3-тапсырма. «Алып қадамдар» әдісі
Мақсаты: Оқушыларға сенімділік ұялату, өзін-өзі бағалауға баулу, жақсы көңіл-күй сыйлау
Оқушыларға іздер көрсетіледі, соны байланыстыра отырып айтуы қажет.
Мысалы, бірінші ізде мына әлемге деген сөз берілсе, екінші ізде әлемнің және смайлик бейнесі бар іздер көрсетіледі. Сол жағдайда оқушы мен мына әлемді жақсы көремін, немесе мына әлемге ғашықпын деген сөздерді айтып алға қадам басуы қажет:
4-тапсырма. «Көзқарас» әдісі
Әр оқушыға параққа өздерінің кемшілік тұстарын жазу ұсынылады. Оқушылар жазып болғаннан соң мыжып-мыжып қоқысқа тастаған тұста, өзінің кемшіліктерінен арылғандығын сезініп, болашаққа деген көзқарасын сөзбен жеткізу керек.
5-тапсырма. Рефлексия: «Whatsapp» әдісі
Оқушыларға мұғалімнен хабарлама келеді, сол хабарламаға жауап беріп, бүгінгі сабаққа байланысты өз ойларын хабарлама арқылы жазуы қажет:
Мысалы, бүгінгі сабақ қалай өтілді? Не нәрседен қиналдың? Соның барлығына кері байланыс жасап жазу керек.
V. Бағалау (5 мин): Сабаққа белсенді қатысып, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бағалау, нәтижесін естірту, журналға қою.
№
|
Оқушылардың аты-жөні
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Бекіту
|
Қорытынды бағалау
|
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі
|
Ой қозғау Кинометафора әдісі
|
«Ақиқат дұрыс па? бұрыс па?» ойыны
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |