Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым


Стандартты  Қызмет  программалары  (Служебные



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Стандартты

Қызмет  программалары  (Служебные 
программы) 

Backup (Архивация данных) қатарын таңдаймыз. 
Программа  iске  қосылғаннан  кейiн  архивтеу,  қалпына  келтiру,  файлдарды 
салыстыруға  арналған  үш  астарлы  беттен  түратын  Backup  программасының  терезесi 
ашылады (7-сурет). Әрбiр астарлы беттiң негiзгi бөлiгi Сiлтеуiш программасы терезесiнiң 
көрiнiсi сияқты болады және жоғарыда айтылған мақсатқа қолданылады. 
 
7-сурет. Backup (Архивация данных) программасын іске қосу. 
 
Архивтеу  және  қалпына  келтiру  әрекеттерiн  жүзеге  асыру  үшiн  көшiрiлетiн 
файлдарды  таңдап  алу  керек.  Әрбiр  буманың  немесе  файлдың  тұсында  кiшкене 
төртбұрыш тұрады. Егер осы төртбұрышта тышқанды шертсек, онда сол файлдың немесе 
бумадағы файлдардың  барлығын көшiру үшiн ерекшеленгендiгiн бiлдiретiн қанат белгi ( 
  )  пайда  болады.  Жоғары  деңгейдегi  бумалардың  тұсындағы  төртбұрыштағы  қанат 
белгiнiң  түсi  сұр  болады,  ол  осы  бума  сақтаулы  тұрған  файлдардың  барлығы 
ерекшеленбегенiн  бiлдiредi.  Қажеттi  файлдарды  таңдап  алғаннан  кейiн  Ары  қарай 
(Далее) батырмасын шертемiз. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
83 
Екiншi  кезеңде  —  архивтелген  файлдар  орналасатын  орынды  көрсету  қажет. 
Архивтелген  файлдарды  иiлгiш  дискiге,  стримерге,  тiптi  сол  файлдардың  өздерi 
орналасқан орынға да сақтауға болады. Қажеттi құрылғыны таңдаған соң Дайын (Готово) 
батырмасын  шертемiз.  Программа  құрылатын  архивтiң  атын  сұрайды  да,  оны 
көрсеткеннен  кейiн  архивтеудi  бастайды.  Бұл  процесс  стример  мен  дискеттердiң  жұмыс 
жылдамдығы қатты дискiге қарағанда жай болғандықтан ұзақ уақытқа созылуы мүмкiн. 
Резервтi  көшiрме жасаудың жиiлiгi  сақталатын ақпараттың жаңару  жылдамдығына, 
бағалығына,  көлемiне  тәуелдi.  Көшiру  процесiнiң  ұзақ  уақытты  алатындығын  ескере 
отырып, апта сайын немесе ай сайын көшiрме алып отырған дұрыс. 
Backup  программасы  Windows  операциялық  жүйесінің  мiндеттi  түрде  құрамына  
кiрмейтiн компоненттерiнiң бiрi болғандықтан, оны орнату әдiсiн бiлуiмiз керек. 
Backup программасы төмендегi әрекеттердi орындау арқылы қондырылады. 
1.  Бас  меню:  Баптау

Басқару  тақтасы  (Настройка

Панель  управления)  қатарын 
таңдаймыз. 
2.  Ашылған  терезеде  Программаларды  орнату  және  өшiру  (Установка  и  удаление 
программ) шарт белгiсiнде тышқанды екi   ено шертемiз. 
3. Windows-ты орнату астарлы бетiн ашамыз. 
4. Осы  терезеде  шыққан  тiзiмнен  Қызмет  ету  программалары  (Служебные 
программы) қатарында тышқанды шертемiз. 
5.Одан  кейiн  ашылған  тiзiмде  Мәлiметтердi  архивтеу  қатарындағы  жалаушаны 
көтеремiз  де,  ОК  батырмасын  шертемiз.  Бұл  әрекет  арқылы  Windows-ты  орнатуға 
арналған файлдар қатты дискiде сақталса, Backup программасы орнатылады. 
Егер Windows-ты орнатуға арналған файлдар қатты дискiде сақталмаған болса, онда 
оларды  инсталяциялық  немесе  компакт-дискiден  орнатуға  тура  келедi.  Мұндайда  3-
нөмiрлi әрекетке дейiн орындаймыз да ары қарай төмендегi әрекеттердi жалғастырамыз: 
4. Дискiлермен жұмыс iстеу жалаушасын көтеремiз. 
5. Құрамы (Состав) батырмасын шертемiз. Дискiлермен жұмыс iстеу сұхбат терезесi 
ашылады. 
6. Backup жалаушасын көтеремiз. 
7. Алдымен  Дискiлермен  жұмыс  iстеу  сұхбат  терезесiнде  одан  кейiн  Қасиеттер: 
Программаларды  қондыру  және  өшiру  терезесiнде    ОК  батырмасын  шертемiз.  Backup 
программасын  орнату  әрекетi  басталады.  Талап  етiлген  кезде  дискеттi  немесе  компакт-
дискiнi орналастырамыз. 
8. Басқару тақтасы терезесiн жабамыз.  
Қажеттi  файлдар  өшiрiлiп  қалған  жағдайда,  олардың  архивтiк  көшiрмесi  болса,  кез 
келген уақытта оларды қалпына келтiруге болады.  
 
 
4. MS Word мәтіндік редакторында құжатты қорғау. 
MS  Word  мәтіндік  редакторында  құжатты  қорғау  үшін  Сервис

Құжатты  қорғау 
(Сервис

Защитить  документ)  командасын  орындаймыз  (1-сурет).  Шыққан  сұхбаттық 
терезеде өз талаптарымыз бойынша қорғаныс элементтерін таңдаймыз. 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
84 
 
 
1-сурет. Сервис

Құжатты қорғау (Сервис

Защитить документ) командасының 
сұхбаттық терезесі 
 
Қорғаныс  жолын  Сервис

Параметры  командасынан  кейінгі  шығатын  сұхбаттық 
терезесінің «Безопасность» бөлімінде де орындауға болады (2-сурет). 
 
 
 
2-сурет. «Безопасность» бөлімі. 
 
5. MS Excel электрондық кестесінде мәліметті қорғау жолдары. 
MS Excel электрондық кестесінде кітапқа, бетке немесе тек қана ұяшыққа қорғаныс 
қою мүмкіндіктері бар (3-сурет). 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
85 
 
3-сурет. MS Excel электрондық кестеснде қорғаныс қою жолдары. 
 
Қорғаныс  жолын  Сервис

Параметры  командасынан  кейінгі  шығатын  сұхбаттық 
терезесінің «Безопасность» бөлімінде де орындауға болады. 
 
3. Буманы, файлды өзгертуден қорғау жолдары. 
Windows операциялық жүйесінде буманы тұтастай жасырып қою мүмкіндігі бар. Ол 
үшін жасырылатын буманы белгілеп алғаннан соң 
1)
 
жанама  мәзір  көмегімен  шақырылатын  қасиеттер  бөлігінен  «Свойства»  немесе 
«Общий доступ и безопасность...» бөлімін шақырамыз (4-сурет); 
 
4-сурет. «Свойства» бөлімі. 
 
2)
 
шыққан  сұхбаттық  терезедегі  «Общие»  бөлімінің  «Атрибуты»  бөлігінен 
«Скрытый»  қасиетіне  қанатбелгі  қоямыз  да  (5-сурет)  «Применить» 
батырмасынан кейін «ОК» шертеміз. 
   

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
86 
 
5-сурет. Буманы жасыру қасиетін таңдау. 
 
Жасырынған  буманы  қайта  көру  үшін  «Сервис

Свойства  папки»  командасынан 
кейін  шығатын  сұхбаттық  терезенің  «Вид»  бөліміндегі  «Показывать  скрытые  файли  и 
папки» қасиеттері бөлімін ерекшелеп аламыз да «Применить» командасынан кейін «ОК»- 
ді шертеміз (6-сурет). 
 
 
 
6-сурет.Жасырылған буманы қайта қалпына келтіру жолы. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Компьютерлік вирустар дегеніміз не? 
2.
 
Бүлінген және жұққан файлдар. 
3.
 
Компьютерлік вирустар қалай жіктеледі? 
4.
 
Кеңінен қолданылатын антивирустық программалар. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
87 
5.
 
Компьютерлік вирустардан сақтанудың қандай жолдарын білесіз? 
6.
 
Архивтік файл деген не? 
7.
 
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі. 
8.
 
Архивтеу программаларының атқаратын қызметі. 
9.
 
WinRar архиваторын қолдану ерекшеліктері. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
Негізгі әдебиеттер: 1нег.[53-55]; 16нег.[112-122] 
Қосымша әдебиеттер:18қос.[427-430] 
Бақылау сұрақтары 
1.  Компьютерлік вирустар деп нені айтады? 
2.  Компьютерлік вирустардың кандай типтері бар? 
3.  Жүктелетін вирустардың жұмыс істеу принциптері кандай? 
4.   Файлдық вирустардың жұмыс істеу принциптері қандай? 
5.   Белгілі антивирустық бағдарламалардың типтерін сипаттаңыз. 
6.  Компьютерлік вирустардан ақпараттарды қорғау шамасын атап шығыңыз. 
 
№5 Тақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы 
 
1. WORD  редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. 
2. Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау. 
 
1.WORD  редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. 
Microsoft  Word  (MS  Word)  –  дүние  жүзі  елдеріне  кең  тараған  мүмкіндігі  мол 
мәтіндік  редактор.  Word  арқылы  мәтінді  теру,  редакциялау,  құжатта  түрлі  кестелер 
дайындау  және  қарапайым  геометриялық  фигуралар  салуға  болады.  Құжатқа  Windows 
операциялық жүйесінің басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, 
суреттерді кірістіру де қиын емес. 
WORD-пен  жұмыс  iстеудi  бастау  үшiн  Windows  жүйесiнiң  басқа  программалары 
сияқты  оны  бастапқы  инсталляциялық  дискеттерден  немесе  компакт-дискiден 
компьютерге жазып орнатып алу керек. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
88 
Орнатылған WORD редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады: 
1.Бас мәзірдiң Iске қосу

Программалар

Microsoft WORD қатарында тышқанды 
шерту арқылы; 
2.Windows  жүйесiнiң  Менiң  компьютерiм  немесе  Жолсерік  (Проводник) 
терезелерiнiң бiрiн пайдалану арқылы; 
3.WORD  редакторына  бұрын  дайындалған  құжаттың  шартбелгiсiне  тышқанды  екi 
рет  шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктелiп, сонан соң көрсетiлген құжат 
терезеге оқылады; 
4.Жұмыс  үстелiндегi  WORD  редакторының  жарлығында  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын екi рет шерту арқылы; 
5.Есептер  тақтасында    WORD  редакторының  жарлығында  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын бір рет шерту арқылы. 
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, 
мысалы: 
- Файл 

 Шығу (Выход) мәзір командаларын таңдау арқылы; 
-  редактор  терезесiнiң  тақырып  жолының  оң  жақ  жоғарғы  бұрышындағы  Жабу 
батырмасын (Х) басу арқылы;  
- тiкелей Alt+F4  пернелерiн басу арқылы т.б. 
Егер  программамен  жұмысты  аяқтау  барысында  мұның  алдында  өзгертiлiп,  бiрақ 
дискiге  жазылмаған  құжат  бар  болса,  онда  редактор  экранға  сұхбат  терезесiн  шығарып, 
өзгертiлген  құжатты  дискiге  жазу  (Иә)  керектiгiн,  ал  жазбасаңыз    (Жоқ)  оны  да    растап 
беруiңiздi өтiнедi.  
Word редакторының негiзгi терезесi ондағы орналасқан Құжат 1 терезесiмен бiрге 1-
суретте көрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк: 
 
 
 
1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі. 
 









10 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
89 
1  –  тақырып  қатары  –  жүйелік  мәзір,  құжат  аты  және  терезені  басқару 
батырмаларынан тұрады; 
2  –  мәзірлер қатары  –  Файл, Правка, Вид,  Вставка, Формат,  Сервис, Таблица, Окно 
және Справка мәзірлері орналасқан; 
3 – Форматтау саймандар тақтасы; 
4 – Стандартты саймандар тақтасы; 
5 – көлденең сызғыш – құжаттың өрісі мен азат жолды реттейді; 
6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді; 
7 – көлденең және тік жылжу белдеулері; 
8 – құжат пішінінің режім түймелері; 
9 – Сурет салу саймандар тақтасы; 
10 – қалып-күй қатары. 
MS  Word  мәтіндік  редакторының  Форматтау  және  Стандартты  саймандар 
тақтасындағы батырмаларды әр қолданушы өз қалауынша өзгерте алады. 
MS  Word  мәтіндік  редакторында  мәтiндi  бейнелеу  режимдерiн  iске  қосу  немесе 
қоспау  тәртiптерi  белгiлi  бiр  пернелiк  командалармен  орындалады.  Оған  қосымша,  сол 
режимдi  қарама-қарсы  күйге  ауыстыру  қалып  қатарына  жалғаса  орналасқан  қажеттi 
индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады (2-сурет). 
 
 
 
 
2-сурет. Мәтінді бейнелеу режімдері. 
Мәтінді бейнелеу режимдерiнiң батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең 
жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады: 
-  қалыпты    режим  (обычный  режим)  батырмасы  –  бұл  көру  режимi  үнсіздік 
бойынша  редакторға  кiргенде  бiрден  орнатылады.  Ол  мәтiндi  форматтау  элементтерiн 
қарапайым  түрде  көрсете  отырып,  беттердi  бөлу  шекараларын  пунктир-сызықшамен 
бейнелеп,  символдарды  теру,  түзету  және  көру  процессiн  жылдам  орындайды.  Бұл 
форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды
- электрондық құжат режимi – парақты экранда құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын 
күйге  келтiредi.  Бұл  режимде  парақ  белгiленбей,  әрiптер  iрiленiп  қатар  ұзындығы  жол 
енiнен  шықпайтындай  етiп  бейнеленедi.  Мәтiннiң  сыртқы  түрi  қағазға  түсетiн  бейнесiне 
сәйкес келмейдi. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болады; 
-  беттердi  белгiлеу  (разметка  страницы)  режимi  мәтiн  қағазда  қалай  орналасса, 
айнытпай  солай  бейнелейтiн  режим  болып  есептеледi,  мұнда  форматтау,  мәтiндi  түзету 
өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi (поля) айқын көрiнiп тұрады; 
-  құрылым  (структура)  режимi,  мәтiндi  түйiндеп  құжатты  толық  бейнелемей,  тек 
тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, 
оны бақылау  мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте 
Қалыпты  режім 
(обычный режим) 
Электрондық құжат (Режим 
Web-документа) 
Беттердi белгiлеу 
(разметка страницы) 
Құрылым (структура) 
режимi 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
90 
көлемдi  мәтiн  өңделгенде,  оның  белгiлi  бiр  бөлiктерiн  түгелдей  жылжытуға,  көшiруге 
және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртiп болып саналады. 
Қалып-күй  немесе  қалып  қатары  негiзгi  терезенiң  төменгi  жағында  орналасқан, 
онда терiлiп жатқан құжат жөнiнде бiрқатар мәлiметтер бар. Қалып-күй қатары көрiнбей 
тұрса  Сервис

Параметрлер  командасын  орындап,  оның  Сыртқы  түр  (Вид)  астарлы 
бетiндегi  Терезе  тобының  Қалып  қатары  (Строка  состояния)  атты  қасиетіне  қанатбелгі 
қою қажет. Қалып-күй қатарының элементтерiн қарастырып өтейiк: 
Элемент аты 
Атқаратын қызметі 
Стр.1 
Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмері (1-бет); 
Разд.1 
Терезедегі  мәтін  бөлігі  нөмірін  көрсетеді,  бұл  элемент 
бөліктерден  тұратын  Басты  құжат  (Главный  документ)  үшін 
ғана қажет; 
¼ 
Мәтіннің  басынан  есептегенде  курсор  тұрған  орын  1  бетте,  ал 
құжат барлығы 4 беттен тұрады; 
На 11,8 см 
Курсор  тұрған  ағымдағы  жолдан  сол  беттің  жоғарғы  шетіне 
дейінгі  қашықтық,  курсор  экранда  көрініп  тұрғанда  ғана 
көрсетіледі; 
Ст 24 
Осы  беттің  жоғарғы  шетінен  курсорға  дейінгі  қатарлар  саны, 
курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі; 
Кол 5 
Осы  қатардың  басынан  курсорға  дейінгі  символдар  саны, 
табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады 
 
 
ЗАП 
Бұл 
да 
курсор 
көрініп 
тұрғанда 
ғана 
көрсетіледі. 
Макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған күйде 
екенін  көрсетеді,  бұл  режимді  іске  қосу  тышқанмен  ЗАП 
батырмасын  көрсетіп  тұрып,  оны  екі  рет  шерту  арқылы 
орындалады; 
 
ИСПР 
Түзетулерді  (исправления)  белгілеу  режимі  екпінді  күйде,  олар 
құжаттың  соңғы  нұсқасына  қандай  өзгерістер  енгізілгенін 
білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышқанды 
екі рет шерту жолымен жүргізіледі; 
 
 
ВДЛ 
Белгілеулерді  кеңейтетін  (расширить  выделения)  F8  пернесі 
екпінді күйде, яғни фрагменті белгілеп алып оны кеңейту режимі 
іске  қосылған,  бұл  режим  белгілеулер  көлемін  F8  арқылы 
кеңейтуге  болатынын  (бір  символға,  сөзге,  сөйлемге  т.б.) 
көрсетіп  тұрады.  Белгіленген  көлемді  кішірейту  –  Shift+F8 
арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады; 
 
ЗАМ 
Символдарды  ауыстыру  (заменить)  режимі  екпінді  күйде 
тұрғанын  көрсетеді,  символдарды  сыналап  енгізу  тәртібі 
(вставка)  орындалса,  ол  солғын  түске  боялады.  Бір  тәртіппен 
екіншісіне  ауысу  ЗАМ  батырмасында  тышқанды  екі  рет  шерту 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
91 
арқылы жүргізіледі; 
 
 
мәтіннің  синтаксистік  қатесін  тексеру  кезінде  оң  жақтағы 
аймаққа шығатын көрсеткіш белгі. Тексеру кезінде кітап бетімен 
жылжып  келе  жатқан  қалам  көрініп  тұрады.  Қате  табылса  «Х» 
белгісі  шығады,  оны  түзету  үшін  тышқанды  сол  белгіде  екі  рет 
шерту керек; 
 
 
Мәтінді  фондық  режимде  дискіге  жазу  кезінде  шығатын 
көрсеткіш. Оң жақ шеткі бос аймаққа қозғалып тұрған осы белгі 
шықса, сақтау әрекетінің орындалып жатқаны; 
 
 
Мәтінді  фондық  режимде  баспаға  шығару  кезінде  шығатын 
көрсеткіш.  Принтер  белгісінің  жанындағы  бүтін  сан  басылып 
жатқан мәтіннің бет нөмірін көрсетеді. Баспаға шығаруды жедел 
тоқтату үшін принтер белгісінде тышқанды шерту жеткілікті. 
Көлденең орналасқан горизонталь сызғыш арқылы тышқан көмегiмен:  

 
абзац алдындағы азат жол басын; 

 
беттiң  сол  жақ  және  оң  жақ  шеттерiнде  қалдырылуға  тиiс  бос  орындар  (поля) 
аумағын;  

 
мәтiн iшiндегi кестелердiң (таблица) бағаналары (тiк жолдарының) енiн; 

 
көлденең  табуляция  позицияларын  өзгертуге,  олардың  жаңа  мәнiн  бекiтуге 
болады. 
Тышқан  курсорымен  осы  шамалардың  мәндерiн  өзгерткенде,  олардың  тек  сол 
абзацқа (курсор тұрған) қатысты екенiн естен шығармаған абзал. 
Ал  ендi  тiк  орналасқан  вертикаль  сызғыш  терезенiң  оң  жақ    жақтауы  бойында 
орналасқан. Оның көмегiмен беттiң жоғарғы және төменгi жақтарында қалдырылатын бос 
орындар аумағын (поля) және де кестелер қатарлары биiктiгiн өзгертуге болады. Тiк, яғни 
вертикаль сызғышты көрсетпей алып та тастауға болады, онда сiздiң мәтiнiңiзге берiлетiн 
орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп тұрса, мәтiндi форматтау жұмыстары жылдамырақ 
орындалады. 
 
2.Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау. 
Word  ортасында  бұрын  дискiге  жазылған  құжатты  ашу  үшiн  Файл

Ашу 
(Файл

Открыть)  командасын  орындағанда  немесе  стандартты  саймандар  тақтасындағы 
 батырмасын шерткенде экранға сұхбаттық терезе шығады (3-сурет). Бұл терезедегі 
бумаларды таңдау қатарынан құжат орналасқан дискіні, буманы және құжатты таңдаймыз. 
Құжатты қатты немесе иiлгiш дискiден, әйтпесе желiдегi басқа дискiден де ашуға болады.  

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
92 
 
3-сурет. Бұрыннан бар құжатты ашу терезесі. 
Қажетті  құжатты  белгілеп  алып  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  үздіксіз  екi  рет 
шертемiз немесе жанама мәзірден Ашу батырмасын таңдаймыз. 
Жаңадан құжатты құру терезесiн ашу үшiн: 
1. Файл мәзірiнiң Құру (Создать) командасын таңдау қажет; 
2.Оның Жалпы (Общие) iшкi бетiн таңдап алып, Жаңа Құжат  (Новый  документ
белгiсiнде тышқанды екi рет шертеміз. 
Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу үшiн сол құжат типiне 
сәйкес iшкi парақты таңдап, қолданылатын нұсқа немесе шебер белгiсiне курсорды алып 
барып тышқанды екi рет шерту керек. Қалаған нұсқа бойынша жаңа құжатты таңдаған соң 
ОК батырмасын басамыз. Мысалы, Резюме типін таңдау 4-суретте келтірілген. 
 
4-сурет. Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу терезесі. 
Word редакторында жаңадан құрылған құжатты дискiге жазып сақтау үшін: 
1)Файл

 ... деп сақтау командасынан кейін шыққан сұхбаттық терезедегі бума аты 
көрсетілген қатардан Диск 3,5 (А:) командасын таңдаймыз. Файлдың атын және типін өз 
қалауымызша өзгертуімізге де болады (5-сурет). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
93 
 
5-сурет. Қажатты иілгіш дискіде сақтау. 
Көрсетiлген уақыт аралығы өткен сайын құжатты автоматты түрде сақтап отыруға да 
болады.  Бұлай  iстеу  компьютер  кездейсоқ  өшiп  қалғанда  мәлiметтi  жоғалтып  алмауға 
мүмкіндік  бередi.  Мысалы,  құжатты  автоматты  түрде  сақтау  аралығы  3  минут  болса, 
компьютер  өшiп  қалғанда,  жоғалатын  мәлiмет  көлемi  соңғы  1-2  минутте  терген 
мөлшермен ғана шектеледi. Ал алдыңғы мәліметтер автоматты түрде сақталады.    
Компьютердi қайта iске қосқанда автоматты түрде жазылып қалған мәлiмет қалпына 
келедi. Бiрақ автоматты күйде сақтап қою iске қосылып тұрса да, жұмыс соңында құжатты 
толық  дискiге  жазып  қою  абзал.  Өйткенi  қалыпты  күйде  жұмыс  аяқталғанда  және  файл 
толық  сақталған  кезде  автоматты  күйде  жазылып  қалған  уақытша  мәлiмет  толық 
өшiрiледi. 
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту үшін: 
1.Сервис  мәзірiнiң  Параметрлер  командасын  таңдап,  оның  Сақтау  (Сохранение) 
атты iшкi бетiн ашу керек; 
2. Автоматты сақтау әрбір:  қасиеттер бөліміне қанатбелгі қою қажет; 
3.Минуттер  жазылатын  өрiске  есте  сақтау  жиiлiгiне  тиiсті  сан  енгiзiледi,  ол  сан  аз 
болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлiмет көлемi азайады; 
4.  Жұмыс  соңында  Файл

Сақтау  командасын  орындау  немесе  Саймандар 
тақтасынан   
  батырмасын  басу  керек.  ОК  батырмасын  басып  берілген  сұхбаттық 
терезеден шығамыз (6-сурет). 
 
6-сурет. Автоматты сақтау бөлімі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
94 
Бір  бума  ішінде  бірдей  атпен  кеңейтілмесі  әртүрлі  болып  келетін  бірнеше 
файлдарды сақтауға болады. Ол үшін Файл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет