Ф-әК-001/09 Келісілді Бекітемін Әдіскер Директордың оқу жұмысы Ә. Керімқұл жөніндегі орынбасары 2023 ж



бет5/8
Дата23.09.2023
өлшемі54,13 Kb.
#109903
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өзін-өзі тәрбиелеу ашық сабақ 2023 ж.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері

Өзін-өзі тану



Өзін-өзі меңгеру

Өзін-өзі ынталандыру

Өзін-өзі бақылау


Өзін өзі талдау жасау
Өзін басқалармен салыстыру
Өзін өзі бағалау

Өзін-өзі сендіру


Өзін өзі қадағалау
Өзін өзі бұйрық беру
Өзін өзі құптау

Өзін өзі көрсету


Өзін өзі мақұлдау
Өзін өзі мадақтау
Өзін өзі жазалау



Өзін-өзі тәрбиелеу кезінде мына әдістерді қолданған жөн:


Жеке міндеттеме – белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру – қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс-қылығына талдау жасау – өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
Өзін-өзі бақылау – кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру – мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі.
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам «Мен енді темекі тартпаймын» - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі – дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде – өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі – алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте, мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттілік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды.
Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторлар:

  • Педагогикалық ұжым;

  • Бос уақыт;

  • Басқару стилі.

Кез келген кемшілікті жою үшін мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің бірізділігін қолдануға болады:

  1. Өз іс-әрекетіндегі немесе мінез-құлқындағы кемшілікті табу және себептерін анықтау;

  2. Осы кемшілікке деген эмоциялық қатынас, оны жағымсыз қасиет ретінде сезіну;

  3. Келесі әрекет – өзін-өзі өзгерту ұстанымдарын анықтау;

  4. Кемшілікті жою тәсілдерін анықтау.

Қайта тәрбиелеу оқушылардың жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі, оның барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзеледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады. Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады. Сонымен қатар, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, ынталандыру - жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру, түзету, яғни балалардың теріс саналарының шырмауынан босату.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-құлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның әрі дамуына бақылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет