Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Сохранить как ... командасы таңдалады да, 
шыққан сұхбаттық терезеде тек қана файл кеңейтілмесі өзгертіліп отырады (7-сурет). 
 
7-сурет. Сақтау командасының сұхбаттық терезесі. 
Мәтiнді форматтау үшiн қажеттi бөлiктi ерекшелеу қажет. Егер форматтайтын 
бөлiк алдын-ала ерекшеленбесе орындайтын әрекет жүзеге аспайды. Мәтінді ерекшелеу 
тәсілдері: 
Ерекшеленетін объект 
Ерекшелеу тәсілі 
Кез-келген элемент немесе 
мәтін бөлігі 
Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде 
ұстап тышқан курсорын ерекшеленетін мәтіннің бір 
шетінен екінші шетіне жылжытамыз
Сөз 
Қажетті сөзде тышқанның сол жақ батырмасын 
үздіксіз екі рет шерту; 
Сөйлем 
CTRL пернесін басулы күйде тышқанның сол жақ 
батырмасын қажетті сөйлемде бір рет шерту; 
Абзац  
Белгіленген абзац ішінде тышқанның сол жақ 
батырмасын үздіксіз үш рет шерту; 
Әр жерде орналасқан 
бірнеше абзацты белгілеу 
Бірінші абзацты белгілеп алған соң CTRL пернесін 
басулы күйде ұстап тышқанның сол жақ 
батырмасымен қалаған абзацтарды белгілейміз; 
Мәтіннің тіктөртбұрышты 
блогы 
ALT пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ 
батырмасын басулы күйінде курсорды керекті 
орынға дейін жылжыту; 
Барлық құжатты түгелдей 
Түзету

 Түгелімен белгілеу командасы немесе 
CTRL+A (CTRL+5) пернелер комбинациясын басу 
керек; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
95 
Бір символ оңға 
Shift+

 
Бір символ солға 
Shift+

 
Бір қатар төмен 
Shift+

 
Бір қатар жоғары 
Shift+

 
Сөз соңына дейін ерекшелеу  Shift+Ctrl+

 
Сөз басына дейін ерекшелеу  Shift+Ctrl+

 
Қатар соңына дейін 
ерекшелеу 
Shift+End 
Қатар басына дейін 
ерекшелеу 
Shift+Home 
Абзац соңына дейін 
Shift+Ctrl+

 
Абзац басына дейін 
Shift+Ctrl+

 
Құжат соңына дейін 
Shift+Ctrl+End 
Құжат басына дейін 
Shift+Ctrl+ Home 
 
Мәтiнді ерекшелеуден алып тастау үшiн: 
1)Белгiленбеген бос аймақта тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;  
2)Курсорды басқару пернелерінiң (







) бiрiн басу қажет. 
 
Мәтiнді белгiлегеннен  кейiн  форматтауды  Формат  мәзірiнiң  немесе  саймандар 
тақтасындағы “Форматтау” батырмаларының көмегiмен де орындауға болады.  
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
MS Word – программасы кандай программалар тобына жатады? 
2.
 
MS Word программасының кеңейтілімі қандай? 
3.
 
MS Word  терезесінің бөліктерін атаңыз. 
4.
 
Мәзірлер қатарының атқаратын рөлі қандай? 
5.
 
Стандарты және саймандар тақтасының айырмашылықтары бар ма? 
6.
 
CTRL+C, CTRL+O, CTRL+S, CTRL+V, CTRL+X пернелерінің атқаратын 
қызметтері қандай? 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2. Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3. Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.  Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.  А.В.Андреев,  И.Б.Беккерман,  В.И.Гриднев  «Основы  информатики  и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
96 
11.  Қ.А.Ахметов,  Б.Д.Шарипова,  Г.К.Ордабаева,  А.А.Тенгаева  «Информатика», 
Алматы, 2007ж. 
12.  «Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  бойынша  электронды  оқулық» 
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж. 
 
№6 ДӘРІС  
 
Тақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 
 
1. Кестелердi құру. 
2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу. 
3. Құжатты баспаға шығару. 
 
1. Кестелердi құру. 
 Word  мәтіндік  редакторы  жұмыс  кезiнде  реттелген  ақпаратты  жиі  пайдаланамыз. 
Осындай  реттелген,  ықшам  ақпаратты  сақтаудың  ең  қолайлы  тәсілі  кестелер  болып 
табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет 
орналастыруға болады. Кесте құру үшін: 
1)Стандартты  саймандар  тақтасындағы 
  Кесте  қосу  батырмасы  –  экранда 
көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру; 
2)Кесте

Кесте сызу командасы – құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы 
шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз; 
3)Кесте

Кесте  қосу  командасы  –  шыққан  сұхбаттық  терезеде  қажетті  баған  және 
қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру. 
Нұсқасы  салынған  кестелердi  толықтыра  отырып  өңдеу  iсi  Кесте  (Таблица)  мәзірi 
арқылы  орындалады.  Оның  құрамында  кестеге  қосымша  бағаналар  немесе  қатарлар 
қосатын,  екi  бағананы  (қатарды)  бiрiктiретiн,  қажет  емес  бағаналарды  (қатарды)  алып 
тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет). 
 
8-сурет. Кесте

Кесте қосу (Таблица

Добавить таблицу) командасы. 
 
Бұл  мәзірдiң  ең  бiр  жақсы  мүмкiндiктерiнiң  бiрi  –  алдын  ала  терiлген  мәтіндердi 
кестеге  түрлендiру  (Преобразовать  в  таблицу…)  және  керісінше.  Ол  үшiн  терiлген 
мәтіннiң  бағанаға  бөлiнетiн  аралықтарына  кестелеу  таңбасы  орналастырылады.  Ол 
таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция 
таңбасы)  болуы  мүмкiн.  Көбiнесе  бағана  аралықтары  ;,  :  немесе  табуляция  (

) 
таңбаларының  бiрiмен  бөлiнiп  тұруы  тиiс.  Сонан  соң  кестеге  түрленетiн  мәтін  аумағын 
ерекшелеп  аламыз  да,  Кесте

Кестеге  түрлендiру  командасын  орындаймыз.  Сол  сәтте 
бағана  саны  мен  олардың  аралығын  бөлу  таңбасын  көрсетудi  талап  ететiн  сұхбаттық 
терезесi  экранға  шығады  (9-сурет).  Бұл  терезедегi  бағаналар  саны  автоматты  түрде 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
97 
анықталады,  ал  бөлу  таңбасын  (разделитель)  өзiмiз  енгiзумiз  немесе  таңдап  алуымыз 
қажет. 
 
 
9-сурет. Кесте

Түрлендiру

Мәтінді кестеге түрлендіру командасы. 
Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерiн белгiлеп көрсету үшiн қолданылады. 
Кесте

Торды  бейнелеу  (Таблица

Отображать  сетку)  командасы  тор  сызықтарын 
бейнелеп көрсетуге, ал Кесте

Торды жасыру (Таблица

Скрыть сетку) командасы тор 
сызықтарын  жасыруға  мүмкiндiк  бередi.  Бұл  команда  ауыстырғыштар  тобына  жатады, 
яғни  оны  бiрiншi  рет  орындау  нәтижесiнде  экраннан  тор  сызықтары  алынып  тасталса, 
команданы қайтадан орындау – тор сызықтарын қайтадан экран бетiне шығарады. 
Word құжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жiңiшке қара сызықпен 
бөлiнiп тұрады. Кесте ұяшықтарында мәтiннен бөлек ұяшық символы және қатар символы 
белгiлерi болады, олар қағазға түспейдi, экранда тек арнайы режимде ғана көрiнiп тұрады. 
(10-сурет). 
 
 
10-сурет.Кесте бөлiктерiн өзгерту. 
   Word  редакторында  кестелердi  өңдеудiң  көптеген  мүмкiндiктерi  –  ұяшықтағы 
мәлiметтердiң  орнын  ауыстыру  және  көшiрмелерiн  алу,  торлардың  биiктiгi  мен  енiн 
өзгерту  т.б.  бар.  Ол  үшiн  кестелердiң  өңдеуге  арналған  белгiлi  бiр  бөлiктерiн  алдын  ала 
таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет. 
Кесте мәзірiндегi Кесте қасиеті (Свойства таблицы) командасы Кесте (Таблица), 
Қатар (Строка), Баған (Столбец) және Ұяшық (Ячейка) ішкі бөлімдерінен тұрады. Бұл 
команданың  көмегiмен  бағаналар  енi  мен  биiктiгiн  өзгертуге  болады.  Экран  бетiне 
шыққан  сұхбаттық  терезеде  қажеттi  параметрлер  енгiзiледi.  Осы  тәсiлмен  бағана  енiн 
өзгерту үшiн: 
1)Енi өзгертiлетiн бағананы белгiлеу керек; 
2)Кесте мәзірiндегi Баған (Столбец) ішкі астарлы бетiн ашу қажет
3)Еннiң  нақты  сандық  мәнiн  “Бағана  енi”  өрiсiне  енгiзу  немесе  оның  мәлiметiне 
сәйкес  еннің өлшемін  орнатамыз (11-сурет);  

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
98 
 
11-сурет. Кесте мәзірінің Бағана астарлы беті. 
Дәл осылай кестенің қатарының биіктігін де өзгертуге болады. 
Кесте  құрылған  соң  оның  құрылымын  оған  қатарларды  және  бағаналарды  енгiзу 
жолымен  немесе  олардың  кейбiрiн  өшiре  отырып  өзгертуге  болады.  Кесте  құрылымына 
енгiзiлетiн  бiрнеше  өзгертулердi  –  Кесте  мәзірiндегi  Енгiзу  (Вставить)  және  Жою 
(Удалить) командалары арқылы орындай аламыз. Оның нақты түрi команданы шақырмас 
бұрын  кестенiң  қандай  элементтерi  (ұяшықтар,  қатарлар  немесе  бағаналар)  таңдап 
алынғанымен анықталады. 
Кестедегi қатар немесе бағананы алып тастау үшiн: 
1. Жойылуға тиiс элементтердi белгiлеп аламыз; 
2.  Кесте  мәзірiнiң  Қатарларды  жою  немесе  Бағаналарды  жою  командаларының 
бiрiн орындау керек. 
Кесте iшiндегi мәлiметтi ғана (қатар немесе бағана жойылмайды) өшiрiп тастау үшiн 
өшiрiлуге тиiс мәлiметтердi белгiлеп алып Del пернесiн басу керек. 
Қатарларды  немесе  бағаналарды  қосымша  енгiзу  үшін  қатарды  немесе  бағананы 
белгiлеп  аламыз  да  Кесте  мәзірiнен  “Қатарларды  қосу”  (Добавить  строки)  немесе 
Бағаналар  қосу”  (Добавить  столбцы)  командаларының  бiрiн  таңдаймыз  немесе 
стандартты саймандар тақтасынан осы командаға сәйкес батырмаларды (
  немесе 

бассақ та болады. 
Кесте

Қатарларды  енгiзу  (Добавить  строки)    командасын  таңдағанда  жаңа  қатар 
ағымдағы қатардан жоғары қосылады, ал одан төмен орналасқан қалған барлық қатарлар 
төмен қарай жылжиды. Бағананы қосу барысында жаңа бағана ағымдағы бағананың сол 
жағына қосылады. 
Егер  кесте  соңына  жаңа  жол  қосу  қажет  болса,  онда  курсорды  кестенiң  соңғы 
ұяшығына алып барып Tab пернесiн басамыз.  
Бағананың  оң  (сол)  жағына  қосымша  бағана  енгiзу  үшiн  ұяшыққа  курсорды 
орналастырып  Кесте

Кірістіру

Бағана  оң жақтан  (Бағана  сол  жақтан)  командасын 
таңдау жеткiлiктi.  
Егер  кесте  соңына  тағы  бiрнеше  бағаналар  қосу  қажет  болса,  онда 
Түзету

Бағандарды кірістіруді қайталау командасын қайталаймыз немесе F4 пернесiн 
қанша бағана қосқымыз келсе, сонша рет басамыз. 
Кесте  соңына  бiрден  бiрнеше  бағаналарды  қосу  үшiн  кестенiң  оң  жағынан  бастап, 
қажетті бағананы белгiлеп аламыз да  Кірістіру

Баған оң жақтан (Баған сол  жақтан) 
командасын  орындаймыз  немесе  саймандар  панелiндегi 
  батырмасын  басамыз. 
Нәтижесiнде  бағаналардың  қажеттi  саны  қосылады,  бiрақ  олар  кестенiң  ортасында 
орналасатын  болады.  Мұнан  кейiн  кестенiң  соңында  орналасқан  бағаналарды  қайтадан 
белгiлеп, олардың мәлiметiн керектi орнына жылжыту қажет. 
Қатарларды (немесе бағаналарды) жою үшiн, сол элементтердi таңдап аламыз, содан 
кейiн  Кесте

Жою

Қатарлар  немесе  Кесте

Жою

 
Бағандар  командасын 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
99 
орындаймыз. Кесте

Жою

Қатарлар командасын орындау нәтижесiнде таңдап алынған 
қатарлар  жойылады,  ал  одан  төменде  орналасқан  қатарлар  жоғары  жылжиды. 
Бағаналарды  жою  барысында  жойылған  бағаналардың  оң  жағында  орналасқан  барлық 
бағаналар солға қарай жылжиды. 
Егер  бірнеше  ұяшықтарды  біріктіру  қажет  болса,  сол  ұяшықтарды  белгілеп  алып  
Кесте

Ұяшықтарды 
біріктіру 
(Таблица

Объединить 
ячейки) 
командасын 
орындаймыз  немесе  стандартты  құрал-саймандар  тақтасындағы 
батырмасын 
басамыз.  Ал  егер  бір  ұяшықты  бернеше  бағанға  бөлу  қажет  болса,  ұяшықты  белгілеп 
алғаннан  соң  Кесте

  Ұяшықтарды  бөлу  (Таблица

Разбить  ячейки)  командасын 
орындаймыз  немесе  стандартты  құрал-саймандар  тақтасындағы 
  батырмасын 
басамыз. 
Егер  де  ұяшықты  мәлiметтен  тазарту  қажет  болса  (яғни  ұяшықты  жоймай-ақ  оның 
iшiндегiсiн  жою),  онда  ұяшықтардағы  мәлiметтердi  белгiлеп  аламыз  да  Del  немесе 
Backspace пернесiн басамыз. 
 
2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу. 
 
Қарапайым  графикалық  элементтердi  (түзу  сызық,  қисық  сызық,  дөңгелектер,  iшi 
боялған,  боялмаған  көпбұрыштар,  т.б.  геометриялық  фигураларды)  Word  құрамындағы 
графикалық редактордың көмегiмен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек 
редактордың  беттердi  белгiлеу  (разметка  страницы)  режимiнде  ғана  жұмыс  iстеуге 
болады.  Әртүрлi  геометриялық  фигураларды  сызу  үшiн  Сурет  (Рисование)  саймандар 
тақтасы  пайдаланылады.  Бұл  саймандар  тақтасы  сурет  салуға  және  графикалық 
объектiлердiң  барлық  түрiн  басқаруға,  форматтауға  арналған.  Саймандар  тақтасын 
экранға  шығару  үшiн  Түр

  Сурет  (Рисование)  командасын  орындаймыз  немесе 
стандартты саймандар тақтасындағы 
 батырмасын шертемiз (12-сурет). 
 
 
12-сурет. Сурет (Рисование) командасының саймандар тақтасы. 
 
Кәдiмгi  түзу  сызықты  сызу  үшiн  Сурет  саймандар  тақтасындағы 
    Сызық 
батырмасын  шерту  керек.  Егер  сызықтың  түрiн  таңдау  қажет  болса  Автофигуралар 
батырмасын шертiп, қажеттi сызық түрiн көрсеткеннен кейiн курсорды жұмыс алабында 
жылжыта  отырып,  таңдаған  сызықты  саламыз.  Сызықтың  иiлу  бұрышы  15  градусқа 
қысқару үшiн курсорды жылжыту кезiнде  SHIFT пернесiн, ал сызық  бастапқы нүктеден 
екi жаққа бiрдей сызылу үшiн CTRL пернесiн басулы күйде ұстау қажет. 
Дөңгелектер  мен  эллипстердi  салу  үшiн  эллипс  бейнесi  тұрған  батырманы  басып 
курсорды  бастапқы  нүктеге  орналастырып,  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басулы 
күйде ұстап тұрып, эллипстi қажеттi мөлшерге дейiн үлкейту керек. Осы әрекеттi орындау 
кезiнде  эллипс  центрi  де  жылжытылып  отырады,  оны  бiр  нүктеге  бекiтiп  алу  үшiн  салу 
кезiнде Ctrl пернесiн басып ұстап тұрамыз. Шеңбер салу кезiнде Shift пернесiн жiбермей 
ұстап  тұру  керек,  оның  да  центрiн  жылжытпай  бекiту  мақсатында  Ctrl  және  Shift 
пернелерiнiң екеуiн де  жiбермей ұстап тұруға болады.  
Тiктөртбұрышты  тұрғызу  үшiн  алдымен  оның  бейнесi  тұрған  батырманы  басып, 
содан  кейiн  курсорды  тiктөртбұрыш  төбелерiнiң  бiрiне  сәйкес  келетiн  нүктеге  апарып 
тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басып,  оны  жiбермей  ұстап  тұрып  тiктөртбұрышты 
толық  етiп  салу  керек.  Ctrl  пернесiн  басып  тұрып  тiктөртбұрыштың  центрiн  белгiлi  бiр 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
100 
орынға бекiтуге болады. Ал квадрат салу барысында Shift пернесiн басулы күйде ұстап 
тұру қажет.  
Салынған  объектілерді  өз  қалауымыз  бойынша  түстермен  бояу  үшін  саймандар 
тақтасынан 
    батырмасын  шерту  арқылы  қажетті  түсті  таңдаймыз  (13-
сурет).Мысалы:  
 
 
13-сурет. Объектілерді бояу. 
14-суретте  көрсетiлген  кез  келген  фигураны  Автофигуралар  батырмасын    шертiп, 
қажеттi  фигураны таңдаған соң экранда тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде 
жылжыту арқылы сала аламыз.  
 
14-сурет. Автофигуралар батырмасы. 
Ал Жұлдызшалар  және ленталар (Звезды и ленты) тiзiмiнен суретте көрсетiлген 
бейнелердi экранға шығара отырып, көлемiн ұлғайтып iшiне мәтiн жазу мүмкiндiгi бар.    
Түсiндiрмелер  (Выноски)  тiзiмiндегi  фигураларды  пайдаланып,  кез  келген  суреттi 
немесе кестенi т.б. нұсқай отырып түсiндiрме жазуға болады. 
Блок-схемалар  тізімінде  алгоритмді  блок-схема  түрінде  бейнелеуге  қажетті 
фигуралар тізімі көрсетілген. 
Фигуралы  бағыттауыштар  (Фигурные  стрелки)  тізімінен  әр  түрлі  бағыттағы 
фигуралық бағыттауыштарды алуға болады. 
Негізгі  фигуралар  (Основные  фигуры)  тізімінде  әр  түрлі  негізгі  геометриялық 
фигуралар тізімі келтірілген (тіктөртбұрыш, параллелограмм,трапеция және т.б.). 
Біріктіруші  сызықтар  (Соединительные  линии)  тізімінде  үш  түрлі  біріктіруші 
сызықтар бар: тік,біріктірілген және қиғашталған сызықтар (15-сурет). 
  
 
15-сурет. Біріктіруші сызықтар. 
 
Автофигураларды таңдап болғаннан соң объектіден объектіге дейінгі байланыс көк 
түске боялады. Бұл түс қай жерге байланыстың қажет екендігін көрсетеді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
101 
Сурет  саймандар  тақтасында  Қисықты  сызу  үшiн  Автофигуралар

Сызықтар 
(Автофигуры

Линии)  командасын  орындап, 
  Қисық  батырмасын  таңдаймыз  да 
сызықты бастайтын орында тышқанның сол жақ батырмасын бiр рет шертемiз, одан кейiн 
курсорды  жылжыта  отырып  келесi  ұштары  тұратын  жерлерде  шертемiз.  Қисықты 
тұйықталмаған  күйiнде  қалдыру  үшiн  оның  кез  келген  нүктесiнде  тышқанды  екi  рет 
шертемiз.  Ал  тұйықтау  үшiн    тышқан  батырмасын  сызық  басталған  нүктеде  екi  рет 
шертемiз (16-сурет). 
 
 
16-сурет. Автофигуралар батырмасының  
көмегімен енгізілген қисықтар. 
 
Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар мәзірiндегi 
 
Салынған  қисық  (Рисованная  кривая)  және 
 
Көпсызық  (Полилиния) 
саймандарының көмегiмен әртүрлi сызықтар және бiрiктiрiлген формалар салуға болады. 
Салынған сызықты өзгерту үшiн, суретте тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту 
арқылы  белгiлеп  алған  соң  жанама  мәзірдiң  Түйiндердi  өзгертудi  бастау  (Начать 
изменение  узлов)  командасын  қолданамыз.  Түзу  және  қисық  сызықты  кесiндiлерден 
тұратын 
объектiнi 
салу 
үшiн 
Автофигуралар

Сызықтар

Көпсызықтар 
батырмаларын  шертемiз.  Қисық  сызықты  кесiндiлердi  тасымалдау  жолымен  салған  өте 
тиiмдi. 
Word мәтiн редакторында жақтау мен жақтау iшiндегi мәтiн “графикалық объект” 
ретiнде қарастырылады – яғни оны бiр беттен екiншi бетке графикалық объектiлер сияқты 
тасымалдауға, өлшемiн өзгертуге болады. Жақтау iшiне мәтiн енгiзу үшiн:  
1)Енгiзу

Жақтаудағы    жазба  (Вставка

Надпись)  командасын  орындаймыз 
немесе Сурет саймандар тақтасындағы 
 батырмасын шерту қажет; 
2)Тышқан  курсорын  Жақтау  тұратын  жерге  орналастырып,  тышқанның  сол  жақ 
батырмасын  басулы  күйiнде  жылжыта  отырып,  тiк  төртбұрышты  жақтауды  салғаннан 
кейiн қажеттi мәтiндi iшiне терiп жазамыз. 
3)Жақтауды және оның iшiндегi мәтiндi форматтау үшiн, оны белгiлеп алып жанама 
мәзірден Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасын орындағанда ашылған 
сұхбаттық терезесiн пайдаланамыз. (17-сурет). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
102 
 
17-сурет. Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасы. 
 
Бұл сұхбаттық терезе Түстер және сызықтар, Өлшемi, Орналасуы, Сурет, Жазба 
және Веб астарлы беттерiнен тұрады. Мұнда: 
а)жақтау  iшiнiң түсiн және шекара сызығының түрiн, қалыңдығын таңдай аламыз;  
ә)жазбаның биiктiгi мен енi бойынша өлшемiн;  
б)абзацтан,  парақ  шетiнен,  бағанадан  горизонталь  және  вертикаль  бойынша 
орналасуын анықтай және өзгерте аламыз; 
в)мәтiннiң орналасуын таңдай аламыз.. 
Жақтау iшiне жазылған мәтiннiң мүмкiндiктерi
1.құжаттың бiр бөлiгiнен басқа бөлiгiне тасымалдауға болады; 
2.Сурет  саймандар  тақтасындағы  батырмалардың  көмегiмен  форматтауға  болады. 
Бұл кезде көлемдi эффектiлер, көлеңкелер, шекаралардың түстерi мен стильдер және iшiн 
бояу батырмалары қолданылады;  
3.Формат  мәзірiндегi  Мәтiннiң  бағыты  (Направление  текста)  командасын 
пайдалануға болады; 
4.Мәтiнге  енгiзiлген  немесе  салынған  объектiлермен  топқа  бiрiктiруге  және  осы 
топқа қолданылатын барлық  командаларды пайдалану мүмкiндiктерi бар. 
Word  құрамындағы  графикалық  редактордың  көмегiмен  кез  келген  элементтi  тiк 
немесе  көлденең  бағытта  90
0
  немесе  180
0
-қа  бұрып  орналастыруға  болады.  Бұл 
мүмкiндiктердi  симметриялы  түрде  салынған  суреттер  үшiн  қолдануға  болады.  Бұратын 
геометриялық 
фигураны 
белгiлеп 
алғаннан 
кейiн 
Iс-әрекет

Бұру/көрсету 
(Действия

Повернуть/отразить)  командасын  орындап,    қажеттi  бұру  параметрiн  таңдау 
қажет (18-сурет). 
 
18-сурет.Iс-әрекет

Бұру/көрсету (Действия

Повернуть/отразить) командасы. 
 
Бiр  автофигураны  басқамен  алмастыру  мүмкiндiгi  бар.  Алмастыратын  фигураны 
белгiлеп  алған  соң,  Iс-әрекет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет