Алма сапасына қойылатын талаптар. Ерте пісетін алмалар сапасы бойынша І және ІІ тауарлық сұрыпқа бөлінеді және олар бүтін, қажетінше піскен, таза, жеміс бетінде артық ылғалсыз, бөтен иіссіз және дәмсіз болу керек. Ең үлкен көлденең диаметрі І сұрып үшін – 55 мм, ІІ сұрып үшін – 40 мм болу керек.
Кеш пісетін алмалар екі помологиялық топқа және төрт тауарлық сұрыпқа:
жоғары, І, ІІ және ІІІ.
Жоғары сұрыпқа 1-помологиялық топқа жататын алмалар: Антоновка, Апорт алматинский, Бельфлер желтый, Осеннее полосатое, Ранет Симиренко, Старкинг және т.б. жатады. Өлшемі (мм): жоғары сұрып – 65, І – 60, ІІ – 50, ІІІ – 40.
Кеш пісетін алмалардың сапасы келесі көрсеткіштермен бағаланады: сыртқы түрі, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі, жетілу дәрежесі, рұқсат етілетін ауытқулар. Домалақ формалы жоғары сотты алмалар үшін өлшемі (мм): 65, І сұрып үшін – 60, ІІ сұрып үшін – 50 және ІІІ сұрып үшін – 40; овал формалы жоғары сұрыпты алма – 60, І сұрып – 50, ІІ сұрып – 45 және ІІІ сұрып – 35.
Алмұрт. Алмаларға қарағанда нәзіктеу, нашар сақталады, алмалармен салыстырғанда қышқыл мөлшері аз, қант мөлшері көп. Алмұртты балғын түрінде қолданады, компот, тосап, цукат дайындайды. Алмұрт құрамында 9% қант, 0,3% қышқылдар, 0,2% пектин заттары, 0,02-0,17% илік заттар, 0,7% минералды элементтер, 0,6% жасұнық, С дәрумені бар.
Жетілу мерзіміне қарай жаздық, күздік және қыстық болып бөлінеді.
Жаздық сұрыптарға: Бессемянка, Лимонка, Ильинка, Любимица, Клаппа және т.б. жатады. Олар шілде-тамызда пісіп, үш аптаға дейін сақталады.
Күздік сұрыптарына Лесная красавица, Беребоск, Дюшес жатады. Олар тамыз аяғында және қыркүйек басында піседі.
Алмұрттың қыстық сұрыптары қыркүйек аяғында-қазанда жиналады, ал тұтынушылық жетілуі 4-6 ай сақтағаннан кейін басталады. Оларға: Бере зимняя Мичурина, Вильямс зимний, Деканка зимняя, Сен-Жермен, Бере Арданпон жатады.
Сапасы бойынша ерте пісетін алмұрт екі тауарлық сұрыпқа: І және ІІ; кеш пісетін алмұрт екі помологиялық топқа және үш тауарлық сұрыпқа: І, ІІ және ІІІ бөлінеді.
Айва жемістері ірі, жұмсағы тығыз, ауыз қуыратын дәм мен нәзік жағымды ароматқа ие. Консерві өндірісінің құнды шикізаты, одан тосап, джем, желе, цукат, компот дайындайды. Айва құрамында 7,6% қант, 0,9% қышқылдар, 0,8% пектин заттары, 0,6% илік заттар, 1,5% пектин заттары, 0,8% минералды заттар, 23 мг% С дәрумені бар. Айваның өзіндік ароматы құрамында энант-этил және пеларгон-этил эфирінің болуына негізделген.
Жетілу мерзіміе қарай ерте пісетін (қыркүйекте жинайды) және кеш пісетін (қазанда жинайды) болады. Сапасы бойынша 1 және ІІ тауарлық сұрыпқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |