Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында


Тұқымдарын жинау. Аршаның



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 Тұқымдарын жинау. Аршаның жеміс бүрі жидек пішіндес немесе шар тәріздес, 4-6 
жапырақша  бірігіп  ӛскен,  әрбір  жапырақша  түбінде  бір  дән  бар.  Ішіндегі  дәні  (тұқымы) 
қыркүйек  айында  піседі.  Жеміс  бүрі  әдепкіде  кӛкшілдеу  болады.  Тұқым  піскен  кезде 
жапырақшалар қоңыр түсті болады да, жапырақшалар ашылып, дәндер (4-5 тұқым) жерге 
түсіп  шашылады.  Сосын  оны  жинап  алу  ӛте  қиын,  ӛйткені,  дәндердің  түсі  топырақ 
тәріздес  әрі  майда.  Сондықтан  жеміс  бүрі  жапырақшалары  ашылмай  тұрғанда,  шамалы 
қоңырқай түсті болғанда, қыркүйек, қазан айларында жинайды. Жиналған тұқым жетіліп 
піскенше 10 күн «жатып сақталуы» керек, сосын егуге болады. 
Емен негізінен тұқымы арқылы кӛбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек-
қазан айларында жеміс береді. Тұқымы жаңғақ, оны қыркүйек айында, жауын-шашын аз 
болып, ауа, топырақ құрғақ болған кезде жинаған дұрыс. Емен жаңғағын жинағанда оның 
қабығының  шытынамағаны  жақсы.  Шытынаған  жағдайда  ол  жерлерге  микробтар  түсіп, 
ылғал  болған  жағдайда  тұқымдарды  шірітеді.  Жиналған  жаңғақ  тұқымы  10-15  күн 
«жатып сақталуы» керек, сосын егуге болады. 
Акацияның тұқымы ұзын бұршақ (боб) түрінде, ішінде 4-10 тұқым болады. Қыркүйек 
айында  бұршақ  ішінде  дән  (тұқым)  піскенімен  бұршақтың  кӛпшілігі  ағашта  салбырап 
тұрады. Оларды қыркүйек-қазан айларында жинау керек. 
Тұқымдарды егу. Бұл үшін бір рет пайдаланатын стакандар алынып, біреуінің түбін 
шприцтік инемен немесе бізбен теседі (3-5 рет), ал екіншісі тесілмейді. Тесілген стаканды 
тесілмеген стакан ішіне кигізеді, сосын кӛң араластырылған топырақпен, дұрысы гүлдер 
ӛсіруге  арналған  қара  топырақпен  толтырады,  шамалы  нығыздайды.  (Гүлдер  ӛсіруге 
арналған  қара  топырақ  магазиндерде  (базарларда)  сатылады,  және  ол  арзан).  Әрбір 
стаканға  арша  тұқымы  3-5  тен  себіледі;  емен  жаңғағы  3-ден,  акация  тұқымы  10-нан 
(ӛйткені олардың шығымдылығы тӛмен), сирень тұқымы 5-ден себіледі. Беті топырақпен 
жабылады,  бірақ  тұқым  тереңге  түспеуі  керек,  беті  жабылса  болды,  тереңдігі  0,8-1  см, 
сосын жаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғалды болуы керек, сонымен бірге 
тұқымның  ӛнуі  үшін  оттегіде  қажет.  Ол  үшін  2-3  күн  ӛтіп,  3-ші  немесе  4-ші  күні  әрбір 
стакандар  суарылады,  бірақ  су  кӛп  құйылмауы  керек.  Нәтижесінде  стакандағы  топырақ 
ылғалды болады, әрі  арасына ауа кіріп, бӛрткен тұқымдар оттегімен қамтамасыз етіледі. 
Егілген арша, сирень, тұқымы 40-45 күннен кейін екі ұрық жапырақты болып шығады.  
 Ауылдық  жерлерде  және  ондағы  мектептер  айналасына  арша,  емен,  акация  т.б. 
ағашты және декоративті ӛсімдіктер ӛсіру үшін он мыңдаған ӛскін кӛшеті қажет. Олардың 
әрбіреуін  10-15  мың  теңгеден  сатып  алу  үшін  ауылдық  әкімдікте  және  мектептерде 
қомақты  қаржы  жоқ.  Ал,  біздің  осы  әдістемеміз  бойынша  аталған  ағашты  және 
декоративтік  ӛсімдіктер  ӛскіні  кӛшеттерін  дайындау  ӛте  арзанға  түседі.  Аталған 
әдістемені  мектептердегі  биология  және  экология  пәні  мұғалімдеріне  және  оқушыларға 
үйретсек,  олар  ӛздері  ӛте  кӛп  мӛлшерде  арша,  емен,  акация,  сирень  ӛскіндері  кӛшетін 
дайындай алады. Егер оқушылар ӛздері осы ӛсімдіктер кӛшетін ӛсіріп дайындаса, сосын 
мектеп  айналасына,  ауылдарының  кӛшелеріне  және  маңына  отырғызып,  ӛздері  күтіп-
баптаса,  онда  олардың  табиғатқа,  оның  экологиялық  жағдайына  кӛзқарасы  түбегейлі 
ӛзгереді.  Мұның  тәрбиелік  мәні  зор  және  мектептің  ӛзінде  оқушылар  кәсіби  мамандық 
алуға бейімделеді. 
Ӛскіндерді күтіп-баптау. Әрбір стаканға  егілген аршаның 3-5 тұқымын, еменнің 3 
жаңғақ тұқымын, акацияның 10 тұқымының, сиреннің (жұпаргүл) 5 тұқымының барлығы 
түгел  шыға  бермейді.  Ӛйткені  аталған  тұқымдардың  табиғи  жағдайдағы  физиологиялық 
қасиеті, 
шығымдылығы 
әртүрлі. 
Сондықтан 
тұқым 
себілген 
стакандардың 
кейбіреулерінде  бір  ӛскіннен,  кӛпшілігінде  екеуден,  аз  бӛлігінде  3-5-ден  шыққан. 
Ӛскіндер  шыққан  стакандар  терезеге  жақын,  күн  сәулесі  түсетін  жерде  үстелге 
орналастырып, қыс бойы күтіліп бапталады. 
Күтіп-баптау  шаралары  −  негізінен  суару.  Екі-үш  күн  ӛтіп,  3-ші  күні  стакандағы 
ӛскіндер  аздап  суарылады.  Егер  стакандарға  су  кӛбірек  құйылса  арша,  емен,  акация, 
сирень тамырларына ауа жетіспегендіктен әлсіреп ауруға шалдығады, сосын ӛледі. 

182  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Осы әдістеме арқылы ӛте кӛп мӛлшерде арша, емен, акация, сирень ӛскіндерін ӛсіріп 
дайындауға  болады  және  бұл  ӛте  арзанға  түседі.  Жеке  кәсіпкерлер  немесе  қаланы 
гүлдендіру мекемесінің дайындаған аталған ағашты ӛсімдіктер ӛскіндерінің (4-5 жылдық) 
әрбіреуі 10-15 мың теңге тұрады. 
Кӛктемде наурыз, сәуір айларында ауа температурасы +10

С, +15

С градус болғанда 
топыраққа, яғни тұрақты орнына арша, емен, акация, сирень ӛскіндері отырғызылады. Ол 
үшін  аталған  ӛсімдіктер  ӛскіні  мен  стакандағы  топырағы  сиятындай  шұңқыр  қазылады, 
сосын  су  құйылады.  Осы  шұңқырға  ӛсімдіктер  ӛскіні  топырағымен  отырғызылып,  ал 
қазылғанда  шыққан  топырағымен  шұңқырды  қайтадан  толтырады  да,  топырақ  шамалы 
нығыздалады.  Сосын  асты  және  үсті  кесілген  пластикалық  бӛтелкені  (халық  арасында 
оны «баклашка» деп атайды) арша, емен ӛскініне кигізеді де, оны (пластикалық бӛтелке) 
топыраққа нығыздап орналастырады. Пластикалық бӛтелкенің айналасын қоршап ойықша 
(арықша)  қазылады.  Бұл  арша,  емен  ӛскінін  суару  үшін  керек.  Әдепкіде  әлсіздеу  арша, 
емен  ӛскініне  орнатылған  пластикалық  бӛтелке  жақсы  микроклимат  қалыптастырып, 
транспирация  қарқындылығын  азайтады,  тамырларының  ӛсіп  нығаюына  оптимальды 
жағдай жасайды.  
Астана  маңында  орман  жасатқан  Елбасы  ӛнегесін,  идеясын  жүзеге  асыру  
(тәжірибе нәтижелерін ӛндіріске енгізу ). Біздің болашағымыз − жастар, ал  оларға таза, 
оттегісі  мол  ауа  керек.  Алдағы  40-50  жылда  ғалымдар  болжаған  −  атмосферадағы 
оттегінің  азаюын,  құрлық  ортасындағы  Қазақстанда  келешекте  болатын  қатал 
континентальды  климатты,  яғни  жазы  ӛте  ыстық,  қысы  ӛте  суық,  тұщы  суы  тапшы, 
қуаңшылық жағдайды  болдырмаудың негізгі  шаралардың бірі  ормандарды сақтап, арша, 
емен,  акация,  т.б.  күшті  фотосинтездеуші  ағашты  ӛсімдіктерді  ӛте  кӛп  мӛлшерде  ӛсіру 
керек.  Биыл  2012  жылы  Қазақстандағы    6960  мектепте  2,5  млн.  оқушылар  оқиды.  Осы 
оқушылардың  40-50%  -ның  әрқайсысы  он-оннан  ағашты  ӛсімдіктер  ӛсірсе,  бір  жылдың 
ӛзінде  12,5  млн.  түп  арша,  сондай  мӛлшерде  емен,  акация,  сирень  ӛсіріледі  екен.  Бұл 
үдеріс  (процесс)  40-50  жыл  бойы  жүргізілсе  Елімізде  орман  алқаптары  кӛбейеді.  Яғни, 
жастар (оқушылар) үлкен әлеуметтік күш және де ӛздері ӛмір сүретін экологиялық ортаны 
жақсартады. Сондықтан, ағашты ӛсімдіктер кӛп болса фотосинтез процесі күшейіп, СО
2
-
ні  кӛбірек  сіңіреді,  оттегі  шығарады,  ауа  тазарады,  жауын-шашын  ӛзі  келеді, 
континентальды климат жұмсарады. Бірақ, мұны жүзеге асыру ӛте күрделі проблема, оған 
бүкіл халық, әсіресе жастар жұмылуы керек. Қазақстандағы әрбір мектептердегі биология, 
экология  мамандығы  мұғалімдері  мен  оқушылары  жұмыла  кірісіп,  ӛздері  тұрған  елді 
мекендер кӛшелерінде және ауылдарды қоршап, жылда-жылда кӛп мӛлшерде арша, емен, 
акация,  т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді  40-45  жыл  бойы  біздің  әдістемеміз  бойынша  үздіксіз 
ӛсіре  берсе,  бүкіл  Қазақстандағы  қуаңшылық  жағдай  ӛзгеріп,  экология  жақсарады  деп 
ойлаймыз. Мұның тәрбиелік және әлеуметтік мәні орасан зор. 
  Біздің  әдістемеміз  бойынша ауылдық  жерлерде арша,  емен, акация  ағаштарын  кӛп 
мӛлшерде  ӛсіруге  болады.  Осыған  сәйкес,  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Сұраншы 
батыр  ауылындағы  Аманкелді  орта  мектебінде  арша  ӛскіні  отырғызылды.  Қазір  олар 
жақсы  ӛсіп  тұр.  Бұл  Елбасы  Н.А.Назарбаевтың  ӛнегесін,  идеясын  ауылдық  жерлерде 
жүзеге  асырудың  алғашқы  бастамасы  және  ең  арзан  жолы.  Аталған  әдістеме  Қазақ 
мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  экология  және  биология 
мамандығының  400-ден  аса  студенттеріне  үйретілді  және  келесі  толқын  студенттеріне 
үйретіле  береді.  Әрбір  студент  ӛзі  жұмыс  істеген  мекемесінде,  елді  мекендерде  емен, 
арша,  акация,  сирень, т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді  ӛсірсе  және  осы  іс-шара  жылда  ӛткізіліп, 
үздіксіз  жүзеге  асырылса,  алдағы  40-45  жылда  Еліміздегі  экологиялық  жағдай  ӛзгеріп 
жақсарады  деген  болжам  бар.  2011  жылы  17 мамыр  және  27  шілдесінде  Алматы  қаласы 
маңындағы Медеу шатқалында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің (МҰТП) 
аумағында күшті жел әсерінен кӛптеген ағаштар құлап қалған. Медеу шатқалында құлап 
қалған  ағаштар  орнына  Университетке  бӛлінген    участкеде  бүгінгі  таңда  біздің 
әдістемеміз бойынша 600 түп емен кӛшетін (бір жылдық), 300-дей арша кӛшетін, 60 түп 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 183
 
сирень (жұпаргүл) кӛшеттерін (бір жылдық) отырғызды. 2012 жылдың 11 қараша күні 2,3 
курс  студенттерінің  және  біздің  қатысуымызбен  кӛп  мӛлшерде  (2  қап)  емен  тұқымы 
егілді. Студенттер бұл жұмыстарды әрбір жексенбі күндері жасады және де алдағы 10-15 
жыл бойы аталған ағаштар кӛшеттерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстары  жүргізіледі. 
Бұл жұмыстар да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудың алғашқы ӛнегелі 
жолы.  
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  экологические  проблемы  Казахстана,  которые  могут 
возникнуть  в  ближайшее  время  и  будущем.  С  целью  улучшения  экологических  условий 
необходимо  выращивать  сильно  фотосинтезирующие  древесные  растения  -  дуб, 
можжевельник, акацию и др. Разработан дешевый способ выращивания этих растений. 
 
SUMMARY 
The article deals with  the ecological problems of Kazakhstan. To improve ecological conditions 
we    need  to  grow  a  very  photosynthetic  tree  plants-  Quercus,  Juniperus,  Acacia  and  a  very  cheap 
method of growing tree plants was developed. 
 
 
 
ӘОЖ 502.1 (574);581.524 
ТЫҢАЙТҚЫШ МӚЛШЕРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҤРІШ САБАҒЫНЫҢ 
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҦРЫЛЫСЫ 
 
Ғ.Ж.Медеуова – а.ш.ғ.к. аға оқытушы, З.Манар – магистр, оқытушы, 
Ж.Абдикадирова – магистр, оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
 Аннотация:  мақалада  Арал  ӛңірі  жағалауындағы  агроэкологиялық  факторларға 
байланысты  оған  тыңайтқыш  мӛлшері,  мерзімі,  енгізу  тәсілдері  күріш  сабағының  
құрылысы туралы айтылған. 
 Түйін сӛздер: паренхима, эпидермис, склеренхима. 
Күріш  –  жер  бетіндегі  ең  ӛнімді  әрі  маңызды  дақылдардың  бірі.  Әлемдегі  барлық 
адамзаттың жартысынан кӛбі күріш дәнін тағам ретінде пайдаланады. Соның ішінде, Азия 
тұрғындарының  80%-ның  ең  маңызды  тағамы  болып  саналады.  2015  жылы  әлемнің  4,6 
млрд.  халқының  негізгі  азығы  және  олардың  ӛсіп  ӛркендеуі  күрішке  байланысты  болуы 
мүмкін.  Ӛсіру  технологиясының  әртүрлілігіне  қарамастан  күріш  әлемдегі  ең  ӛнімді  злак 
текті  дақылдардың  бірі.  Агротехникасы  реттелген  жағдайда  ӛсірілетіндіктен  бұл  дақыл 
ӛнімділігін кӛп мӛлшерде арттыруға болады [7]. 
Арал  ӛңірі  жағдайында  агроэкологиялық  факторларға  (тыңайтқыштар  мӛлшері, 
мерзімі, енгізу әдістер, тұқым себу нормасы, яғни қоректену алаңына) байланысты күріш 
мүшелерінің (сабақ) анатомиялық құрылысы зерттелінбеген. Осыған байланысты зерттеу 
мақсаты  –  әртүрлі  қоректену  алаңы  мен  минералды  тыңайтқыштар  мӛлшерінің,  мерзімі 
мен енгізу тәсілдерінің күріш сабағының анатомиялық құрылысына әсерін анықтау.  
Зерттеу  әдістемелері:  тәжірибе  «Қазақстан  күріш  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 
институты»  ЖШС-нің  (Қызылорда  қаласы)  станионарлық  (тұрақты)  телімінде  салынды. 
Күріштің  (Oryza  sativa  4)  –  Маржан,  Арал  202  сорттары  тӛмендегі  схемалар  бойынша 
зерттелінді:  тұқым  себу  нормасы  7  млн.  шығымды  дән;  минералды  тыңайтқыштар 
мӛлшері  мен  енгізу  әдістері  –  NoPo  (бақылау),  N60  P90+N60кг/га  ә.з.  (орташа  доза), 
N60P120+N120 кг/га ә.з. (жоғары доза) енгізілді. Үстеп қоректендірулер – N60,N120 кг/га 
күріштің түптену кезеңінің басында берілді.  
Күріштің  вегетациялық  мүшелерін  фиксациялау  және  анатомиялық  препараттар 
дайындау  жалпы  пайдаланылатын  әдістер:  М.Л.Прозина  [1],  А.И.Пермякова  [2], 

184  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Р.П.Барыкина  және  басқалар  [3]  бойынша  жасалынды.  Зерттеу  нәтижелерін 
математикалық ӛңдеу Г.Ф.Лакин [4] бойынша жүргізілді. 
Зерттеу нәтижелері: Күріштің Маржан сорты (57,6-58,1 ц/га) және Арал 202 (57,9-
59,5 ц/га) сорты ең мол ӛнімі 7 млн. шығымды дән себіліп, N60P120+N120 кг/га ә.з. дозада 
минералды  тыңайтқыштар  берілгенде  алынды.  Минералды  тыңайтқыштар  орташа 
мӛлшерде  (N60P90+N60 кг/га) берілгенде күріш  ӛнімі  – 51,2-50,0 ц/га болды. Қоректену 
алаңына,  тыңайтқыштардың  мӛлшері  мен  енгізу  әдістеріне  байланысты  күріш 
сабағындағы анатомиялық ӛзгерістер болатындығы анықталды.  
Сабақтың анатомиялық құрылысы. Сабақтың анатомиялық құрылысын талдау үшін 
негізгі  даму  кезеңдері  мен  танысқан  жӛн.  Ӛсу  конусының  астында  алғашқы  жапырақ 
түзілген  деңгейде  ӛркеннің  осьтік  бӛлігінің  орталығында  және  шетінде  орналасқан. 
Сабақтың  кӛлденең  кесіндісінде  тӛмендегідей  ұлпалар  анықталады:  эпидермис,  майда 
жасыл ассимиляциялаушы паренхима, түссіз негізгі паренхима, «айналмалы» склеренхима 
талшықтары,  екі  қатар  (сыртқы  және  ішкі)  талшық-түтікті  ӛткізуші  шоқтар  және  сабақ 
ортасындағы  қуыс.  Кейбір  жағдайларда  сабақтың  сыртқы  қабырға  клеткалары 
склерификацияланған  және  ішкі,  орталық  қуыс  жағында  рексигендік  (ауа  ӛткізуші 
қуыстарды қалыптастыратын) зоналар бар.  
Бір  қабат  эпидермис  клеткаларының  қабырғаларының  құрылысы  тор  тәрізді,  ӛте 
майда,  қабырғалары  қалыңдаған,  әрі  кремнийленген,  үсті  жұқа  кутикуламен  жабылған. 
Эпидермисте  лептесіктер  және  бір  немесе  екі  клеткалы  түкшелері  бар.  Бұл  түкшелердің 
пішіні домалақтау, томпақ немесе шамалы ұзынша.  
Тығыз  орналасқан,  ұзынша,  майда  клеткалы  паренхима  эпидермиске  жанаса 
орналасқан. Ішкі жаққа қарай майда паренхималық клеткалар негізі ассимияциялаушы, ірі 
клеткалы ұлпаларға айналды. Бұл клеткалардың қабырғалары жұқа, домалақтау, арасында 
ұзынша пішінділері де кездеседі, кӛптеген клетка аралық қуыстары бар.   
Сабақ қабырғаларында екі қатар орналасқан ӛткізуші шоқтар бар. Сыртқы ӛткізуші 
шоқтарды  қоршаған  склеренхималық  ұлпалар  «айналымдық  қоршау»  склеренхима 
элементтерінен  ұштасып  орналасқан.  Механикалық  ұлпалар  іші  арқылы  ӛтетін  сыртқы 
ӛткізуші  шоқтардың  кейбіреулері  бір-бірінен  алшақ,  ал  кейбіреулері  жақын  орналасқан 
және  клеткалары  майда.  Сабақтың  қырлылығы  сыртқы  ӛткізуші  шоқтарға  байланысты. 
Орталыққа  жақындау  орналасқан  паренхималық  клеткалар  арасында  үлкен  ішкі  түтікті 
шоқтар  жүйесі  баролар  сабақта  «дұрыс  шеңбер»  болып  орналасқан,  бірақ,  бір  деңгейде 
емес. Барлық ӛткізуші шоқтар жабық. 
Л.Р.Петрова, А.Г.Ляховкиннің [5] зерттеулері бойынша, күріштің жатпайтын Анауо 
сорты  сабағындағы  ішкі,  ірі  ӛткізуші  шоқтардың  пішіні  ұзынша,  жұмыртқа  тәрізді,  ал 
жатпау қасиеті орташа УЗРОС 7-13 сортынікі-ромба тәрізді, домалақтау, сабақтары жатып 
қалатын  Арпа-шалы  сортынікі-сопақша,  домалақ,  екі  бүйірі  қысыңқы  орташа.  Біздің 
зерттеген  сорттарымыздың  ішкі  ірі  ӛткізуші  шоқтары  пішіні  бойынша  жатпай  қасиеті 
орташа  УЗРОС  7-13  сорты  ӛткізуші  шоқтарының  пішініне  ұқсас.  Яғни,  Қазақстандық 
селекциясы  сорттары  –  Маржан,  Арал  202,  Түгіскен  күріш  сорттарының  жатпау  қасиеті 
орташа деңгейде. 
Шоқтар құрамында флоэма және ксилема бар. Флоэма және ксилема – бұлар су мен  
онда еріген қоректік заттар және синтезделген органикалық заттарды ӛсімдіктер денесінде 
жылдамдатып  тасымалдайтын,  ӛте  маңызды  физиологиялық  жүйе.  Күріш  сабағында 
ксилема 3-5 түтіктерден құралған, оның ішінде 1-3-і ірілеу тесікті. 
Флоэма  кӛп  қырлы  елек  тәрізді  түтіктерден  және  кішкенелеу  «серік»  клеткалардан 
құралған.  Флоэманың  түрі  тор  секілді,  оның  үлкенде  қуыстары  елек  тәрізді  түтіктердің 
кӛлденең кесіндісіне сәйкес. Сабақтың ӛткізуші шоқтар саны 10-нан 40-қа дейін. 
Сыртқы  ӛткізуші  шоқтарды  қоршаған  механикалық  (арқаулық)  ұлпалар  бірнеше 
қатар,  бір-бірімен  тығыз  орналасқан,  клетка  аралық  қуыстары  жоқ.  Олардың  клетка 
қабықшалары  склерификацияланған,  қалыңдау.  Бұлар  сабақты  қоршаған  арқаулық 
склеренхималық  клеткалармен  ұштасып  орналасқан  және  де  сабаққа  белгілі  дәрежеде 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 185
 
мықтылық  қасиет  береді.  Ішкі  ӛткізуші  шоқтарды  қоршаған  арқаулық  скленхималық 
клеткалар  2-3  қатарлы,  тығыз  орналасқан.  Олардың  сыртында,  қабықшалары  жұқа 
майдалау паренхималық клеткалар қоршаған. 
Тыңайтқыштар,  оның  ішінде  азотпен  үстеп  қоректену  мӛлшері  артқан  жағдайда 
склеренхималық  қоршау  клеткалары  бар  ӛткізуші  шоқтар  (оның  ішінде  майда,  сыртқы 
шеңбердегі  және  ішкі,  ірі  шоқтар)  саны  кӛбейеді  үлкен  ӛткізуші  шоқтардың  кӛлемі  де 
ұлғайған  (1  кесте).  Бұл  флоэма  арқылы  сіңген  қоректік  заттардың  кӛбірек  жылжуын 
туындатады. Жоғары дәннің қалыптасуына әсері үлкен. Сорттық ерекшеліктеріне келетін 
болсақ,  күріштің  202  сорты  сабағындағы  ішкі,  ірі  және  сыртқы  «майда  шоқтар  саны 
бұрыннан»  1986-1987  жылдардан  бері  егіліп  келе  жатқан  маржан  сортына  қарағанда 
мӛлшерде  кӛп.  Бұл  жаңадан  аудандастырылған  Арал  202  сортының  негізгі 
артықшылықтарының  (1  кестеде)  кӛрсетілген.  Тыңайтқыштар  орташа  (N60P90+N60кг/га 
ә.з)  және  жоғары  дозада  (N60P120+N120  кг/га  ә.з)  берілгенде  зерттелген  сортарда  ішкі, 
сыртқы  майда  ӛткізуші  шоқтар  саны  кӛбейген.  Осы  шоқтарды  қоршай  орналасқан 
скелеренхималық  клеткалар  сабақтың  мықтылығын  күшейтіп,  сабақтың  жатпайтын 
күшейтеді. Бірақ тыңайтқыштар, үстеп қоректендіру жоғары дозада енгізілгенде сабақтың 
орталық  қуысы  кеңейіп,  үлейген  және  сабақ  ұзарғандығы  байқалған.  Бұл  сабақтың 
қасиетін  күшейтеді.  Тыңайтқыштар  берілмегенде  зерттелінген  сабағының  буын 
аралығында  ішкі  ірі  ӛткізуші  шоқтар  паренхималық  клеткалар  ортасында,  ауа  ӛткізуші 
аэренхима қуыстарынан сәл тӛмендеу болған. 
Тұқым  себу  нормасы  кӛбейіп,  7  млн.  шығымды  тұқым  себілгенде  және 
тыңайтқыштар  жоғары  дозада  берілгенде  сыртқы,  майда  ӛткізуші  шоқтар  сабағының 
сыртынан  томпақ  болып  шығып,  оның  қырлылығын  күшейтеді.  Ал  ішкі,  ірі  ӛткізуші 
шоқтар  сабақтың  перифериясына,  сыртқы  қабырғасына  жақындау  орналасып,  сабақтың 
ішкі қуысы шамалы кеңейген. Сонымен бірге сабақ буын аралықтары ұзарған. Бұл әсіресе 
Арал  202  сортына  тән  қасиеттер  және  сабақтың  жатып  қалу  қасиетін  шамалы  болса  да 
күшейтеді деген пікір туындайды. 
 
1-кесте  Күріш  сабағының  ішкі  анатомиялық  құрылысы  кӛрсеткіштерінің  тыңайтқыштар 
мӛлшеріне және енгізу әдістеріне байланысты ӛзгерістері  
Күріш сорттары 
7 млн. тұқым себілгенде 
NOPO, 
бақылау 
N
60
P
90+
N
60 
орташа доза 

60

120
+N 
120 
жоғарғы доза 
Ішкі, ірі ӛткізуші шоқтар саны, дана 
Маржан (стандарт) 
10,5±0,35 
13,3±0,53 
17,0±0,63 
Арал 202 
12,0±0,30 
16,0±0,70 
19,1±0,40 
Сыртқы, майда ӛткізуші шоқтар саны, дана 
Маржан (стандарт) 
15,5±0,53 
17,2±0,61 
21,7±0,76 
Арал 202 
17,5±0,42 
20,2±0,51 
26,5±0,62 
 
Сыртынан томпақ болып шығып, оның қырлылығын күшейтеді. Ал ішкі, ірі ӛткізуші 
шоқтар  сабақтың  перифериясына,  сыртқы  қабырғасына  жақындау  орналасып,  сабақтың 
ішкі қуысы шамалы кеңейген. Сонымен бірге сабақ буынаралықтары ұзарған. Бұл әсіресе 
Арал  202  сортына  тән  қасиеттер  және  сабақтың  жатып  қалу  қасиетін  шамалы  болса  да 
күшейтеді деген пікір туындайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Прозина М.Л.Ботаническая микротехника.М.,1960-28-08 с. 
2.
 
Пермякова А.И. Микротехника.М., 1988-208 с. 
3.
 
Барыкина  Р.П.  и  другие.  Справочник  по  ботанической  микротехнике.  Основа  и 
методы. М.: Изд-во МГУ.2004-312 с. 
4.
 
Лакин Г.Ф.Биометрия М.: Высшая школа.1990-352 с. 

186  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
5.
 
Петрова  Л.Р.,  Ляховкин  А.Г.  Структурный  особенноснти  стебля  и  листового 
влагалища  некоторых  полегающих  и  неполегающих  сортов  риса  Oryza  sativa  L.  //ботан. 
Журн., 1968, т.53, №1. –С.75-84 
6.
 
Мұхитдинов Н.М., Бегенов Ә.Б. , Айдосова С.С., Ӛсімдіктер морфологиясы және 
анатомиясы, 2001-Б 166 с. 
7.
 
Жайлыбай Н.К. Күріш егіншілігі және экология 2006 ж. Алматы 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  приведены  результаты  выращивания  риса  в  условиях  технологий  с 
добавлением минеральных удобрений. Проведены исследования анатомического строения 
стебля риса.  
SUMMARY 
The article deals with the  results of rice cultivation in the conditions of the technologies 
with the addition of mineral fertilizers. Anatomic structure of a stalk of rice is given. 
 
 
 
ӘОЖ 376. 72: 373. 5 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҤКІМЕТТІК ЕМЕС 
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҦЙЫМДАРЫНЫҢ РӚЛІ 
 
Г.С.Шыныбекова – магистр, оқытушы, Д.З.Абильмажинова – магистр, оқытушы,  
Ж.А.Абдукадирова – магистр, оқытушы. (Алматы қ., Қазмемқызпу). 
 
Аннотация:  мақалада  Халықаралық  табиғатты  қорғау  ұйымдары  мен  экологиялық 
үкіметтік  емес  ұйымдардың  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  алатын  орны  мен  маңызы 
сипатталған. 
Түйін  сӛздер:  экология,  мониторинг,  биосфера,  тұрақты  даму,  экологиялық 
сараптама. 
Халықаралық  табиғатты  қорғау  ұйымдарының  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде 
алатын  рӛлі  ӛте  үлкен.  Оларды  ұйымдастыру  қажеттілігі  қоршаған  ортадағы  апатты 
ӛзгерістерден туындап отыр. Олар табиғатты қорғауға және ең алдымен, адамзаттың ӛзін 
қорғауға негізделген.  
Барлық  осы  халықаралық  табиғатты  қорғау  ұйымдарының  кӛмегімен  адам 
біріншіден ӛзін ӛзінің іс-әрекетінің нәтижелерінен қорғайды. Егер біз тірі қаламыз десек 
біріншіден,  бізді  қоршаған  әлемді  сақтауымыз  керек,  ал  ол  үшін  біз  жұмыла  бірігуіміз 
керек. Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі - әртүрлі халықаралық табиғатты қорғау 
ұйымдарының жұмысы.  
Қазір  табиғатты  қорғау  мақсатын  алдына  қойған  кӛптеген  түрлі  ұйымдар, 
бірлестіктер  мен  форумдар  бар.  Алайда,  ӛкінішке  орай,  біз  олардың  қайсысы  қандай 
жұмыс  атқаратындығы  туралы  білмейміз,  ал  кӛпшілік  олардың  біразы  жайлы  тіпті 
естімеген. Әдетте, әдебиетте тек екі шектілікті кездестіреміз: қандай да бір ұйымның жай 
ғана аталуы, немесе олардың біреуінің жұмысының толық сипаттамасы.  
XIV ғ.-дың 2-ші жартысы мен әсіресе ХХ жүзжылдықта адам қоғамының дамуымен 
жалғасқан  ғылым  мен  техниканың  дамуы  бір  жағынан  адамның  табиғатқа  деген 
тәуелділігін  жеңіп,  еселенген  қажеттілігін  қамтамасыз  етті,  ал  екінші  жағынан  қоршаған 
ортаға  тигізілетін  әсер  күрт  күшейді.  Қазіргі  кезде  адамзат  ӛз  қажеттіліктерін  ӛтеу  үшін 
жер  қойнауынан  жылына  25  тонна  түрлі  шикізат  алады  (1  адамға  шаққанда). 
Ауылшаруашылық  қажеттіліктері  үшін  құрлықтың  25-30%,  ӛнімдік  орманды  қосқанда  – 
50-55%  пайдаланады,  яғни  адам  планетаның  қолайлы  жерлерінің  барлығын  игерген,  ал 
әлемдік  мұхиттағы  кәсіптік  балық  қорларын  тұтыну  биологиялық  мүмкіндіктер  шегіне 
жетті [1].  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 187
 
Сонымен қатар қоршаған ортаға түсетін әртүрлі зиянды заттардың мӛлшері ұлғаюда, 
түрлі апаттар нәтижесінде табиғатқа орны толмас нұқсан келтірілуде... 
Алдымен  табиғатты  қорғау  шаралары  әр  мемлекеттің  ішкі  ісі  болып  табылатын, 
арнайы органдар құрылатын:  қоршаған ортаны қорғау комитеті  (ГФР), қоршаған ортаны 
қорғау  Министрлігі  (Ұлыбритания,  Франция),  қоршаған  ортаны  қорғау  Агенттілігі 
(АҚШ).  Биосфера  қауіпсіздігіне  тӛнген  қауіптің  ұлғаюына  байланысты  және  табиғаттың 
шексіз екендігін түсінген сайын халықаралық табиғатты қорғау іс-әрекеттілігі жандануда.   
1948ж.  ЮНЕСКО-ның  бастауымен  табиғат  пен  табиғи  қорларды  қорғау  бойынша 
халықаралық  кеңес құрылды (МСОП). МСОП  – Халықаралық  табиғатты қорғау кеңесі  – 
Дүниежүзілік табиғатты қорғау кеңесі - International Union for Nature Conservation (IUCN) 
–  The  World  Conservation  Union.  Мақсаттары:  табиғат  тұтастығы  мен  алуан  түрлілігін 
сақтау  жұмыстарында  әлем  ұйымдарына  әсер  ету,  қолдау  және  кӛмек  кӛрсету;  табиғи 
ресурстарды  саналы  және  экологиялық  тұрақты  пайдалануды  қамтамасыз  ету.  Негізгі 
қызметі: табиғатты қорғау жұмыстарының мониторингін жүргізу; жергілікті ұйымдардың 
пайдалануына арналған табиғатты қорғау бойынша талаптар дайындау; әртүрлі деңгейдегі 
жұмыс  жоспарларын  құрастыру;  үкіметтік  және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  табиғатты 
қорғау  аясында  қолданылатын  шараларға  қатысу;  МСОП  желісі  арқылы  ақпарат  тарату; 
кӛмек және кеңес беру. 
1971  жылы  Юнеско  «Адам  және  биосфера»  атты  арнайы  бағдарлама  қабылдады- 
UNESCO  Programme  «Man  and  Biosphere»  (MAB).  Мақсаттары:  пәнаралық  зерттеулер 
жүргізу, табиғи қорларды басқару аясында мамндарды даярлау; қоршаған ортаға кері әсер 
ететін  факторларды  анықтау;  қорларды  тиімді  зерттеу  әдістемесі  мәселесіне  ғылыми 
потенциалды  шақыру;  білім  беру  бағдарламалары  мен  ғылыми  жобаларды  жоспарлау 
және  іске  асыру  бойынша  кӛмек  кӛрсету.  Негізгі  қызметі:  басты  мәселелік  бағыттар 
бойынша жобаларды дайындау және атқару (биоалуантүрлілік пен экожүйелер жағдайын 
сақтау  және  мониторинг  жүргізу,  табиғи  қорларды  тұрақты  басқару,  жерлерді  игеру 
кезінде  әлеуметтік-мәдени  және  этникалық  жақтарын  интеграциялау,  жерді  пайдалану 
саясатын құрастыру); биосфералық қорлар желісін жасау және басқару; тақырыптық және 
географиялық  белгілер  бойынша  ғылыми  желілер  жасау;  кітаптар,  есептер,  ақпараттық 
материалдар дайындау.  
ЮНЕП  –  БҰҰ  табиғатты  қорғау  бағдарламасы  -  United  Nations  Environment 
Programme  (UNEP).  Мақсаттары:  биосфера  қорлары  туралы  жаңа  мәліметтер  беру, 
максималды әлеуметтік-экономикалық табысты ұстану барысында жалпы жоспарлау мен 
басқаруға  қатысу,  білім  беру  және  кәсіптік  даярлау,  техникалық  кӛмек  үшін  қосымша 
қаржы кӛздерін шақыру. Негізгі қызметі: қоршаған ортаны басқару, жерүсті экожүйелерін 
сақтау,  шӛлейттену,  топырақ  деградациясы,  теңіз  ортасының  ластануы,  климаттың 
ӛзгеруі,  химиялық  заттар  және  қалдықтармен  күресу  жұмыстарының  аясында 
бағдарламаларды іске асыру.  
ЮНЕП  бағдарламаларының  бірі  Ғаламдық  бақылау  жүйесі  (1974ж.)  қабылданған 
стратегияның  жарқын  мысалы  болып  табылады.  Бұл  жүйе  биосферадағы  ӛзгерістерді 
бақылап, тіркеуге арналған. Қоршаған орта мониторингісінің ғаламдық жүйесі (ГСМОС) - 
Global  Environment  Monitoring  System  (CEMS).  Мақсаттары:  қоршаған  орта  мониторингі 
және бағалау бойынша атқарылатын халықаралық жұмыстарға қатысу және реттеу; жаңа 
мониторинг станцияларын жасауды қолдау, атмосфера мен климат жағдайлары, қоршаған 
ортаның  ластануы  туралы  мәліметтерді  жинау  және  тарату.  Негізгі  қызметі: 
геоақпараттық  жүйелер  технологиясы  негізінде  кӛптеген  мәліметтерді  біріктіру  (жерді 
пайдалану,  климат,  әлеуметтік-экономикалық  даму  бойынша);    ақпараттық  қорларды 
басқару бойынша кеңестік қызмет кӛрсету.  
ТМД  шегіндегі  ынтымақтастық:  МЭС  –  Мемлекетаралық  экологиялық  кеңес 
(1992ж.)  -  Inter-State  Council  on  Ecology.  Қатысушылар:  ТМД  мүшелері-11  мемлекеттің 
табиғатты  қорғау  ведомстволарының  басшылары  (мүшелері):  Әзербайжан,  Армения, 
Беларусь,  Грузия,  Қазақстан  Республикасы,  Қырғызстан,  Молдова,  Ресей  Федерациясы, 

188  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Тәжікстан,  Ӛзбекстан,  Түркменстан  (1998г.).  Мақсаттары:  ең  алғашқы  кезекте 
экологиялық  апаттар  зардаптарын  жою  үшін  келісімді  мемлекетаралық  экологиялық 
бағдарламаларды  орындау.  Негізгі  қызметі:  экология  және  қоршаған  табиғи  ортаны 
қорғау  аясында  үйлестік  жасау  және  келісілген  саясат  жүргізу;  ӛндіргіш  күштер, 
инвестициялық  және  т.б.  жобалардың  даму  бағдарламалары  мен  болжамдарын 
экологиялық  сараптамадан  ӛткізу;  жақтар  арасындағы  экологиялық  таластарды  шешуге 
қатысу;  мемлекетаралық  Қызыл  кітап  жүргізу;  экология  және  қоршаған  табиғи  ортаны 
қорғау аясында қабылданған халықаралық келісім-шарттар бойынша міндеттерді атқаруда 
жақтардың қатысу тәртібі мен шарттарын анықтау; халықаралық ынтымақтастық [1].  
Қалай  болғанда  да  қоршаған  орта  жағдайының  мәселелері  әртүрлі  мемлекеттер 
үкіметтерін ғана емес, қарапайым тұрғындарын да толғандырады. Бұндай әбігерленушілік 
үкіметтік емес қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының құрылуымен байқалады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет