Ф ут 703-05-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Смж ут. Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата07.04.2017
өлшемі5,89 Mb.
#11216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Сегіздік санақ жүйесі. Сегіздік санау жүйесі, яғни 8 негіздеуші санау жүйесі, сегіз цифрдың 
көмегімен санды көрсетеді:  0, 1,2, 3,  4,  5,  6,  7.  Мысалы,  357  сегіздік  санда  жеті  бірлік, бес  сегіз 
және  квадраты  үш  сегіз  бар,  яғни  3578=3*82+5*81+7*80,  мұнда  357  санының  индексі  "8"  санау 
жүйесін  білдіреді.  Жазылған  қосындыда  ондық  жүйенің  ережесі  бойынша  арифметикалық 
әрекеттерді орындай отырып, 3578=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес 
келеді. 
Он  алтылық  санақ  жүйесі.  Екілік  санау  жүйесін  компьютерден  тыс  жерде  қолдану  өте 
қолайсыз екенін сіз білесіз. Мысалы, 895128
10
=11011010100010011000
2

Екілік  санды  жазуды  қысқарту  үшін  16  негіздеуші  бар  санау  жүйесі  қолданылады.  Бұл 
жүйені  он  алтылық  деп  атайды.  Он  алтылық  позициялық  санау  жүйесінде  санды  жазу  үшін 
ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу 
үшін  ондық  сандарының  мәні  10,  11,  12,  13,  14  және  15  болатын  сәйкес  латын  алфавитінің 
алғашқы  үлкен  әріптері:  А,  В,  С,  В,  Е,  Ғ  қолданылады.  Осылайша  ондық  жүйенің  барлық 
цифрлары  және  сонымен  қатар  латынның  алты  әріптері  он  алтылық  жүйенің  "цифрлері"  болып 
табылады. 
Он алтылық жүйенің барлық цифрларын келтірейік: 0,1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, А, В, С, В, Е, Ғ. 
Он  алтылық  санау  жүйесінде  ондық  жүйеде  15+1=16  дегенге  сәйкес  Ғ  санынан  кейін  Ғ+1  саны 
келеді. 
Сондықтан он алтылық сандарда, мысалы, ЗЕ5А1 түрі болуы мүмкін. Осы санды негіздеуіші 
16 қосындысы түрінде есептеп жазсақ, мынаны аламыз: 
ЗЕ5А1
16
 =3*16
4
+Е*16
3
+5*16
2
+А*16
1
+1*16°. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
56 
Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай және А=10, Е=14 
ескере отырып, ЗЕ5А1
16
=255393
10
 аламыз. Ондық жүйеге карағанда он алтылық жүйе өте тұрақты 
екенін байқаңыз. 
3. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. 
 
 
1)
      2)   
 
3)
 
4)Дербес компьютерлер 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
57 
 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
58 
2.Дербес компьютердің бөліктері және олардың мақсаты. 
 
 (1-сурет) 
 
 
  1-сурет. Аналық тақша 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
59 
 
2-сурет. Жүйелі қорап (блок) көрінісі. 
 
 
3- сурет. Оперативті жады. 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
60 
 
4-сурет. Процессор немесе микропроцессор. 
 
5-сурет.Тұрғылықты немесе қатты диск. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
61 
 
6-сурет. Иілгіш диск. 
CD  және    DVD  диск  жетектері  мәліметтерді  ықшам  дисктерге  жазуға  және  оқуға 
мүмкіндік  береді.  CD және  DVD  дисктер  –  ауыспалы  тасымалдаушылар.  CD  дискке  700 
Мб-тан жоғары, ал DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды. 
Дискілер бір рет жазылаты (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW 
және DVD-RW) болады (7-сурет). 
 
7-сурет. CD және DVD диск жетектері. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
62 
 
8-сурет.Бейнебейімдеуіш (видеокарта). 
 
 
9-сурет. Дыбыстық тақша (звуковая карта). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
63 
 
10-сурет. Порттар. 
 
 
- Сыртқы модемдер: 
Omni 56 K Duo EXT 
Acorp 56EUS EXT 
US Robotics Courier 56k EXT 
 
Жылдамдығы  56К 
 
 
Жылдамдығы макс 
56К 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
64 
макс 
Интерфейс 
RS-232, USB 
 
Жылдамдығы макс  56К 
Интерфейс 
USB 
 
Интерфейс 
RS-232 
 
- ішкі модемдер: 
Omni 56K PCI INT 
Acorp 56600 INT 
 
Жылдамдығы макс 
56К 
Интерфейс 
PCI 
 
 
Жылдамдығы макс 
56К 
Интерфейс 
PCI 
 
11-сурет. Модемдер. 
 
   
12-сурет. Флоппи және флеш дискілер. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
65 
 
13-сурет.CD және DVD дискілер. 
 
ДК-дің қосымша бөліктері: 
1. Принтер- мәтіндік және графикалық ақпаратты баспаға шығаруға арналған 
құрылғы. 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
66 
 
2. Сканер – ДК-ге мәтін, сурет, слайд және басқа да графикалық ақпаратты 
енгізуге арналған құрылғы. 
 
 
3.  Дыбыс  зорайтқыштар  (колонкалар)  –  дыбыс  және  әуендерді  жаңғыртуға 
арналған.  Егер  ДК-де  дыбыс  колонкалара  мен  дыбыстық  тақша  бар  болса,  онда  оны 
мультимедиялық деп атайды. Мультимедиа – бұл дыбыс пен бейненің (видео) бірігуі.   
 
3.ДК-де жұмыс жасау ережелері. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
67 
 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
68 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Санау жүйесі дегеніміз не? 
2.
 
Позициялық санау жүйесі мен позициялық емес санау жүйесінің 
айырмашылықтары неде? 
3.
 
Позициялық санау жүйесінің негізі дегенімңз не? 
4.
 
Буль алгебрасының логикалық схемасын түсіндіріңіз? 
5.
 
Дербес компьютердің негізгі және косымша құрылғыларын атаңыз? 
6.
 
Процессор дегеніміз не? 
7.
 
Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы кандай? 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев  «Специальная информатика», Москва,  «Аст – 
Пресс – книга», 2003г. 
2.Симонович С. В. И др.   «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г. 
3.Фигурнов В.Э.   «IBM PC для пользователя», Москва,  ИНФРА-М,  -1998г.,  изд.7. 
4.Е.К.Балапанов,  Б.Бурибаев  «Новые  информационные  технологий.  30  Уроков  по 
информатике», Алматы, 2001г. 
5.А.В.Андреев, 
И.Б.Беккерман, 
В.И.Гриднев 
«Основы 
информатики 
и 
вычислительной техники», «Феникс», 2002г. 
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г. 
7.Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г. 
9.М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004. 
10.О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
69 
№3 ДӘРІС  
Тақырыбы:  Қазіргі  замандағы  программалық  құралдар.  Операциялық  жүйелер 
және программалау жүйелері. Программалау жүйесінің программалық, 
тілдік  және  информациялық  жабдықталуы.  Қазіргі  замандағы 
программалық құралдар. 
1.
 
Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 
2.
 
Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары. 
3.
 
Қазіргі замандағы программалық құралдар. 
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. 
Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді: 
-
 
жүйелік программалар 
-
 
қолданбалы программалар. 
 
Қолданбалы  программалар  –  белгілі  бір  мамандық  саласында  берілген  нақты 
есептерді  шығара  алатын  әмбебап  программалар  жиынтығы  (мәтіндік  редакторлар, 
электрондық кесте, программалау тілдерінің программалары т.с.с.) 
 
Жүйелік программалардың түрлері: 
-
 
операциялық жүйелер (ОЖ) 
-
 
утилиттер 
сервистік программалар. 
ДК-ің бағдарламалық қамтамасыздандыруы туралы түсінік 
Бағдарлама дегеніміз команданың реттелген тізімі. 
Кез  келген  компьютерлік  бағдарламаның  соңғы  мақсаты  –  компьютердің  аппараттық 
құрылғыларын басқару. 
Есептеу  жүйесінің  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  құрамы  оның  конфигурациясы  деп 
аталады. 
Бағдарламалар арасындағы байланыс бағдарламалық интерфейс деп аталады. 
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БК) деңгейлері, оның келесі деңгейі алдыңғы деңгейіне 
негізделетін пирамиданы  сипаттайды: 
а) Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру; 
ә) Қызметші бағдарламалық қамтамасыздандыру; 
б) Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру; 
в) Базалық бағдарламалық қамтамасыздандыру. 
1.
 
 БК базалық деңгейі ең төменгі деңгей.  Ол компьютер жабдықтарының базалық құрамына 
кіріп, тұрақты еске сақтау құрылғысы (ПЗУ) деп аталатын арнайы микросхемаларда сақталады. БК 
тұрақты еске сақтау құрылғысына компьютерді жасаушы заводта жазылады және ДК-ні пайдалану 
кезінде БК өзгертуге болмайды. 
2.
 
БК  жүйелік  деңгейі  өтпелі  болып  саналады.  Бұл  деңгейдің  бағдарламалары  басқа 
бағдарламалардың аппараттық қамтамасыздандырумен және базалық деңгейлі бағдарламалармен 
әрекеттестігін қамтамасыздандырады. 
Нақты  құрылғылармен  іс-әрекеттестігіне  жауап  беруші  бағдарламалар  бұл  құрылғылардың 
драйверлері деп аталады.   

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
70 
Қолданушының    компьютермен  жұмыс  істеу  қолайлығын  қамтамасыздандыратын 
бағдарламалар қолданушы интерфейсін қамтамасыздандыратын құрылғылар деп аталады. 
3.
 
БК  қызметші  деңгейі.  Бұл  деңгейдегі  бағдарламалар  базалық  және  жүйелік  деңгейдегі 
бағдарламалармен  әрекеттеседі  және  олар  утилиттер  деп  аталады.  Оның  негізгі  қызметі: 
компьютерді тексеру, жөндеу және баптау. 
4.
 
БК қолданбалы деңгейі – қолданбалы бағдарламалар комплексі. Олардың көмегімен нақты 
тапсырмалар орындалады. 
Қолданбалы бағдарламалар құралдарының жіктелуі 
1.
 
Мәтіндік редакторлар. Мәтіндік мәліметтерді енгізуге және редакциялауға арналған. 
2.
 
Мәтіндік процессорлар. Мәтінді енгізу және редакциялау мен қоса безендіру (пішімдеу) 
мүмкіндігін береді. 
3.
 
Графикалық редакторлар. Графикалық ақпаратты құру және өңдеу үшін қолданылады. 
Олардың келесі түрлерін атауға болады: 

 
Растрлық  редакторлар  –  графикалық  объектіні    нүктелер  комбинациясы  түрінде   
бейнелейді.  Бұл  редакторлар  бейнелерді  өңдеуде, фороәсер және  көркем  композициялар    құруда 
қолданылады.  

 
Векторлық  редакторлар.  Бұл  редактор  негізі  –  сызық,  мұндағы  бейнелер  компьютерге 
сканерден  енгізіледі,  ал  редактор  оған  әртүрлі  әсер  береді.  Бұл  редакторлар  жарнамада  әртүрлі 
мұқабаларды безендіру үшін қолданылады. 

 
Үш  өлшемі  гафикалық  редакторлар  (3D-анаматорлар)  көлемді  бейнелерді  құруға 
арналған. 
4.
 
Мәлеметтер  базасын  баскару  жүйесі  (МББЖ)  кестелік  құрылымда  құрылған 
мәліметтердің үлкен массивтерін бейнелейді. 
5.
 
Электронды  кестелер  -  әртүрлі  типті  сандық  мәлеметтерді  сақтайтын  және  өндейтін 
комплексті құралдар. 
6.
 
Автоматты 
жобалау 
жүйелері 
(АЖЖ) 
жобалау-конструкторлы 
жұмыстарды 
автоматтандыруға арналған. 
7.
 
 Шағын баспалық жүйелер полиграфикалық баспа беттерін дайындауға арналған. 
8.
 
Эксперттік  жүйелер  база  құрамындағы  мәліметтерді  анализдеуге  арналған.  Мысалы, 
медициналық  эксперттік  жүйе  ауыру  белгісінің  жиынына  байланысты  диагноз  қойып,  дәрілерді 
қабылдау мөлшерін белгілейді. 
9.
 
 Web-редакторы Интернетте парақтар құру үшін қолданылады. 
10.  Броузерлер электронды құжаттарды қарастырып, ән мен адам сөзін  шығарады. 
11.  Шағын  іс  жүргізу  жүйесі  әртүрлі  құжаттарды  құрады,  түзетеді  және  безендіреді, 
сонымен    қатар анықтама ақпаратын береді. 
        12.  Бухгалтерлік жүйелер бухгалтерлік құжаттарды дайындап жүргізеді. 
13. Қаржы аналитикалық жүйе банкілік және биржалық құрылымдарда қолданады. Елдегі 
экономиколық жағдайды бақылау мүмкіндігін береді. 
14. Геоақпараттық жүйелер (ГИС) топографиялық және аэрокосмостық әдістермен алынған 
ақпарат негізіндегі картографиялық және геодезиялық жұмыстарды атқаруға арналған. 
15. Бейне монтаж жүйелері бейне ақпаратты құрады және өңдейді. 
Қызметші бағдарламалар құралдарының жіктелуі 
1.
 
Файл  диспетчерлері  файлдар  мен  бағдарламаларды  құруға,  іздеуге,  атын  және  орнын 
ауыстыруға, көшіруге, өшіруге арналған. 
2.
 
Мәліметтерді  тығыздау  құралдары  (архиваторлар)  мәліметтердің  жинақталған  түрін 
сақтауға арналған. 
3.
 
Диагностика  құралдары  компьютерлік  жүйе  жұмысындағы  жинақталған  ақпаратты 
тексереді және шығарады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
71 
4.
 
Бақылау  құралдары  (мониторинг)  компьютерлік  жүйеде  атқарылатын  процестерді 
бақылау мүмкіндігін береді. 
5.
 
Орнату  мониторы  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  орнатуды  бақылау  үшін 
қолданылады. 
6.
 
Коммуникация құралдары басқа компьютерге қосылу жұмысын атқарады. 
7.
 
Компьютер қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәліметтерді қорғау жұмысын атқарады.  
6 Дәріс тақырыбы: Операциялық жүйе түсінігі. ОЖ қүрамы мен жіктелуі 
 Операциялық жүйе түсінігі 
Компьютердің  бағдарламалық  жабдықтарын  бағдарламалық  қамту  деп    те    атайды.  Оларға 
төмендегі бағдарламалар жатады: 

 
жүйелік  бағдарламалар,  олар  компьютердің  барлық  құрылғыларының  жұмыстарын 
басқаруда,      
   бағдарламалық қорларды реттеуде, деректерді өңдеуде пайдаланылады; 

 
қолданбалы  бағдарламалар,  олар  берілгендерді  өндеуге,  өр  түрлі  есептерді  шешуге 
арналған; 

 
бағдарламалаушы 
жүйелер, 
олар 
басқа 
бағдарламаларды 
өңдеуде, 
түзетуде 
пайдаланылады.  
 Жыл сайын  компьютердің  аппараттық және бағдарламалық жасаулары өзгеріп отырады. 
 Бағдарламалық қамту - жүйелік, қолданбалы және бағдарламалаушы жүйелерден тұрады. 
       Жүйелік  бағдарламалардың  ішінде  операциялық  жүйе  (ОЖ)  (операционная  система  — 
ОС) негізгі болып табылады. 
ОЖ - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама 
жүйесі.  Ол  компьютердің  барлық  құрылғыларының  жұмысын  басқарады,  компьютер 
құрылғыларының бір-бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды 
ұйымдастырады.  Онымен  қатар  ОЖ  -  әмбебап  жүйе,  сондықтан  әр  түрлі  типтегі  компьютерлер 
үшін  бағдарламаларды  оған  сәйкестендіреді,  компьютерге  қосылған  қосымша  құрылғылар  мен 
компьютерді байланыстырады және компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді. 
Бұрын компьютерлерде MS DOS ОЖ пайдаланылған. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: ОЖ 
Windows‘ 95, Windows NT, Windows ‘98, OS/2, UNIX, WINDOW XP, Windows 7,8. 
        Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды: 
-
 
компьютер  қорларын:  жадтың,  процессорлардың,  сыртқы  құрылғылардың  жұмысын 
басқарады; 
-
 
қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді; 
-
 
компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты ұйымдастырады. 
Бұл жүйелердің және көптеген өте қажетті қолданбалы бағдарламалардың негізгі жасаушысы 
американың  Місrоsоft  фирмасы.  Компьютерде  жұмыс  атқаруды  ОЖ  арқылы  жұмыс  атқару  деп 
қарастыруға болады. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасын ОЖ атқарады дейміз. 
Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 
Операциялық  жүйе  (ОЖ)  ДК-дегі  кез  келген  программалық  жабдықтардың 
ажырамас  екінші  бір  бөлігі  болып  саналады.  Әрбір  адамға  ЭЕМ-нің  барлық 
құрылғыларын  басқару  мүмкіншілігін  беретін,  сол  себепті  басқа  программаларды 
аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір 
адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.  
 
ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
72 
1.
 
барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен 
және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; 
2.
 
әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру. 
 
Сонымен,  ОЖ  –  адам  мен  ЭЕМ  аппараттарының  арасындағы  байланысты 
ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. 
 
Утилиттер – программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын 
қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, 
түрлі  программалау  тілдерінде  жиі  кездеседі.  Мәліметтерді  қысатын  (архивтейтін), 
компьютерді  вирусқа  тексеретін,  мүмкін  болса,  оларды  жоятын  программалар  да 
утилиттер болып табылады. 
 
Сервистік  программалар  –  адамның  операциялық  жүйемен  жұмыс  істеуін 
жеңілдететін программалар тобы. 
 
Жүйелік  программалар  мен  қолданбалы  программалар  бірігіп,  компьютерді 
прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады. 
ОЖ-ң  мынадай  түрлері  бар:  MS  DOS,  CDOS,  UNIX  және  де  соңғы  кезде  кеңінен 
қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе – WINDOWS программасы. 
Операциялық  жүйе  компьютерде  орналасқан  барлық  жүйелерді  және  программаларды 
басқару  үшін  керек.  Ол  компьютер  мен  адам  арасындағы  байланысты  қамтамасыз 
етеді.Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды: 
-
 
әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін; 
-
 
күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес; 
-
 
командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т.б.  
1985
 
жылы  Micrososft  фирмасы  алғашқы  рет  MS  DOS  қуатынан  жүздеген  есе  артық 
Windows  1.0  жүйелік  программаны,  ал  одан  кейінгі  жылдары  оның  кеңейтілген 
түрлі нұсқаларын дайындап шықты: 3.0, 3.1 және т.б. 
      Windows операциялық жүйесі мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді: 
-
 
компьютердің барлық ақпараттық құрал-жабдықтарын басқару; 
-
 
файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; 
-
 
қолданбалы программаларды іске қосу; 
-
 
бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін; 
-
 
әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды; 
-
 
мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды және т.б. 
Windows операциялық жүйесі автоматты түрде жүктеледі. 
Windows объектілері: 
    Терезе 
    Терезе  –  Windows  жүйесіндегі  ең  негізгі  ұғым  болып  табылады.  Терезе  –  экранның 
төртбұрышты  қоршаулы  аумағы,  онда  әртүрлі  программалар  орындалады,  кез  келген 
мәліметтер  түзетіліп,  өңделеді  және  басқару  әрекеттері  жүргізіледі.  Терезелер  негізгі, 
сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Windows терезесі экранды жартылай, 
толығымен алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте 
бірнеше терезе орналаса береді.  
    Жұмыс столы 
    Жұмыс  столы  –  екінші  негізгі  түсінік  болып  табылады.  Windows  ортасында  жұмыс 
столының  рөлін  дисплей  экраны  орындайды.  Онда  жұмыс  істейтін  программалардың 
терезелері,  құжаттардың  жеке  файлдары  шартбелгілер  түрінде  орналасқан.  Іске  қосу 
(Пуск)  батырмасы  жұмыс  столының  төменгі  қатарындағы  панельге  орналастырылып 
қойылады.  Бұл  қатарды  Есептер  панелі  (Панель  задач)  деп  атайды.  Есептер  тақтасының 
негізгі  қызметі  –  программалар  арасында  мәлімет  алмасу.  Іске  қосу  (Пуск)  –  Windows-ң 
бас  мәзірін  экранға  шығару  батырмасы  .  ол  үшін  батырманы  бір  рет  шерту  жеткілікіті 
немесе пернетақтадан Ctrl+Esc пернелерен басу қажет. Оның құрамындағы жеке мәзірлер: 
Программалар (Программы) - Windows-ң негізгі мәзірі, мұнда қосымша программаларды 
жүктеуге  арналған  мәзірлер  тізімі  экранға  шағарылады;  Құжаттар  (Документы)  – 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
 
73 
пайдаланушы жұмыс істеген соңғы 15 файлдың тізімі шығады; Бапқа келтіру (Настройка) 
–  компьютердің  аппараттық  құрамын  және  программалық  жабдықталуын  өзгертуге 
арналған командалара тізімі орналасқан; Іздеу (Поиск) – дискіден қажетті мәліметті табуға 
мүмкіндік  береді;  Анықтамалық  (Справка)  –  Windows  жайлы  мәлімет;  Орындау  ... 
(Выполнить  ...  )  –  компьютердегі  программаны  не  құжатты  іске  қосу  үшін  сұралатын 
терезені  ашады;  Жұмысты  аяқтау  ...  (Завершение  работы  ...  )  –  компьютерді  сөндіруге 
даярлайтын терезені ашады. 
    Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар 
    Шартбелгі  –  бұл  экран  бетіндегі  қысқаша  жазуы  бар  кішірейтілген  графикалық  бейне. 
Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы 
мүмкін. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі: 
-
 
қосымша программалар шартбелгісі 
-
 
белгілі бір топтар шартбелгісі 
-
 
функциялар шартбелгісі. 
      Жарлық  –  бұл  белгілі  бір  объектімен  тікелей  қатынас  жасауды  іске  асыратын 
командалық  файл.  Мысалы,  жарлық  арқылы  каталогтың,  желідегі  дискінің  ішіндегісін 
көрсетуге  болады,  тез  арада  басқа  каталогта  орналасқан  программаларды  іске  қосуға, 
файлды да жылдам ашуға болады және т.б. 
      Бума  –  экранда  каталогтарды  және  программалық  топтарды  белгілеу  үшін 
қолданылады.  Мұның  мағынасы  мынада:  каталог  пен  программалар  тобы  белгілі  бір 
объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. 
      Мәлімет алмастыру буфері 
      Өзінің  жұмыс  істеуі  кезінде  Windows  жүйесі  программалр  мен  құжаттар  арасында 
мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буфері ретінде 
пайдаланады.  Буфер  әртүрлі  программалар  мен  құжаттар  арасында  мәліметтерді 
тасымалдап,  олардың  фрагменттерін  бір-біріне  ауыстырып  отыру  үшін  қолданылады. 
Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үлгілері, сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы 
мүмкін. 
      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет