Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

6  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Ф И З И К А 
 
ӘОЖ 53.049.1  
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
А.А.Айдарбекова - магистр, аға оқытушы, Н.А.Сәндібаева - п.ғ.к., доцент м.а., 
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  физика  сабақтарында  оқушылардың  эксперименттік  жұмыс  дағдысын, 
шығармашылық қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Бұл орайда эксперименттік 
тапсырмаларды  үйге  берудің  маңызы  ерекше.  Үй  тапсырмасына  эксперименттік 
тапсырмалар  беру  оқушының  біршама  қабілеттерін  және  шеберліктерін  дамытады  және 
осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. 
Түйін  сӛздер:  эксперименттік  тапсырма,  шығармашылық  қызмет,  есептің  шарты, 
шарттарды анализдеу, ӛлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. 
Физика  есептерін  шығару  оқушылардың  оқу  материалдарын  саналы  түрде  терең 
игеруіне  қолайлы  жағдай  туғызады,  олардың  алған  білімдерін  пайдалана  білу  қабілетін 
қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар, есептерді шығару оқушылардың ӛздігінен 
ойлануын,  қиыншылықтарды  жеңуге  деген  жігерін  және  табандылығын  арттыру 
құралдарының бірі  болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі. Есеп шығару  – оқу 
үрдісінің  бӛліп  алуға  болмайтын  бір  бӛлігі  болып  табылады.  Себебі,  ол  физикалық 
ұйымдарды  қалыптастыруға  оқушылардың  физикалық  құбылыстарды  ойлау  қабілетін 
дамытуға, оны практикада қолданып білуге үйретеді 

1


Білімді  игерудің    нәтижелілігі  таным  үдерісіне  адамның  әртүрлі  сезім  мүшелерінің 
іске  қосылуы  және  нақты  заттар  мен  құбылыстарға  бетпе-бет  келгенде  оны  сезіну,  кӛре 
білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор. 
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. 
Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке 
тұлғаны  дамыту,  оқыту  оның  шығармашылық  қабілетінің  дамуына  әсер  етеді.  Әрбір 
оқушы  оқу  материалын  шығармашылық  деңгейде  игере  алады,  яғни  шығармашылық 
қабілетін  дамытады.  Бұл  үшін  оның  шығармашылық  ойын  дамыту  негізінде  оқуға,  яғни 
ӛздігінен  білім  алуға  үйрету  қажет.  Сондықтан,  ең  алдымен  оқушы  даяр  білімді 
мұғалімнің түсіндіруімен алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі 
күнге мектепте сабақтағы белсенді бірде-бір тұлға – оқу материалын түсіндіруші мұғалім, 
ал  оқушының  рӛлі  тыңдаумен,  оқумен  және  оны  білімді  тексеру  кезінде  қайта  айтып 
берумен  шектеледі.  Шығармашылықты  арттырудағы  басты  мәселе  –  есептің  шартынан 
оның  шешіміне  барар  жолдағы  логикалық  алшақтықты  түйсік  арқылы  жеңу. 
Толғандыратын  мәселе  (есеп,  зертханалық  жұмыс,  эксперименттік  тапсырма,  т.б.)  оны 
толық  билеп,  күші  мен  назары  соған  ауады.  Адам  басқа  жұмыстармен  шұғылданса  да, 
оның  сана  түкпірінде  осы  мәселенің  шешімі  қарастырылып  жатады.  Оның  ұзақтығы 
шығармашылық  қызметтің  тәжірибесіне  байланысты.  Бастапқыда  оқушы  есепті  бір  апта 
немесе одан да кӛп уақытта шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепті 
міндетті  түрде  шығарады,  тек  ешкімнен  кӛмек  сұрамауы  маңызды.  Шығармашылық 
қызметтен  тәжірибе  жинақталған  сайын  есеп  бұрынғыдан  да  тез  шығарылатын  болады. 
Шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда  эксперименттік  тапсырмаларды  үйге  берудің 
маңызы ерекше. Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы тӛмендегідей болуы 
мүмкін:  демонстрациялық  тәжірибелер,  фронтальды  зертханалық  жұмыстар,  физикалық 
практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер 

2,3


Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі  сирек кездеседі. Дегенмен, оқу 
процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 7
 
формасын  түрлендіреді  (кітапты  оқыту,  есеп  шығару),  екіншіден  оқушының  алдына  тек 
қана ӛздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды. 
Үй  тапсырмасына  эксперименттік  тапсырмалар  беру  оқушының  мынадай 
қабілеттерін және шеберліктерін дамытады: 
- Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажырата білу, зерттеу, эксперимент 
нәтижелерін жазу және қорытындылау). 
-  Пәндік  (теорияны  практикамен  ұштастыру  шеберлігі,  физикалық  білімдерін 
құбылыстарға анализ жасауға қолдану, кӛптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс 
істеу принципін түсіндіру). 
-  Ұйымдастыру-танымдық  (құрал-жабдықтардың  функционалдық  міндеттерін 
анықтай  білу,  техникалық  құрылғылармен  жұмыс  істегенде  техника  қауіпсіздігі  мен 
пайдалану ережелерін сақтау). 
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.). 
Физикалық  эксперименттік  тапсырмаларды  үйге  беру  осы  пәнге  ерекше 
қызығушылықты  тудырады.  Ӛйткені  мұнда  жергілікті  табиғи  және  тұрмыстық 
(техникалық)  жағдайлар  ескеріледі.  Үйге  берілетін  эксперименттік  тапсырмалар  жүйесі 
құрылған. Бұл жүйе тӛмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған: 
-
 
тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру; 
-
 
физикалық  шамаларды  ӛлшеу  арқылы  физикалық  заңдар  мен  заңдылықтардағы 
функционалдық тәуелділікті анықтау; 
-
 
физикалық  процестерді  тұрмыстық  техника  кӛмегімен  басқару  мүмкіндігін 
түсіндіру  (тігін  машинасындағы  реостаттың  және  потенциометр  –  дыбыс  реттегіштің 
телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау); 
-
 
тұрмысқа  қажетті  техникалық  құрылғылардың  параметрлерін  ӛлшеу  және 
есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электр плитасының қуатын электр 
энергиясын  есептегіш  пен  секундтық  тілі  бар  сағат  арқылы  анықтау  және  оны  осы 
құралдың  құжаттық  кӛрсеткіштерімен  салыстыру;  егер  олар  сәйкес  келмесе  себептерін 
түсіндіру); 
-
 
техникалық  білімдерін  күнделікті  еңбек  тәжірибесінде  қолдану  (май  қабатымен 
жабылған  суда  картоп  тезірек  піседі.  Мұны  тәжірибе  тексеріп,  құбылысты  түсіндіру 
керек). 
Физикалық  құбылыстардың  негізін  ұғыну,  түсініктерді,  теорияны  игеру  процесі  әр 
оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой 
қорытуына  және  есіне  сақтауына  кӛп  уақыт  қажет.  Үйде  оқушылар  әрқайсысы  ӛз 
қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған 
білімдерін бекітуге және тереңдетуге кӛмектеседі. 
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, 
шығармашылық  тапсырмалардың  орындалуы  оқушылардың  үй  жұмыстарына  арналған 
дәптерлеріне  жазылады.  Үй  жұмысының  қорытындылары  туралы  мәліметтер  жазу 
оқушылардың  ӛз  ойын  сауатты  және  қысқаша  жеткізуге  үйретеді.  Сонымен  қатар  жазу 
мәдениеті,  яғни  белгілі  жүйе,  нақтылық пен  реттілік  қалыптасады.  Үйдегі  тәжірибелерді 
және  бақылауларды  баяндау  оқушыға  кӛргенін  терең  ойлауға,  негізгіні  ажырата  білуге 
үйретеді. 
Эксперименттік  есептерді  шешу  тәсілдері  оларды  шешудегі  эксперименттік 
жұмыстың  қойылуына  тәуелді.  Мысалы,  есепті  шешу  үшін  барлық  тексеру  қажет  болса, 
онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады. 
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу мен баяндау қажет болады. 
Егер  есепті  шешу  үшін  қажетті  шамалар  тәжірибе  нәтижесінде  алынса,  онда 
экспериментті қою және ӛлшеулер жүргізу маңызды 

4


Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу мен жазу келесі элементтерден 
тұрады:  есептің  қойылуы,  шарттарды  анализдеу,  ӛлшеулер  жүргізу,  есептеулер, 
тәжірибеден тексеру. 

8  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Мысалы: есептің қойылуы. Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка, 
таразы, масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың вертикаль қалыпта суда жүзуі 
үшін ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін анықтау керек. 
Берілген есептің шартын сурет салып, астына сұрағын қою арқылы жазса да болады. 
Содан  кейін  анализ  жасайды,  есепті  шешу  үшін  қандай  ӛлшеулер  жүргізу  керектігін 
анықтайды. 
Талдау.  Банкаға  әсер  ететін  ауырлық  күші  және  астынан  әсер  ететін  кері  итеруші 
күш теңескенше банка суға бата береді. Бұл жағдайда F
a
=P. Бірақ Архимед күші денемен 
итерілген сұйқтың салмағына тең болғандықтан, F
a
=
g
*

*V, мұндағы V- банканың батқан 
бӛлігінің кӛлемі, 

  –  судың  тығыздығы.  Батқан  бӛлігінің  кӛлемі  табан  ауданы  мен  бату 
тереңдігінің кӛбейтіндісіне тең.  
F
a
=
g
*

*h*S 
Осыдан  
                                h=F

/
g
 *

*S                                                             (1) 
 
(1)  формуладағы  құмы  бар  банканың  салмағын  білу  керек.  Судың  тығыздығы  мен 
банканың табанының ауданын білу керек. 
Ӛлшеулер.  Динамометрмен  салмағын,  ұзындығы  мен  енін  сызғышпен  ӛлшейміз. 
Ауданын анықтаймыз. S=l*a. 

су
=1 г/см
3

Есептеулер.  Тығыздықтың,  салмақтың  және  ауданның  мәндерін  (1)  формулаға 
қойып, бату тереңдігін (һ) анықтайды. 
Тәжірибелік  тексеру.  Банканың  вертикаль  қабырғасына  түсті  сызықпен  бату 
тереңдігін  белгілейді.  Тәжірибе  кӛрсеткендей,  табылған  мәнімен  есептелген  биіктіктің 
мәні  сәйкес  келеді.  Эксперименттік  есептерде  тәжірибені  қажет  болғанда  ғана  қояды, 
кейбір есептерде фронтальды тәжірибе қойылуы  мүмкін. Мысалы:сызғыштың кӛмегімен 
судың  стакан  түбіне  түсіретін  қысымын  ӛлшеу.  Электр  шамының  тұтынған  тогының 
қуатын анықтау. 
Физика  сабақтарында  эксперименттік  есептер  шығару  оқушылармен  жұмыс  жасау 
барысында  әрбір  мұғалімнің  негізгі  әдістемесінің  құраушысына  айналуы  керек.  Себебі, 
қазіргі  заман  талабына  сай,  оқушыларды  техникалық  бағыттағы  пәндерге  атап  айтқанда 
физика саласына бағыттау ең басты қажеттілік болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1.
 
Б.М.Ысқақов, А.А.Ағылұқов, Н.Б.Шамбулов. Физикадан есеп шығару мысалдары. 
/Алматы, Мектеп. 1987ж.  
2.
 
Е.В.Фирганг. Руководство к решению задач по курсу общей физики.  М., Высшая 
школа, 1998 г. 
3.
 
Ә.Кӛшеров. Физика пәнінен есептер түрлері. Шымкент. 1998ж. 
4.
 
А.Т.Анарбаева. Физика есептерін шығару тәсілдері. Алматы, Мектеп. 1987 ж. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  важность  экспериментальных  задач  на  уроках 
физики  и  примеры  решения  задач.  В  статье  также  рассмотрены  основные  элементы 
преподавания для формирования творчества учащихся по физике. 
 
SUMMARY 
This article discusses the importance of experimental problems in the physics lessons and 
examples of problem solving. The article also describes the main elements of teaching students 
to create works on physics. 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 9
 
ӘОЖ 621.11.24. 
ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ КОЭФФИЦИЕНТІ ЖОҒАРЫ 
ҚҦРАСТЫРМАЛЫ ЖЕЛ ТУРБИНАЛАРЫ 
А.Т.Бижанова – 4 курс студенті, А.Қ.Ершина - ф.-м.ғ.д., профессор, 
 А.Шақарбекқызы – магистр, оқытушы  
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Мақалада  адамзат  баласының  тіршілігінің  тірегі  болған  табиғи  жер 
қойнауы  байлықтарының  (кӛмір,  мұнай,  газ  т.б.)  қорларының  санаулы  жылдарда 
таусылатындығы  туралы  мәселе  қарастырылып,  таусылмайтын,  үнемі  жаңарып  тұратын 
альтернативті  (күн,  су,  жел,  т.б)  энергия  кӛздерінің  бірі  болып  табылатын  жел 
энергияларына  кӛшу  жолдары  қарастырылған.  Сондай-ақ  жел  энергиясын  ӛндіруде 
маңызды  роль  атқаратын  жел  энергиясын  пайдалану  коэффициенті  жоғары  жел 
турбиналарын  пайдаланудың  зор  мүмкіндіктеріне  назар  аударылған.  Біз  қарастырып 
отырған  мәселенің  елімізде  ӛтетін  ЭКСПО-2017  кӛрмесінің  «Болашақ  энергия»  атты 
тақырыбына сәйкес келуі, аталмыш жобаға елеулі үлес қосатын жұмыс екендігінің дәлелі 
болып отыр.
 
Түйін  сӛздер:  подшипник,  серпер,  эффективті  коэффициент,  білік,  қалақша, 
жүрдектік. 
Турбинаның  айналуы  хордаға  қатысты  симметриялы  болып  келетін  NASA 
профиліндегі  [1]  аэродинамикалық  тұрғыдан  жақсы  ағысталатын,  жел  турбинасының 
қалақшалары  болып  есептелетін  қанатшаның  кӛтеру  күшінің  әсерінен  болады.  «Серпер 
немесе  тропоскино»  әдісінің  біреуімен  жұмысшы  қалақша  валға  жалғанады.  Дарье  жел 
турбинасының  жел  энергиясын  пайдалану  коэффициенті 
45
,
0
max


.  Жұмысшы 
турбинаның  эффективті  кӛрсеткіші  жеткілікті  болғанымен  бұл  коэффициентті  одан  әрі 
жоғарылатуға  мүмкіндік  бар.  Перспективті  жел  энергетикалық  қондырғысының 
конструкциясын  жетілдіру  технико-технологиялық  әдіспен  зерттеу  негізі  болып 
табылады.  
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  мен  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогикалық  университетінде  15  жылдан  бері  карусель  типті  турбиналарының 
перспективті  жел  агрегаты  жасалынуда.  Осы  мақала  барлық  белгілі  жел  турбинасының  
параметрлерімен  салыстырғанда  жоғарғы  меншікті  қуатты  беретін  конструкцияға 
арналған. 1 суретте кедергі күші мен қанатшаның кӛтеру күшін пайдаланатын айналу осі 
вертикаль  орналасқан жел турбиналары  келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Кедергі күші мен қанатшаның кӛтеру күшін пайдаланатын айналу осі 
вертикаль жел турбиналары 
 
Ұсынылып  отырған  карусель  типті  құрастырмалы  жел  турбинасы  Дарье 
турбинасына  қарағанда  жел  қондырғысын  вертикаль  жағдайда  ұстап  тұратын  және 

10  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
вертикаль біліктің айналуын центрлейтін подшипниктердің кӛмегімен екі немесе үш осьті  
орналасқан  біліктерден  тұрады.  Оның  әрқайсысы  серпер  немесе  тропоскино  әдісінің 
кӛмегімен жалғыз жұмысшы қалақшалармен жалғасады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тік қалақшалы құрастыр-            Тропоскино жүйесіндегі               Тропоскино жүйесіндегі 
малы Бидарье жел                        құрастырмалы Бидарье                  құрастырмалы Бидарье       
 турбинасы   (а)                             жел турбинасы (ә)                           жел турбинасы (б) 
 
2-сурет.  Айналу  осі  вертикаль  орналасқан  карусель  типті  жел  турбиналары  (1-
қалақшалар,  2-серперлер,  3-мұнара,  4-айналу  біліктері,  5-подшипник, 

-серперлердің 
арасындағы бұрыш) 
 
2 (а)-суретте тік қалақшалы құрастырмалы Бидарье  жел 
турбинасының  нұсқасы 
келтірілген.  Әрбір  екі  коаксиальды  білік  серпер  арқылы  қос  қалақшамен  симметриялы 
бекітілген.  Әрбір  білік  автономды  түрде  жұмыс  істеп,  айналу  кезінде  күш  моментін 
тудырады. Бұл нұсқада екі  білікті турбина бір бағытта бірдей бұрыштық жылдамдықпен 
айналуы  тиіс.  Жұмыс кезінде бұрышты  90

-  қа  келтіріп  ұстап  тұратын  арнайы  құрылғы 
бар.  2  (ә)-суретте  Бидарье  турбинасының  қалақшалары  тропоскино  түрінде  бекітілген. 
2(б)-суретте біліктері қарама-қарсы бағытта айналатын турбинаның  конструкциясы [1]. 
Жоғарыда айтылған қондырғылардың ерекшелігі турбинаның әрбір білігі автономды 
түрде жұмыс істейді жел энергиясын электр тоғына айналдыратын генераторға қосылған. 
Жел  энергиясын  пайдалану  коэффициентінің  эффективті  ӛсуі  бір-бірінен  тәуелсіз 
айналатын біліктердің ӛндіретін энергияларының қосындысына тең. 
Тік  қалақшалы  Дарье  жел  турбинасының  қуаты  F  ауданға,  жел  жылдамдығының 
кубына және жел энергиясын пайдалану коэффициентіне тура пропорционал. Қамтылған 
бірлік  аудандағы қуат 
 
 (1) 
 
2
2
2
0
0
2
3
U
P
U
P





                                                            (2) 
немесе сондай-ақ 
                                                        
,
1
2
3
U
P



                                                                (3) 
мұндағы  
0
3
3
2
0
0
,
2
/
)
(
U
U
U
U
P
P
P











 
45
,
0
max


 жағдайда                     Дарье  
33
,
0
)
1
(


P

                            Бидарье 
41
,
0
)
2
(


P
,                                                          (4) 
                                          Үшдарье   
635
,
0
)
3
(


P

2
3
U
F
N
в





Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 11
 
                                          Квартдарье  
99
,
0
)
4
(


P
  
екендігін анықтаймыз. 
Бұдан,  Квартдарье  үшін  жел  агрегатында  ауа  ағынының  жылдамдығы  нӛлге  тең 
болғанда  қысым  толығымен  қалыптасады.  Әрине,  мұндай  жағдай  болмайды.  Жергілікті 
қысым артатын және ағынның индуктивті жылдамдығы азаятын аумақта жел турбинаны  
еркін айналып ӛте бастайды, бірақ нолге тең болмайды. Жел ағынының энергия жиынын 
сипаттайтын  ―k‖  и  ― 

‖  коэффициенттері  сәйкесінше  тӛмендейді.  Дарье  және  Бидарье 
режиміндегі  тәжірибелік  лабораториялық  моделі  және  сонымен  қатар  (2)  қысымның 
ӛзгеруі  негізінде,  турбинаның  әр  түрлі  санының  біліктес  валдарының  ―

‖  эффективті 
коэффициентінің  мәнін  шығаруға  болады.  Ол  үшін  мына  фактке  назар  аударайық,  (2) 
Дарьеден  Бидарьеге  ӛткенде  қысым  24%-ға  артады.  Ал  Үшдарье  жағдайында  Дарьемен 
салыстырғанда  2  есе  артады.  Бидарьеде  және  нақты  жағдайда  желді  қабылдаудағы 
қысымның ӛзгерісі пропорционал болуы тиіс. Эксперименттің нәтижесі Дарьеге қарағанда 
Бидарьенің 
эф

  эффективті  жел  энергиясын  пайдалану  коэффициентінің  мәні  40%-ға 
артық  екендігін  кӛрсетті.  Ал  теория  жүзінде  69  %-ға  жоғарылайтындығы  болжанған 
болатын.  Бұл  айырмашылық  ағынның  индуктивті  жылдамдығының  кемуі  есебінен  ((76-
45)/45)  100  %  -  40  %  =  69  %  -  40%  =  29  %  болып  отыр.  Олай  болмаса,  теорияға  сәйкес 
Дарьемен  салыстырғанда  Бидарье  турбинасының  қысымының 
)
2
(
P

  артуы  аппараттың 
жел  энергиясын  пайдаланудың  жиынтық  коэффициентінің  29%  тӛмендеуіне  әкеледі. 
Нәтижесінде Бидарье үшін [3]: 
,
63
,
0
%
100
%
29
45
,
0
76
,
0
эф
max





 
 
                                        
%.
40
%
100
45
,
0
45
,
0
63
,
0



                                                   (5) 
құрайды. 
Бұл  әдістен  Дарьемен  салыстырғанда, 
эф

  эффективті  мәнінің  жоғарылауы  
―Гидроприбор‖  ғылыми  зерттеу  институтында  жүргізілген  эксперименттерінің 
мәндерімен  сәйкес  келетіндігі  кӛрініп  тұр.  Осы  жерден  келесі  эмпирикалық  тәуелділікті 
оңай құруға болады: 
            
,
%
100
%
29
)
1
(
)
1
(
)
2
(
)
1
(
)
(
)
(
эф












P
P
P
P
x
x
                                         (6) 
 
мұндағы 
)
(
)
(
)
(
x
x
x
жаќ
ыќ 
жаќ.
 
жел





,  (x)=(1),  (2),  (3),  (4)  –  жұмыстық  валдарының  санын 
кӛрсетеді. 
Біздің 
қарастырып 
отырған 
жағдайдың 
нәтижесінде, 
)
1
(
,
)
(
)
(
kx
kx
kx
x
x



жаќ.
ыќ 
жаќ.
 
жел
 
а
 


  желдің  энергиясын  пайдалану  коэффициенті  үшін 
мынаны аламыз 
                              


,
29
,
0
2
)
1
(
max
)
1
(
)
2
(
)
1
(
)
(
эф
max













P
P
P
P
x
k
x
k
x
m
m
                               (7) 
 мұндағы  k
m
=0,26, ал  
.
45
,
0
)
1
(
max


 
Соңғы  формуладан  кӛрініп  тұрғандай, 
эф

  мәні  (
)
1
(
P

)  Дарье  турбинасының  ауа 
ағынындағы  ерікті  қозғалысымен  салыстырғанда,  қысым 
)
x
P

 
қаншалықты 
артатындығына байланысты. 
Эксперименттік  зерттеулерден  алынған  мәліметтер  бойынша  құрастырмалы  Бидарье 
жел турбинасының технико-экономикалық кӛрсеткіштері жоғары екендігі дәлелденді.  

12  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Карусель  типтес  жел  электр  қондырғыларының  валдары  екі  вертикаль  валдан  кем 
болса тиімсіз, мұндай жағдайда жел энергиясын пайдалану коэффициенті 0,63-тен 0,45-ке 
дейін тӛмендейді [1,4]. 
Екі  вертикаль  валдан  артық  жел  турбиналарының    жергілікті  қысым  артатын  және 
индуктивті жылдамдық  кемитін жағдайларда қолдану орынсыз. Ұсынылған құрылғының 
технико-экономикалық  эффективтілігі  жел  энергиясын  пайдалану  коэффициентінің 
эффективті  артуынан  тұрады.  Жабдықтың  экономикалық    бағасының  артуы  жел 
агрегатының  қызметі  құнына,  құрылыс  барысында  жерге  орнатуына,  кұралған 
конструкциясына,  құрылыс  материалына  кеткен  шығынның  тӛмендігімен  қатар  жел 
турбинасының бірлік қуатының артуы және жел энергиясын пайдалану коэффициентінің 
артуы есебінен пайдалы эффектінің жоғарылайтындығын кӛрсетеді. 
Әртүрлі  ЖЭҚ-ның  жел  энергиясын  пайдалану  коэффициентінің  жүрдектікке  
тәуелділігі  3-суретте    келтірілген.  Бұдан  турбина  қалақшаларының  саны  аз  болса,  жел 
энергиясын  пайдалану  коэффициенті 

  жоғары  екендігі  кӛрінеді  және  қисықтың 
тәуелділігі 
 


  турбинаның 

  жүрдектік  деңгейінің  жоғарылау  жағына  қарай  орын 
ауыстырады. Яғни, біршама жылдам қозғалады.  
 
 
3-сурет. Жел энергиясын пайдалану коэффициенті 

  мен жүрдектігі 

 арасындығы 
тәуелділік. 
1-кӛп қалақшалы пропеллерлік жел турбинасы
2- үш қалақшалы пропеллерлік жел турбинасы, 
3- екі қалақшалы пропеллерлік жел турбинасы, 
4- ідеал қанатшалы желдӛңгелек. 
Кез  келген  айналмалы  қозғалыстағы  турбина  желдің  жолына  кедергі  жасайды. 
Неғұрлым  қалақшаның  саны  кӛп  болса,  соғұрлым  турбинаның  кедергісі  үлкен  болады 
және  аз  энергия  ӛндіреді.  Жел  кедергіні  айналып  ӛтіп,  электр  қондырғысына  берген 
энергиясы тӛмендейді. 
Қорыта  айтқанда,  біздің  республикамыздың  кӛптеген  шаруашылықтары  автономды 
электр  энергиясының  кӛздерін,  соның  ішінде  кез  келген  регионда  ресурсы  үлкен  жел 
энергиясын  пайдалануға  қызығушылық  танытуда.  Ол  электр  энергиясының  жүйелерінен 
кейбір шаруашылықтардың  қашық орналасуына, жұмыстарының экспедициялық сипатта 
болуына  және  отын  энергетикалық  ресурстарды  таратудағы  нарыққа  тәуелді  болмау 
себептерінен  туындап  отыр,  жел  энергетикасының  дамуына  байланысты  жаңа  жұмыс 
орындары,  жаңа  ғылыми  бағыттар  пайда  болады.  Жел  энергетикасына  сүйене  отырып, 
мемлекет  «Ауылды  электр  қуатымен  қамтамасыздандыру  мәселесін»  шешуге  болады. 
Еліміздің  әрбір  тұрғын  аудандарында  автономды  энергия  кӛздері  пайда  болып,  ол  ауыл 
шаруашылығының  ӛркендеуіне,  қарапайым  ауыл  адамдарының  күнделікті  еңбектерін 
жеңілдетуге жағдай жасайды.  
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 13
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Р.М.Бекметьев,  И.Г.Заглиев  Ветроэнергетические  ресурсы  различных  районов 
Казахстана.:  Сб.  науч.  тр.,  Гидропроекта,  вып.  129.  Ветроэнергетические  станции.  М., 
1988. – С. 63-70. 
2.
 
Ю.Д.Сибикин,  Сибикин  Нетрадиционные  возобновляемые  источники  энергии. 
Учебное издание М.Ю.. 2-е изд. испр. и доп. – М.: ИП РадиоСофт, 2009. – С. 232. 
3.
 
А.К.Ершина, Ш.А.Ершин, У.К.Жапбасбаев Основы теории ветротурбины Дарье. – 
Алматы: КазгосИНТИ, 2001. – С. 104.  
4.
 
Е.М.Фатеев Ветро двигатели и ветроустановки. М., 1957. – С. 536.  
5.
 
П.П.Безруких.  Использование  энергии  ветра.  Техника,  экономика,  экология.  - 
М.:Колос, 2008.-196 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  сказано,  что  ископаемые  природные  ресурсы  изо  дня  в  день 
истощаются.    С  точки  зрения  экономики  и  экологии  наиболее  целесообразным  является 
использование ВИЭ. А именно, для Республики Казахстан наиболее актуальным является 
освоение энергии ветра, т.к. обширные пространства нашей страны богаты данным видом 
сырья. 
 
SUMMARY 
In this article it is shown that natural fuel is petting less day by day. From ecological and 
economical  opinion  it  is  letter  to  use  sustainable  resources.  In  Republic  of  Kazakhstan  it  is 
profitable  to  use  wind  energy  according  to  vast  territories  of  our  country.  The  wind  energy 
potential of Kazakhstan is much higher than any other sustainable resources.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет