Ф-әК-001/09 Келісілді Бекітемін Әдіскер Директордың оқу жұмысы Ә. Керімқұл жөніндегі орынбасары 2023 ж



бет4/8
Дата23.09.2023
өлшемі54,13 Kb.
#109903
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өзін-өзі тәрбиелеу ашық сабақ 2023 ж.

3-топ: Сәйкестігін тап:
Темперамент типтеріне келтірілген сипаттамаларды оқып, бейнелеген іс-әрекеттеріне қарап, сәйкесін табуға тапсырма беріледі.

  1. Самал ашық жарқын, ақ көңіл, көңіл-күйі көтеріңкі, белсенді. Ойында

белсенді, іскерлік ойындарды ойнағанды ұнатады. Талапшыл. Жаңа жұмысқа тез кірісіп, бір жұмыстан екіншісіне тез ауысады. Жаңаны тез ұғып алуға қабілетті. (Сангвиник)

  1. Айбек пікірталаста тапқыр. Тәукелге бейімді. Тез шешімді қабылдауға

қабілетті. Жаңалыққа ұмтылғыш. Тік мінезді, ашушаң, шыдамсыз. Алдына қойылған мақсатқа жетуде табанды. (Холерик)

  1. Жібек сабырлы, салмақты, парасатты қыз. Қатты эмоция мен

қимылдарда байсалды және бірқалыпты сөйлейді. Басталған істі аяғына дейін жеткізеді. Өмірде тәртіпті, тиянақты, жұмысты жүйені қатаң ұстанады. Қызығушылықтар мен қарым-қатынаста тұрақты. (Флегматик)

  1. Олжас өте сезімтал, ұяң, ұялшақ, тым тұйық мінезді. Тосын

жағдайларда абыржып қалады. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиналады. Көп сөйлегенді ұнатпаушы. Тез ренжігіш, көпшіл емес. Белсенділік танытпайды. (Меланхолик).


III. Жаңа сабақ ( 30мин)

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы сипаттама

  2. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері

  3. Қайта тәрбиелеу жөнінде түсінік



1-тапсырма. Ой қозғау «Кинометафора» әдісі. Бүгінгі сабақтың атауын ашу мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп, оқушылардан ой-пікірлер сұралады.

Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.


Л.Н. Толстой өзін-өзі тәрбиелеудің келесі міндеттерін көрсетті: «Мен үшін өмірдегі ең маңыздысы осы үш кемістіктен құтылу:
-мінезсіздік;
-ашуланшақтық;
-жалқаулық.
Тұлғалық қасиеттер адамның қалауынсыз және еңбегінсіз қалыптаса алмайды. Өзін- өзі тәрбиелеу арқылы ең жақсы қасиеттер дамиды.
Неміс ақыны Ф.Логау айтуынша: «Өзіңмен өзің түскен күрес — ең қиын күрес,өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеуде үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады:

  • Өзін-өзі жоспарлау;

  • Өзін-өзі тану;

  • Өзара әрекет ету.

И.П. Подласый, бойынша өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – тұлғаның мәдениетін қалыптастырып, өзін-өзі дамытатын жүйелі және саналы әрекет.
Педагог Ю.К. Бабанский бойынша тәрбие процессі жақсы ұйымдастырылған болса өзін-өзі тәрбиелеу процессіне алмасады.
Педагог А.И. Кочетов өзін-өзі тәрбиелеудің келесі параметрлерін көрсетеді:

  • Бағыттылық, яғни өзін тәрбиелеуге деген мотив;

  • Мазмұндық (ақыл-ой, физикалық, рухани, еңбектік, эстетикалық , ерік , кәсіби , кешенді);

  • Тұрақтылық ;

  • Тұлғаны қалыптастырудағы тиімділік ).

Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша К. Д. Ушинский жас кезінде мынадай жоспар құрған:

  1. Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.

  2. Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.

  3. Іс-әрекеттің саналылығы.

  4. Шешімді тез қабылдаушылық.

  5. Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.

  6. Уақытты саналы өткізу.

  7. Әр күні кеште өз іс-әрекеттеріне есеп беру.

  8. Ешқашан болған нәрсеге немесе болатын нәрсеге мақтанбау.

Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі
ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-Росинский, В.Сухомлинский, т.б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет