Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі



бет3/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Зерттеудің мақсаты: Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау.
Зерттеу нысаны: Балалармен жас өспірімдер спорт мектептері мен орта мектептердегі сыныптан тыс жүргізілетін секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары.
Зерттеу пәні: Оқу-жаттығу сабақтары арқылы балуандардың дене сапаларын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау;
2. Балалармен жас өспірімдер спорт мектептері мен орта мектептердегі сыныптан тыс жүргізілетін секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары арқылы балуандардың дене сапарын дамыту.
3. Оқу-жаттығу сабақтары арқылы жас балуандардың дене сапаларын жетілдірудің тәсілдерін айқындау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері; философтардың, педагогтардың, психологтардың, жаттықтырушылардың, спорт майталмандарының еңбектері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен денсаулық сақтау салаларындағы прогресті анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері көрсетілді.
«Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу негіздері» атты мәселе бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлері талданды; дене шынықтыру және спорт түрлері бойынша дене тәрбиесі сабағын өткізудің ұйымдастыру және әдістемелік негіздерінің тұжырымдары айқындалды.
«Спорт нгіздері мен қолданбалы дене дайындығы» тақырыбындағы екінші тарауда жас балуандардың күш жылдамдық төэімділік, әбжілділік және буын қоспаларының сапалық ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді.
1. БАЛУАНДАРДЫҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Балуандардың дене қозғалысы сапаларына жалпы сипаттама

Қозғалыс әрекетін меңгеру тек дағдыны қалыптастыруға ғана емес дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік туғызатын қажетті күш, жылдамдық, төзімділік, шыдамдылық және буын қоспаларының қозғалмалылығы сияқты сапалық ерекшеліктерінің дамуына да байланысты. Талапқа сай зандылықтарды жақсы білу мұғалімге дене жаттығуларының дұрыс жүмыс жүргізу қатынасын және сандық нәтижесін табуға, сонымен бірге әрбір сапалық ерекшеліктерін барынша ұтымды дамыту үшін жас ерекшелік шекарасын анықтап, сапалық ерекшелігін дамытуда кешенділіктің оптимальді шамасын орнатуға мүмкіндік береді.


Дене қозғалыс сапалары қозғалыс әрекетінің мына сапалық ерекшеліктерінен тұрады: күш, жылдамдық, төзімділік (шыдамдылық), әбжілдік және буын қоспаларының қозғалмалылығы.
"Қозғалыс" және "дене" сапалары терминінің екеуі де дене тәрбиесі туралы ғылымда тең дәрежеде, өйткені олар осы сапалық ерекшеліктерді анықтайтын әр түрлі қозғаушы күштерге назарды шоғырландырады (ұйыстырады).
"Қозғалыс сапалары" термині орталық жүйке реттегіштері жүйесімен қозғалысты басқаруға тікелей байланысты. Егер қозғалыстың биомеханикалық сипаттамасын бөліп алып қараса, онда "дене сапалары" термині пайдаланылады. Қозғалыс әрекетінің сапалық ерекшеліктерін адам ерік, жігерін физиологиялық және психологиялық реттеу тұрғысынан қарап, үшінші "психо-моторлық сапалар" термині қолданылады. Қозғалыс сапаларын өз алдына дербес мына топтарға бөлу қалыптасқан: жылдамдык сапасы, күш сапасы және т.б. Дегенмен, кейбір сапаларда психо-физиологиялық механизмдері үқсас тура келетіндері байқалады, сондықтан күштің, шапшандықтың, төзімділіктің, әбжілдіктің дербес сапалык ерекшеліктері ретінде барынша өнерлілігінің ақиқаттығы айқындалады (бәрінен бұрын бұл әбжілдікке тән). Әр түрлі сапалардың жалпы бөліктері (компоненттері) мен механизмдерінің көрінуін іздеу, олардың бөлшектерге бөлінуге (дифференциацияға), құрамын айқындауға әкеледі. Бұрын қарапайым болып саналған кейбір сапалар енді бірқатар барынша қарапайым және бір-біріне байланысы жоқ дербес сапаларға бөлініп кетеді. Қазіргі уақытта олардың аяқталған жіктелуін беру, әсіресе, әр түрлі сапалардың көріну механизміне барынша дәл сілтеме жасау мүмкін емес. Дегенмен, әрбір қозғалыс сапасы құрылымының күрделілігіне қарамастан бірнеше бөліктерді қосып алады. Олардың біреуі қозғалыс аппараты мен дененің бүтіндей құрылысын, ал басқалары реттеуші жүйенің қызмет ерекшелігін бейнелейді. Мысалы, әбжілдік қозғалыстың дәлдігін қоса морфологиялық және биохимиялық бөліктерге қараганда орталык жүйке жүйесінің әсер етуіне көп байланысты. Күш пен шапшандықтын көрінуі елеулі мөлшерде морфологиялық бөліктерге, яғни бойына, салмағына. бұлшық еттердегі және бүтіндей ағзадағы биохимиялық және гистологиялық өзгерістерге тәуелді. Қозғалыс сапасын құрайтын бөліктердің ішінде жалпы және арнайы түрлерін айыру қажет. Жалпы бөліктері қозғалыс сапасының бірнешеуіне тән (мысалы, өжеттіктің жігерлілік сапасы немесе төзімділіктің әр түрлерінің көрінуіндегі шыдамдылық). Арнайы бөліктері қандай да бір сапаның өзгешелік, ерекшелігін қамтамасыз етеді. Жалпы бөліктердің бар болуының арқасында бір сапаның жаттығуын екіншісіне ауыстыруға болады. Тағы да назарда ұстайтын нәрсе бір бөліктің дамуы екіншісінің тежелуіне әкеледі, сондықтан бір сапаның дамуы екіншісінің көрінуінің деңгейін төмендетуі мүмкін.
Балуанның дене сапаларының қарапайым және курделі түрлерін айырған дүрыс. Күрделіге, мысалы, әбжілдік, дәлдік жатады. Бұлардың ішіндегі өте қажетті бөліктері психикалық сапа болып табылады (мысалы, дәлдік көзбен мөлшерлеу шамасы). Қозғалыс сапаларының қарапайымына және күрделісіне де өзгеше ерекшелік қасиеттері тән (баскетболшының әбжілдігі мен гимнасттың әбжілдігінің шама бірлігі бірдей емес).
Қозғалыс сапалары дене тәрбиесі жүйесінде дамиды. Кейде қозғалыс сапаларын тәрбиелеу туралы айтады, бірақ мұндағы педагогикада қолданылатын "тәрбиелеу" ұғымы адамның бүтіндей жаңа тұлға ретіндегі бейнесін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызмет. Қозғалыс әрекеттерінің сапалық ерекшеліктері өзінің ең оңай қарапайым түрінде жаңа дүниеге келген сәбиде де болады және ол шартсыз рефлекстерде көрінеді. Сондықтан қозғалыс сапасына "дамыту" термині барынша дәл келеді, яғни ол барынша кең ұғымда ағзада жүретін, ал барынша тар ұғымда адам бойындағы сапаларды жақсарту, дамыту.
Қозғалыс сапаларын дамыту кезеңдермен жүреді. Басында бір сапаның дамуы дәл осы сәтте арнайы дамытылмаған басқа сапалардың қатар өсуімен жүреді. Одан әрі бір сапаның дамуы басқаларының дамуын тежеуі мүмкін ("Дене сапаларының диссоциациялануы" Н.В.Зимкин, 1956 ж., А.В.Коробков 1958 ж.).
Мұндай құбылыстың белгілі бір механизмі (тетігі) анаэробты және аэробты процестердің арасындағы антагонизм, яғни бірінің дамуы екіншісінің тежелуіне немесе керісінше болады.
Төменгі сезімталдықтағы ауыспалы кезеңдер орташа сезімтаддықтағы ауыспалы кезеңдер жоғары сезімталдықтағы ауыспалы кезеңдер.
Әртүрлі сапалар үшін сезімталдық қозғалыс сапасы әртүрлі
Қозғалыс сапаларының жас ерекшелігіне қарай дамуы әр түрлі уақыттағысымен (гетерохронностью) сипатталады. Мұның мәні әр түрлі қозғалыс сапалары өзінің барынша табиғи дамуына әр түрлі жаста жетеді (жылдамдық сапасы 13-15 жаста, күштік сапа 25-30 жаста және т.б.).
Қозғалыс сапаларының әр түрлі бағыттағы өзгеруі жыныстық жетілу кезеңінде ерекше көрінеді. Бұл кезеңде жылдамдық-күш сапасының даму қаркыны тез артады да, ал қозғалыс жүйелілігі, қозғалыс параметрлерін мөлшерлеудің (өлшеу) дамуы тоқтайды немесе біршама кері кетеді. Бұл қозу жүйке жүйесінің қозғалмалылығынан дем беретін жылдамдық-күш сапаларының көрінуінен және үйлестік мүмкіндіктерін тежейтін нейродинамиканың өзгеруімен байланысты. Ағзаның жас ерекшеліктері.
Дамуындағы елеулі өзгерістерімен сипатталатын кезеңдері ауыспалы (критический) немесе сезімталдық (сензитивті) деп аталады. Мұндай кезендерде арнайы жаттығу белгілі сапаларды дамыту үшін барынша жоғары әсер береді (З.И.Кузнецова, 1975 ж.). Оқушылар мен студенттерге дене шынықтыру жаттығуларын меңгеру дәрежесі қозғалыс әрекетін меңгеру кезінде басты болып саналатын дене сапасының даму деңгейіне байланысты. Бұл мәселенің толық шешімін табу үшін адамның денесапаларына сипаттама беріп кеткен дүрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет