  • сүйектілер – шие, көк өрік, өрік, шабдалы;

  • жидектер – жүзім, қарақат, сиырбүлдірген, құлпынай, таңқурай және жабайы жидектер;  жаңғақжемістілер – жаңғақ, грек жаңғағы, бадам, жержаңғақ, фисташка, кария, кешью т.б.;

  • субтропикалық және тропикалық – құрма, унаби, інжір, анар, фейхоа, ананас, банан, манго, финики,цитрустылар.


3.3.2. Тұқымды жемістер


Тұқымды жемістер қабығынан, жеміс жұмсағынан және тұқымы бар бес ұялы камерадан тұрады. Бұл топқа алма, алмұрт, айва, мушмула, жатады. Олар жоғары тағамдық құндылықпен, жақсы дәмдік қасиетімен ерекшеленеді және өңдеу үшін құнды шикізат болып табылады.



Алма – басқа жемісті дақылдардың ішінде бірінші орын алады. Алманы негізінен оңтүстік және орталық аймақтарда өсіреді.

Алмалардың химиялық құрамы әртүрлі факторларға тәуелді: сұрыбы, пісу дәрежесі, өсіру жағдайы, сақтау тәртібі мен ұзақтығы. Алма құрамында 95 қант, 0,7% қышқылдар (алма және лимон қышқылдары), 0,4% азотты заттар, 0,02– 0,27% илік заттар, 1,3% жасұнық, 0,8% пектин заттар, 13 мг% С дәрумені бар.

Жетілу мерзіміне қарай барлық алма сұрыптары жаздық, күздік және қыстық болады.

Алманың жаздық сұрыптары шілде-тамызда піседі де, 2-3 апта сақталады. Кең тараған сұрыптары: Грушевка, Белый налив, Анис, Мельба.

Алманың күздік сұрыптары жинағаннан кейін 10-20 күн өткен соң піседі. Күздік алмалар желтоқсанға дейін сақталады. Күздік сұрыптарға: Осеннее полосатое, Антоновка, Апорт, Пепин золотистый, Титовка жатады.

Алманың қыстық сұрыптарын қыркүйетің екінші жартысында-қазанның бірінші жартысында жинайды. Жинағаннан кейін жемістер қатты консистенциялы болады, құрамында илік заттар мен крахмал көп мөлшерде болады. Алмалар жатып жетіледі. Крахмал гидролизденіп, қант мөлшері ұлғаяды. Бұл кезде протопектин, қышқылдар, илік заттар мөлшері төмендейді, сұрыпқа сәйкес өзіндік дәм, иіс және консистенция пайда болады. Сұрыптары: Ренет Симиренко, Ранет шампанский, Розмарин белый, Бойкен, Банан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет