B10:D16 ұяшықтар блогын бір жұмыс аймағында белгілеу үлгісі 2-суретте көрсетілген.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
111
2-сурет. Бірнеше ұяшықтар блогын белгілеу үлгісі.
Тышқан көмегiмен кесте бөлiктерi былай белгiленедi:
бағана – қажеттi бағана тақырыбындағы таңбаланған әрiпте (A,B,C...) тышқанның
сол жақ батырмасын бір рет шерту;
қатар – қажеттi қатарға сәйкес келетiн нөмiрде (1,2,3...) тышқанның сол жақ
батырмасын бір рет шерту;
бiрнеше бағаналар – бiрiншi бағанада тышқанды шерткен соң, тышқанның сол жақ
батырмасын басқан күйде соңғы бағанаға жеткiземiз;
жұмыс парағын – бағаналар таңбаланған әрiптер жолы мен қатар нөмiрiнiң
қиылысқан жерiнде тышқанды шертемiз (кестенiң сол жақ жоғарғы шетi).
Пернелер көмегiмен кесте бөлiктерiн белгiлеу үшiн [Shift]+ [F8] пернелерiн бір рет
басамыз да, [Shift] пернесін басулы күйде ұстап тұрып курсорды басқару пернелері
арқылы белгiлеу режимiне көшемiз. Белгiлеу режимiнен [Esc] пернесiн басу арқылы
шығамыз.
2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.
Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз:
*сан;
*формула;
*мәтін.
Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз.
Кез-келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе
апостроф (‘’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық
кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті
бойынша тураланады.
Ұяшықтарда мәліметтер стандартты форматта көрсетіледі. Мәліметтің форматын
өзгерту үшін Формат
Ұяшықтар... командасын орындаймыз (3-сурет).
3-сурет. Формат
Ұяшықтар... командасының сұхбаттық терезесі.
Шыққан сұхбаттық терезе келесі бөлімдерден тұрады:
1) Сан – ұяшықтағы мәліметтің берілу форматы таңдалады:
2) Туралау – ұяшықтағы мәліметтеің орналасу тәртібі, ұяшықтарды біріктіру,
мәліметтердің ориентациясы және т.б. өзгертулер мүмкіндігін береді;
3) Шрифт – мәтіннің берілу шрифті, оның көлемі, түсі және т.б. өзгерту мүмкіндігін
береді,
4) Шегініс – ұяшық шектемесінің берілу тәсілдері таңдалады;
5) Түр – ұяшықтың толтырылу түсін таңдау, боялу тәсілін таңдау мүмкіндігі;
6) Қорғау – ұяшықты қорғау, формулаларды жасыру мүмкіндіктерін береді.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
112
Excel программасының негiзгi атқаратын қызметiнiң бiрi сандарды өңдеу және
сандық мәндердi көрсету жолдары болып табылады. Excel программасында сандарды
өрнектеу тәсiлдерi әр түрлi топтарға жiктеледi.
Мысалы: А1 ұяшығына 20000 деген санды енгізейік. Осы санның берілу форматын
қарастырайық (4-сурет):
4-сурет. Сан форматының берілу тәсілдері.
Егер берілген мәлімет ені бойынша ұяшыққа сыймай тұрса “####” түрінде
бейнеленеді. Бұл кезде ұяшықтың енін үлкейту қажет.
Сандардың форматын Формат
Ұяшықтар командасын немесе осы команданы
жанама мәзірден орындау арқылы да таңдауға болады.
Ұяшықтың енін және биіктігін өз қалауымызша өзгертуге болады. Ол үшін
Формат
Қатар
Биіктігі... (Формат
Баған
Ені...) командаларын орындаймыз
немесе стандартты саймандар тақтасындағы сәйкес батырмаларды шертеміз.
Ұяшық ішіндегі мәліметті жылжытуға, көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Ол
үшін:
1)қажет ұяшықты белгілеп аламыз;
2)тышқан нұсқағышы
формасына ауысқанда сол жақ батырманы басқан күйі
ұяшықтағы мәліметті қажетті орынға апарамыз;
3)егер ұяшықтағы мәліметтің көшірмесін алу қажет болса, CTRL пернесін баса
отырып объектіні жылжытамыз;
4)ұяшықты автотолтыру әдісімен толтыру үшін алғашқа екі ұяшықты белгілеп
алып, ұяшықтардың оң жақ төменгі батырмасында тышқан нұсқағышы «+» формасына
келгенде қажетті бағытта сол жақ батырманы баса отырып созамыз (5-сурет)
5-сурет. Ай аттарын автоматты толтыру.
Ұяшықты прогрессия көмегімен толтыру үшін Түзету
Толтыру
Прогрессия
командасын орындаймыз (6-сурет).Шыққан сұхбаттық терезеде орналасу тәртібін, типін
таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз. Көрсетілген бағытта автотолтыру орындалады.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
113
6-сурет. Прогрессия көмегімен автотолтыру.
Формулаларды
автотолтыру
сандарды
автотолтыру
сияқты
орындалады.
Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтемесінің ерекшеліктері
ескеріледі.
MS Excel электрондық кестесінде үш түрлі сілтеме қолданылады:
1) салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы ұяшық
адресiне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына =D1+D2 формуласын
енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына көшiрсек, мұнда =С1+С2 формуласы автоматты
түрде енгiзiледi;
2) абсолютті сілтеме – формуланы көшiру барысында белгiлi бiр ұяшыққа немесе
аймаққа сiлтеме жасау қажет болса абсолюттi сілтеменi қолданамыз. Абсолюттi сiлтеме
« $» белгiсiнiң көмегiмен жазылады. Мысалы, $C$15 түрiнде сiлтеме жазылса, формуланы
қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады;
3) аралас сілтеме – мұнда « $» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 -
бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту
мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады:
F4 пернесін басу
Сілтеме типі
Бір рет басу
Абсолютті сілтеме ( $A$9)
Екі рет басу
Аралас сілтеме (қатар бойынша абсолютті) ( A$9)
Үш рет басу
Аралас сілтеме (баған бойынша абсолютті) ( $A9)
Төрт рет басу
Қалыпты режім ( A9)
Ұяшықтардағы мәліметті арнаулы автоформат көмегімен өзгертуге болады. Қажетті
ұяшықтарды белгілеп алғаннан соң Формат
Автоформат... командасын орындаймыз (7-
сурет). Ашылған сұхбаттық терезеден өзіміз қалаған үлгіні таңдап аламыз.
7-сурет. Формат
Автоформат... командасы.
Мәліметті енгізу барысында Түзету
Алмастыру... командасының немесе CTRL+H
пернелер комбинациясының көмегімен қажетті өзгерісті енгізуге болады. Ашылған
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
114
сұхбаттық терезеде Іздеу: қатарына өзгертілетін сөз, сөз тіркесі, сөйлем енгізіледі, ал
Алмастыру мынаған: қатарына ауыстырылған сөз, сөз тіркесі, сөйлем жазылады.
Алмастыру немесе Түгелімен алмастыру командаларын таңдау арқылы ауыстыруды
орындаймыз (8-сурет).
8-сурет. Түзету
Алмастыру... командасы.
8-суреттегі Наурыз сөзін Сәуір сөзімен автоматты түрде ауыстырылған терезе 9-
суретте көрсетілген.
9-сурет. Автоауыстырудан кейінгі терезе.
Кестенi құрып, форматтап болғаннан соң файлыңызды өзгертуден қорғау
мүмкiндiгi бар. Excel кестелерiнде жұмыс кiтабын тұтас күйiнде, жұмыс парағын немесе
бiрнеше ұяшықтарды өзгертуден қорғауға болады. Қорғаныс әрбiр ұяшыққа әсер етедi де,
қорғаныс алып тасталғанша сол ұяшықтағы мәлiметтердi өзгерту мүмкiндiгi шектеледi.
Әдетте, қорғаныс есептеу формулалары, кестенiң тақырыптары т.с.с мәлiметтерге
қойылады.
3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары.
MS Excel электрондық кестесінде математикалық, финанстық, статистикалық және
логикалық функциялардың жиыны ендiрiлген. Егер кестеге бiрнеше сандар енгiзiлетiн
болса, Excel программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап,
күрделi тригонометриялық есептеулердi жасауға 300-ден аса тәсiлмен өңдей алады. Excel
функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып
табылады. Әрбiр функция – функцияның аты мен оның аргументi арқылы өрнектеледi.
Аргументтер дегенiмiз- нәтиже алу үшiн қолданылатын мәлiметтер. Функцияның
аргументi сiлтемелер немесе атау, мәтiн, сан, уақыт немесе мерзiм бола алады.
Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның iшiнде жазылады.
MS Excel электрондық кестесіндегі Функция шебері (Мастер функций) дайын
формулаларды есептеуге арналған. Функцияны іске қосу үшін Вставка
Функция...
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
115
командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан
батырмасын
шертеміз. Функция шебері екі қадамнан тұрады:
1) бірінші қадам – қажетті функцияны іздеу, категорияны және функцияны таңдау
бөлімдерінен тұрады (10-сурет).
10-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі.
2) 2-ші қадам – функцияны берілген аргументтері бойынша есептеу бөлімдерінен
тұрады, мұндағы:
1 – аргумент енгізілетін функция аты;
2 – аргументтер енгізілетін өріс;
3 – аргументтер енгізілетін өрісті орау батырмасы. Егер өріс ораулы болса, осы
батырманы қайта басу арқылы ашамыз;
4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні;
5 – функцияны бейнелеу аймағы;
6 – берілген функция жөнінде анықтама алу батырмасы.
Функциялар есептеулердi ықшамды күйде жазу үшiн қолданылады және мынадай
түрде жазылады. Мысалы:
=А9 + COS(D7), мұндағы А9 – ұяшықтың адресi; COS – функцияның аты, жай
жақшаның iшiнде аргументi көрсетiледi; D7 – аргумент (сан, мәтiн, және т.б.), сан тұрған
ұяшыққа сiлтеме болып тұр.
Функцияға аргументтерді келесі тәсілдермен енгізуге болады:
1)қажетті адресті немесе ұяшықтар блогын пернетақтадан теру арқылы;
2)жұмыс кітабындағы қажетті ұяшықтарды немесе ұяшықтар блогын белгілеу. Бұл
кезде аргументтер енгізілетін өрісті орап қоюға немесе басқа жерге апарып қоюға болады
(3).
1
2
3
4
5
6
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
116
Кейде есептеулерді қандай да бір «тізім» арқылы жүргізуге тура келеді, яғни
функция аргументі ретінде қандай да бір ішкі функция алынады. Мұндай кезде формула
қатарындағы функция аттары көрсетілген ішкі тізімді қолдануға болады.
Мысалы: А1 ұяшығында х=1 мәні енгізілген, А2 ұяшығындағы ln(sin x) функциясын
есептеу жолын қарастырайық.
А2 ұяшығында Функция шеберін шақырамыз. Шыққан сұхбаттық терезенің
Математикалық категориясынан LN (натураль логарифм) функциясын таңдаймыз да ОК
батырмасын шертеміз. Функция аргументін енгізу үшін Функция Аттары бөлімінен
қажетті функцияны көрсетеміз. Ішкі функцияның аргументі ретінде А1 ұяшығындағы
мәнді белгілейміз. Жалпы функцияны есептеу формуласы 11-суретте көрсетілген.
11-сурет. Ln(sin x) функциясын есептеу жолы.
MS Excel кестесінде қолданылатын стандартты функциялар тізімі:
Дата и время функциясының құрамы:
Сегодня () – ағымдағы күнді мәтіндік форматта белгілейді;
Год(дата), Месяц(дата), День(дата), ДеньНед (Дата;2) – сәйкесінше, жыл, ай, күн,
апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі – дүйсенбіден басталған
апта күндерін есептеу үшін қажет. Мысалы: =ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті
апта күнін шығару.
Математикалық функциялар категориясы:
ABS (число) – санның модулі;
ACOS (число) – бұрышы 0 мен
радиандар аралығында анықталатын санның
арккосинусы;
ASIN (число) – бұрышы
/2 мен
/2 радиандар аралығында анықталатын санның
арксинусы;
ATAN (число) – бұрышы -
/2 мен
/2 радиандар аралығында анықталатын санның
арктангенсы;
SIN (число), COS(число), TAN (число) – берілген санның сәйкес
тригонометриялық функциялары;
LN(число) – санның натураль логарифмі;
LOG(число; основание) – берілген негіз бойынша санның логарифмін анықтайды;
LOG10 (число) – ондық логарифм;
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: 1 – егер жұп сан болса; 0 – егер сан 0-
ге тең болса; -1 – тақ сан болса;
КОРЕНЬ (число) – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;
МОБР (массив) – берілген массивтегі квадрат матрицаға кері матрицаны анықтайды.
Массив ұяшықтар блогы ретінде, мысалы, А1:С3 немесе тұрақтылыр массиві ретінде
берілуі мүмкін (бұл кезде бағандағы сандар «:» символымен, ал қатар бойынша «;»
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
117
символымен ажыратылады). CTRL + SHIFT +ENTER пернелдер комбинациясын шерту
арқылы матрицалық формулаларды аяқтаймыз;
МОПРЕД (массив) – массивте берілген квадрат матрицаның анықтауышын
анықтайды;
МУМНОЖ
(массив1;
массив2)
–
матрицалардың
көбейтіндісін
анықтайды;Нәтижесінде және бір матрица шығады;
ОКРУГЛ (число; число_разрядов) – ондық разряд бойынша дөңгелектейді;
СУММ (число1; число2; …) – аргументтер тізіміне кіретін барлық сандардың
қосындысын анықтайды;
Статистикалық функциялар:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің максимумын анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің минимумын анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орта мәнін есептейді;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; условие) – шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы
аргументтер санын есептейді;
Логикалық функцииялар қандай да бір шарттың орындалу нәтижесіне байланысты
қызмет етеді. Бұл шарттарда салыстыру операциялары қолданылады: =, >, <, <>(тең емес),
>= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең).
ЕГЕР (ЕCЛИ) (логикалық _ұғым; 1 мән; 2 мән) – 1 мән шешімі болса,онда
логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2 мән ақиқат болады. Мысалы: A1
ұяшығында 30000 саны енгізілген, ал B1 ұяшығында =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15)
формуласы енгізілген. Шарттың орындалмауына байланысты нәтижесі 15 тең болады.
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ функциялары күрделі шарттарды құруға арналған;
ЖӘНЕ (И) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;....) – егер аргументтердің
барлығы АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”),кері жағдайда
ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
НЕМЕСЕ (ИЛИ) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;...) – егер аргументтердің
жоқ дегенде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”), кері
жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
Мысалы: =ЕСЛИ (И(A1>=20000;A1<40000);15;18) – егер A1 20000 мен 40000
аралығында мән қабылдаса онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең.
Кірістірілген ЕГЕР функциясының көмегімен күрделі шарттарды құруға болады.
Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) – егер А1 20000 кіші болса,
есептелген мән 12 тең, егер А1 40000 кіші болса, онда мәні 15 тең, кері жағдайда 18 тең
болады
Егер ұяшықтағы формуланы программа дұрыс анықтай алмаса, ұяшықта
төмендегі қателіктердің бірі бейнеленеді:
Қате бейнесі
Себебі
# Дел/0!
0 бөлу берілген
# Знач!
Дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор енгізілген
# Имя?
Мүмкін емес мән көрсетілген
# Н/Д
Мән берілмеген
# Пусто!
Қиылыспайтын ұяшықтар аймағы көрсетілген
#Ссылка!
Дұрыс емес сілтеме берілген
# Число!
Мәнді алу барысындағы қателік
4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
118
Диаграмма – мәлiметтердi көрнекi түрде бейнелеудiң бiр тәсiлi болып табылады.
Ол кесте iшiнде орналасқан сандық мәндердi диаграмма немесе график түрiнде көрсетедi.
Кiтап беттерiндегi кестелерге мәлiметтердi енгiзу және есептеу жұмыстары өте жеңiл iске
асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседi. Диаграммадағы мәлiметтер оның
типiне қарай нүкте, сызық, сектор және басқада элементтер арқылы көрсетiледi.
Excel программасында диаграмма құру 4 қадамнан тұрады. Диаграмманы құру үшiн
оған қажеттi мәлiметтердi белгiлеп алып, диаграмма шеберiн iске қосу жеткiлiктi.
Диаграмма шеберi қажеттi параметрлер тағайындалғаннан кейiн сол ақпараттарға сәйкес
диаграмма құру қызметiн атқарады. Диаграмма құру үшін:
1)Алдымен қажеттi аралықты белгiлеймiз;
2)Саймандар тақтасындағы Диаграмма шеберi (Мастер диаграмм)
батырмасында тышқанды шертемiз.
Диаграмма шеберi ( шебердің 1-шi қадамы) терезесiнде диаграмманың 14
стандартты типi көрсетiлген, ал стандартты диаграмманың әрбiр типiнiң бiр-бiрiне ұқсас
бiрнеше түрлерi бар (12-сурет).
12-сурет. Диаграмма шеберінің 1 қадамы.
Диаграммалардың типiн Стандартты iшкi бетiндегi Тип өрiсiнде таңдаймыз.
Диаграмманың типiн және түрiн таңдаған соң Нәтиженi көру (Просмотр результата)
батырмасын басулы күйiнде ұстап тұрып, диаграмманы көруге болады.
Excel программасында стандартты емес диаграммалардың бiрнеше шаблондары
қарастырылған. Стандартты емес диаграммалардың типiн Диаграмма шеберi (шебердің
1-шi қадамы) терезесiндегi Стандартты емес iшкi бетiнен таңдаймыз. Диаграмманың
типi таңдалғаннан кейiн Ү лгi (Образец) өрiсiнде диаграмманы көруге болады.
Диаграмма құрудың екiншi қадамы – диаграммада көрсетiлетiн мәлiметтердiң
аралығын енгiзу болып табылады. Егер диаграммада жолдар және бағаналардың
тақырыбын қолдану қажет болса, диаграммалар шеберiн iске қосар алдында оларды қоса
белгiлеу қажет. Егер, белгiленген аймаққа өзгерiстер енгiзу қажет болса Диаграммалар
шеберiнiң 2 қадамының терезелерінде көрсетемiз (13-сурет).
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
119
13-сурет. Диаграмма шеберінің 2 қадамы.
Аралық (Диапазон) өрiсiндегi сiлтемелер абсолюттi болатынына көңiл аударыңыз.
Диаграммалар шеберi қатар орналаспаған мәндер аралығын да бейнелеу мүмкiндiгiн
бередi.
Аралық өрісі бiрнеше жолдардан немесе бағаналардан тұруы мүмкiн. Егер
диаграммада бейнеленетiн мәлiметтер жол немесе бағана бойынша жүйеге келтiрiлген
болса, онда Қатарлар (Ряды в) өрiсiнiң жолдарда (строках) немесе бағаналарда
(столбцах) қасиеттерінің бірін iске қосамыз. Кестеде мәлiметтер жол немесе бағана
бойынша белгiленсе, олар диаграммада қатар бойынша бейнеленетiн болады.
Мәлiметтер қатары дегенiмiз – кестедегi диаграмма түрiнде көрсетiлетiн
ақпараттар жиыны. Мәлiметтер қатарын Қатар (Ряды) iшкi бетiндегi Қосу (Добавить)
немесе Өшiру (Удалить) батырмаларының көмегiмен оларды қосуға немесе өшiруге
болады. Үнсiздік бойынша әрбiр мәлiметтер жиынына 1-қатар, 2-қатар (Ряд 1, Ряд2) т.с.с
атаулар меншiктеледi. Бұл атауларды Аты (Имя) өрiсiне жаңа сөз енгiзу арқылы
өзгертуге болады. Осы өрiсте көрсетiлген атаулар диаграмманың түсiнiктемесiнде
(легенда) бейнеленетiн болады.
Тиiстi параметрлердi көрсеткен соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шерту арқылы
келесi қадамға көшемiз.
Диаграммалар шеберiнің 3-шi қадамында диаграмма параметрлерін, яғни
диаграммаға түсiнiктеме (легенда) енгiзуге болады. Сондай-ақ, осьтердi белгiлеуге,
диаграмманың тақырыбын жазуға, мәлiметтердi диаграммада көрсетiп жазып қоюға,
диаграмма орналасқан жерге мәлiметтер кестесiн енгiзуге және тағы да басқа әрекеттер
орындауға болады (14-сурет).
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
120
14-сурет. Диаграмма шеберінің 3 қадамы.
Егер диаграмма дұрыс құрылса, оның қандай мақсатта құрылғанын анықтау оңай
болады. Ал диаграмма жақсы құрылуы үшiн, оған берiлген, енгiзiлген ақпараттар анық әрi
түсiнiктi болуы керек.
Диаграммалар шеберiнің 4 қадамы – диаграмманы орналастыру терезесi болып
табылады. Кiрiстiрiлген диаграмманы құру кезiнде ол орналастырылатын бет кiтап
беттерiнiң тiзiмiнен қажеттiсiн таңдау арқылы жүзеге асады (15-сурет).
15-сурет. Диаграмма шеберінің 4 қадамы.
Диаграммаларды орналастырудың екi мүмкiндiгi бар:
1) қатар орналастырылған (встроенный) диаграмма құруға болады. Мұндай
тiркескен диаграмма мәлiметтер енгiзiлген кесте тұрған бетке орналастырылады.
Мәлiметтер мен диаграмма қатар тұрғандықтан, бiр-бiрiне өту қажет болған жағдайларда
өте ыңғайлы.
Екiншi мүмкiндiк — диаграмма орналасатын жеке беттердi (листы диаграмм)
қолдану. Бұл кезде диаграмманы орналастыру үшiн жеке парақ белгiленедi. Жеке бетте
құрылатын диаграммаға қажеттi мәлiметтер басқа беттен алынады.
Диаграмманы жеке бетке орналастыру үшiн осы беттiң атын Диаграмманы бетке
орналастыру (Поместить диаграмму на листе) қасиеттер бөлігінің жеке (отдельном)
опциясына енгiземiз. Егер диаграмма дайын болса Дайын (Готово) батырмасын шертемiз.
Диаграмманың сыртқы аймағының кез келген жерiнде тышқанды шерту арқылы,
диаграмманың мөлшерiн өзгерту мүмкiндiгiн беретiн маркерлердi немесе белгiлеудi алып
тастауға болады.
Диаграмманы бiр бет iшiнде басқа орынға жылжыту үшiн диаграмма аймағында
тышқанды бiр рет шертiп белгiлеп алып, тышқанның немесе пернелердiң көмегiмен
қажеттi орынға жеткiземiз. Ал, диаграмманы басқа бетке жылжыту үшiн алмастыру
буферiн қолданамыз, ол үшiн:
1. Диаграмманы белгiлеймiз;
2. Алмасу буферіне орнасластыру үшін қиып алу (вырезать) батырмасын шертемiз;
3. Диаграмманы орналастыруға қажеттi бетте тышқанды шертемiз;
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
121
4. Көрсеткiштi диаграмманың сол жақ жоғарғы бұрышы тұратын орынға
орналастырамыз да енгiзу (вставить) батырмасын шертемiз.
Диаграмма құрылғаннан кейiн, оның типiн және басқа да элементтерiн өзгерту
қажет болса, белгiленген аймақтың iшiнде тышқанның оң батырмасын шертiп жанама
мәзірдi ашамыз немесе қажетті диаграмманың типiнде тышқанды екi рет шертеміз.
Диаграмманы баспаға шығару, кiтап беттерiн баспаға шығарғанға ұқсас.
Диаграмманы баспаға шығармас бұрын, алдын ала көру режимiн пайдаланған дұрыс.
Диаграмманы қағазға шығарудың мына екi вариантының бiрiн таңдау мүмкiндiгi бар:
- Диаграмманы кiтап бетiнiң бiр бөлiгi етiп шығару немесе
- Жеке параққа шығару.
Егер диаграмма кестемен қатарластырылған (встроенная) болса, онда ол өзiне сәйкес
кестемен бiрге қағазға шығарылады. Мұндай диаграмманы жеке параққа басып шығару
үшiн оны белгiлеп алып, Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасын
шерткен соң баспаға шығару командасын орындаймыз.
Баспаға шығару кезiнде мүмкiндiгiнше диаграмманың өлшемiн стандартты параққа
лайық күйге келтiрген жөн. Ол үшiн:
1. Саймандар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасында тышқанды шертемiз;
2. Парақ (Страница) батырмасында тышқанды шерткенде пайда болған сұхбат
терезесiнiң Диаграмма iшкi бетiн ашамыз;
3.Барлық парақты пайдалану (Использовать всю страницу) ауыстырғышын қосамыз
да, ОК батырмасында тышқанды шертемiз;
4.Егер алынған нәтиже қанағатанарлықтай болса, Баспа (Печать) батырмасын, одан
кейiн ашылған сұхбат терезеде ОК батырмасын шертемiз. Нәтиже қанағаттандырмаған
жағдайда өз қалауымызша парақ параметрлерiн тағайындаймыз;
Егер диаграмманың орналасуы ұнамаған жағдайда, Жабу (Закрыть) батырмасын
шертiп, қажеттi өзгертулердi жасағаннан кейiн алдын ала көру режимiне қайтадан
ораламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |