2-тапсырма. Бейнебаян. Абайдың он бесінші қара сөзі https://www.youtube.com/watch?v=yXE9kerKqkc
IV. Бекіту (30 мин):
1-тапсырма. Ақиқат дұрыс па? бұрыс па ойыны. Оқушыларға стикерлерде ақпараттар көрсетіледі. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, сол ақпараттар дұрыс болса, дұрыс деген , жалған болса, дұрыс емес деген белгі көрсетілген жерге салады:
өз орнын өзі белгілеуіне бағытталған саналы әрекет. (дұрыс)
Өзін-өзі тәрбиелеуде үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға
болады (дұрыс)
Педагог А.И. Кочетов өзін-өзі тәрбиелеудің келесі параметрлерін
көрсетеді: теориялық, практикалық,әдістемелік (дұрыс емес)
Қайта тәрбиелеу оқушылардың жүріс-тұрысындағы ауытқулардың
алдын алуға және жеңуге бағытталады. (дұрыс)
Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жас кезінде жоспар құрған ғалым –
А.С.Макаренко (дұрыс емес)
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне жатады: сауаланма, экспермиент,
әңгімелесу (дұрыс емес)
2-тапсырма. Баскетбол әдісі. Әр топтан 1 оқушыдан шығарып отырып, шарикте сөздер көрсетіледі, сол сөздер өзін-өзі тәрбиелеудің қай түріне жататын тауып, себет ішіне салып отыруы қажет:
Керекті сөздер: Өзін-өзі бақылау, өзін өзі талдау жасау, өзін басқалармен салыстыру, өзін өзі бағалау, өзін-өзі сендіру, өзін өзі қадағалау, өзін өзі бұйрық беру, өзін өзі құптау, өзін өзі көрсету, өзін өзі мақұлдау, өзін өзі, мадақтау, өзін өзі жазалау