Ф. Ш. Оразбаева Ғылыми редакторлар


ӘОЖ 821.512.122 (574.54) (092)



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,43 Mb.
#5943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

 ӘОЖ 821.512.122 (574.54) (092) 
С.Тайманова – ф.ғ.к., доцент 
 
СӘНІМКҤЛ ЖЕЛДЕРБАЕВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ ДӘСТҤР 
 
Түйіндеме:  Мақалада  Сыр  елінің  ұстаз  ақыны  Сәнімкүл  Желдербаеваның  ұлттық  дәстүрді 
суреттеудегі көркемдік ізденістері  талданады. Ақын  поэзиясының арқауы болған  ұлттық салт-дәстүр, 
ұлттық мінез, ұлттық тәрбие мәселесі жан-жақты зерделенеді. Содай-ақ ұлттық құндылықтарымыздың 
бірі  –  ана  тілі.  Тіл  ең  алдымен  кез  келген  ұлттың  белгісі,  айырымы,  символы.  Сондықтан  автор 
С.Желдербаеваның  осы  тақырыпта  жазылған  өлеңдерін  де  талдаған.  Оның  көркемдік,  танымдық 
мәнін ашқан.  
Тірек сөздері: ұлт, дәстүр, ана тілі, мінез, ақын, ұрпақ, Сыр елі. 
Аннотация:  В  статье  анализируется  художественные  описания  национальной  традиции  поэта 
педагога  земли  Сыра  Санимкул  Желдербаевой.  Тема,  взятая  основой  поэзией,  в  национальной 
традиции,национальном 
воспитании 
инационального 
характераподробно 
всесторооннеизлагается.Главное,  одним  из  основ  любой  нации  является  язык.  Язык,  в  первую 
очередь,  является  символом,  святыней  любого  народа.  По  этой  причине  автор  использовал  и 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
112 
 
рассмотрел стихи С.Желдебаева и раскрыл художественную и познавательную сторону языка. 
Ключевые слова: нация, традиции, Родной язык, характер, поэт, потомок, святая земля Сыра.  
Abstract:  The descriptions of  national tradition  of poet of  Syra  Sanimkul Zhelderbayeva  is given in this 
article.The  theme  is  taken  by  a  poetry  and  national  tradition,  national  education  andnational  characteris 
widely  expounded  in  detail.  One  of  the  most  important  thing  of  nation  is  the  language.  Language  is  the 
symbol of people. That is why the author used the poems of S. Zheldebayeva. 
Key words: nation, tradition, native language, character, poet, generation, native land of Syra. 
 
Сыр  елінің  ұстаз  әрі  ақын  қыздарының  бірегейі  –  Сәнімкүл  Желдербаева.  Ол  ұстаздық 
қызметімен бірге өзінің азаматтық келбетімен халқының жүрегінің төрінен орын алған, елін 
жыр  жолдарымен,  ұрпаққа  ұлттық  тәлім-тәрбие  беруімен,  асыл  сөздің  қадірін 
ұғындыруымен  ел  алдындағы  перзентттік,  азаматтық  парызын  түсінген  сыршыл  да  ойлы 
ақын.Халықтың бай фольклорынан сусындап, жастайынан Сыр сүлейлерінің шығармаларын 
жаттап өскен ол елдің рухани құндылықтарын өзшығармаларының негізі етіп алды. Елбасы 
Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында: «...ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де 
қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани 
әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазақтарды талай 
елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық 
пен  сезімнің  шеңберінде  шектелмеген.  Ол  жаңашылдықтың  жалынын  лаулата  да  білген. 
Содан  да  болар,  қазақтың  поэзиялық  шығармашылығында  мейлінше  терең  танымдық 
қасиеттер  бар.  Сондықтан  да  қазақтың  дәстүрлі  поэзиясы  ұдайы  философиямен  шендесіп 
жатады. 
Қазақ  даласында  поэзия  тек  ақын-жыраулардың  ғана  еншісі  болып  қоймаған,  ол  қазақ 
мәдениетінің барлық тамырына нәр берген», - деген болатын [1,28]. Бұл келеліпікір Сәнімкүл 
поэзиясынан да айқын аңғарылады. 
Екі ғасырдың куәсі болған Сәнімкүл ӛлеңдерінде ұлттық сипат басым болып келеді. «Мен 
даланың қызымын» ӛлеңінде: 
... Мен даланың қызымын, далада ӛстім, 
Кеңістікке, ғарышққа қарап ӛстім. 
Мұрындықтан тізгіндеп түйелерді, 
Ақ боз үйді жүк қылып ала кӛштім... 
Мен даланың қызымын еркелеген, 
Ел жатқызып, таңымен ертелеген. 
Ерін сыйлап жүрген соң, елін сыйлап, 
Мына дала менімен кӛркем екен,- 
деп, тебіренген ақыната-баба, бүгінгі буынға бесік болған қасиетті атамекен, атажұртын 
қадір  тұтады.  Лирикалық  қаһарман  ауылдың  баласы  екенінтүйелерді  тізгіндеп,  ақ  боз  үйді 
жүк қылыпкӛшкенімен дәлелдей түседі. Елді танығың келсе алдымен ата –бабаңның алтын 
бесігі  ауылды  қадірле,  ӛйткені  ауыл  ұрпағымен  кӛрікті.  Қазіргі  жағдайда  ел  үдере  кӛшіп 
қалалық жерге келіп, елде жұмыссыздық жайлаған уақытта бұл ӛлеңнің танымдық, тәрбиелік 
маңызы ӛте зор. Екінші аңғаратынымыз – ақын дүниетанымы кӛкжиегінің кеңдігі, оның да 
себебі бар, ӛйткені ол ауылда кеңістікке, ғарышқа қарап, еркін ӛсті. Онда ой еркіндігі бар. 
Қонағына  алдымен  ақ  ұсынған  ата  баба  дәстүрін,  елдің  елдігін,  дәстүрін  сақтап  келе 
жатқанауыл адамының қазіргі жағдайына ақын қатты қынжылады. 
Сӛйткен, Дала, сен бүгін тарылдың да, 
Қозғадың-ай намысым, арымды да! 
Ұрпақтарың барады ұнтақталып, 
Ұлыларың айналып қарындыға... - 
деп, кеңдігін де, теңдігін де, дәстүрін десақтаған даланың мұрагері ендігі ұрпақ – сен, «ие 
бол, Егемендік елдігіме!» дейді. Ақын үкімі жүректен шыққан үкім. Нағыз елін, ұлтын сүйген 
ақын  –  ана  сӛзі.  Ол  сӛз  қадірін  түсінген  адамның  жүрегін  тебірентпей  қоймайды,  ӛйткені 
ӛлең сыншыл да шыншыл. Лирикалық қаһарман батыл да ӛткір. 
Ғұмырын  ұстаздық  жолға  арнағанақын  қазақ  даласының  иесі  бүгінгі  ұрпақка 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
113 
 
халқымыздың  салт-сана,  дәстүр,  ибалық,  әдет-ғұрыптарын  да  жырларына  арқау 
етіп,жастарғанақты  ӛмір  шындығы  арқылы  жеткі-зеді.  Ақын  ӛлеңдерінің  ӛзегі  –  ана  тілін 
құрметтеу, ел бірлігі мен ынтымағын сақтаужәне ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеу, 
оны  ұрпақ  санасына  сіңіру.  Ғалым  Б.Кәрбозұлы:  «Сәнімкүл  Желдербаева  есімі  Сыр  еліне 
етене  таныс.  Ақынның  «Ақ  босағасы»  қазақ  ұғымындағы  ең  бір  нәзік  салтты,  келін  түсіру 
сәтінің  мән-мағынасын терең бейнеленген күйінде  Қазақстанға  түгел  тарап,  талантты ақын 
апамыздың атын аңызға айналдырып жіберді», - дейді [2,3]. 
Татулықпен тамсантқан ауылымды, 
Қадір тұтқан аға-іні бауырымды, 
Ізеті мол қазақтың келіндері 
Бағалаттың баршаға қадіріңді. 
Пай-пай, шіркін! Қазақтың келіндері, 
Кӛл-дария секілді пейілдері. 
Сол келіндер арқасы ақ босаға, 
Құда-жекжат іргесі сӛгілмеді. 
Сонымен қатар С.Желдербаева қазақтыңдаласындай кең пейілділігін де, жомарттығын да, 
қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжайлық дәстүрін де ӛзінің «Дастархан» деген ӛлеңінің 
негізгі арқауы етіп алады. Мысалы: 
Бұл қазақтың әйтеуір жомарт жаны, 
Дәм татпай аттанбаған қонақтары. 
Қанша қиын кездерді ӛткерсе де, 
Дастархан берекесін жоғалтпады. 
Осы бір қонақжайлы қасиетімен 
Халқымның мәртебесі қомақтанды, - 
дейді.  Ұлттық  мінезіміздегі  кеңдік,  аңғалдық,  қонақжайлылық,  меймандостық, 
бауырмалдық  қасиет-терді  мақтан  ете  отырып  ақын  марқаяды.  Сондай-ақ  ӛлеңде  сұлу 
табиғат аясында еркін ӛмір сүрген кең даланы керегінше пайдаланып кӛшіп-қонып жүрген 
ата-бабамыздың 
бойындағы 
әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр 
де 
кӛркемдік 
шешімін 
тапқан.АкадемикЗаки Ахметов: «Поэзияда, әдебиет шығармасында сӛз, тіл жаңалығы деген 
жеке  сӛздерді  қолданудағы  жаңалық  қана  емес,  ең  алдымен  белгілі  бір  ой-пікірді,  сезімді 
жеткізудегі шеберлік, кӛркемдік», - деген еді [3,195]. Олай болса, С.Желдербаева да кӛркем 
ойын жеткізу-де халықтың күнделікті қолданылып жүрген сӛзіне жаңаша ӛң беріп, оны ӛлең 
ӛрнегіне шебер қиюластыра білген. 
Қазақ үшін отбасынакелгенжолаушы даоныңқұрметті қонағы. Қонаққа ақ дастархан жаю 
–  қазақы  ұлттық  дәстүріміздің  біркӛрінісі.  Сондай-ақ  ақын  қазақтың  ұлттық  ойындарын  да 
назардан тыс қалдырмайды. Мысалы: «Бәйге» деген ӛлеңінде: 
Делебе қозып, дегбірсіз жұрттар қолпылдап, 
«Сарыарқа» кетті, «Сарыарқа» кетті толқындап; 
Дүбірлеп аттың тұяғыменен дүбірге, 
Туған жер жатты аймалап құшып, солқылдап... 
«Сарыарқа» менің, сар далам жатты дӛңгелеп, 
Даланың мендей қызына да сол керек!.. 
Бәйге –  қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ат баптап, оны бәйгеге қосу – ұлттық салт-
дәстүрлеріміздің, ұлттық ӛнеріміздің бірі. ӚлеңдеБұланқарадан үміткер ақын: 
Бабасы баптап, ат жаратқан 
Қазақтың, 
Қаршадай ұлы бәйгеден озып күліп кел! - 
 деп, бәйгеге қосқан тұлпар аттың үстіндегі жас ұланға игі тілек тілейді. 
С.Желдербаева ұлттымызға жат мінезді де жыр қармағына іліп тастап отырады.  
Ермегі – шашы, 
Түнімен ширатады. 
Ермегі – қасы, 
Түбімен қиратады...  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
114 
 
Немесе: 
Істі жинап қояды әрі, 
Түсте зорға оянады. 
«Еркегүлдің ермегі» ӛлеңіндегі шолжаң мінез мұндай қыздардың ӛмірде аз да болса бар 
екені рас. Сонымен бірге ақын ащы суға құмарларды түйреп ӛтеді. Мысалы: 
Түніменен карта ойнайды, арақ ішіп, 
Азанда кӛздің алды қалады ісіп. 
Жүз грамм бас жазуға бермеген соң, 
От болып, денең жанып барады ысып. 
Далаға мең-зең болып шығып едің, 
Әйтеуір жаның қалды шала құсып. 
Томсарып тұрып қалды балаларың, 
Тек қана еркелеп жүр ала күшік... 
Ақын  араққа  құмар  әкелердің  бала  жүрегіне  кірбің  түсіретініне,  мұның  жастарға  жақсы 
үлгі бермейтініне қынжылса,  «Бастықтың әйелі» деген сықақ ӛлеңіндеерінің қызметіне  мәз 
болып, ӛзінің қоғам алдындағы міндетіне ат үсті қарайтын шолжаң әйелді және оларға қарсы 
келе  алмайтын  директорды  әжуалайды.  «Бір  педагог  құрбыма»  ӛлеңінде  ӛзін-ӛзі  мықтыға 
теңеген, ӛзін ғана ақылды да жақсымын деп мақтанып, үйінен енесін қуған құрбысынӛткір 
сынайды. Сынапқана қоймай қатаң ескерту айтады: 
Ізетін сақтап келіннің, 
Енеңді үйден қуасың. 
Бәлкім ӛзің ӛмірі, 
Қартаймайтын шығарсың? - 
дейді.  Сәнімкүлдің  құрбысына  айтары  ақылы,  ескертуі  осы.  Бұл  арқылы  ақын 
отбасындағы  сыйлас-тық,  ата-ананы  сыйлау  мәселесін  ұлттық  мінезіміздің  құндылықтары 
деп түсенеді. Сол құндылықтарды сақтау – ұрпақ міндеті. 
 «Автобуста»  ӛлеңінде  де  ибалылықтан,  қазақылық  әдет-ғұрыптан  жұрдай  жастарды 
сынға алады. Ал «Қайнаға келді қыдырып...» ӛлеңінде: 
Қайнаға келді қыдырып, 
Жанбастай жатып жығылып... 
Келін бар тамақ түрін дастарханға қойып жайнатса да, оны місе тұтпаған қайнағаны: 
Қайнаға күліп жӛтелді, 
Еңсесін енді кӛтерді: 
Дастарханның шетіне 
Қонжиған соң бӛтелке, - 
дейді.  Бұрын  дастарханның  ең  құрметті  асы  –  нан  болса,  енді  оның  орнын  арақ  жеңіп 
алған. Бұл арқылы ұлттық дәстүріміздің бұзылуына үлкендеріміздің ӛзі де себепкер болып 
отырғанын меңзейді. Одан жиренген ақын «Тектілік» деген ӛлеңінде: 
Күлімдеп кіріп, еп қылып, 
Тӛріңе шықты ептілік, - 
деп бастап, соңын: 
Ащы су ішіп кептіріп, 
Бұлбұл ұшты-ау кӛзімнен, 
Қайда кеттің тектілік!, - 
деп  ұлттық  сана,  ата-баба  дәстүрін  берік  ұстаған  тектілікті  іздеп,  таба  алмай  қиналады. 
Жастарымызға  қасиетті  ӛнеге-үлгі  кӛрсетерлік  үлкендерді  кездестіре  қоймаған  соң,  арақ-
шарап құмар қыздарға: 
Қыздарға тән ізгілік, жарасымды ой, 
Аяулы жар, болашақ анасың ғой! - 
деп,  «Ішкілік  пен  ізгілік»  ӛлеңін  арнап,  қыз  намысымен,  оның  болашағын  ескертіп, 
ішкілігін  ізгілікке  ауыстыруға  насихаттайды.  Осыған  орай  ӛзінің  студенттік  ӛмірін 
қазіргілерге үлгі етеді. 
... Бойымыздан бұрындау, 
Ойымызды түзедік. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
115 
 
Білім қуып құныққан, 
Бас алмаған біз едік, 
Адамшылық дағдыдан, 
Аса алмаған біз едік, - 
дейді «Біз, біз едік, біз едік» ӛлеңінде. Сондай-ақ қыз баланың айрықша боянуы, еркекше 
киінуі мен қазақ қыздары мен келіншектеріне тән емес қылықтарды сын найзасына іледі. 
С.Желдербаеваның  тіл  тағдыры,  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  де  қатты  толғандырды. 
Ӛйткені  ұлттық  құндылықтарымыздың  бірі  –  ана  тілі.  Тіл  ең  алдымен  кез  келген  ұлттың 
белгісі,  айырымы,  символы.  Сондықтан  әрбір  ұлт  алғашқы  қадамын  ана  тілінің  тұғырын 
нықтап,  мәртебесін  биіктеуден  бастайды.  Мысалы,  ақынның  «Бабамның  тілі  –  баламның 
тілі» деген ӛлеңдер цикілінде: 
Тіл деген не? 
Ӛкпеліміз ӛз тілін білмегенге. 
Тіл деген – сӛз, 
Әрбір сӛз мағыналы, 
Бір-біріне тіркесіп бағынады. 
Сӛз қадірін түсінген атам қазақ, 
Сӛз қадірін түсірсең не қылады?, - 
-  дей  келіп,  ана  тілінің  тазалығы  үшін  жан  ұшыра  күреседі.  Бабалардан  қалған  асыл 
мұрамызды сақтамау, ұпақтың тарихын құртады, ділін бұзады. Ақ сүтімен келген ана тілін 
арашалап қалу – ұрпақ міндеті деген ой айтады. Ақын: 
Бабалардың ақыл-ойы, бал тілі, 
Болашаққа қазақ болыпқал тірі. 
Ӛзегімнен жарып шыққан ӛз тілім, 
Ӛзгелердің неге керек алтыны? 
Тірлігім де, бірлігім де ӛзіңде, 
Салт-дәстүрдің бәрі-бәрі сӛзімде, - 
дей  келіп,ана  тілім  бас  қаруым,  құралым,  сен  арқылы  ӛзге  тілді  ұғамын  деп  ағынан 
жарылады. Тілді қадірін кетіріп, «отырық», «тұрық», бұрада» деп бұзатындарды ӛткір сынға 
алады. Сұлулық та, әуезділік те, тереңдік те ана тілімде, ана тіліңнен түңілу, ӛзіңнен түңілу 
деп  ұғады.  Ал  «Ана  тілім»  деген  ӛлеңінде  ана  тілім  арқылы  ақыл-ойым  дамыды,  ӛмірді 
танып білдім деп ұғындырады.  
Қорыта  айтқанда,  кӛркемдік  әсерлілігі,  танымдық  мәні,  тәрбиелік  қуаты  жағынан  да 
Сәнімкүл Желдербаева ӛлеңдерінің маңызы зор. 
 
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б. 
2 Желдербаева С. Шығармалары. Сырдария кітапханасы. – Астана, 2009. – 188 б. 
3 Ахметов З. Ӛлең сӛздің теориясы. – Алматы, 1973. – 173 б. 
4 Кәрбозұлы Б. Сырлы сӛз сипаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 281 б. 
 
ӘОЖ811.411.21.04  
 
Г.Б. Тоқшылықова – Абай атындағы ҚазҰПУ, қазақ әдебиеті кафедрасының аға 
оқытушысы 
 
КХМЕР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАНРЛАРЫ 
 
Тҥйіндеме: Мақалада Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің біріне жататын кхмер әдебиетінің жанрлары 
сӛз  болады.  Соның  ішінде  джатак,  сатра  лбаенг,  тьбап  секілді  кхмер  әдеби  жанрларының  ӛзіндік 
ерекшелігі  жан-жақты  талда-нады.  Кхмер  әдебиетінің  ангкорлық  кезеңінен  бүгінге  дейін  жеткен 
жанрлары  жалаң  түрде  емес,  «Риемке»,  «50  джатак»  секілді  халықтық  әдеби  ескерткіштер  аясында 
талданады.  
Кілт сөздер: кхмер, ангкор, жанр, джатак, сатра, лбаенг, тьбап. 
Аннотация: В статье рассматривается жанр кхмерской литературы народа Юго-Восточной Азии. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
116 
 
В  том  числе  глубоко  излагается  кхмерные  литературные  жанры  как  джатак,  сатра  лбаенг,  тьбап. 
Литературные  жанры  дошедшие  до  наших  дней  с  ангкорского  периода  анализируется  в  контексте 
народных литературных произведении «Риемке» и «Пятьдесят джатак». 
Ключевые слова: кхмер, ангкор, жанр, джатак, сатра, лбаенг, тьбап. 
Abstract:  The  article  considers  the  genre  Khmer  literaturepeople  of  Southeast  Asia.  Including  deep 
outlines Khmer literary genres as Jataka, satra lbaeng, tbap. Literary genres have survived with Angkor period 
analyzed in the context of folk literary work "Riemke" and "Fifty Jataka." 
Keywords: кhmer, Angkor, genre, Jataka, satra, lbaeng, tbap. 
 
«Камбоджа  елі»  дегенде  кӛп  адамның  ойына  бірден  «Тірі  аруақтар  мекені»  деген  атау 
түседі.  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  орналасқан,  ешкімге  соқтықпай  ӛз  бетінше  ӛмір  сүріп 
жатқан осы бір шағын мемлекеткемұндай қорқынышты атаудың жамалуы «билікқұмар» Пол 
Поттың  есімімен  тығыз  байланыс-ты.  Сондықтан  Пол  Пот  режиміне  қысқаша  тоқтала 
кеткенді  жӛн  кӛрдік.  Ортағасырлық  кезеңді  аңсап,  аграрлық  қоғам  орнатуға  бар  күшін 
салған,  бастауыш  білімді  буддалық  монастырдан  алған,  Үндіқытай-дың  коммунистік 
партиясына мүшелікке сайланған, 50-жылдары Парижде электрониканы оқып үйренген Пол 
Пот марксизм рухын бойына сіңіріп оралды.Жалпы кері кеткен қоғам билеушілері ғана оқу-
білімге  тыйым  салатындығы  белгілі.  Еуропа  әдебиеті  мен  мәдениеті  тарихында 
«ортағасырлық» деген шартты ұғым болғанымен, бұл кезеңдегі Еуропа мәдениеті, әдебиеті 
тоқырап, феодалдардың сойылын соққан шіркеуліктердің антикалық асыл сӛз маржандарын 
(Гомер  поэмалары,  Эсхил,  Софокл  туындылары,  Цицерон  трактаттары,  Гораций  одалары 
т.б.) оқуға тыйым салғаны ешкімге де жасырын емес. Сол сияқты Пол Пот та мектептерді 
жауып  (оларды  түрмеге  айналдырды),  кітаптар,  кітапханаларды,  ғылыми-зерттеу 
орталықтарын ӛртеді. Марксистік социализм құндылықтарын дәріптеген полпоттықтар үшін 
адам  ӛмірі  құнсыз  болды.  Алдыңғы  қатардағы  озық  ойдың  ӛкілдерін:  зиялы  қауымды, 
мұғалімдерді,  балабақша  тәрбиешілерін,  жоғары  оқу  орындары  профессорларын, 
студенттерді, яғни сауатты адамдарды қудалап, қинап, азаптап ӛлтірді. Елде тіпті кӛзілдірік 
таққан адамның күні қараң болды. Себебі оларды оқымысты деп қабылдады[1]. Онымен қоса 
ӛздеріне  қауіпті  деп  санаған  барлық  мемлекеттік  қызметкерлерді,  әскери  адамдарды,  бір 
сӛзбен айтқанда, ескі тәртіптің кӛзін жоюға күш салды. Олардың қолтығына су бүркіп, кӛмек 
беріп,  қолдау  кӛрсетіп  отырған  қытай  билеушілері  болды.  Пол  Пот  ӛзінің  билікке  деген 
құмар-лығын, ӛзінің қанішерлік саясатын американдық әскерлерді елден шығару деген ортақ 
мақсатпен  орайластырып,  бүркемелеп  жіберді.  Оның  уысына  тіпті  король  Нородом 
Сиануктың ӛзі (күні кеше ғана ӛмірден ӛткен) түсіп қалды. Осы мақсатты желеу етіп, Пол 
Пот  ӛз  жоспарын  енгізіп,  реформасын  бастап  та  жіберді.  Оның  реформасы  ерекше 
қарқынмен дамыды. Мұны ӛзі  тіпті  «бірнеше күннің ғана шаруасы» деп қана жоспарлаған 
еді[1].  Әрине,  ӛзі  ойлағандай  мұның  жеңіл,  оңай  біте  қоятын  шаруа  еместігі  Пол  Поттың 
миына  кіріп  те  шыққан  жоқ.  Ол  ақша  әкелетін,  пайданың  кӛзі  –  базар,  банк,  шіркеу,  діни 
мекемелердің барлығын жапты.  
Мао Цзэдунның идеяларымен рухтанған Пол Пот «аграрлық қоғам» орнату жолында бір 
ғана  Пномпеннің  ӛзінен  2  млн-нан  астам  халықты  (оның  ішінде  ауруы,  кәрісі,  екіқабат 
әйелдер, жаңа туған балалар, кемтарлар, ӛлейін деп жатқан ауыр науқастар да бар) бір күннің 
ішінде  ауылдарға,  коммуналарға,  таулы  аймақтарға  қуып  тықты[2].  Бұл  нәубет  барлық 
адамның басына түсті, адам ӛмірінің бір тиындық құны қалмады. Халық бір күнде қаладан 
қуылды, ӛздерімен бірге тамақ, киім алуға рұқсат бермеді, қарсы болғандарды бірден атып 
тастады,  олар  жауған  жаңбыр,  ыстық  күнге  қарамай  жаяу  жүруге  тиіс  болды.  Жолда  не 
тамақ,  не  киім  берілмеді.  Меконг  ӛзенінің  жағалауына  жеткенде  500 000  пномпендық  кӛз 
жұмды.  «Солдаттар  балаларды  бірінің  артына  бірін  байлап,  су  толтырылған  құдықтарға 
итеріп  тастап,  тірілей  кӛмді»[2].Полпоттықтар  оқты  үнемдегендіктен,  адамдарды  қазылған 
траншеяларға тақап қойып, қарақұстарынан күрек немесе кетпенмен ұрып, құлатты. Ал кӛп 
адамның  кӛзін  бірден  жою  керек  болғанда  ондаған  адамның  сыртынан  сыммен  орап, 
бульдозердің  генераторынан  тоқ  жіберу  арқылы  есінен  тандырып  құлатты  да,  шұңқырға 
итеріп жинап, шала жансар күйінде үстіне топырақ тастап, кӛме салды. Ал тірі қалғандары 
адам  тӛзгісіз  жағдайда,  аш  құрсақ  күйінде  күніне  12-16  сағаттан  жұмыс  істеуге  мәжбүр 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
117 
 
болды.  Адам  қолы  тимей  сыңсып  тұрған  джунглиді  тазартып,  жерді  жыртып,  күріш  егуге 
тиіс  болды.  Жаңа  ӛмірдің  қолмен  сызып  берген  шеңберіне  сыймай,  қатаң  талаптарына 
кӛнбегендер жазаланды, қатты жазаланды. Пол Пот әсіресе, интеллигенция ӛкілдеріне қатты 
шүйлікті.  Оны бір ғана  пномпендік 643 дәрігерден 69-ның ғана  тірі қалғандығынан кӛруге 
болады[2]. 
Пол Пот ӛрті Камбоджада ӛмір сүріп жатқан этникалық топтарды да шарпыды. Вьетнам, 
тай, қытай тілінде сӛйлегендер ӛлім жазасына кесілді. Этникалық топтардың ішінде ең қатты 
зардап шеккендері – чан халқы болды. Чандар Вьетнамнан ХVІІІ ғасырда Камбоджаға келіп 
қоныстанған,  камбоджалық  ӛзендер  мен  кӛлдерді  жағалай  қоныстанып,  балық  аулау 
кәсібімен  айналысатын.  Ислам  дінін  қабылдаған  чан  халқы  ӛз  тілін,  ұлттық  тағамдарын, 
киімдерін,  діни  дәстүрлерін  таза  қалпында  сақтап  отырған  болатын.  «Қызыл  кхмерлер» 
олардың  үйлерін  ӛртеп,  адамдарын  батпаққа  айдап  тығып,  тамақтарына  шошқаның  етін 
қосып  жегізіп,  әбден  азаптайды.  Ӛлтіргені  аз  болғандай,  үлкен  ордың  ішіне  тастап,  үстін 
топырақпен  емес,  әкпен  кӛмеді  [1].  «Қызыл  кхмерлер»  жазалаудың  неше  түрлі  тәсілін 
қолданды: целло-фан қалтамен қылғындыру, керіп қағып тастау, ең жаманы – сумен қинау 
болды. Лагерьлерде аштықтан аңға айналған тұтқындар қасындағы ӛлген адамдарды жегені 
үшін мойнына дейін жерге кӛміліп, аштық  пен шӛлдің азабын тартып, ұзақ ӛліммен ӛлуге 
тиіс  болды;  оның  үстіне  шыбын-шіркей  мен  құрт-құмырсқаға  жем  болатыны  тағы  бар. 
Ӛлгеннен  кейін  басын  кесіп  алып,  деревняның  сыртына  іліп  қояды  да,  мойнына:  «Мен  – 
тӛңкерістің  сатқынымен»  деген  жазу  ілінеді.Әбден  құтырған  «қызыл  кхмерлер»  1977 
жылдың қаңтарында камбоджа-вьетнам шекарасын бұзып, вьетнам тұрғындарын бауыз-дап 
тастайды.  Ал  ӛмір-бақи  беріспей,  француздармен  де,  американдықтармен  де  соғысып, 
жеңілмеген  әрі  соғысудың  барлық  тәсілін  жетік  меңгерген  вьетнамдықтар  «қызыл 
кхмерлердің»  бұл  әрекетін  кешіре  алмайды.  1979  жылдың  қаңтарында  вьетнам  әскерінің 
күшімен  Пол  Пот  үкіметі  құлайды.  Пол  Поттың  3  жылғы  реформасынан  кейін 
камбоджалықтар  Вьетнам  үкіметін  қуана  қарсы  алады.  Екіншідүниежүзілік  соғыста 
Освенцим  ұлтшылдар  фабрикасының  газ  камераларында  3  млн  жазықсыз  адамның  ӛлгені 
секілді  Камбоджадағы  Пол  Пот  дәуірінде  3  млн-ға  жуық  адам  ӛлді  [2].  Пол  Пот  режимі 
кезеңінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы бір кішкентай елге «Тірі Аруақтар мекені» деген 
қорқынышты ат жамалды.  
Біз  корей  әдебиетін  сӛз  еткенде  әдеби  мұраларының  кӛпшілігі  қытай  тілінде 
жазылғандығын айтқан болатынбыз.  Ал  Камбоджа  (Кампучия, кхмер) әдебиетіне кӛршілес 
үнді  елінің  ықпалы  күшті  болғаны  байқалады.  Олай  дейтініміз,  біріншіден,  Вокан  (қазіргі 
Вьетнам  аумағында)  және  Тонле-Бати  храмдары-ның  қабырғаларына  жазылған  кхмер 
әдебиетінің алғашқы ескерткіштері санскрит тілінде жазылған. Негізі санскрит, пали тілдері 
Камбоджаға индуизм, буддизммен бірге келген. Екіншіден, бүгінгі кхмер әдебиетінің құнды 
мұралары саналатын «Риемке» («Рама даңқы») ұлттық эпосы да, ақын Во Баньнің (шамамен 
ХVІ ғ. ӛмір сүрген) «Риэл Кола» поэмасы да үнді эпосы «Рамаянаның» негізінде жазылған. 
Сондай-ақ,  Ангкор  дәуірінің  заңнамасы  мен  кхмерлік  заң  трактаты  «Патша  заңдарының 
жинағы»  («Пхра  тхомасат»,ХVІІІ  ғасырда  жоғалған)  да  үндінің  «Ману  заңдарын» 
басшылыққа алғандығы онда кӛптеп кездесетін ұқсастықтары мен ортақтықтарынан айқын 
аңғарылады. Кхмердің космологиялық трактаты «Үш әлемде» («Трайпхет») әлем, дүниенің 
пайда  болуы  туралы  үнді  аңыздары  жиі  кездесіп  отырады.  Тіпті  ел  арасында  кхмер 
мемлекетін әкесі үйінен қуып жіберген бір үнді ханзадасының Кампучияға келіп, осы елдің 
әміршісі – жылан патшаның қызына үйлену арқылы құрған деген де аңыз бар [3]. 
Кхмердің  ежелгі  әдеби  мұралары  дегенде  тас  плиталарға  ойып  жазылған  жазбаларды 
атаймыз.  Мәтіндер  негізінен  Ангкор  дәуіріне  жатады.  Камбоджаның  діни  қасиетті 
жазбаларының  кӛпшілігі  жоғарыда  айтылған  ежелгі  тілдерде  (санскрит,  пали)  жазылған. 
Арнайы ережелер бойынша жазылып, құдайлардың құдіретін, монархтардың ұлылығы мен 
әскери  ерліктерін  дәріптейді.  Ӛткен  мыңжылдықтың  ортасында  бұл  мәтіндер  пальма 
жапырақтарына, күріштен жасалған қағаз – крангқа жазылған. Шығарма-лардың авторлары 
тек  буддизм  әдебиетін  жақсы  білетін  жоғары  білімді  монахтар  мен  ақсүйектер  болды  [3]. 
Бірақ, қалыптасқан қағида бойынша олардың есімдері белгісіз күйінде қалды. 
Ангкор дәуірінен қалған мүсін ӛнері мен сәулет ӛнерінің ұлы да айбынды, қайталанбас, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
118 
 
әсем  үлгілері-мен  ортағасырлық  Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерінің  бірде-бір  ескерткіштері 
теңесе  алмайды.  Ангкорлық  кезең  (802-1433)  брахманизм  мен  махаян  буддизмі 
идеологиясының  ықпалымен  дамыған  кхмер  мәдениетінің  гүлдену  дәуірі  саналады.  ХІV  ғ. 
ортасында  Кампучияға  тай  тайпалары  (ХV  ғ.  ортасында  Ангкор  империясы  сиам 
армиясының  қол  астына  ӛтті)  дендей  енгенде,  бұл  жаулап  алушылар  керемет  мәдениетке 
жолықты.  Кейін  бұл  мәдениет  тай  әдебиеті  мен  ӛнерінің  ӛзіне  айтарлықтай  әсер  еткен. 
Дегенмен  сан  жылдарға  созылған  жаулап  алушылық  соғыстың  салдарынан  ХVІІ  ғасырға 
дейінгі  Кампу-чияның  барлық  әдеби  мұрасы  жоғалып  кеткен  [3].  Зерттеушілер  әдеби 
дамудың  қалай  жүргенін  анықтау  барысында  табылған  жанама  дереккӛздерін  барынша 
мұқият пайдаланып, құрастыруына тура келді. Бұл мақсатқа ангкор кезеңінде оңтүстік үнді 
алфавитін пайдалана отырып жазылған санскрит және кхмер тіліндегі жазбалар да ӛз септігін 
тигізді.  Санскриттік  жазбалар  –  бұл  негізінен  құдайларға  арналған  гимндер,  патшалар  мен 
батырларға  арналған  кӛпірме  мадақтаулар  болып  келеді.  Олар  әдеттегідей  ӛлең  түрінде, 
«кавья»  риторикалық  стилінде  жазылған.  Кейбірінің  кӛлемді  болғаны  соншалық  Ангкор 
Ваттан  (ХІV  ғ.)  табылған  бір  жазба  –  163  жолдан  тұрады  [3];  мұны  шағын  поэма  ретінде 
қабылдауға  да  болады.  Кейбір  кхмер  жазбалары  шағын  проза  үлгісінде  келеді.  Негізгі 
мазмұны  ел  басқарған  билеушілер  жӛніндегі  жалған  немесе  тарихи  мәліметтерді  қамтиды. 
Жазбаларда  үнді  ықпалының  күшті  болғандығы  білінеді.  Ең  ерте  кезеңге  жататын  кхмер 
тіліндегі  (609  ж.  шамасы)  жазба  кхмер  храмына  «Махабхарата»  мен  «Рамаянаның» 
қолжазбасын тапсырып, оны күнде оқып отыруды бекіткен бір брахман жӛнінде айтылады. 
Үнді  эпосының  кхмер  еліндегі  танымалдылығын  санскриттік  поэма  мотивтерін  суреттеген 
Ангкор  дәуірі  барельефтері  де  растайды.  Рама  туралы  оқиғаның  Ангкордағы  тас  стелаға 
ойып  жазылған  алғашқы  тарау  үзінділері  де  сақталған.  Соған  қарап,  үндінің  «Рамаяна» 
жырының  кхмерлік  нұсқасы  –  «Риэмке»  осы  кезеңде  жазылуы  ықтимал  деген  болжам 
жасалды. Бұл жыр кейіннен Кампучияда кхмердің ұлттық эпосы ретінде қабылданды. Вишну 
құдайдың  жердегі  бейнесі  Раманың  ерліктері,  ұрланған  әйелін  қайтару  жолындағы  Раван 
екеуінің  шайтандармен  айқасы  –  кампучиялық  нұсқасында  жергілікті  кӛптеген  аңыздарды 
бойына  сіңірді,  ал  оның  кейіпкерлеріне  кхмерлік  халық  батырларының  сипаттары  берілді. 
Кампучияның  балетінде  немесе  рұқсатсыз,  заңды  тіркелмеген,«кӛлеңкелі»  театрларында 
«Риэмке» мәтін-дері әлі күнге оқылады, ал жекелеген эпизодтары театрлық әйгілі пьесалар 
сюжетінің негізінде жатыр. Сатраға, яғни пальма жапырақтарына жазылған «Риэмке» мәтіні 
сиамдықтар  Ангкорды  жаулап  алғанда  жоғалып  кеткен,  кейіннен  ХІХ  ғасырдың  басында 
сиамдықтар оның кеңейтілген, толықтырылған нұсқасын кхмерларға қайтарып берген деген 
де болжам бар. 
ХІV  ғасырда  Кампучияда  буддизмнің  хинаян  тармағы  (оған  дейін  кхмерлер  будданың 
махаян  тарма-ғын  білген)  кең  жайылды,  біртіндеп  религия  ретінде  орнығып,  брахманизмді 
ығыстырып шығарды. Санскрит жазбалары жойылып, оның орнын пали тіліндегі жазбалар 
басады. Діни жоралғыларда пали мәтіндері мен оның кхмерлік аудармалары қолданылады. 
Кампучиялық  пагодалар  (пагода  –  Будда  ғибадатханасы)  жазбаларында  буддалық 
«Типитаканың»  барлық  үш  бӛлімі  мен  джатак  жинақтары  (будданың  туылуы  жайындағы 
әңгімелер) қамтылған. 
Кампучия  мен  барлық  Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерінде  джатактың  ішінде  «Вессантра 
патша  бейнесінде  туған  Будданың  ӛзінен  сұрап  жалбарынушыға  рақымшылық  жасап, 
алдымен мемлекеттің амандығын сақтайтын тамаша пілді, одан соң балаларын, тіпті әйеліне 
дейін беріп жіберетін оқиғасы баяндалады. Джатактың негізінде кхмер әдебиетінде тамаша 
туындылар дүниеге келген. Соның ішінде – Во Баньның (шамамен ХVІ ғ.) бодхисаттва Риэл 
Кола туралы поэмасын атауға болады. Риэл Кола ханзада аспаннан жерге ат бейнесінде келіп 
түседі. Риэл сарайдағылардың интригасымен ӛз әйелінен айрылып қалады да, оған жету үшін 
шайтандармен айқасады. Мұнда да «Риэмкенің» жаңғырықтары бар. 
Кампучия  әдебиетін  сӛз  еткенде  ондағы  фольклордың  рӛлін  ескеру  қажет.  Үндістаннан 
келген  «Панчатантра»,  «Ветал  әңгімелері»,  «Баяндаулар  мұхиты»  повестері  жинақтарының 
құрамына кӛптеген кхмер ертегілері, мысалдары, аңыздары енген. Олардан басқа да кӛптеген 
халық  әңгімелері  бар,  олар  тақырыптық  тұрғыдан  бір  циклды  құрайды.  Олардың  ішінде  – 
сараң  монах,  парақор  сот,  айлакер  шаруа  туралы  оқиғалар;  адамдар  мен  аңдарға  айналған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
119 
 
рухтар  туралы  аңыздар;  қалыңдық  іздеген  «тӛрт  тақыр  бастар»  және  тазға  шыққан  шаш 
туралы  комикалық  повесть;  алып  құс  ұрлап  әкеткен  Ниенг  Какей  туралы  әңгіме;  жанры 
жағынан еуропалық  «Түлкі туралы  романға» ұқсас келетін сот-қоян жайындағы сатиралық 
кітап бар. 
Кхмер  фольклорында  негізгі  орынды  басты  тақырыбы  махаббат  пен  табиғат  болып 
келетін халық ӛлеңдері мен әндері, алды. Бұл ӛлеңдер кхмер лирикалық поэзиясының дамуы 
мен кейінгі ғасырдағы ӛлеңмен жазылған повестердің прологы іспеттес. 
ХVІІ ғасырдағы кхмер әдебиетінде жаңа жанрлар пайда болды. Атап айтқанда, афористік 
(афоризмге құрылған) поэзия, пейзаждық-махаббат лирикасы, ӛлеңмен жазылған роман. Ал 
ең танымалы – джатак жанры болды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет