Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымы. 
2.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің кеңейтілімі қандай? 
3.
 
Электрондық кестедегі ұяшық дегеніміз не? 
4.
 
Microsoft Excel электрондық кестесі қанша бағана мен жолдардан тұрады? 
5.
 
Microsoft Excel электрондық кестесі қанша ұяшықтан тұрады? 
6.
 
Ұяшыққа мәліметтің қанша типін енгізе аламыз? 
7.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінде адрестің қанша түрі бар? 
8.
 
Адрестердің бір–бірінен айырмашылықтарын атаңыз. 
9.
 
Microsoft Excel электрондық кестесінің функциялары дегеніміз не? 
10.
 
Диаграмма құру канша кадамнан тұрады? 
11.
 
Диапазон дегеніміз не? 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
122 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
№7 ДӘРІС 
 
Тақырыбы: MS Excel – электрондық кестесі. 
 
1.  Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру. 
      2.  MS  Excel  электрондық  кестесінде  аналитикалық  геометрия  есептерін  шығару   
жолдары. 
3.  Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу. 
 
1. Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру. 
Жұмыс  кітабы  парақтарына  түрлі  тақырыптардан  тұратын  мәліметтер  енгізіледі. 
Кейбір бағандарға енгізілген мәліметтер түрлі парақтарда қайталануы да мүмкін. Оларды 
бір парақтан екіншісіне алмастыру буфері арқылы көшіру қиын емес. Мұндай көшірудің 
екінші  әдісі  –  парақтар  арасында  байланыс  орнататын  формуланы  пайдалану.  Оның 
жазылу форматы: <Парақ атауы>!<адрес> 
Мұндағы: 
<Парақ  атауы>  -  қайталанатын  жолдық немесе  бағандық  мәліметтерді  көшіру  үшін 
пайдаланатын бастапқы жұмыс парағының атауы; 
! – сол параққа сілтеме белгісі
<адрес> - бастапқы парақтан мәндері көшірілетін ұяшық немесе ұяшықтар блогына 
сілтеме (соңғы парақта формула енгізілетін ұяшықты алдын-ала таңдап алу керек). 
Мысалы:  Математика,  физика,  информатика  пәндеріне  арналған  электрондық 
емтихан тізбесін құрып, оларды байланыстырғаннан соң шығатын кестені көрсетейік. Ол 
үшін:   
1)1-суреттегідей кестені толтырып, оны Матем.xls деген атпен сақтайық; 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
123 
 
1-сурет. Беттер арасындағы байланыс
 
2)Әр парақтың атын пән атына байланысты ауыстырамыз; 
3)Соңғы  бетте  (қорытынды)  байланысты  жүзеге  асыру  үшін  –  осы  беттегі  D4 
ұяшығына  =матем!D4E4 ұяшығына =физика!D4, ал F4 ұяшығына  =информатика!D4 
сілтемелерін енгіземіз; 
4)егер кез-келген ұяшықтағы бағаны өзгертсек, автоматты түрде Қорытынды бетте 
сол өзгеріс сипатталады. 
 
2. MS Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару 
жолдары. 
 
Мына шартпен берілген эллипсоидтың жоғарғы бетін тұрғызайық: 
1
4
9
2
2
2



z
y
x
 
х

[-3; 3], y

[-2; 2] диапазон аралығында  

=0,5 қадаммен екі айнымалы да өзгереді. 
2)Ол үшін: 
2.1)х айнымалысын А1 ұяшығына, ал А2 ұяшығына аргументтің сол жақ мәнін (-3) 
енгіземіз; 
2.2)А3  ұяшығында  қадамды  қосқандағы  мәнді  енгіземіз,  яғни  =A2+$K$2 
формуласын енгіземіз және осы формуланы А14 ұяшығына дейін толтырамыз; 
2.3)  у айнымалысының мәнін В1 ұяшығына енгіземіз және С1 ұяшығында қадамды 
қосқаннан  кейінгі  мәнді  есептейміз,  яғни  =B1+$K$2  формуласын  енгіземіз,  оны  J1 
ұяшығына дейін созамыз; 
2.4)z  айнымалысының  мәнін  есептеу  үшін  В2  ұяшығын  екпінді  жасағаннан  соң 
Функция  шеберін  шақырып,  оның  екінші  қадамында  «Категория»  өрісінен 
«Математикалық» типін таңдаймыз. Функция өрісінен  «Корень» функциясын таңдаймыз 
және  шыққан  сұхбаттық  терезеге  түбір  асты  айнамылысының  бірініш  мәнін  есептеуге 
қажетті  формуланы  енгіземіз,  яғни:  =КОРЕНЬ(1-$A2^2/9-B$1^2/4),  бұдан  соң  ОК 
батырмасын  шертеміз.  В2  ұяшығында  #ЧИСЛО!  мәні  шығады,  өйткені  х=-3  және  у=-2 
нүктелерінде тұрғызылатын эллипсоид жоқ; 
2.5) Нәтижеде 2-суреттегідей мәндер кестесін аламыз: 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
124 
 
2-сурет.Эллипсоид функциясын есептеу кестесі. 
 
3)Берілген  функцияның  диаграммасын  тұрғызу  үшін  Диаграмма  шеберін 
шақырамыз. Содан соң: 
3.1)1  қадамда  диаграммы  типін  –  «Поверхность»,  ал  көрінісін  –  «Проволочная 
(прозрачная) поверхность» деп аламыз;  
3.2)2  қадамда  «Диапазон  данных»  өрісінде  тышқан  нұсқағышының  көмегімен 
B2:J14  аралығын  көрсетеміз,  ал  «Подписи  оси  Х»  өрісінде  х  айнымалысының  мәндер 
аралығын  көрсетеміз:  А2:А14.  у  айнымалысының  мәндерін  «Ряд»  өрісінде  бейнелейміз, 
яғни  «Ряд  1»  жазбасын  белгілеп  алғаннан  соң  «Имя»  өрісін  ағымды  етеміз  де  у 
айнымалысының  бірінші  мәнін  (-2)  енгіземіз.  Дәл  осылай  «Ряд  9»  жазбасына  дейін 
қайталаймыз. Қажетті жазбалар орындалып болғаннан соң «Далее» батырмасын шертеміз; 
3.3)3 қадамда диаграмма тақырыбын және осьтерін енгіземіз; 
3.4)4  қадамда  диаграмманың  орналасу  орнын  анықтаймыз.  Диаграмма  көрінісі  3-
суретте берілген. 
 
3-сурет. Эллипсоид диаграммасы. 
 
3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу. 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
125 
Мәлiметтер  базасымен  атқарылатын  негiзгi  жұмыс  оның  қүрамынан  айрықша 
белгiлерiне  қарай  мәлiметтердi  iздеу  болып  табылады.  Жазбалар  саны  неғүрлым  көп 
болған сайын мәлiметтi iздеу қиындай бередi. Excel бұл қиындықты шешудi мәлiметтердi 
сұрыптау арқылы орындау мүмкiндiгiн бередi. 
Деректер

Фильтр  (Данные

Фильтр)  командасын  орындау  арқылы  қажеттi 
жазбаларды  басқалардан  бөлiп  алуға,  екшеп  терiп  алуға  болады.  Екшеп  терiп  алуды 
автоматты  түрде  Автофильтр  командасының,
 
ал
 
жәй  әрекеттер  арқылы  (қолмен)
 
Кеңейтiлген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегiмен орындауға болады. 
Автофильтрдi  пайдаланып,  жазбаларды  екшеп  теру  әрекеттерiн  орындау  үшiн, 
алдымен  курсорды  мәлiметтер  базасы  ретiнде  қарастырылатын  кестенiң  iшiне 
орналастырамыз 
немесе 
жазбаларды 
белгiлеймiз. 
Одан 
кейiн 
Данные

Фильтр

Автофильтр  командасын  орындаймыз.  Нәтижесiнде  өрiс  аттары 
маңында  төмен  қарай  бағытталған  тiксызық  батырмалар  пайда  болады.
  Осы 
батырмаларды шерту арқылы әрбiр өрiстегi мәлiметтердi екшеп терiп алу критерийлерiн 
таңдай  аламыз.  Пайда  болған  iшкi  мәзірдегi  Барлығы  (Все)  бөлiмi  фильтрден  өткiзудi 
тоқтатады,  ал  Шарт  (Условие)  бөлiмiн  таңдау  нәтижесiнде  екшеп  алу  параметрлерiн 
тағайындау  мүмкiндiгiн  беретiн  сұхбат  терезе  ашылады.  Бiр  өрiсте  орналасқан 
мәлiметтердi  ЖӘНЕ  не  НЕМЕСЕ  логикалық  функцияларымен  байланысқан  екi  шартты 
бiруақытта тексере отырып, екшеп теруге болады. 
Кеңейтiлген  фильтрдi  (Расширенный  фильтр)  пайдаланбас  бүрын  мынадай  үш 
аймақты анықтап (қүрып) алу қажет: 
iзiм аралығы (интервал списка), яғни мәлiметтер базасы аймағы
-  Критерийлер  аралығы  (интервал  критериев)  –  екшеп  теру  әрекетi    өткiзiлетiн 
аймақ; 
-  Шығарып  алу  аралығы  (интервал  извлечения)  –  екшеп  теру  нәтижесi  орналасқан 
аймақ. 
Кеңейтiлген 
фильтр 
көмегiмен 
мәлiметтердi 
екшеп 
терiп 
алу 
үшiн 
Данные

Фильтр

Расширенный  фильтр  командасын  орындаймыз. 
 
Экранда  пайда 
болған  Кеңейтiлген  фильтр  сұхбат  терезесiнде  аралықтардың  координаталарын  көрсету 
керек.  Егер  екшеп  теру  нәтижесiн  басқа  орынға  көшiру  қажет  болса,  онда  Нәтиженi 
басқа  орынға  көшiру  (Скопировать  результат  в  другое  место)    ауыстырғышын  iске 
қосамыз. 
MS  Excel  программасында  мәлiметтер  базасы  ретiнде  қарастырылатын  кестенi 
сүрыптау мүмкiндiгi бар. Сұрыптау әрекетiн орындау үшiн, мәлiметтер базасын белгiлеп 
немесе  курсорды  сол  аймаққа  орналастырған  соң,  Деректер

Сұрыптау  командасын 
орындаймыз.  Осы  мезетте    Сұрыптау  ауқымы  (Сортировка  диапазона)  сұхбат  терезесi 
ашылады. Бұл  терезеде  Жазбаларға  (Ауқымның  бiрiншi  қатары)  (Подписям,  первая 
строка  диапазона)  ауыстырғышын  қосып,  сұрыптау  жүргiзiлетiн  өрiс  атын  таңдаймыз. 
Сонымен  бiрге,  сұрыптау  тәсiлiнiң  өсу  ретiмен  немесе  кему  ретiмен  екi  мүмкiндiгiнiң 
бiрiн таңдап алғанннан кейiн ОК батырмасын шертемiз. 
Мәлiметтер  базасы  осы  әрекеттер  орындалған  соң    өзiмiз  тағайындаған 
параметрлерге  сәйкес  реттеледi.  Символдық  мәтiндерден  тұратын  өрiстер  алфавиттiк 
ретпен сұрыпталады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыруын түсіндіріңіз. 
2.
 
Мәліметтерді сұрыптау дегеніміз не? 
3.
 
Ұяшықтағы мәліметтерді өңдеудің қанша түрі бар? 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
126 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. и др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
№8 ДӘРІС  
Тақырыбы: Деректер қорын басқару жүйесі. 
1. Деректор қорының негізгі түсініктері. 
2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері. 
3. Кестелер және оларды құру. 
1. Деректор қорының негізгі түсініктері. 
Ақпаратты  сақтау-  компьютердің  ең  маңызды  функцияларының  бірі.  Оның  ең  көп 
тараған  құралы  деректер  қоры  (ДҚ)  болып  табылады.  ДҚ-берілген  құрылымдағы 
ақпараттардан  тұратын  арнайы  форматтағы  файл.  ДҚ-да  сақталатын  берілгендер  кесте 
түрінде дайындалады. 
Дерекетерді  және  олардың  арасындағы  байланыстарды  ұйымдастырудың  келесі 
типтері бар: 
1)иерархиялық; 
2) тораптық; 
3) реляциялық. 
Иерархиялық  ДҚ-да  жазба  элементтері  реттеліп  жазылады  да,  оның  бір  элементі 
негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек 
бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша 
төмен  бағытта  жүргізіледі.  Мысалы:  Windows  бумасындағы  файлдар  жүйесі,  Интернет 
ресурсындағы каталогтар жиыны. 
Тораптық  ДҚ-  объектілердің  арасындағы  өзара  байланыс  түрлері  қарастырылады. 
Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен 
бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты. 
Реляциялық  ДҚ  –  да  кесте  түрінде  дайындалған  берілгендер.  Ол  ең  көп  тараған 
берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар  – жиі пайдаланылатын ең маңызды 
ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
127 
Кестеде  қайталанатын  бірдей  жолдар  болмайды.  Өрістің  негізгі  ерекшелігі  –  бір  өріс 
элементтері  бір  типті  етіп  құрылады.  Бұл  реляциялық  деректер  қорының  Excel  кестелік 
процессорынан негізгі айырмашылығы. 
Реляциялық  ДҚ  құру  және  онымен  жұмыс  істеуді  басқару  үшін  көптеген  арнайы 
программалар  дайындалған:  dBase,  FoxBase,  FoxPro,  Access  және  т.б.  Оларды 
реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды. 
Көптеген  ДҚ  кестелік  құрылымда  болады.  Кестелік  құрылымда  берілгендердің 
адрестері  жол  мен  бағананың  қиылысуымен  анықталады.  Кестелерді  жобалау  кезінде 
олардың  құрылымдарын  алдымен  қағазда  жасаған  ыңғайлы.  Кестедегі  әрбір  өріс  оның 
тақырыбына  сәйкес  болатын  жеке  мәліметтен  тұрады.  Әр  түрлі  кестедегі  берілгендерді 
байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс 
не  өрістер  жиынтығы  болуы  тиіс.  Мұндай  өріс  не  өрістер  жиынтығын  негізгі  кілт  деп 
атайды. 
2. Microsort Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері. 
MS  Access-ті  стандартты  іске  қосу  командасы:  Пуск

Программы

  MS  Access
MS  Access  программасы  жүктелгеннен  соң  экранда  1-суретте  көрсетілген  сұхбаттық 
терезе шығады. 
 
1-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе. 
 
Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа 
ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан  бар ДҚ-рын ашу
ДҚ-рын  жаңадан  құру  қажет  болса,  тышқан  нұсқағышымен  Жаңа  ДҚ-рын  құру 
жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның 
орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады (2-сурет) 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
128 
 
2-сурет. Жаңа ДҚ құру терезесі
 
Терезеде  қажетті  бума  таңдалып,  файл  атауы  енгізілген  соң  және  файл  типі 
көрсетілген  соң  Құру  (Создать)  батырмасы  басылу  керек.  Экранда ДҚ  терезесі  көрінеді 
(3-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
129 
 
3-суретБҚ  терезесі. 
Access  программасының  7  объектісі  бар:  кесте,  сұраныс,  форма,  есеп,  макрос, 
модуль және беттер. 
Кесте  –  жазбалар  мен  өрістерден  тұратын  ДҚ-ның  негізгі  объектісі,  Кестелерде 
берілгендер сақталады. 
Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған 
шарты  бойынша  іріктеп  алуға  арналған  құрал.  Сұраныстар  көмегімен  берілгендерді 
зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді. 
Қалып  (форма)  –  кестелер  мен  сұраныстардағы  берілгендерді  ыңғайлы  түрде 
экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал. 
Есеп  (отчет)  –  кестелер  мен  сұраныстардағы  берілгендерді  ыңғайлы  және  көрнекі 
түрде  экран  бетіне  басып  шығару  құралы.  Есеп  парақтары  түзілгеннен  кейін  ондағы 
мәліметтерді редакциялауға болмайды. 
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі 
орындалатын  болса,  онда  олардың  командаларын  бір  макроста  жинап,  оған  пернелер 
комбинациясын сәйкестендіруге болады. 
Модуль  –  Visual  Basic  тілінде  жазылған  ішкі  программалар.  Егер  Access-тің 
стандартты  құралдары  қажетті  талапты  қанағаттандыра  алмаса,  онда  бағдарламалаушы 
ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады. 
Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі  
Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады. 
ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма (2.3-сурет) орналасқан: 
1)  Ашу  –  таңдалған  объектіні  ашады.  Егер  объект  кесте  болса,  оны  көріп  шығуға, 
жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады; 
2)  Конструктор  –  таңдалған  объект  құрылымын  ашып,  оны  түзету  және  оны 
өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Егер  объект  кесте  болса,  онда  оған  жаңа  өрістер  енгізуге 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
130 
немесе  ондағы  бар  өрістердің  қасиеттерін  өзгертуге  болады.  Яғни,  бұл  режим  ДҚ-рын 
құрастырушылар үшін қажет; 
3) Құру – жаңа объектілерді құру үшін керек. 
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі  .mdb болып келеді. 
3. Кестелер және оларды құру. 
Кесте-  жазбалар  мен  өрістерден  тұратын  ДҚ-ның  негізгі  объектісі.  Кестелерде 
берілгендер  сақталады.  ДҚ  жасау  алғашқы  кестені  құрудан  басталады.  Ал  кестеде  оның 
өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады. 
Кесте  (Таблица)  объектісін  шерткенде  -    кестені  Конструктор,  Шебер  немесе 
Деректерді енгізу тәсілінің бірімен құру ұсынылады (4-сурет). 
 
4-сурет. Кесте объектісін құру тәсілдері. 
Кестені  Деректерді  енгізу  (Создание  таблицы  путем  ввода  данных)  режимінде 
құрғанда – қажетті өріс аттарын өзіміз енгіземіз. Ол үшін Поле1 өріс тақырыбына тышқан 
нұсқағышын алып барып, сол жақ батырмасын үздіксіз екі  рет  шертеміз. Сонда үнсіздік 
бойынша берілген өріс аты ерекшеленеді (5-сурет). Delete пернесінің көмегімен бастапқы 
өріс атын жойып өзімізге қажетті өріс атауларын пернетақтадан енгіземіз. 
 
5-сурет. Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) режимі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
131 
Мұндағы: 
 - N – нөмірлі жазбаға өту, мұндағы нөмір пернетақтадан енгізіледі; 
  - ең бірінші жазбаға өту;  
 - ең соңғы жазбаға өту; 
 - курсор алдындағы жазбаға өту;  
 - курсордан кейінгі жазбаға өту; 
 
 - жаңа жазбаға өту. 
Жабу  (Х)  батырмасын  басқаннан  соң  объект  макетінің  құрылымындағы  өзгерісті 
сақтау  керек  пе,  жоқ  па  деген  сұхбаттық  батырмасы  шығады  (6-сурет,а).  «Да» 
батырмасын  басқаннан  соң  үнсіздік  бойынша  Таблица  1  деген  атауды  ұсынады  (қажет 
болса  өзгертуге  болады)  (6-сурет,ә).  ОК  батырмасын  басқаннан  соң  кілттік  өрісті 
анықтайтын  сұхбаттық  терезе  шығады.  Бұл  сұхбаттық  терезеде  де  «Да»  батырмасын 
шертеміз  (6-сурет,  б).  Сонда  кестеде  кілттік  өріс  пайда  болады.  Оның  атауы  Код  деп 
анықталады  да,  онда  жазбалар  нөмірлері  сақталады.  Кестеге  жаңа  жазбалар  енгізгенде 
кілттік өрістің мәндері автоматты түрде толтырылады. 
  
а) 
 
 
ә) 
   

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
132 
б) 
6-сурет. Құрылған кестені сақтау жолдары. 
Құрылған  кестені  (Таблица  1)  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екі  рет  шерту 
арқылы жүктейміз. 
Кестені  Конструктор  көмегімен  құрғанда  болашақ  кестенің  өріс  аттары  және 
олардың типтері, қасиеттері сипатталады (7-сурет).  
 
7-сурет. Конструктор көмегімен құрылған кесте. 
Мұндағы: 
1 – кесте аты; 2 - өріс аты; 3 - өріс типі; 4 - өріс сипаттамасы; 5 - өрістер қасиеті; 
6 - өрістер қасиетінің жалпы бөлімі; 7 – анықтама бөлімі. 
Құрылған  кестені  (Таблица  2)  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екі  рет  шерту 
арқылы жүктейміз (8-сурет). 
 
8-сурет. Таблица 2 кестесінің жүктелгеннен кейінгі көрінісі. 
Конструктор режимінде өрістің типін анықтау үшін өріс типі бағанындағы сәйкес 
ұяшықты  ,  оның  оң  жақ  шетіндегі 
  символды  шертіп,  ашылған 
тізімнен қажетті типті таңдау керек. Таңдалған типтің қасиеттері өрістер қасиетінің жалпы 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
133 
бөлімінде  анықталады.  Өрістің  берілген  қасиеттеріне  байланысты  өріске  қандай 
мәліметтер  енгізуге  болатындығы  анықталады.  Кез-келген  өрістің  қасиеті  –  оның 
ұзындығы. Осы ұзындыққа байланысты өріске қанша ақпарат сиятындығы анықталады. 
Кез-келген  өріске  тән  өзіндік  қасиет  –  оның  қолтаңбасы  (подпись).  Қолтаңба  – 
өрістің  тек  қана  қалыптарда  (формаларда)  бейнеленетін  арнайы  атауы.  Әртүрлі 
өрістерге  бірдей  қолтаңба  берілуі  де  мүмкін.  Өріс  атаулары  әртүрлі  болғандықтан, 
компьютер жұмысына кедергі жасамайды.  
Өрістің  әртүрлі  типтеріне  сәйкес  әр  түрлі  қасиеттер  анықталуы  мүмкін.  Типтер 
тізіміндегі әрбір типке қысқаша түсініктеме берейік: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет