Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Мәтінді тыңдайды, оқиды, ақпараттың дұрыстығын тексереді, жеке сөздерден сөйлем құрайды, сын есімдерді табады, жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды, «Тірек сөздерді» пайдала- нып сөйлем құрайды.
Диалогті тыңдайды, сұраққа жауап береді (9-тапсырма).
Бағалау
Бағалау «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Әр оқушыға бағдаршамның түстеріне сәйкес дөңгелектер таратылады. Оқушылардың осыдөңгелектердікөтеруіарқылымұғалімөткенсабақтыбағалайалады.