Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ 
ҚАЛАЛЫҚ АГЛОМЕРАЦИЯНЫҢ  РӚЛІ 
 
Ш.М.Надыров –г.ғ.д., профессор, Д.Ж.Ахбаева – магистрант 
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  мақалада  еліміздегі  экономикалық  маңыздылығы  жоғары  аудан  болып 
саналатын  Алматы  облысының  экономикалық-әлеуметтік  жағдайы  сондай-ақ,  оның 
дамуындағы  қалалық  агломерацияның  рӛлі  және  Алматы  агломерациясының 
маңыздылығы қарастырылған. 
Түйін сӛздер: агломерация, урбанизация, мегаполис 
Кез  келген  мемлекеттің  даму  барысында  шешуші  рӛлді  қалалар  атқарады.  Әсіресе, 
ірі  қалалар.  Қалаларда  адамдар  кӛп  шоғырланып,  ӛте  мықты  экономикалық  және 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 137
 
интеллектуалды  әлеуетті  қалыптастырады.  Бұл  процесс  қалалардың  ӛсуіне  және  ауыл 
шаруашылығының  дамуына  себебін  тигізеді.  Ӛнеркәсіп,  ғылым,  білімнің  ӛркендеуі  ірі 
қалалардың  экономикалық  ӛсуінің  діңгегіне  айналды.  Қалалар  және  оларды  қосатын 
жолдар  аумақтың  сүйенетін  қаңқасы  тәрізді.  Ірі  қалалар  -  адамның  шығармашылық 
әлуетін  дамытуға  мүмкіншілік  береді.  Қалалықтар  қызмет  түрінің  кӛптеген  түрлерін 
пайдаланып,  жайлы  қоныстанған  және  мәдениеттілігі  жоғары  болып  келеді.  Сондықтан 
болар,  дүние  жүзінің  барлық  елдеріне  тән  үрдіс  -  адамдардың  қалаға  жылжуы. 
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық). 
1)
 
 қаланың және халқының ӛсуі; 
2)
 
 қалалық тіршіліктің ӛркендеуі; 
3)
 
 орналасудың жаңа түрінің пайда болуы. 
Қалалық  орналасудың  тарихи  қалыптасқан  3  формасы  бар.  Қала,  қалалық 
агломерация және мегаполис. 
Жалпы  алғанда,  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерде  әлем  елдерінің  тарихынан  айқын 
кӛрінетіндей  ірі  қалалардың  маңында  ірі  агломерациялар  құрылып  отырған.  Сондай-ақ 
астаналар    және  басқа  да  ірі  қалалар  ӛздеріне  шағын  қалалық  елді  мекендерді  тартып, 
олардың  шеңбері  уақыт  ӛткен  сайын  ұлғая  түскен.  Агломерация  (лат.  Agglomero  – 
«қосылу»  деген  сӛзінен  шыққан)  –  қалалық  орналасудың  екінші  формасы,  яғни,  бір 
қаланың  ірілену  нәтижесінде  ӛзінің  бұрынғы  шекарасынан  шығып,  айналасындағы  елді 
мекендерді  соның  ішінде  ауылдар  мен  шағын  қалаларды  жұтып  қоюы  немесе  тең 
дәрежедегі  екі  үлкен  қаланың  араларында  бос  жер  қалмауына  байланысты  бір  біріне 
қосылып кетуі осы құбылыстың әсері. 
Агломерация  негізгі  қаладан  (ядро)  және  серіктес  қаладан  (ӛндірістік,  кӛліктік, 
сауда, туристік) тұрады.  
Қалалық  агломерациялардың  құрылуы  жаһандық  урбандалудың  қазіргі  заманға  сай 
аса  сипатты  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Агломерацияның  қалыптасуына  алып 
келетін  тарихи  шарттарға  қала  маңын  және  оған  жақын  орналасқан  елді  мекендер, 
нақтырақ  айтсақ,  қала  аумағының,  олардың  ӛзара  тұрақты  ӛндірістік  басқару,  еңбек, 
мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстарының орналасуы жатады.  
Агломерация  ӛндірістік  қатынастардың  дамуына  тиімді  жағдайлар  жасайды.  Ол 
біріншіден, кәсіпорындарды ірілендіру және экологиялық  урбандалу барысында орталық 
ядро  болып  табылатын  қаладан  зиянды  ӛндіріс  орындарын  қала  маңына  шығару. 
Ӛндірістің урбандалу барысындағы ӛзіндік ерекшелігі әркелкі кӛлемде ӛндіріс орындарын 
қалыптастыра отырып біріктіру, яғни, олардың бірыңғай күрделі  ӛндіріс үрдісімен ӛзара 
тығыз  байланысы  болуы  тиіс.  Сондықтан  урбандалу  кезіндегі  ірілендіруі  ӛндіріс 
құрылымының  күрделенуімен  ғана  шектелмейді,  ол  шектелген  агломерация  шеңберінде 
жаңа  ӛндіріс  орындарының  қалыптасуын  қажет  етеді.  Қала  агломерацияның  шынайы 
үлгісі  –  ол  орталық  қала  аумағындағы  тұрғын  ауылдар  ӛзінің  жоғары  дамыған 
инфрақұрылымымен, әркелкі бағыттағы ӛндіріс орындарымен, еңбек ресурстарымен, жер 
және  басқа  да  табиғи  қорларын  ұтымды  пайдалануымен,  тиімді  экономикалық-
географиялық  орны  арқылы  ірі  қаланы  үздіксіз  толықтырып  отыратын  жоғары  дамыған 
орта. Болашақта бұл орта ірі қалаға ӛзінің «қысымын» бәсеңдетуі қажет, яғни, ол ортаның 
тұрғылықты  халқы  қалаға  қоныс  аударуға  ұмтылмай,  керісінше  ӛзінің  тұрғылықты 
жеріндегі тұрмысын қанағат еткені дұрыс. Қала агломерациялар келешекте ірі қалалардың 
орнын  басып  алуы  мүмкін.  Сондықтанда,  ірі  қаланың  даму  үрдістері,  олардың  басты 
функционалдық  құрылымының  айырмашылықтары,  сол  құрылымдағы  ӛзгерістер  мен 
әлеуметтік-экономикалық  құбылыстар  арнайы  зерттеулерді  керек  ететіні  анық. 
Зерттеушілер  П.И.Дубровин,  Г.М.Лаппо  пікірлері  бойынша  жоғары  урбандалған  арнайы 
ортаның пайда болуы және дамуы – нақты урбандалу үрдісінің мағынасын ашады [2]. 
Кристаллердің теориясы негізінде қалалардың қатаң иерархиялық жүйесінің нұсқасы 
тӛменгі  деңгейде  әр  элемент  одан  жоғары  деңгейдің  орталықтарына  (Әлеуметтік-
экономикалық  ықпал  немесе  әкімшіліктік  басқару)  бағынатынын  шамалайды,  олар  ӛз 

138  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
кезегінде келесі  деңгейдің орталықтарына бағынады және т.с.с., яғни, жүйенің ең жоғары 
деңгейіне дейін (мыс: елдің басты қаласына) барады. 
Жоғары  урбандалған  ортада  ғана  адамның  еңбекке,  тұрмысына,  демалуына 
қойылатын  негізгі  талаптарының  орындалу  мүмкіндіктері  шексіз.  Бірақ,  ірі  қаладағы 
кемшіліктің  бірі  –  ол  қала  халқына  табиғат  аясында  демалу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ете 
алмауында. Сондықтан ірі қала  маңында агломерациялардың қалыптасуы заңды құбылыс. 
Қалалық  агломерациялар  тек  ірі  қаланың  мүмкіндігін  кеңінен  пайдаланып  ғана  қоймай, 
олар оның инфрақұрылымының дамуына маңызды ықпал ететіні сӛзсіз, олардың қаладан 
гӛрі,  белсенділігі  басым  ӛзгеріске  жылдамдығы  ӛз  ортасымен  ғана  шектелмейді, 
жанындағы  аймақтың  бәріне  ӛз  әсерін  тигізеді.  Қала  агломерациясының  ішкі  ӛзара 
байланыстарын  бірнеше  талаптарға  бӛлуге  болады,  атап  айтсақ,  оларға:  ӛндірістік, 
коммуналды-шаруашылық, еңбек және мәдени-тұрмыстық қатынастар жатады.  
Агломерациялық  үрдістің  негізіне  орталық  қала  мен  қала  маңы  елді  мекендерінің 
ӛзара байланыстары жатады. Дүние жүзіндегі ірі қалалар секілді Алматы қаласы мен оның 
маңындағы ауылды елді мекендер жүйесі Алматы агломерациясын құрайды. Қазақстанда 
қазір  қалалық  агломерацияның  дамуы  ең  алдымен  Алматы  қаласының  бет  бейнесінен 
байқалады.  Бұл  қала  ӛзіне  Талғар,  Николаев,  Қалқаман  секілді  бірнеше  елді  мекендерді 
қосып  алу  арқылы  барған  сайын  қанатын  кең  жайып  келеді.  Енді  бір  адым  аттаса 
Қаскелеңге  жетпек.  Қапшағай  қаласы  да  қол  созым  жерде  тұр.  Мамандардың  айтысына 
қарағанда, Алматы тӛңірегі бір ядролы қалалық агломерация ретінде қалыптасып келеді.  
Осы  тұрғыдан  алғанда  Алматы  қаласын  халықтың  арнайы  ӛмір  сүруіне  лайықты, 
жоғары  урбандалған  орта  деп  атауға  болады.  Себебі,  Алматы  қазіргі  кезеңдегі  ғылыми-
техникалық үдерістің дамуы және халықтың тұрғын орындарына қойылатын талаптарына 
сай  келеді.  Алматы  агломерациясы  республикамыздағы  ірі  агломерацияларының  біріне 
жатады. Ол Алматы қаласы мен оның маңындағы елді мекендердің топтасқан жиынтығы. 
Бұл агломерацияның орталығы – 1247896 адамы бар Алматы қаласы.  
Алматы  агломерациясының  орталыық  ядросы  –  Алматы  қаласы  және  сыртқы 
зоналары  –  қала  маңы  аймағынан  тысқары  орналасқан  серік  қалалар  мен  елді  мекендер 
тобынан  тұрады.  Алматы  агломерациясының  таулы  оңтүстік  маңы  демалыс  зонасы,  ал 
батысы  мен  шығысындағы  тау  бӛктері  ӛндірістік  зона  болып  есептеледі.  Ірі  қаланың 
аймағында:  Қапшағай,  Қаскелең,  Талғар,  Есік  қалалары  және  4  қала  типтес  –  Боралдай, 
Ӛтеген  батыр,  Покровка,  Первомайский  және  т.б.  елді  мекендер  бар.  Агломерацияның 
транспорттық құрылымы дамыған теміржол, автокӛлік жүйесімен шектеліп қана қоймай, 
Алматы  қаласындағы  және  Боралдай  аэропорты  мен  Қапшағайдағы  су  жолдары  арқылы 
сипатталады. 
Ірі  агломерация  мен  Алматы  облысының  бірыңғай  Алматы  аймағы  ретінде  даму 
мүмкіндіктері  мол.  Ол  қала  мен  облыстың  негізгі  ұтымды  ерекшеліктерін  тиімді 
пайдаланып,  халықаралық  дәрежеде  ӛзін  тек  қаржылық,  инвестициялық,  инновациялық 
бағытта  ғана  емес,  оған  қоса  енді  кӛліктік-логистикалық  және  туристік  орталық  болу 
мүмкіндігі  айқындалған.  Алматы  қаласы  Алматы  облысының  ауылшаруашылық 
мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  келешекте  ауылшаруашылық  ӛнімдерін  қайта  қуатты 
орталықтарының  бірі  болып  қалуы  мүмкін  және  ол  ӛнімдерді  ӛндіру,  сату  тек  осы 
аймақтың  маңында  ғана  емес,  сонымен  қатар  Сібір  мен  Ресейге  шығару  мүмкіндіктерін 
кең пайдалануға болады.  
Облыс экономикасының дамуына Алматы қаласы айтарлықтай қомақты үлес қосуда. 
Алматыда  тіркеуден  ӛткен  80188  кәсіпорын  жұмыс  істейді.  Осы  заңды  ұйымдардың 
ішінде шағын кәсіпорындар саны – 78104, орта – 1637 және 447 ірі ӛндіріс орындары бар. 
Соның  ішінде  меншік  нысаны  мен  түріне  қарай  олар  мемлекет  меншігінде  1366,  жеке 
меншік түрінде 69832-сі тіркелген. Қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі – ол металл, мұнай 
ӛндеуші,  ӛндіріске  құрал-жабдықтар  шығаратын  Алматы  ауыр  машина  жасау  зауыты  – 
бұл  машина  жасау  ӛнеркәсібінің  аса  ірі  кәсіпорындарының  біріне  жатады.  Зауыт 
стандарты  мен  машиналардың  30-ға  тарта  түрін,  сымдардың  барлық  түрлерін,  созуға 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 139
 
арналған  сан  алуан  қосалқы  жабдықтарды  жасап  шығарады,  «Белкамит»  АҚ  мұнай-газ, 
металл  және  химиялық  ӛнеркәсіптеріне  құралдар  шығаратын  кәсіпорны  т.с.с.  Жеңіл 
ӛнеркәсіп  орындарынан  жұмыс  істейтін  мата,  киім  шығаратын  кәсіпорын  Алматы  мата-
мақта  комбинаты.  Тамақ  ӛнеркәсібінің  ішкі  салалық  құрылымы  біржолата  қалыптасты. 
Оларда  мал  шаруашылығы  шикізатын  (ет,  май,  сүт)  ӛңдейтін  кәсіпорындар  жақсы 
дамыған.  Ӛсімдік  шикізаттарын  ӛндеумен  айналысатын  –  ұн,  қант,  жарма,  жеміс-жидек, 
темекі,  шай  кәсіпорындары  жұмыс  істейді.  Сондай-ақ  Алматы  қаласына  жақын 
орналасқан  аудандардағы  (Іле,  Қарасай,  Талғар  т.б.)  ӛнеркәсіптің,  әсіресе  шағын 
кәсіпкерліктің дамуы облыс экономикасына маңызды ықпалын тигізуде [3].  
22 064; 4%
54 560; 11%
25 356; 5%
25 744; 5%
18 821; 4%
108 645; 21%
255 203; 50%
Жалпы ӛңірлік ӛнім (2012ж.)
Ауылшаруашылығы
ӛнеркәсіп
сауда
қҧрылыс
кӛлік ж/е қоймалау
басқалары
Барлығы
 
 
Диаграмма 1. Алматы облысы бойынша ЖӚӚ жалпы жан басына млн.тг. 
 
Диаграммада  облысқа  Жалпы  ӛңірлік  ӛнімнің  (ЖӚӚ)  жан  басына  шаққандағы 
кӛрсеткіштері  кӛрсетілген  (2012  жылғы  қаңтар-маусым  е.б.).  Бұл  кӛрсеткіштер  жақсы 
нәтижелердің кӛрінісі. 
Алматы  агломерациясының  ӛзге  аймақтардан  гӛрі  бәсекелестік  ұтымдылығы  оның 
ұтымды  географиялық  орналасуы,  яғни  ол  Азия  мен  Еуропа  транспорттық  байланыс 
жолдарының  түйіскен  жерінде  орналасқандығында.  Оның  транспорттық-логистикалық 
инфрақұрылымын  жетілдіріп,  транзиттік  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану.  Болашақта 
мұнда  ірі  транспорттық-логистикалық  орталыққа  айналуы,  сондай-ақ  Қытай  мен  Ресей 
және ТМД елдерінің ӛзгеде мемлекеттерімен тікелей сауда орталығы болуы мүмкін. Яғни 
бұл  айтып  отырғандарымыз  негізінен  президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  «Қазақстан–
2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыттары»  атты 
жолдауында  инфрақұрылымды  дамытуға  деген  қағидатты  түрде  жаңа  кӛзқарасымыз 
болуға тиіс, - дей отыра, инфрақұрылым экономикалық ӛсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге 
тиіс. 
Инфрақұрылымды  екі  бағытта  дамыту:  ұлттық  экономиканы  жаһандық  ортаға 
кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде ӛңірлерге қарай қадам жасау қажет  – делінген.Соған 
сәйкес  қазіргі  таңда  агломерациялық  транспорттық  байланыс  жолдары  жӛндеуден 
ӛткізіліп,  жаңадан  жол  бағыттары  да  салынуда.  Алматы  –  Қапшағай  бағытындағы  алты 
жолдық автотрасса, екі аэропорт, теміржол вокзалдары – біреуі Хоргос та болса, екіншісі 
жаңа  Іле  тұрағында  салыну  қолға  алынған.  Ал,  Алматы  агломерациясы  үшін  үлкен 
автокӛлікті шеңберлі жолдың Қарасай, Іле, Талғар аудандарын кесіп ӛтуі маңызды болып 
табылады. Алматы агломерациясы келешекте аймақтағы ірі және халықаралық сауда мен 
транспорттық-логистикалық  қызмет  кӛрсету  орталықтарының  бірі  болып  қалу 
ықтималдылығы  жоғары.  Алматы  агломерациясы  шамамен  20,34  мың  шаршы  шақырым 
аумақты  қамтиды,  ал  халқы  2  миллионнан  асады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Алматы 
агломерациясының келешегі зор әрі айқын. Сонымен қатар қала қаржы орталығы ретінде 
танылып, онда жұмыс істейтін банктер шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін несие 
бӛлуге мүмкіндіктер кӛбейген сайын агломерациялық аумақтың әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы да жақсара түсуде. Кәсіпорындар дамып, жаңалары қатарға қосылған кезде оның 
тұрғындары  жұмыспен  қамтылып  отыруда.  Агломерацияны  болашақта  жандандырып, 
жетілдірудің мынадай факторларын атауға болады:  

140  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
-
 
облыс кӛлеміндегі Алматы қаласы мен маңының бай табиғи ресурстары;  
-
 
адами ресурстар, яғни тиімді демографиялық жағдайы;  
-
 
байланыс жүйелері, кӛлік жолдарының жетілдірілуі;  
-
 
ӛнеркәсіп пен ауылшаруашылығының экономикалық жағынан тұрақты дамуы;  
-
 
республикадағы саяси тұрақтылық. 
Қорыта  келгенде,  Алматы  агломерациясы  қалыптасуы  ұзақ  уақыттарға  созылған 
географиялық  аймақтың  бірі.  Республикадағы  урбандалу  үрдісіне  байланысты 
агломерация  пайда  болып,  дамып  келеді.  Оның  қазіргі  кезеңдегі  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени жағдайы жалпы агломерацияның талаптарына сәйкес. Сондықтан 
да  Алматы  облысының  экономикалық-әлеуметтік  дамуында    оның  айтарлықтай  маңызы 
зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Алматы облысының статистика департаменті. 2012ж. 
2.
 
М. Бранч Проектирование городской среды.-М:Стройиздат, 1989,-243с  
3.
 
Интернет: www.google.kz 
4.
 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыттары» атты жолдауы. 
 
РЕЗЮМЕ  
В  этой  статье  предусмотрены  вопросы  важности  городской  агломерации  и  роль 
агломерации г.Алматы в социально-экономической развитии Алматинской области. 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the    importance  of  urban  agglomeration  and  the  role  of  Almaty 
agglomeration in socio-economic development of Almaty region. 
 
 
 
ӘОЖ 330.34.332.122 (574.24) 
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ 
ДАМЫТУДАҒЫ МҤМКҤНДІКТЕРІ 
 
Ж.К.Пирмакова - 2 курс магистранты, Н.Н.Карменова - г.ғ.к.,профессор,  
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Ақмола  облысының  табиғат  ресурстарының  туризмді  дамытудағы 
мүмкүндіктері. 
Түйін сӛздер: Туризм, рекреация, экотуризм. 
Ақмола  облысы  рекреациялық  -  туризмді  дамыту  жоспарында  ӛңірдің 
тартымдылығын  анықтайтын  мәдени-тарихи  мұраның  ескерткіштері  мен  бірегей  табиғи 
нысандары  Қазақстан  Республикасының  солтүстік  орталығында  орналасқан.  Ақмола 
облысы  тек  астаналық  облыс  ғана  емес,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының 
туристік  ӛнімнің  базалық  компоненттерінің  бірі  болып,  туризмді  ұйымдастыру 
жоспарында игерудің ландшафт тартымдылығының жоғары деңгейі есебімен приоритетті 
игеру  объектілеріне  жатады.  Облыс  табиғи  рекреациялық  және  тарихи-мәдени 
сипаттамалар  бойынша  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Туристік  объектілердің  Республикалық 
рейтингте Ақмола облысының табиғи кешендері бірінші деңгейлік мағынаға ие.  
Ақмола  облысының  бәсекелес  артықшылығы  оның  бірегей  табиғатымен, 
мәдениетімен,  ӛңірдің  сауықтыру  туризмде  мамандандыруға  мүмкіндік  беретін  туризм 
дамуы  үшін  басқа  да  алғышарттармен  айқын.  Осылайша,  мысалға,  МҰТП  «Бурабай» 
территориясында  емделген  кезде  келесі  ресурстар  қолданылады:  Балпаш-Сор  кӛлінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 141
 
балшықтары,  Майбалық  кӛлінің  минералды  сулары  және  Синегор  кен  орнының  хлорид-
сульфид сулары.  
Ақмола  облысы  ӛзінің  бірегей  табиғи-климаттық  жағдайлармен,  кең  рекреациялық 
әлеуетімен,  іс  кездесулерге,  демалуға,  емделуге  келетін  қазақстандықтарға  ғана  емес, 
сонымен  қатар  шетел  қонақтарға  және  шетел  туристерге  жоғары  классты  қызметтерді 
ұсынатын  курорттық  ӛңірдің  ерекше  беделіне  үміттенетін  астаналық  облыс  ретінде 
Қазақстанның басты аудандардың қатарына енеді [1]. 
Бурабай  курорттық  аймағы.    Қазақстанның  солтүстігінде,  Астана  және  Кӛкшетау 
қалаларының  арасында  таң  қалдырар  ӛңір  –  Бурабай  мекені  орналасқан.  География 
тұрғысынан  бұл  аймақ  Кӛкшетау  қыраты  деп  аталады,  ал  жергілікті  жолбасшылар  оны 
«Қазақстан  Інжуі»  деп  атайды.  Бурабай  курорттық  аймағының  табиғат  кешендері  тек 
Қазақстан  Республикасының  туристерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  таяу  және  алыс 
шетелдерінің туристерін де қызықтырады: ол керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай 
емдеу-тынықтыру  ресурстары  мен  тарихи-мәдени  қоры,  пайдалы  географиялық 
орналасуы, трансмемлекеттік, авиациялық, теміржол және автокӛлік магистральдары бар 
курорттық жерлер. Бурабай тауы (690 м.) – керемет кең кӛлемді жер. Бурабай – бұл түйе. 
Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп 
аталады.  Бурабай  ӛңірінің  таулы  аймағы  жұмбаққа  толы.  Бурабай  –  Қазақстанның 
тынығуға  арналған  інжу  орны  тылсым  ғажайыптарға  толып  тұрған  қиял-ғажайып  таулы 
жерде  орналасқан.  Тамаша  қарағайлы  ормандар,  үлкен  жартастар,  кейде  кӛз  алдыңа 
египет  пирамидаларын  елестететін  кӛлемі  жағынан  орасан  зор  шыңдар  тынық  мӛлдір 
кӛлдермен  бӛлінген.  Парктің  аумағындағы  ӛсімдік  әлемінің  түрі  орманды,  далалы, 
шабындық,  шалшықты  және  сортаңды,  800-ге  жуық  ӛсімдік  түрі  бар.  Омыртқалы 
жануарлардың 305 түрі бар. Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланды. 
Парк  аумағындағы  ландшафттың  қазіргі  кездегі  құрылымында  дала,  кӛл,  орман,  орман-
дала  ландшафтары  және  тӛмен  таулы  ландшафттар  бар.  Щучье-Бурабай  курорттық 
аймағының  аумағында  14  кӛл  бар,  оның  ішіндегі  кӛпшілігі  кіші  кӛлдер.  Жасыл  орман 
айналасында  Щучье,  Бурабай,  Үлкен  және  Кіші  Шыбыш,  Қотыркӛл  кӛлдері  жарқырап 
жатыр.  Кӛкшетаудың  айдарынан  кіші  кӛлдер:  Светлое,  Карасье,  Горное,  Лебединое 
кӛрініп  тұр.  Ӛзен  желісі  онша  дамымаған,  тек  кіші  ӛзендер,  жылғалар  және  уақытша  су 
ағыстары  ғана  бар.  Бурабайдың  кӛрнекті  жері  сол  атаулы  кӛлдегі  Голубой  залив 
шығанағы  болып  табылады.  Дәл  шығанақтың  суынан  сфинкске  ұқсайтын  Жұмбақтас 
жартасы шығып тұр, баурайында ағаштары жайылып ӛскен Оқжетпес жартасы кӛтерілген. 
Мұнда  әр  атаудың  ӛз  аңызы  бар.  Бурабайдың  аң  әлемінде  300-ден  астам  аңдар  бар.  Бұл 
мекеннің ӛсімдік-шӛбі де шипалы [2]. 
Зеренді.  Кӛкшетау  қаласынан  50  км  жерде  Зеренді  кенті  орналасқан.  Зеренді 
Кӛкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім кӛлдер мен ӛзендер 
жайылған кӛлемді аумақтың бір бӛлігі. Бұл ӛңірге жеке-жеке шоқылары бар жазық жерлер 
мен тау  жүйесі  тән. Жазық  жерлер ӛзен аңғарларымен қиылысады.  Кей жерлерде жазық 
жерлер ӛз арналарымен терең каньондар жасайтын кішігірім ӛзендермен жиі қиылысады. 
Кӛп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық сияқты табиғат құбылыстары 
қожайын  етуіне  байланысты  биік  таулар  отырып,  жарылып,  шашылып,  үгітіліп  қалған. 
Қазір олар биік емес болса да, нәзік, әдемі кӛрінеді әрі қызықтырады. Зерендіге кіріп бара 
жатқанда,  алыстан-ақ  олардың  кӛкше  шыңдары  кӛрінеді.  Кӛз  алдарыңызда  Зерендінің 
жап-жасыл  табиғаты,  кӛгілдір  таулардың  шыңдары,  ондаған  шақырымдарға  созылып 
жатқан кілемдей жайылған орман суреттеледі. Зеренді кӛлі үлкен кӛлемдегі тектоникалық 
шығу тегі  бар, оған теңіз деңгейінен биік орналасуы (370 м) болып табылатындығы тән, 
жағасындағы  демалуға  арналған  жағажай  орындары  аз  және  басым  кӛбі  қарағай  болып 
келетін  ағаштар  сирек  ӛскен.  Кӛлдің  түбі  тегіс,  құмды,  малтатаспен  және  бӛлек-бӛлек 
қойтастармен  жабылған.  Кӛлдің  ұзындығы  7  км,  тереңдігі  6  км.  Суы  тұщы,  мӛлдір, 
жаздың  күні  судың  температурасы  24
0
  С-қа  дейін  жетеді.  Кӛлде  шабақ,  таутан,  рипус, 
айналы  тұқы  жүзеді.  Зеренді  бұл  ӛңірдің  ең  әдемі  кӛлдерінің  бірі  болып  есептеледі.  Бұл 

142  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
тек табиғаттың әшекейі ғана емес, сонымен қатар сүйікті демалыс орны болып табылады 
[3]. 
Ерейментау. Бурабай курорттық аймағына үлкен антропогендік жүктеуді есепке ала 
отырып,  осы  уақытта  жоғары  туристік-тынығуға  арналған  әлеуеті  бар  басқа  да 
аудандарды  игеру  қажеттігі  туындады.  Мұндай  аудандарға  бірінші  кезекте  Ерейментау 
ауданы  жатады. Ерейментау  ауданының  туристік  қызметті  дамыту  үшін  барлық 
алғышарты бар. Ӛңірдің ерекшелігі болып кеңінен белгілі Қарағайлы тауы немесе Сұңқар 
таулары  табылады.  Ерейментау  ауданындағы  тау  ландшафты,  бай  жануарлар  және 
ӛсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан ӛзендердің кӛптігі 
–  бүкіл  осы  байлық  туристік  ағындарды  қызықтыру  үшін  әлі  әлсіз  пайдаланылуда. 
Ерейментаудың  аласа  таулары  мен  Сұңқар  аралдық  таулары  экологиялық  экстремалды 
туризмді дамыту үшін қалай болса да келеді. Аумақтың кеңдігі, шын мәніндегі халықтың 
аз  тұрақтауы  Ерейментау  тауларының  аумағына  табиғи-аумақтық  кешенге  зиянсыз 
оңтайлы  жүктеме  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ерейментау  қаласында  «Акмолатурист»  АҚ 
ӛкілдігі  қызмет  етеді.  Табиғат  мүмкіндіктері  Қалқаман  мекенінің  тӛңірегінде  демалыс 
базасын ашуға мүмкіндік береді (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандық). 
Осыдан активті және пассивті демалыстың барлық  түрі  үшін турларды бастауға болады. 
Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкӛл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкӛл, Алғабас, Баймен кӛлдері, 
Ақдын,  Белодымка,  Тӛре  таулары,  Қарағайлы  (Соколинка)  мекені  экологиялық  туризмді 
дамыту  үшін  қолайлы  жерлер.  Ерейментау  ауданы  демалыс  аймақтары  мен  туристік 
базаларды салу үшін бірден-бір жер болып табылады [4]. 
Сандықтау.  Ӛлке    мәдениеті,  археология  және  табиғат  ескерткіштерімен  бай, 
оларды  тиісті  түрде  сақтау  қажет,  ӛйткені  олар  туристік  ӛнімнің  негізгі  түрлерінің  бірі. 
Сандықтау орта мектебінде ӛлкетану мұражайы бар; кенттің құрылу тарихы, бұл ӛлкенің 
белгілі  адамдары  әлі  есінде  жүрген  байырғы  тұрғындар  бар.  Сандықтау  таулары 
экотуризмді  дамыту  үшін  қолайлы.  Тамаша  табиғат  ландшафтары,  жануарлар  мен 
ӛсімдіктер  әлемінің  алуан  түрлілігі,  экологиялық  қолайлы  аудан  жақсы  туристік  ӛнім 
ретінде  пайдаланыла  алады.  Шиши  аралдық  тауларының  әлем-жәлем  кескіндері,  тағы 
табиғаттың  адам  қолының  тимегендігі,  тек  осы  ауданға  ғана  тән  ӛсімдіктердің  сирек 
түрлері  экотуристерді  қызықтыруға  қолайлы,  ал  Түкті  су  құламасының  жартасты  тік 
беткейлері  –  экстремалды  туризмнің  дамуы  үшін  табылған  олжа. Сандықтау  ауылында 
туристерге  қызмет  кӛрсету  үшін  «СВТ-топқа»  топтасқан  (экологиялық  бірлестік) 
адамдардың  бастамашыл  шығармашылық  тобы  бар.  Сондай-ақ  экотуризм  мен 
экстремалды туризмді дамыту үшін іске дұрыс жол тапқан кезде ӛте үлкен материалдық 
шығындар  қажет  емес,  бұл  алдағы  уақытта  Сандықтау  ауданы  да  туризмнің  үлкен 
перспективаларына үміт береді [5]. 
Облыс  туристік  бизнесті  дамытуға  аса  қолайлы  аумақты  алып  жатыр.  Демалыс 
аймақтарының  индустриалды  кӛп  орналасқан  ӛңірлердің  жақын  болуымен  байланысты 
ыңғайлы  географиялық  орналасуы  бар.  Бірегей  табиғи-климаттық  жағдайларымен  – 
жартасты таулардың, қарағайлы орманның, ыңғайлы жағажайы бар кӛлдердің, «Бурабай» 
курорттық  аудандарындағы  кӛлдердің,  Жӛкей,  Қатаркӛл,  Майбалық,  Үлкен  және  Кіші 
Шыбыш  ӛзендерінің  тынығуға  арналған  аймақтарының  тамаша  үйлесімділігі  бар 
ландшафттың  сұлулығымен  ТМД  мемлекеттерінің  ең  белгілі  курорттарымен  бәсекелесе 
алады.  Облыс  аумағында  «Бурабай»,  «Кӛкшетау»  Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктері, 
сондай-ақ  бүкіл  Еуро-Азия  континентінде  бірден-бір  жерлердің  бірі  болып  табылатын 
халықаралық  мәндегі  Қорғалжын  қорығы  бар.  Щучье-Бурабай  курорттық  аймағы  –  бұл 
керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай емдеу-тынығу ресурстары мен тарихи-мәдени 
қоры,  Республиканың  орталығындағы  географиялық  Қазақстан  Республикасының 
елордасы  Астана  қаласына  жақын  орналасуы  бар  курорттық  жерлер.  Болашақта  оның 
Еуразияның  ірі  қазіргі  заманғы  орталығы  болуын  күтудеміз.  Мұнда  іскер,  әлеуметтік-
мәдени,  ғылыми-білім  беру,  сондай-ақ  ойын-сауық  мәніндегі  объектілер  салу 
жоспарлануда.  Курорттық  аймақтың  алдағы  уақыттағы  дамуына  шетел  капиталын 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 143
 
қызықтыру  үшін  инфрақұрылымның  дамуына  кӛп  кӛңіл  бӛлінуде.  Жаңа  жолдарды  салу, 
әуе  хабарламаларын  ашу,  тұрақты  сумен  және  энергиямен  қамсыздандыру  бойынша  іс-
шаралар  әзірленді.  Осы  шаралар  тұруға,  белсенді  демалуға  және  туристердің  қарым-
қатынас  жасауына  арналған  ғимараттар  мен  мекемелер  салуға  қаржы  салу  үшін  жағдай 
жасауды қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ  қолайлы  инвестициялық  климат  жасау,  отандық  және  шетел 
инвестицияларын  қызықтыру  мақсатында  аумағында  туристік  ойын-сауық  орталығын 
дамыту  перспективасы  бар  «Бурабай»  арнайы  экономикалық  аймағы  құрылды.  Туристік 
ойын-сауық  орталығы  -  әлеуметтік  жоба:  ойын  үй-жайларын  ауыстыру  осы  ауданның 
инвестициялық  климатын  жандандыруға,  қосымша  жұмыс  орындарын  құруға,  салық 
түсімдерін  арттыруға,  сондай-ақ  ілеспелі  инфрақұрылымның  дамуына  мүмкіндік  береді. 
Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына ойын бизнесі дамытылатын арнайы бӛлек 
алынған  екі  орталықтың  біреуінің  орналасуының  анықталғаны  септігін  тигізеді. Жалпы, 
облыс  ӛңірдің  экономикасынының  дамуына  инвестицияны,  оның  ішінде  халықаралық 
туристік бизнесті қызықтыру үшін бай әлеуетке ие, оған қоса қазіргі таңда рекреациялық 
туризмді дамыту кеңінен қолға алынылып жатыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  М.А.Титова,  Экономические  основы  развития  туризма  Акмолинской  области// 
Валихановские чтения – Х: Сб. Матер.междунар.науч.-практ.конф.-Кокшетау, 2005. 
2.  М.А.Титова  Потенциал  и  перспективы  развития  экологического  туризма  в 
Акмолинской области //Вестник КазНУ. Серия географическая.2005. №1. 103-106 бет. 
3. М.А.Титова Перспективы развития туризма Акмолинской области//V-Сатпаевские 
чтения: Сб. Матер. Республиканской науч.-практ.конф.-Павлодар, 2005. 
4.
  ҚР-да  туризмді  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасы. 
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға 
арналған стратегиялық жоспары. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются привлекательные места Акмолинской области.  
 
SUMMARY 
The article deals with the sightseeing of Akmola region. 
 
 
 
ӘОЖ 373.1.02:372.891 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет