Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Негізгі әдебиеттер: 1нег.[44-48]; 16нег.[66-69] 
Қосымша әдебиеттер:18қос.[55-59] 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Конфигурация дегеніміз не? 
2.
 
Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыру деңгейлерін атаңыз. 
3.
 
Бағдарламалық интерфейс дегеніміз не? 
4.
 
Утилиттер БК қай деңгейіне жатады? 
5.
 
Қолданбалы бағдарлама құралдарын қалай жіктеуге болады? 
 
      Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 
1. WordPad текстік редакторы. 
      WordPad редактор текстік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып 
жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда мүмкіндігі төмендеу. 
      Редакторды  іске  қосу  үшін  Іске  қосу  (Пуск),  Программалар  (Программы, 
Стандартты (Стандартные), WordPad командасын орындау қажет. 
       WordPad редакторы текстік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды 
өңдеуге  –  ішкі  көрінісі  мен  шрифтін  өзгертуге,  құжат  ішінде  символдарды  іздеу  мен 
ауыстыру  әдістерін  іске  асыруға,  графиктік  суреттерді  қосуға,  оның  беттерінің 
параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
74 
2. Блокнот. 
      Блокнот  –  кішігірім  текстік  файлдармен  жұмыс  істеуге  арналған  редактор.  Оның 
мүмкіндігі көптеген қарапайым текстік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу, 
бірақ жылдам істейді. 
       Оның  бір  талассыз  жақсы  жағы  бар  –  ол  қарапайым  әрі  жинақы  жұмыс  істеуге 
мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа 
программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. 
      Блокнот  тексті  форматтамай  (шрифтін  өзгертпей,  безендірмей)  тек  қана  оның 
сөздерінен тұратын файлдарды құрады, дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, 
командалық  файлдарды  дайындау,  редакциялау  немесе  модем  арқылы  басқаларға 
жіберілетін тексті дайындау кезінде де бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын 
қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді. 
3.Paint графикалық редакторы. 
     Графикалық редактор – графиктік бейне түріндегі суреттер салуға және оларды өңдеуге 
арналған  арнайы  бағыттағы  программа.  Paint  –  Windows  жүйесінің  стандартты 
программалар  тобына  кіретін  қарапайым  нүктелік  графикалық  редактор.  Бұл  программа 
едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттер, схемалар, сызбалар салуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  редакторды  игеру  онша  қиын  емес,  оның  құрамында  сурет  салу, 
сызу  және  оларды  өңдеуге  арналған  стандартты  қарапйым  құрал-жабдықтар 
(инструменттер)  бар,  дайындалған  бейнелер  файлдардың  кең  тараған  графиктік 
форматында сақталады. 
4. Калькулятор. 
     Калькулятор программасы  –  бүгінгі  күндері  тіпті төменгі  класс оқушылары да көптеп 
қолданатын компьютерлік калькулятор болып табылады.  
Программа екі режимде жұмыс істейді: 
-
 
стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим; 
-
 
ғылыми  (қиын  да  күрделі  есептеулер  жүргізуге  арналған  қуатты  калькулятор) 
режимі. 
     Есептеуге  қажет  сандар  тышқанмен  немесе  пернелер  көмегімен  енгізіледі.  Енгізілген 
цифрлар мен есептеулер нәтижесі индикатор бетіне шығарылады. 
5. Сағат. 
       Сағат  –  Windows  ортасының  ағымдағы  уақыт  пен  мерзімді  (датаны)  көрсету  үшін 
қолданылатын ең қарапайым программасы.  
Сағат программасының экраны екі қалыптың бірінде болуы мүмкін: 
-
 
тақырып қатары және менюі бар; 
-
 
тек тақырып қатары ғана шығады, ал меню қатары жасырын күйде болады. 
       Бір  күйден  екіншісіне  ауысу  үшін  тышқан  жұмыс  аумағында  тұрғанда,  оны  екі  рет 
сырт еткізу керек. 
       Сағат  кәдімгі  циферблаты  мен  тілдері  бар    күйде  немесе  тек  сан  арқылы  уақытты 
көрсететін индикатор (цифрлық) күйінде бола алады. Оның сыртқы көрінісін Параметрлер 
менюі командаларымен өзгертуге болады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Операциялық жүйенің атқаратын қызметтері? 
2.
 
Операциялық жүйенің түрлерін атаңыз? 
3.
 
Транслятор дегеніміз не? 
4.
 
Транслятордың жұмыс кезеңін атаңыз? 
5.
 
Интерпретатор дегеніміз не? 
6.
 
Комплятор дегеніміз не
 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
75 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
№ 4 ДӘРІС  
КОМПЬЮТЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ 
Компьютерде  жұмыс  істеген  кезде  өз  ақпаратты  бөгде  адамдардың  қол  сұғуынан 
және жоғалудан немесе ақпаратты біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды. 
Есептеу  техникасында  ақпаратты  қорғау  түсінігі  кең  тараған.  Ол  компьютердің  жұмыс 
атқару сенімділігін һэм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бегде адамдардың 
қол  сұғуынан  (килігуінен  ақпараттарды  қорғайды.  Бөгде  адамдардың  қол  сұғуынан  (килігуінен) 
ақпараттарды  және  жасырын  хат  алмасуынан  қорғау  үшін  әдетте  кілт  орнатылады,  құнды 
деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал  компьютерлік 
вирустармен  күресу  ете  күрделі,  өйткені  олар  зиянды  және  дербес  компьютерлердің 
қолданушыларына зиян келтіреді. 
Компьютерлік вирус дегеніміз не? 
Компьютерлік  вирус  дегеніміз  —  әдетте  өлшемі  бойынша  (200-ден  5000  байтқа  дейін)  
арнайы  компьютерлік  бағдарлама.  Басқа  бағдарламаларда  "көбейтілетін"  және  "жұғатын" 
мүмкіндігі  бар (ол бірнеше қайтара өз кодын кешіреді және оны басқа бағдарламалардың кодына 
біріктіріледі).  Ол  компьютерге  қолданушының  бақылауынсыз  "зақымдалған"  дискета  арқылы 
немесе "зақымдалған" файлмен 6ipre кipyi мүмкін. Ішінде вирусы бар бағдарлама "зақымдалған" 
деп аталады. 
"Зақымдалған" бағдарлама жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус 
басқа  бағдарламаларды  іске  қосады  және  зақымдайды,  сонымен  қатар  қандай  да  6ip  зиянды 
амалдарды  орындайды:  компьютердің  қалыпты  жұмыс  істеуіне    кедергі  келтіреді,  дискідегі 
файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттары бүлдіреді, оперативті жадын "ластайды" 
және т.с. 
Вирус 6ip компьютерге кipce, басқа да компьютерлерде тарауы  мүмкін. 
Вирус қайдан пайда болады? 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
76 
Оларды  білікті  бағдарлама  құрушылар  кызғаныш,  кектену,    мансапқұмарлық  мақсатында, 
басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустік бағдарламаларды сату, ақша 
табу мақсатында жазады. 
Компьютерлік  вирустармен  күресу  үшін  антивирустық  бағдарламаларды  жазатын  және 
компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде - бұл атақты бағдарлама құрушылар: 
ДЛозинский, Д.Мостовой, ИАДанилов, Н.Безруков және т.б. 
Жаңа  вирустық  бағдарламалардың  саны  үнемі  өcin  отырады  және  өзгереді,  сондықтан 
компьютердің  колданушысы  вирустардың  табиғатын,  вирустардың  жұғу  әдістерін  және  олардан 
корғануды білу қажет. 
Компьютерге  вирус  негізінде  дискеттер  және  лазерлік  диск  арқылы,  сонымен  қатар 
компьютерлік  желілер  арқылы  кіріп,  дискіні  қатты    зақымдайды.  Дискет  зақымдау  тіптен  оңай. 
Зақымдалынған  компьютердің  дискжетегіне  дискіні  жай  ғана  салып,  мысалы,  оның  мазмұнын 
оқысаңыз  да  оған  вирустың  кipyi  мумкін.  Вирус  көбіне  дискінің  жүктейтін  секторы  және 
кеңейтілуі exe., com., sys., немесе bat. болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және 
графиктік файлдарға сирек жұғады. 
Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады: 
•   қауіпсіз, компьютердің  жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос 
орнын және дискідегі  жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері кандай да бip 
графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады. 
•   кауіпті вирустар компьютер жұмысына әртүрлі кедергілер келтіреді. 
•    өте  кауіпті  вирустардың  әсері  бағдарламалардың  жоғалуына,  деректердің  жойылуына, 
дискінің жүйелік аймғында ақпараттардың өшуіне әкелуі  мүмкін. 
Компьютердің вируспен зақымдалғанын өз уақытысында анықтау үшін вирустардың  пайда 
болуының анықтама белгілерін білу қажет: 
1.    Жұмыстың  тоқтауы  немесе  алдында  табысты  жұмыс  істеген  бағдарламалардың  дұрыс 
жұмыс істеуі; 
2.  Компьютердің баяу жұмыс icтeyi; 
3.  Файлдардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұзылуы
4.  Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі; 
5.  Дискіде файлдардың санының кенеттен біршама үлкеюі; 
6.  Оперативті жадтың бос орнының өлшемінің кішіреюі; 
7.  Компьютер жұмысының жаңылысуы. 
Kaзipгi уақытта 5000-нан аса бағдарламалық вирустар белгілі. 
 
Вирус түрлері. 
1. Жүктелетін вирустар — дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын 
компьютердің алғашқы  іске қосатын бағдарламаларын зақымдайды. 
2.   Файлдық вирустар  ең алдымен кеңейтілулері  ехе. және com. болатын файлдарға енеді, 
бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею кабілетін жоғалтады. 
3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды және дискеттердің жүктелетін бағдарламаларын 
зақымдайды. 
4.    Драйверлік  вирустар  компьютер  құрылғыларының    драйверлерін  зақымдайды  немесе 
файлға косымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
77 
5.    Желілік  вирустар  ондаған  немесе жүздеген  мың  көп  компьютерлерді  біріктіретін  желіде 
тарайды. 
Антивирустік құралдар  
Соңғы  кезде  компьютерлік  вирустармен  күресудің  үлкен  тәжірибесі  бар  бағдарламалар  мен 
деректерді  қорғау  шаралары  белгілі  антивирустық  бағдарламалар  құрылған.  Вирус  табылған 
мерзімнен  бастап  қысқа  уақыт  ішінде  қайта  пайда  болған  вирустарды  жеңіп  шыға  алатын 
антивирустық, құралдарды жетілдіру және дамыту үнемі жүріп отырады. 
Белгілі антивирустық бағдарламаларды бірнеше типтерге бөлуге болады. 
Детектор-бағдарламалар  белгілі  бip  вируспен  зақымдалған  файлдарды  табады,  мұндай 
бағдарламалар қазіргі күнде сирек. 
Доктор-бағдарламалар,  сонымен  қатар  вакцина-  бағдарламалар  вирус  жұққан  файлдарды 
тауып  қана  қоймай,  оларды  "емдейді",  файлдардан  вирус  бағдарламасының  денесін  өшіреді, 
программаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті 
жадтан  вирусты  іздейді,  оларды  жояды  және  содан  кейін  барып  барлық  файлдарды  "емдеуге" 
кіріседі.  Фагтардыц  ішінде  полифагтар  ерекшеленеді,  олар  вирустардың  көп  мөлшерін  жояды, 
мысалға  мынадай  доктор-бағдарламалар:  ең  танымал  полифагтар  Aidstest  (құрастырушы 
Д.Лозинский) Scan, Norton AntiVirus жэне Doctor Web (құрастырушы И.Данилов). 
Ревизор-бағдарламалар  вирустардан  қорғайтын  құралдардың  ең  сенімдісі.  Ревизорлар 
компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде бағдарламаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан 
кейін  оқтын-оқтын  кезекті    жағдайды  бастапқысымен  салыстырады.  Егер  өзгерістірді  анықтаса, 
онда  дисплейдің  экранына  хабарлама  шығарылады.  Ресейде  ең  танымал  Д.Мостовтың 
құрастырған  ревизор-бағдарламасы  Adinf  -  бұл  бағдарламаны  барлық  оку  орындарының 
компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, 
оқушылардың зиянды белсенділігіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. 
Фильтр-бағдарламалар  немесе  "күзетші"  —  бұл  компьютердің  жадында  тұрақты 
орналасатын кішігірім резидентті бағдарламалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды 
және  компьютер  жұмыс  атқарған  кезде  вирустарға  тән  күмәнді  әрекеттерді  табады.  Қандай  бір 
бағдарлама  осындай  әрекетті  орындар  кезінде    «күзетші»    хабарлама  жібереді,  ал  қолданушы 
сәйкес  операцияны  орындауға  рұқсат  беріп  немесе  тыйым  сала  алады.    Қолданушылыр  әдетте 
күзетшіні  қолданбайды,  өйткені  әрдайым    ескертулер    жұмысқа    кедергі  келтіреді.  Фильтр-
бағдарламалар    вирустың  ең  басты  сатысынан  олардың  көбеюіне  дейін  анықтауға  мүмкіндік 
береді,  бірақ  олар  файлдарды  және  дискеттерді  «емдемейді»,  вирустарды  жою  үшін  арнайы 
бағдарламалам қолдану қажет. 
Тақырыбы:  Ақпараттық  сақтандыру  және  оның  құрамдастары.  Ақпарат 
қауіпсіздігіне  қауіптер  және  олардың  топталуы.  Ақпараттық  процеске 
рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және 
де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Жергілікті компьютерлік желілерде 
ақпаратты  қорғау,  антивирустық  қорғаныс.  Жасанды  интелект 
жүйелері. 
1. Компьютерлiк вирустар. 
2. AVP программасының мүмкiндiктерi. 
3. WinRar және Backup программалары. 
4. MS Word мәтіндік редакторында құжатты қорғау. 
5. MS Excel электрондық кестесінде мәліметті қорғау жолдары. 
6. Буманы, файлды өзгертуден қорғау жолдары. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
78 
1. Компьютерлiк вирустар. 
Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi 
объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар. 
Вирустар  компьютермен  жұмыс  iстеу  кезiнде  көптеген  қолайсыз  жағдайлардың 
туындауына әсер етедi. Олар: 
- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi; 
-  Файлдардың  дискiде  алатын  орны  (әсiресе  бiрден  орындалатын  файлдардың) 
ұлғайып кетедi; 
- Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады; 
- Кәдiмгi  жұмыс  iстеу  режимiмен  салыстырғанда  жедел  жадыдағы  жұмыс  iстеу 
аймағының көлемi азаяды; 
- Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т.б. 
Вирустар  орналасу  орындарына  қарай  желiлiк,  файлдық  және  жүктелетiн  болып 
жiктеледi.  Желiлiк  вирустар  компьютерлiк  желi  арқылы  тарайды,  файлдық  вирустар 
орындалатын  файлдарға,  ал  жүктелетiн  вирустар  –дискiнiң  жүктелу  секторына  (Boot-
сектор) немесе винчестердiң жүйелiк жүктелуiн құрайтын секторына  (Master Boot Record) 
орналасады. 
Вирустар  бүлдiру  тәсiлдерiне  қарай  резиденттi  және  резиденттi  емес  болып  екiге 
бөлiнедi.  Вирус  жұққан  программа  iске  қосылғанда,  резиденттi  вирустың  көшiрмесi 
компьютердiң  жедел  жадында  жазылып  қалады  да,  олар  операциялық  жүйеде  жұмыс 
жасаған барлық программаларға жұғады. Резиденттi вирустар компьютер жедел жадында 
орын алып тұрады да, компьютер iстен шығарылғанға немесе қайта iске қосылғанға дейiн 
өз  жұмысын  атқарады.  Резиденттi  емес  вирустар  компьютердiң  жадында  орналаспайды 
және олардың жұмыс iстеу уақыты шектеулi болып келедi.  
Вирустардың  деструктивтi  мүмкiндiктерiне  қарай,  яғни  олардың  атқаратын  iс-
әрекеттерiне байланысты оларды мынандай топтарға бөлуге болады: 
-  қауiпсiз  вирустар  әсерi  дискiдегi  бос  орынның  азаюымен  және  графикалық, 
дыбыстық,  басқа  да  эффектiлердiң  кемуiмен  шектеледi  (оның  тарау  нәтижесiнде  тек 
дискiнiң бос жады кемидi); 
 -  қауiптi  вирустар  компьютердi  жұмысынан  жаңылыстыратын  көңiл  аударарлық 
зиянды әрекеттер туғызады; 
-  өте  қауiптi  вирустар  әсерiнен  көптеген  программалар,  мәлiметтер,  жедел 
жадының  жүйелiк  аймақтарына  жазылған  компьютер  жұмысына  қажеттi  ақпараттар 
жойылып кетедi.   
Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай оларды мынадай да топтарға бөлуге 
болады: 
компаньон-вирустар (companion) – файлдарды өзгертпейтiн вирустар, бiрақ олар 
осы  атқарылатын  .EXE-файлға  ұқсас  кеңейтілмесі  .COM  болып  келетiн  орындалатын 
файлдар жасап шығарады. МысалыXCOPY.EXE файлы үшiн XCOPY.COM атты тағы 
бiр файл пайда болады. Вирус осы .СОМ-файлға жазылады да, .ЕХЕ-файлды өзгертпейдi. 
Бiрақ  XCOPY  файлын  орындау  қажет  болғанда,  алдымен  вирусы  бар  .СОМ-файл 
орындалып, тек сонан кейiн ғана .ЕХЕ-файл орындалады. 
құрттар (worm) – компьютерлiк желi арқылы таралатын және компаньон-вирустар 
сияқты  файлдарды,  дискiдегi  секторларды  өзгертпейтiн  вирустар.  Бұлар  желi  арқылы 
компьютердiң  жадына  орнығып  алады  да,  басқа  компьютерлердiң  желiлiк  адрестерi 
бойынша  өз  көшiрмелерiн  таратады.  Кейбiр  жағдайларда  мұндай  вирустар  дискiлер 
жүйесiнде жұмыс файлдарын құрып алғанмен олар компьютер жадынан өзге ресурстарын 
пайдаланбайды. 
-  “паразиттiк“    топқа  кiретiн  вирустардың  әсерi  тиген  дискiлiк  секторлар  мен 
файлдардың  мазмұндары  өзгерiп  кетедi.  Құрт  немесе  компаньон-вирустарға  жатпайтын 
басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
79 
“студенттiк“ – вирустарға болар болмас әсер ететiн, резиденттi емес, қателер саны 
өте көп вирустар тобы кiредi; 
“стелс“-  вирустары (көрiнбейтiн вирустар, stealth)  дамыған программалар тобына 
жатады, зақымдалған файлдар өңделуге тиiс сәттерде олардың орнына мәлiметтердiң ауру 
жұқпаған  бөлiктерiн  орналастырып,  оларды  да  зақымдай  бастайды.  Оның  үстiне  бұл 
вирустың  жұғу  алгоритмi  күрделi,  әрi  жоғарғы  деңгейде  болғандықтан  антивирустық 
программаларға оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес; 
-  полиморфик  –  вирустар  (өздiгiнен  өрбитiн  немесе  елес-вирустар)  –  өте  қиын 
табылатын вирустар тобына жатады. Көп жағдайларда бiр полиморфик-вирустың екi түрлi 
бейнесi бiр-бiрiне сәйкес келмейдi. 
-макро-вирустарға  –  мәлiметтердi  (мәтiндiк  редактор  және  электрондық  кестелер) 
өңдеу жүйелерiне ендiрiлген макротiлдердiң мүмкiндiктерiн пайдаланатын вирустар тобы 
жатады.  Қазiргi  кезде  Microsoft  Word  редакторының  құжаттарын  бүлдiретiн 
макровирустар көп тараған. 
Кейбiр  вирустардың  таралуы  әсерiнен  программалардың  жойылуы,  мәлiметтердiң  
немесе  жадының  жүйелiк  аймақтарында  жазылған  ақпараттардың  өшiп  қалуы  сияқты 
қолайсыз  жағдайлар  кездесiп  отырады.  Осыларды  болдырмау  үшiн  немесе  бола  қалған 
күнде  де  олардан  арылу  мақсатында  вирустармен  күресуге  арналған  арнайы  антивирус, 
яғни вирустарға қарсы күресетiн программалар қолданылады. 
Антивирустық программалар  – компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы 
программалар  мен  берілгендерді  вирусқа  тексеру,  оларға  енген  вирустарды  жою  сияқты 
әрекеттерді орындауға арналған программалар. 
Қазіргі кезде  кеңінен  қолданылатын  антивирустық  программалар:  Aidstest,  DrWeb, 
NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т.б. 
Жұмыс барысында антивирустық программалар: 
-  жедел жадты (DOS, XMS, EMS); 
-  архивтелген (сығылған) барлық файлдарды
-  жүйелiк секторларды (Master Boot Record), жүктелушi секторды (Boot-сектор) және 
дискiнi бөлу кестелерiн (Partition Table) тексередi; 
- иiлгiш, жергiлiктi, желiлiк және CD-ROM дискiлерiн; 
- обьектiлердiң өзгергенiн немесе өзгермегенiн және т.б. тексередi. 
Антивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді: 
Детектор-программалар  –  тек  бұрыннан  белгілі  вирус  түрлерінен  ғана  қорғай 
алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді. 
 Доктор-программалар  –  вирус  жұққан  программалар  мен  дискілерді  «вирус» 
әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді 
 Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. 
Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» 
бастапқы қалыпты жағдайға түзейді. 
 Фильтр-программалар  –  компьютердің оперативтік жадында тұрақты  орналасады 
да,  вирустардың  зиянды  әрекетіне  әкелетін  операцияны  ұстап  алып,  бұл  туралы  жұмыс 
істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.  
Вакцина-программалар  –  компьютердегі  программалар  жұмысына  әсер  етпей, 
оларды  вирус  «жұққан»  сияқты  етіп  модификациялайды  да,  вирус  әсерінен  сақтайды, 
бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес. 
 
3. WinRar және Backup программалары. 
Дербес  компьютерді  пайдалану  кезінде  әртүрлі  себептермен  магниттік  дискідегі 
ақпаратты  жоғалтып  немесе  бүлдіріп  алуымыз  мүмкін  және  файлдардың  көлемін 
кішірейтуге  (сығуға)  тура  келеді.  Осындай  жағдайларда  шығынды  азайту  үшін 
файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
80 
Архивтеу  дегенiмiз  –  алдын  ала  сығу  жолымен  файлдардың  көшiрмесiн  дискiде 
немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау. 
Архиваторлар  –  дискідегі  орынды  үнемдеу  үшін  файлдың  көлемін  кішірейтіп 
сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. 
Файлдарды  архивтеуге  арналған  программалар  дискідегі  файлдар  көшірмесін 
қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып 
алуға,  архив  мазмұнын  көруге  және  т.б.  істер  атқаруға  мүмкіндк  береді.  Архивтік 
программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, 
архивке  орналастырғандағы  файлды  қысу  деңгейі  сияқты  мүмкіндіктерімен 
айрықшаланады. 
Кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP, WinRar, WinZip, Backup және 
т.б. архивтеу программалары жатады. 
Windows  операциялық  жүйесінде  WinRar  және  WinZip  архиваторлар  кең  тараған. 
WinRar  архивтік  программасының  жұмысын  қарастырайық,  себебі  .rar  кеңейтілмесімен  
архивтелген файлдар Интернет желісінде кеңінен қолданылады. 
Программаны  жүктеген  кезде  программаның  бейкоммерциялық  қолданылуы 
тіркеусіз жүзеге асатыны, бірақ міндетті түрде Сіздің келісіміңізді қажет етеді, сондықтан 
шыққан  сұхбаттық  терезеде  «Установить»  командасын  бассаңыз  болғаны,  программа 
үнсіздік бойынша ұсынылған дискіде орнатылады (1-сурет). 
Келесі 
сұхбаттық 
терезеде 
программаға 
қатысты 
байланысқан 
типтегі  
кеңейтілмелерді  және  қажетті  интерфейстерді  белгілеуді  сұрайтын  сұхбатты  терезе 
шығады.  ОК  батырмасын  шерткеннен  соң  WinRar  программасы  орнатылған  бума  аты 
және  өзіңізге  қажетті  Анықтама  алуға  мүмкіндік  беретін  сұхбаттық  терезе  шығады.  Бұл 
терезеде  Готово  батырмасын  шерткеннен  соң  Сіздің  компьютеріңізде  WinRar 
программасы орнатылады (2-сурет). 
 
1-сурет.WinRar архивтік программасын орнату терезесі. 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
81 
      
 
2-сурет. Архивтеу программасын орнату барысы. 
 
Жұмыс  үстелінде  орналасқан  LEK-1-kz.doc  файлын  осы  программа  көмегімен 
архивтеуді қарастырайық.: 
1)Жұмыс  үстеліндегі  LEK-1-kz.doc  файлын  белгілеп,  тышқанның  оң  жақ 
батырмасын шертеміз. Шыққан сұхбаттық терезеде «Добавить в архив» немесе «Добавить 
в архив «LEK-1-kz.rar» » командаларының бірін таңдаймыз (3-сурет). 
 
3-сурет. LEK-1-kz.doc файлын архивтеу. 
 
2)Келесі  сұхбаттық  терезеде  архивтік  файлдың  аты  және  қажетті  параметрлері 
таңдалады (4-сурет). 
 
4-сурет.Архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері 
 
3) ОК батырмасын шерткеннен соң архивтеу программасының орындалу барысының 
сұхбаттық терезесі шығады (5-сурет). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
82 
 
5-сурет. Архивтеу программасының орындалу барысы. 
4) Жұмыс үстелінде архивтелген программаның таңбашасы шығады (6-сурет). 
 
 
6-сурет. Жұмыс үстеліндегі архивтелген файл.  
 
Қатты  дискідегі  мәліметтердің  көшірмесін  алу  үшін  Backup  программасы 
қолданылады.  Бұл  программа  операциялық  жүйенi  бастапқы  орнату  кезiнде 
қондырылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайда оны орнату керек. 
Бұл программа ақпараттың резервтi көшiрмесiн құру және бұрын көшiрiлiп қойылған 
ақпараттарды қалпына келтiру мақсатында да қолданылады. Программаны iске қосу үшiн  
Бас  мәзірде:  Программалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет