Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
IV 
 
Щербаков шыққан бетінде шахтаның моншасына кірді. Наряд үйі, лампа 
үйі,  монша  үшеуі  бір  корпусте.  Жұмысшылар  пәтерінен  таза  киімдерімен 
шығады.  Осында  келіп  жұмыс  киімдерін  киеді,  лампа,  наряд  алады  да 
шахтыға түседі. Шахтыдан шыққан соң бәрін қайта тапсырып, жуынып, таза 
киімдерімен  үйіне  қайтады.  Щербаков  те  киім  ауыстырып  киген.  Енді 
жуынып,  ӛз  киімдерін  киюге  келді.  Бұл  шахтының  жаңа  моншасын  кӛргені 
осы.  Сүйсіне  қарап  тұр.  Қабырғаларына  су  жұқпайды,  жалт-жұлт  етеді.  Екі 
жүздей  кісі  сиятын  кең  залдың  ортасын  жара  тұтас,  ұзын  шкаф  жасаған. 
Шкафтық екі жақ беті де шыпырлаған есік. Әр есікке иесін жазып қойыпты. 
Душ  керек  пе,  пар,  ванна  керек  пе,  қай  мезгілде  келсең  де  дайын,  тегін. 
Моншашы қартаң әйел орамал, простыня әкеп бергенде: 
— Анна  Петровна!  Ағылшындардың  ӛз  моншасы  осыдан  қалай  еді?— 
деді Щербаков. 
Айнадай  жалтыраған  дойбы  шыбар  қыш  қабырғаны  моншашы  бүкір 
саусақтарымен тықылдатып тұрып қайырды жауапты: 

274 
Sauap.org
 
— Бұны шіркеуде де кӛргем жоқ. Шебер әйел тазаның қиқымынан құрап 
баласына  сәнді  кӛрпе  істейтін.  Сондай-ақ  құрастырған.  Шыны  ма,  тас  па, 
әйтеуір  асылдың  тегі  ӛзі.  Қазына  ақшасын  аямайсыңдар,  дүниенің  қадірін 
білмейсіңдер, түге. Моншаға мұнша зейнеттің керегі не? 
— Жұмысшы жұрт еңбегінің игілігін кӛрсін, Анна Петровна. Бұл әлі аз. 
— Шүкірлік етіңдер, шүкірлік! Астамшылық болмасын. Ӛзгесі бір жӛн, 
дәретханаға  айнаның,  шынының  керегі  не  еді.  Қазына  мүлкін  судай 
жұмсайды, түге. Ұрсып қой, 
Сергей Петрович, орынсыз жұмсамасын. Оңай табылған дүние емес... 
Сергей  Петрович  бишара  қамқорлыққа  сылқ-сылқ  күлді  де,  душ 
бӛлмесіне  еніп  кетті.  Жуынып  шыққан  соң,  жүмысшылар  столовойына 
сусындауға  енді.  Ұқыпты  кӛзі  кӛргенінің  бірін  елеусіз  ӛткізген  жоқ. 
Тұрмысқа  сіңіп  кеткен  сол  нәрселерге  де,  ӛткенмен  салыстырып  сүйсіне 
қарайды.  Столовой  залының  қабырғасындағы  сурет  тау  басындағы 
құйғытқан аңшыны, түлкіге түйілген бүркітті кӛрсетіп тұр. Сергей Петрович 
пенснесін  сүртіп  киіп,  шүйіле  қарап,  суретші  Жұнысов  деген  жазуды 
оқығанда: 
— Талант!  Үлкен  талант!—деп  ӛзіне-ӛзі  күбірлеп  қойды.  Қазақ 
жастарының  ішінен  болашақ  Репинді  де  кӛрген  сияқты.  Жасамыс  байсалды 
адам  магазинге  кірген  балаша  бәріне  қызығады.  Оның  комбинат  бастығы, 
үкімет мүшесі Щербаков екенін білмегендер: «мынау апсағай шал, алаңғасар 
ма»  деп  қалар  еді.  Бірақ,  бұл  қалада  оны  білмейтін  кемде-кем. 
Отырғандардың  бірін  атымен,  бірін  фамилиясымен,  кейбірін  тіпті 
жолдастары қойған қосымша атымен атап, амандасып етті. Бауырсақ мұрын, 
қоңырша,  жасӛспірім  қыз  келді  қасына.  Күлімсіреп  алжапқышымен  ойнап 
тұрып: 
— Сергей Петрович, не әкелейін?—дегенде, ымдап, ӛзі тақала түсті де: 
— Бәрі бар ма?— деді сыбырлап. 
— Не керек еді, сізге? 
— Нарзан. 
— Бар. 
— Бір  бутылка  нарзан  ғана  бер.  Тоқта,  жылпосын  қарашы.  Қалай, 
жұмысшылар риза ма, тамақтарыңа? 
— Риза. Тек осы сусын жағы кейде болмай қалады. 
— Ақырынырақ сӛйле, құлағым естиді. Неге болмай қалады? 
— Соны білмейсіз бе, Сергей Петрович! Басқа қалалардан әкеледі ғой. 
— Кӛп әкеп қойса қайтеді? 
— Одан да осында неге жасамайды? 
— Нарзанды ма? 
— Тәтті суды айтам... 
— Жаны  бар  сӛз!  Жаны  бар!—  деп  Щербаков  кілт  ойлана  қалды.  Қыз 
кете бергенде тағы бӛгеп, алжапқышынан ұстап тұрды енді. 

275 
Sauap.org
 
— Сынапсың  ғой  ӛзің,  тұрмайсың.  Фонтандарың  тамаша  екен!  Кім 
жасады? 
— Соны білмейсіз бе, Жұмаш емес пе. 
— Жұмаш!? Қай Жұмаш? 
— Ӛзіміздің Ысқақ атайдың баласы. 
— Кәдімгі адуын Ысқақтың ба? 
— Иә. 
Сергей Петрович қыз сусын әкелгенше фонтанға құныға қарап отырды. 
Цементтен  жасалған  екі  жас  баланың  мүсіні  аумаған  қос  орнындай  цемент 
тегенеде, су ішінде біріне-бірі су шашып тұр. Суда тірі балықтар ойнап жүр. 
Шахтер  столовойы  салтанатты  ресторанға  ұқсайды.  Ішіндегі  адамдардың 
киімі, сӛзі оқымыстыларға, физкультурниктерге ұқсаса да, Сергей  Петрович 
бірсыпырасын  танып  отыр:  учаске  бастығы,  мастер,  механик,  инженер-
техник, стахановшылар. Қайсысы ӛндіріске қашан келіп еді, немен келіп еді? 
Кӛр  дегендей,  әрқайсысының  артында,  алыста  қалған  бір  мешеу  тұлға 
елестеп кетеді кӛзге... 
Щербаков сусындап далаға шыққан соң, шоферына: 
— Ере бер соңымнан!— деді де, машинаға мінбей жаяу аяңдады. Әуелі 
ойдағы  театрға  беттеп  еді,  бұрыла  сала  беткейге  тік  ӛрледі.  Бір  кезде  жел 
ескен  құба  белдің  бетінде  бос  жер  жоқ.  Тіпті,  анаукүні  ғана  бос  алаңдарда 
жаңа  үйлер  тұр.  Жоспарсыз,  қалай  болса  солай  салынған  үйме-жүйме 
поселке  тез ӛсіпті. Бір шеті  сонау  колхоз жеріне—Майқұдыққа, бір  шеті  — 
ағылшындар  тұсындағы  ескі  бекетке  жеткен.  Отыз,  отыз  бірінші  жылдары 
совет  Қарағандысы  басталған  кезде  жан-жақтан  құйылған  қараша 
ауылдардың  кӛбі,  соның  ішінде  Ардақ,  Жанабіл,  Боқайлар  осы  арада 
отыратын.  Қазір  жер  үстінде  істейтін  жұмысшы,  қызметшілердің 
бірсыпырасы  меншікті  үй  салып,  үлкен  поселка  қылып  жіберіпті. 
«Загородный»  аталады.  Қаланың  солтүстік  жағында,  ойда  темір  жол 
сыртында  да  «Капайгород»  аталатын  осындай  үлкен  поселка  бар. 
Қарағандының  жаңа  қаласы,  қабат-қабат  биік  үйлері,  жоспар  бойынша  есіп 
бара  жатса,  бұл  поселкелері  бетімен  ӛсіп  барады.  Қалай  ӛссе  де  бәріне 
электр,  су  керек.  Сергей  Петрович  соны  ойлап  келеді.  «Жуырда  Каргрэс 
жүреді, енді электр, су жолдарын қаланың шетіне дейін тартуға болады» деп 
келе жатқанда бір үйдің жанынан Қанабек пен Бәйтен кӛрінді. 
Бәйтенкің аузынан түкірігі шашырап тұр. Күрек тісі түскен, қара мұрты 
бурыл тартқан. Шашын алып тастапты. Басы тұз түйген келсаптың басындай. 
Әлі де ойқастай жүріп, қара бурадай сӛйлейді: 
  — ...Бұл отырғандардың бәрі дайынға келген жаңалар. 
Шыдай  тұрады.  Қарағандыны  біз  жасағанбыз.  Менің  үйімде  су,  электр 
неге жоқ!? Кәрі жыным қозбай тұрғанда бірдеме істеңдер... 
— Істейміз,  істейміз,—  деп  күледі  Қанабек.—  Шығанға  шығып  алып 
ақырмасаңшы. Қазына үйін ӛзің тастап кеткенің қайда. Енді осы кӛппен бір 
кӛресің 

276 
Sauap.org
 
— Сиырымның  жайына  бола  кеттім.  Беті  ашық  жер  еді,  бұны  да 
тарылтты жұрт. 
— Ал жағасынан, босатпа!— деді Щербаков келе.— Даусың естілмегелі 
бірсыпыра болды. Осында ма едің? Қайда істейсің? 
— Завод күзетемін. Мехцехты тастап қайда барам. 
Бәйтен  әдетінше  мұртын  қораздана  бір  сипап  қойды.  Бұрынғы  мехцех 
қазір  заводқа  айналған.  Вагонеткалар,  жүзден  аса  машина  бӛлшектерін 
жасайды. Күн сайын кеңіп, жасайтын заттарының, түрі кӛбейіп бара жатқан 
үлкен завод. Ескі Бәйтен сонда да ескі мехцеғын қоса сӛйлейді: 
— Ӛзіміз  мехцехта  істеп  жүргенде  бүкіл  шахта,  бүкіл  қала  қолымызда 
болатын.  Мұрныңды  кӛрсетпейтін  боранда  он  екі  жігітті  бастап  барып, 
тӛртінші шахтаны құтқардым. Сонда тізе бүкпей жиырма сегіз сағат істеген 
екеміз! Жұрт жағасын ұстады. Осы күні омдай жұмыс бар ма! Бәрі машина. 
Біздің  заводтың  ішіне  кірсеңіз  машинадан  бас  айналады.  Мен  күзетіп 
тұрмын. Саяси орын Бәйтен ғана күзетсін,— депті... 
Мақтан мен ӛтіріктің арасы қанша екен? Бәйтен мақтанамын деп, ӛтірік 
те  айтып  жіберді.  Щербаков  пен  Қанабек  мырс-мырс  күліп  кете  барды. 
Бетімен ескен поселкада бейбастақ істерді де кӛріп келеді. Біреу есік алдында 
қой  сойып  жатыр.  Біреу  бӛшкемен  әкеп  су  сатып  жүр.  Тар  жолда  кесе-
кӛлденең салып жатқан үйлер кӛрінеді... 
Осы ығы-жығы дүниеден әлдеқайда биік тұрған үш қабат ақ үй поселка 
балалары оқитын орта мектеп. Айналасын қоршап, тал егіп тастапты. 
— Мектеп-ақ  емес  пе?  Тез  бітірдік,  ә?—деп  келе  жатып  Щербаков  бір 
кезде таңдана тұра қалды. 
— Мынау не? 
Қанабек сылқ-сылқ күледі: 
— Мешіт қой ол. 
— Бұл кімге керек?! 
— Молдасымақ бір-екі шал қайта-қайта келіп мазамды алған соң, рұқсат 
бердім. Маған десе шошқа қамасын, онда менің жұмысым не? 
Жаңа  салынып  жатқан  кішкентай  кірпіш  үйлердің  маңында  қолғабыс 
тигізген үш-тӛрт, кейде жеті-сегіз орыс, қазақ жүрсе, жаңа мешіттің қасында 
екі  молда  ғана  жүр.  Үлкен  ӛзен  тасығанда  үйір-үйір  сең  кӛшеді,  соқтыға 
ағып,  сынады,  ериді,  бітеді  сең.  Бір  мұздақ  мүжіліп  жеке  қалады.  Сорлы 
мешіт, сорлы молда тек осыны еске түсіреді. 
— Бұған  да  су,  электр  керек  шығар,—  деді  Щербаков.—  Бұның  бәрін 
тәртіпке салғанша Қанабектің басы қатар. 
— Жұмысшы сенікі. Менің басым неге қатады? 
— Қала сенікі. 
— Жә-жә,  сырғытпа!  Әр  шахты  ӛз  жұмысшысына  жағдай  жасауға 
міндетті.  Бірлескен  күшпен  электр,  су  жолдарын  тарта  беру  керек.  Ертең 
қалалық  совет  ерекше  қаулы  шығарады.  Поселкелерді  тәртіпке  келтіреміз. 
Каргрэс бітіп қалды. Су, электр байлығы жетеді енді. 

277 
Sauap.org
 
— Әне, қит етсең күш кӛрсетеді. Қаулы... 
— Күшті  әлі  кӛрмеген  екенсің,  Мейрам  мені  кемпірімнің  қойнынан 
суырып алып жіберді осында. 
— Кемпірдің қойнынан суырған ӛкініш емес. 
— Сені тоқалыңның қойнынан суырды ма? 
— О  да  ештеңе  емес,—  деп  Щербаков  күрсінді.  Поселкеден  шыға, 
шеттегі жаңа бақшаға қарай бұрылды екеуі. 
— Неге күрсіндің, неге түйілдің? 
— Мен  қайранмын  осы  жігітке!—  деп  кең  құшағын  барынша  жая, 
артына  бұрылды  Сергей  Петрович.—  Осынау  қайнаған  кең  қала  тар  оған. 
Алып  қашады,  тежесең  ерегіседі.  Қаулап  ӛсіп  келе  жатқан  анау  жас 
бақшадан,  әдемі  қаладан  ертең  бұзылып  қалатын  мына  поселкесымақты 
кергіш боп барады. 
— Жаманды кӛргені теріс пе? Жақсы ӛзі де кӛрінеді. 
— Жаманды кӛре берсең ой кірлейді. Жақсы сол кірді тазартады. 
— Мейрам ондай сыңар езу емес қой. Рас, кӛбірек сынайды. 
— Сынның  да  мӛлшері  бар.  Ӛндіріс  деген  үлкен  есеп.  Социалистік 
жоспар  —  әр  адамды  ӛз  орнына  қоюды,  әр  сомды  ӛз  орнына  жұмсауды 
тілейді. Мейрам Омарович менің бұл міндетіме қол сұқпақ. Тіпті жоспардың 
ӛзін  жӛндемек.  Болған  үстіне  бола  бергенін  кім  жек  кӛреді.  Табыстан  бас 
айналса  керек.  Әлі  зерттелмеген,  жете  есептелмеген  ұсыныстарды 
тықпалайды.  Қабылдай  қоймасаң  шамданады.  Ақылды  жігіттің  —  ақылсыз, 
байсалды жігіттің — ұшқалақ ойына еру де, ермеу де қинап жүр мені. 
Қанабек  томсарып  келеді.  Екеуінің  де  ӛзінен  ӛресі  биік,  жақын 
жолдастар.  «Сенікі  теріс,  не  дұрыс»  деуге  ғылымдық,  техникалық 
таластардың  түйінін  шеше  алмады.  Тек,  бүтіндік,  бірлік  жайында  ғана 
басалқы айтты. 
Әңгімемен  екеуі  бақшаға  енді.  Жас  бақшаны  жел  ақырын  тербеп  тұр. 
Уақыт  сәл  ертерек.  Адам  әлі  аз.  Жапырақтар  сыбыссыз  қозғалады. 
Қолтықтасқан  бірен-саран  жастар  сыбыр-сыбыр  сӛйлеседі.  Қара  топыраққа 
егіп тастаған алуан түсті гүлдер қазақ текеметін, әдемі түскиіз, сырмақтарын 
еске түсіреді. Сусын, асханалардың, тир, би, сауық орындарының есігі жаңа-
жаңа  ашылып  жатыр.  Қаланың  қапасынан  шеткері,  тұнық  бақша, 
шахтерлердің  жан  тынысы.  Осыдан  екі-үш-ақ  жыл  бұрын  жып-жылмағай 
дала еді бұл жерлер, ырымға бір бұта болмайтын. 
— Мейрам,  бұдан  да  кемшілік  тапты,  ә,—деп  күлді  Қанабек.—  Үш  ай 
менің  орныма  тұра  тұрып,  ӛз  орнын  маған  бермейді-ау!  Бәлемге  кӛрсетер 
едім, бұйрықпен орындаудың айырмасын. 
— Қалжың  ӛз  алдына.  Ол  бұл  кемшілікті  дәл  тапты.  Жер  жүзінің 
картасын осы арадан орнату керек. Стахановшылардың суретін кӛлденеңдете 
тартсақ... 
— Ал, фонтан! Ленин тұлғасы. 
— Оның орны әне, кең алаң... 

278 
Sauap.org
 
— Сергей Петрович! Бізде цемент жоқ осыларға? 
— Біресе сұрап, біресе қорқытып алады. Жарайды, мен берейін. 
— Несіне  қазбалайсың.  Менің  кемпірім  келмейді  бұнда.  Сенің 
жұмысшыларың келеді. 
Поселка,  бақша  зейнеттерін  кеңесе,  кеңес  арасында  әзілдесе  тату 
замандастар машинаға да бір мініп еді. Қанабек шоферына айғайлады: 
— Сен  бағанағыны  бітіріп  қайт.  Мен  мына  байдың  артына  мінгесіп 
жүріп, тағы біраз жерді аралайын. 
— Пайдакүнемін  қарашы!—деп  үлкен  денесін  селкілдете  күлді 
Щербаков. 
Жаңа  қалаға  тартты  бұлар.  Ұзын  жонды  сауырлай,  ерсілі-қарсылы 
ағылған машиналар тас қайрақ жолды тіліп жіберіпті. Он екі километр шетке 
салса да, шахталар жаңа қаланы қуып жетіп, асып кеткен. Соқырды, Қаракӛз, 
Ащылыайрықты  басып,  батысқа  —  Долинка,  Шерубай  нұрасына  қарай 
жайылып барады. Бұрын жып-жылмағай белестердің беті кӛпір, шурф, кӛмір, 
балшық үйінділерімен қобырап жатыр. Поездар, шахты-шахтының арасында 
кӛмір  ғана  таситын.  Енді  сағат  сайын  адам  тасыған  поезд,  автобустар  жүр. 
Сиырбүйрек белес — бұйраттарға сіңіп, ұшығын кӛрсетпей ұзап бара жатқан 
қалаға биік жонның жотасынан кӛз жіберіп: 
— Қанабек  Амантаевич,  қарашы!—деді  Щербаков.—  Мен  келгенде 
ағылшындардан  қалған,  түтінсіз  жалғыз  тұрба  бар  еді  осы  жерлерде.  Бұдан 
артық  жасампаздық  ертегілерде,  Мейрам  Омаровичтің  басында  ғана  болар. 
Жастық  мастығына  табыс  мастығы  қосылып,  бұзған  оны,  бұзған!—  деп 
қояды. 
Қанабек қостаған болып, әңгіменің бетін бұрды: 
— Рас,  табыс  кейде  бұзады.  Машиналар  жолды  да  бұзып  тастапты. 
Асфальт керек, асфальт! Трамвай керек, трамвай! 
— Мәдениет сарайы ше? 
— Соғыс  киіп  кетпесе,  зейнет,  салтанат  жасауға  мықтап  кірістік  қой. 
Үшінші бесжылдықтан коммунизм биіктері кӛріне бастады. 
— Мен  соғыстан  қорықпаймын  енді...—  деп  қолын  сермеп  тастады 
Сергей Петрович. Жаңа қалаға кіріп қалып еді. Күн сайын ӛсіп бара жатқан 
қабат-қабат  биік  үйлер,  жапырақтаған  жас  ағаш,  әдемі  сквер,  фонтандар 
бӛлді  кӛңілді.  Ескінің  қиқымы  да  жоқ.  Шеткі  кӛшеде,  тӛрт  қабат  үйдің 
үстінде балконда домбыра шертіп Боқай отыр. Жерде, оған тӛбесінен қарап, 
мотоцикліне  сүйене  Жұмабай  тұр.  Бүгінгі  ӛрт  жайын  айтып  тұрған  тәрізді, 
сақалы мен қолы бірден шошаңдайды... 
— Кӛрдің  бе!?  Анау,  тышқан  ініндей  жер  барактан,  тӛртінші  қабатқа 
шығып  кеткен.  Мынау  «қара  сиырдың  ыңылдағанын»  ғана  білетін.  Енді 
мотордың  гуілін  де  білді.  Құрылыс  жұмысына  күніне  бір  миллион  сом 
жұмсалып жатыр. Мейрам Омаровичқа сонда да аз. 
Қаланың  батыс  жақ  іргесі  кел.  Кӛлдің  батысында  үлкен  орман 
қарауытады.  Орман  мен  қала  аралығында  кӛл  жиегінде,  бақша  ішінде 

279 
Sauap.org
 
шахтерлердің  демалыс  үйлері  кӛрінеді.  Осы  кӛрінгендердің  бәрі  қолдан 
жасалған. Кӛлге келіп машинадан түскен соң, Қанабек қарнын сипап тұрып 
сӛйледі: 
— Рас,  бұл  жерлер  менің  иегімдей  кӛсе  еді,  енді  мынау!..  Сонда  да 
жетпей  жатыр.  Қарағанды  үшін  кел  ме,  осы!  Шалшық  қой.  Бұтасыз  жонға 
анау орман кӛп болса да, Қарағандыға аз. Ал, не істейміз? Ойыңды айта бер. 
— Жарайды,  қаздық.  Белдің  түбіне  жеттік.  Кӛл  үлкейді,  тереңдеді. 
Сондағы күнде ағынсыз суды қалың ел сасытып жібермей ме? 
— Ӛзенді қайдан табамыз? 
— Шерубай нұрасын тартсақ қайтеді? 
— Алысырақ қой. Және ӛрге қарсы келе ме? 
— Машинамен айдаймыз. 
— Онда Қаранұраның ӛзін тарту керек. 
— Каргрэстің, Қарағандының ішуінен аса ма, Нұра? 
— Егер  Каргрэстің  тӛменгі  жағынан  бұрып  әкеліп,  осы  кӛлге  құйса. 
Кӛлден асқан суды Нұраның ӛз арнасына қайта апарып құйса қайтеді? 
— Су  мамандарымен  кеңеселік,—  деді  Сергей  Петрович  ойланып 
тұрып.—  Шахтадан  шыққан  суларды  кӛшенің  тозаңын  басуға,  ӛсімдіктерге 
пайдалануға болар еді. Бұны да кеңеселік. 
— Орманның ӛсу беті қалай? Сенің шахталарың бүлдірмей ме? 
— Дұрыс беттеп барады. Бұл бетте кӛмір жоқ. Жел, боран кӛбінесе осы 
жақтан соғады. Орманды ұлғайта бер. Қорғасын қаланы... 
Әңгімемен  келді  жағалап  ұзап  кетті  екеуі.  Машинаны  қайтарып 
жіберген.  Күн  кешкіріп  орман  тасасына  түсті.  Қанабек  орман  жайын 
әңгімелеп барады. Ескі, жаңа қаланың оңтүстігін ала, Балқашқа тартқан темір 
жолды  бойлай  жас  орман  жиырма  бес-отыз  километрге  созылмақ.  Қаланың 
ӛз  ішіне  мыңдаған  түп  ағаш,  тӛрт-бес  жерге  бақша  егіліпті.  Енді  ағашсыз 
кеше  болмаса,  әр  шахтаның  ӛз  бақшасы  болса,  деп  келеді.  Күн  бата  кӛл 
ығындағы ӛз үйлеріне оралды. Шудан шетірек, қою ағаш арасында ағараңдап 
үш-тӛрт үй тұр. Болатты жетелеп, Ардақ пен Антонина жүр. 
Сергей  Петрович  баласыз  адам.  Баланы  кӛтеріп  алып,  кеудесіне 
қысқанда жадырап кетті кӛңілі: 
— Ой,  курносик!  Мұнша  сүйкімді  болармысың!..  Әкең  мінезді  сенен, 
шешеңнен неге алмайды. 
— Әкесінің ӛз мінезі ӛзіне жарайды,— деді Антонина. 
— Әркімнің ӛз мінезі ӛзіне жарайды. Басқаға жарай ма?—деп еді Ардақ, 
Сергей Петрович қарқ-қарқ күліп жіберді: 
— Міне, тауып айтты! Басқаға, жолдастарға ұнауы керек. 
Кешкі  тұнық  әуеде,  күлдіргі  сӛздермен  қас  қарайғанша  отыра  берді 
бұлар... 
Мейрам  шықты  үйден.  Қасында  Чайков  бар.  Чайковтың  мойнында 
сумка, қолында қарайған бірнәрсе, қызу сӛйлеп машинасына мінгелі барады. 

280 
Sauap.org
 
—...Ӛндіріс  ӛміріне  ұлы  ӛзгеріс  жасайды  бұл!—  дегенде,  Щербаков 
Қанабекті түртіп қалды: 
— Қолындағы тас. Сумкедегінің де бәрі тас. Дәуде болса соның қасиеті 
жӛнінде сӛйлеп барады. 
Мейрам Чайковты жӛнелткен соң бері аяңдады. Оның жетуін күтпей-ақ 
Қанабек сӛз тастады: 
— Анау қасқабас сені бұзып кетті-ау, шырағым? 
— Иә,—  деді  Мейрам.—  Біздің  Чайков,  Козлов,  Әшірбек,  Ермек, 
Лапшиндер  ескірген  ойды  бұзушы.  Анатолий  Федорович  бұл  жолы  да  ӛте 
бағалы, ойсаң пікір айтты. 
Қандай пікір екенін Мейрам ӛзі айтқан жоқ. Мына жағынан Болат келіп 
қойып. жібергенде етпетінен түсті. Жас бала «мен боксер» деп сақ-сақ күледі. 
Баланы біраз қызықтап болған соң Щербаков әңгіме бастады. 
— Шынында да қаланың шетіне кӛңілді аз бӛліппіз. Қанабек екеуміз кӛп 
нәрсені кӛріп қайттық... 
— Алдымен су, электр жеткізу керек,— деді Қанабек. 
Щербаков толықтыра түсті. 
— Сол уақытша үйлердің ӛзін бұдан былай тәртіппен салу керек екен. 
— Тәртіпсіздік,  мәдениетсіздік  мейлі  ортада,  мейлі  шетте  болсын, 
жоюға  міндеттіміз,—дей  беріп  еді  Мейрам,  Ардақ  оқып  отырған  кітабын 
жаба салды да, оның сӛзін бӛліп жіберді: 
— Адам  жайында  бәрін  айтасыздар.  Сол  адамның  ойын,  сезімін 
жетелейтін  әдебиетті  неге  ұмытасыздар?  Әдебиеттегі  тәртіпсіздік, 
мәдениетсіздікті де кӛру керек. 
Мейрам  мүдіріп  қалды.  Қанабек  санын  бір  соқты.  Щербаков  жымың-
жымың етеді. Антонина Федоровна да қағытып қойды: 
— Сергей Петрович бір романды оқи бастағалы айдан асты. Әдебиетке 
құмарлығын содан байқа. 
— Құтқар, Қанабек!— деді Щербаков. Қанабек безек қағады. 
— Аулақ, ой, аулақ! Суға кетіп барамысың, жармаспасаңшы. 
Ардақ сӛзін соза түсті: 
— Әдебиеттегі  кемшілік  те  аз  емес!—  деп  кӛзін  кішірейте,  кідіре 
қалғанда,  ойы  алысқа  кеткені  байқалып  тұрды.—  Қазақтар  қазір  еңбекте 
социалистік  әдіс  қолданады...  Қазақ  әдебиетінде  эпос  әдісі  әлі  қалмай 
келеді... 
Қанабек қарқ-қарқ күліп жіберді: 
— Қарағым, жаттап алған бірер қиссам бар еді, тиісе кӛрме. 
— Қанеке,  қиссаларды  мен  де  жаттағам.  Бірақ,  бүгінгі  әдебиетімізге 
қиссалар  жолы  қысыңқы.  Орыс  классиктерінен  қалған  реализм,  Горький 
салған социалистік реализм жолы — кең жол жатыр. Соған түсу керек. 
— Диссертацияңды  осы  жерде  біржола  қорғап  шықсаңшы,—  деп 
қалжыңдап еді Мейрам, басып тастады Ардақ: 

281 
Sauap.org
 
— Сен саясатшылсың ғой, мына кітаптың іші толы саясат. «Дмитрийді», 
«Метрей»,  «Федорды»,  «Шодыр»  деп  бұзса,  машинаны  «шайтан  арба»  деп 
ұғындырады  бұл  кітап.  Бір  кезде  біреулер:  «қазақ  қала  еңбегіне  кӛндіге 
алмайды»  деп  далбасалады.  Мына  кітап  —  ӛзінен  тумаған  тілді  қазақ 
қабылдамайды,—  деп  тұр.  Ұлтшылдықпен  күрескенде  бұнымен  неге 
күреспейсің!  Бұл  не,  ұлтшылдық  емес  пе?  Ескілікпен  күрескенде,  тілдегі 
архаизм,  жаргондерге,  әдебиетті  шоқпыттауға  —  примитивке  шыдауға  бола 
ма? 
— Шыдамасаң жаз. 
— Әрине жазамын. 
Қанабек  Ардақтың  қолындағы  кітапты  сұрап  алды.  Кітаптың  бетіне 
жазып, сызып тастаған екен: 
— Қарағым-ау, дал-далын шығарыпсың ғой, мына бишараның,— деді.— 
Кім жазған ӛзін? «Айшық» дейді? Онысы кім? 
— Жасырын аты. Жасырғанмен жаны қалмас. 
Күн батып, қас қарайды. Ардақ әдебиет жайында әлі сӛйлеп отыр... Әр 
сӛзінен құмарлық, іздегендік, әр мінезінен байсалдылық байқалады. 
— Москваға  барып  қайтам,—  деді  сӛзінің  ақырында.—  Ғалымдардың 
сарабына салатын бірнеше мәселе бар... 
 

 
Әуе  жібермей  бітеп  тастаған  соң,  ӛрт  тұншығып,  тез  сӛнген.  Шахтада 
дағдылы жұмыстар жүріп жатыр. Жаңа график әлі қалыптасқан жоқ. Жоспар 
он күнде бес мың тонна кем орындалды. Врубмашина сеткесіне цикл берудің 
орнына, біржарым-екі сӛткеде беріп тұр. Енді Әкім, Ысқақ, Сейтқалылар ғана 
емес,  әркім-ақ  қабақ  шытып,  күңкілдей  бастады.  Үлкен  газеттер  әзір  үндей 
қоймаса  да,  шахтаның  ӛз  газеті  дабыл  қағып,  басшылықты,  жаңа  графикті 
сынап жіберді... 
Шахта  басшылары  күндіз-түні  жер  астында,  олқылықты  жою  қамында. 
Бас  инженер  Әшірбек  лавада  отыр.  Алдында  аккумуляторлы  шам,  қолында 
блокнот,  бір қолында  сағат.  Табиғат,  адам,  механизм әрекеттерін  минутпен, 
секундпен  есептеп,  блокнотына  жазып  қояды.  Басындағы  темір  тысты 
фуражканың  күнқағары  астынан  жылтылдаған  сақ  кӛзі,  қалампыр  түсті 
плащы  ішінде  бүкжие  отырысы  —  әлденені  аңдыған  мысыққа  ұқсайды. 
Бӛгетті, кемшілікті іздеп тінтіне қарап отыр. Лаваның басынан түсе, ылдиға 
қарай  жер  бауырлап  жылжыған  машина  құлаш  тілін  қабырғаға  сұғып 
жіберген.  Ұзын  тілді  айнала  зырлаған  шынжырдың  итазу  темірлері 
қабырғаны  араша  тіледі.  Тасбақадай  аласа,  ақырын  болса  да  осы  жатаған 
машина  қырық-отыз  қайлашының  шабатынын  бір  ӛзі  шауып  барады. 
Әшірбек сонда да азсынып: 
— Неге ақырын?—дегенде: 
— Қатты кӛмір,— деді Әкім. 

282 
Sauap.org
 
— Мүмкін, тістері мұқалған болар? 
— Мен мұқалған тісті салмаймын. 
Алдыңғы  жақта,  түбін  жерге,  басын  тӛбеге  сұғындыра  тіреген  жуан 
тіреу  тұр.  Тіреуді  бір  ораған  болат  арқанның  екі  ұшы  да  машинада.  Арқан 
сусыған сайын машина жылжып, тіркеуге тақалып келеді. 
— Екінші тіреуді дайындай беру керек. 
— Дайын, Әшірбек жолдас. Тіреу ауыстыру үшін машина бӛгелген емес. 
Әкім  сұрақтарға  іркілмей,  алаңдамай  қайырды  жауапты.  Ұзын  бойы 
тӛбеге  әнтек  тиген  жоқ.  Маңдайында  жарқыраған  шамның  сәулесі  тек 
машина  үстінде.  Еңгезердей  денесімен  еңкейе  қарап,  сом  қабырғаға  еніп 
кеткен  бардың  дыбысын,  қозғалысын  оқтын-оқтын  бақылайды.  Дене 
молдығына  қоса,  мінез  молдығын  да  кӛрсетіп  тұр.  Насыбайын  атып,  ернін 
жымыра,  Әшірбекке  жаңа  бұрылды.  Басын  шайқап,  үнсіз  ыржия  күледі. 
«Кінәні бізден іздегенше ӛздеріңнен ізде» деп күлген тәрізді. Жұмыспен біте 
қайнаған жас маман ӛзіне тым сенімді. 
— Енді  бір  цикл  қоссаңдар  машина  шауып  үлгіреді.  Тек  алуға 
үлгіріңдерші!— дейді. 
Екі  жұмысшы  рештакты.  бұрынғы орнынан  бері  жылжытып,  машинаға 
тақай  орнатқалы  жүр.  Лаваны  бойлап  созылған  бұл  темір  астаумен  кӛмір 
ағады.  Машина  қайланы  жойса,  темір  астау  адам  терін  суша  тӛккен  ташке, 
шана  түгіл,  лавадан  вагонеткаларды  қуды.  Электр  теңсеген  рештак  ондаған 
адамнан ӛнімдірек істесе де, Әкім қанағаттанбапты. 
— Осының  қиқаң-қиқаңы  бола  береді,—  деп  шытынады.—  Менің 
лавамда лентті транспортер неге жоқ? 
— Графиктің орындалуы соған қарап тұрса, ертең-ақ орнатайық. 
— Ұсақ бӛгеттер кӛбейе берсе, мықты тұсау аяққа. 
Әшірбек ӛз ойымен болып, жылжып кетті орнынан. 
Рештакты  аттап  ӛтіп,  бітеушілерге  келді.  Лаваның  бұл  қабырғасы  дал-
дал. Кӛмірін алған соң тӛбені дәрімен атып, опыра құлатыпты. Жоғарғы жақ 
қатпар-қатпар терең құз. Әлі де гу етіп, құлай түседі. Бірақ тӛбенің машина 
жағын  құлатпай,  темір,  ағаш  тіреулерді  араластыра  жиі  тіреген.  Ерте  кезде 
лава  құлату  сирек  кездесетін  қатерлі  жұмысты.  Бұл  күнде  кӛмірді  лавалап 
алу әдісі кең қолданылды. Ермек, Әшірбектер кӛмірден целик — жал, діңгек 
қалдыруға да қарсы. Жер астында жатқан телегей-теңіз кен байлығының ӛзін 
ысырапсыз  алмақ.  Ағаш  үнемдеу  үшін  Әшірбек  ойлап  шығарған  темір 
тіреудің  жаңа  түрі  осы  лавада  қолданылыпты.  Бітеуші  орыс  жұмысшы  егде 
адам екен, инженерге қуана айтты пікірін: 
— Тіреуісіз  тіпті  қолайлы!  Онша  ауыр  емес.  Ұзарту,  қысқарту  тетігі 
қолда.  Қаншама  ағаш  жанға  қалып  отыр.  Бітеп  болған  соң,  босатып  алып 
басқа  жерге  тірей  қоямыз.  Бұл  тозбайтын  тіреуді  неге  кӛбейтпейді?  Басқа 
лавалар неге қолданбайды? 
— Ұсынысыңызды  жазып  беріңіз,—  деді  Әшірбек.—  Сыннан  ӛтсе 
барлық шахта қолданады. 

283 
Sauap.org
 
— Жазам-жазам. Қанша сыйлық алдыңыз осыған? 
— Әзір ештеме алғам жоқ. 
— Қанша берер екен? 
— Берсе, бір бестен кем бермес. 
— «Берсеңіз»  не?!  «Бесіңіз»  бір  айдың  ғана  жалақысы.  Ондаған  мың 
пайда  енгізгенде  бес  мың  аз,  аз.  Әншейін  айтасыз  ғой.  Біз  ӛзіміз  ай  сайын 
алып тұрамыз оны... 
— Әкім он мыңнан алып келеді. 
— Иә, инженер-техниктер мен біздің арамызда жалақы айырмасы жӛнді 
қалмады ма, деймін,— деп жымыңдайды жұмысшы. 
Машина  кӛмір  қабырғасын  астынан  тіліп,  ұзап  барады.  Резинка  түтікті 
қарына  шумақтап  іле,  қойбас  бұрғыны  құлағынан  кӛтеріп  бұрғышы  енді 
лаваға. Келе бұрғысын жасап, электр күшімен қабырғаны тесуге кірісті. Кӛз 
ілеспей  зулаған  бұрғы  ұшы  минутына  жеті  жүз  айналады.  Бір  минутта  бір 
жарым  метр  тереңдейді.  Сом  қабырғаны  лезде  қарлығаш  ұясындай  қылып 
шұрқ-шұрқ  тесіп  тастады.  Кейінірек  бұзушылар  келіп,  бұл  тесіктерге  дәрі 
қояды да, тасталқан етіп бұзады. Ертеректе ондаған адам, ондаған пұт балға, 
болат  қазықтардың  құлатқанын,  енді  бірер  адам  электр,  дәрі  күшімен 
құлатып  жүр.  Құтжан  балуанды  қажытқан  тас  кӛмірді  жай  адамдар  маңдай 
тершімей-ақ жеміріп, еңсеріп барады. Қол жұмыс жоқтың қасы. Тек жаңағы 
бітеуші жұмысшы, балшық кесектерін қиюластырып қалап тұрып: 
— Осыны  да  машинаға  істетсе!—  деп,  ӛскен  кӛңілдің  ұшқыр  тілегін 
білдіреді... 
Әшірбек  бұрғышының  қасына  келіп  те  азырақ  тұрды.  Біресе  құлатып, 
қалап,  біресе  кесіп,  тесіп  табиғат  қамалдарын  алып  жатқан  алуан  еңбектің 
бірін  сынсыз  ӛткізген  жоқ.  Сӛлекет  ештеме  таба  алмады.  Машинаны 
бұрғышы  қуып  жететін.  Содан  кейін  бұзушылар  дәрімен  атып  құлатады. 
Құлаған  кӛмір  адам  күремей-ақ,  Козлов  жасаған  қопарғыш  механизммен 
рештакқа  құйылады,  рештакпен  ағып  барып,  лава  сыртында  күтіп  тұрған 
вагонеткаларға құйылады. Онымен де тынбайды. Біріне-бірі кӛмектескен кӛп 
механизм ұтылап әкете береді. Егер бірі бӛгелсе, бәрін бӛгейді. Әшірбек сол 
бӛгетті  іздеп  жүр.  Лава  іші  қаратүнек.  Әр  жерде  жарқылдаған  шам, 
ызыңдаған электр, тас кӛмірді шақырлата үңгіген болат тістер. Ырқына келе 
қоймаған  әлденені  боқтап  жіберген  дауыстар  да  естіледі.  Әшірбек  бәрін 
аралап, қайта оралғанда, Әкім машинасының тұмсығын тұйыққа тіреген еді. 
— Міне,  жолдас  инженер!—  деді.—  Заулап  жеттім.  Шұқшиғанмен 
бізден кедергі табылмас. Ауылдан жаңа келгеміз жоқ. Алдымыз он, артымыз 
екі  жылдан  аса  істеп  келеміз.  Оның  үстіне  мектеп,  курс  бітірдік.  Кӛрсетіп 
бергенді  ұқсатпай  неғыпты.  Кедергі  басшылықта  жатыр.  Айтқаным  айтқан: 
үш сменаның екеуін кӛмір ӛндіруге, біреуін дайындыққа қою керек. 
— Борышқа онда белшемізден батармыз. 
— Батпаймыз.  Жұмыс,  механизм  түрі  кӛп.  Бірімен-бірін  қалыптастыра, 
тұтас жүргізсек қана график орындалады. 

284 
Sauap.org
 
— Бір сменаның ӛнімін ӛлтірмей-ақ, қалыптастыратын шығармыз... 
Қарама-қарсы  екі  пікір  тайталасып  тұрғанда  қатты  ысқырып  жіберді 
біреу.  Жүмысшылар  жұмысын  тастап,  тығылатын  тасаға  жӛнелді.  Бүкіл 
лавада  қазақ  қызы  мен  орыс  жігіті  оңаша  қалды.  Бәрі,  электр  жабдықтарын 
тасып шапшаң, ойнақы жүр екеуі де. Әшірбек қастарынан ӛте беріп: 
— Сумканы  сақ  ұстаңдар,  саспаңдар!—  деді  де  жоғарыдағы  лава 
аузынан  тӛмендегі  штрекке  секіріп  түсті.  Қараңғыда  екі-үш  сағат  болып, 
жарыққа  шыққан  кӛңіл  жарқ  етті.  Шамын  ӛшірді.  Лавадан  ӛзге  жұмыс 
орындары электр 
— Коммутатор,  машинисті  беріңіз!  Жолдас  машинист!  Секундына  он 
тӛрт  метр  алып  жібердіңіз.  Правиланы  бұзуға  кім  рұқсат  етті?—деді  де 
әйелге бұрылды.— Қанша шықты? 
— Бес жүз жиырма жеті. 
— Бӛгеліс қанша? 
— Сағаттан асты. 
Ақырын ғана басын шайқады Әшірбек. Бір сағат бӛгелістің ӛзі ондаған 
тонна  кӛмірді  жеп  қойғанын  сезіп  тұр.  Кӛнтерлі  адам  шымбайына  батса  да 
бұдан  әрі  сыр  берместен  сатыға  кӛтерілді.  Баспалдаққа  қонған  кӛмір 
ұлпаларынан аяқ дыбысы естілмей, тік ӛрмелеп келе жатқанда, оның ойы жер 
үстінде еңбек майданын шарлап жүрді... 
Лавадан темір арнамен арық суындай аққан кӛмір ӛткенектерден осылай 
етіп  келіп,  ствол  арқылы  жер  үстіне  шықса  да  әлі  тыным  тапқан  жоқ.  Енді 
кӛпір үстінде — жерден жоғары кӛтерілген мейлінше биік, ұзын ағаш сарай 
ішінде  ағып  барады.  Жаңағы  екі  скип  тағы  бір  үлкен  сауытқа  құйған. 
Сауыттың шүмегінен тӛмендегі темір елекке құйылып жатыр. Елек үстінде, 
қолында  балға,  жалғыз  ғана  қазақ  жұмысшысы  тұр.  Балғамен  ірі  кӛмірді 
шекіп  қалып  ұсатады.  Жаны  тіпті  тыныш.  Терлемек  түгіл  бусанар  емес. 
Сонда да кӛңілі жай таппапты. Әшірбекке тілегін айтты: 
— Бәрі  машинамен  істегенде  мен  балғамен  істеймін.  Ауыстыршы,  не 
мынауыңды машинаға айналдыршы. 
— Осы жұрт бара-бара тоғышар болып кетер! 
— Тоғышарлық емес, ішім пысады. Ӛнерсіз, құнарсыз жұмыс. 
— Шыдай  тұр,  кӛрерміз.  Бас  қазір  басқамен  әуре,—-  деді  де  Әшірбек 
проходқаға жӛнелді. 
Толы  сабадай  лақылдата  құйған  тағы  бір  шүмек.  Тынымсыз  теңселген 
тағы  бір  елек.  Електен  ӛткен  соң  кӛмір  екі  бӛлініп,  ұсағы  бірыңғай,  ірісі 
бірыңғай  қос  лентамен  ӛрге  қарсы  қатарласа  ағып  барады.  Ұсағы  тау 
суындай  шапшаң  ірісі  жай  ағады.  Жай  аққан  кӛмірді  тазартып,  лентаны 
ортаға ала бес-алты әйел тұр. Тоқаш бет келіншек жеке тұр. Балшық терген 
қолы тауықтың тұмсығындай жып-жып етеді. 
— Серігің қайда?—деді Әшірбек. 
— Ауырып қалды. 
— Бригадир қайда, орнына кісі неге бермеген? 

285 
Sauap.org
 
— Керегі  жоқ,  ӛзім  де  үлгерем.  Бұдан  былай  екі  норма  беріңіздер.  Не, 
ағынды тездете түссе қайтеді? 
— Үш норма орындасаң да еркің. Ағынды тездетуге болмайды. 
— Неге болмайды? 
— Басқалар үлгірмейді. Кӛмірге боқат жібереді. 
— Жібермесін, үлгірсін. Мұның несі қиын, оқуы бар ма? 
— Сусыңдама,  әй  келіншек!—  деп  ақырып  жіберді  мосқалдау  әйел.— 
Кӛмірдің тазалығы керек. 
— Мен әрі таза, әрі шапшаң істесе деймін. 
— Болды-болды.  Сендей  күнімізде  бәріміз  де  асығатынбыз.  Кӛп  істеп 
шала  бітіргенше,  аз  істеп  бабын  келтір.  Кӛмір  бап  тілейді,  шырағым,  біліп 
қой: 
Заңғар сарай ішінде ұзын ӛрдің басына қарай аққан дүп-дүзу, қара бұйра 
қос бұлақты жағалап Әшірбек ең биікке—бункерге жетті. Бұдан әрі жол жоқ. 
Тӛменге қарады. Жерде беті ашық кен, аран, кӛмір маялары кӛрінеді. Иріле 
түсіп,  темір  жол  жатыр.  Бункердің  астында,  қырық-отыз  қызыл  вагонды 
шірене  қозғап  поезд  тұр.  Биіктен  құлаған  кӛмір  водапад  сияқты  гүрілдей 
құяды  вагонға.  Шыңыраудағы  лавадан  шығып,  шыңға  құйған  екі  бұлақ 
саябырлап қалды бір кезде. 
— Простой! Кӛмір беріңдер, кӛмір!— деген дауыстар естіледі... 
Кӛмір  маясына  асыла  жатқан  болат  арқан  қозғалды.  Арқан  сүйреген 
скрипер  кӛпенелей  сыпырып,  маяны  құдыққа  қопара  бастады.  Құдықтан 
конвейер арқылы қайта кӛтеріліп, вагондарға құйылды кӛмір. Ерте кезде бір 
топ  адам  жүретін  бұл  жұмыста.  Жуырда  ғана  экскаватормен,  басқа 
машинамен  қопаратын.  Слесарь  Лапшин  скрипер  қолдану  арқасында  тиеу 
жұмысын тездете, арзандата түсті. 
Әшірбек  лавадан  бункерге  дейін  аралап  шығып,  моншаға  келеді. 
Сарғылт  жүзі  кӛмір  күйесімен  қарайған.  Иығы  салыңқы.  Кӛп  жүрістен  соң 
денесі  тынығу  тілесе  де,  ойы  дамыл  бермеді.  Блокнотына  жазылған 
кемшіліктер  кез  алдынан  кетпеді.  Күнделік  ӛнім,  күнде  келген  поезды 
толтыруға  тиісті.  Толтыра  алмай  аварийный  складқа  —  аран  ішіндегі  кӛмір 
қорына  қол  сала  бастады.  Ол  қаншаға  жетпек!  «Қорсыз  қалсақ,  поезды  бос 
қайырсақ  не  болғанымыз!?»  деген  ұят  инженердің  арына  соқты.  Монша 
алдындағы  үлкен  залға  ширыға  енді.  Зал  іші  кӛпшілік.  Екінші  смена 
жұмысшылары жиналып қалған. Лампашыдан лампа алып жатыр. Алғандары 
бригада-бригада болып, жұмыс жайын кеңесіп отыр. Тұтасқан жай үндердің 
тынымсыз, ұғымсыз гуілі естіліп тұр... 
Әшірбек  моншаға  кіруге  үлгірмеді.  Лампасын  тапсырды  да  залдың 
тӛріндегі  кішкене  сахнаға  кӛтерілді.  Бұл  сахнаға  смена  сайын  шығады. 
Кемшіліктерді  айтып,  оны  жою  жолын  кӛрсетеді.  Блокнотын  аша  бергенде, 
қасына ӛзінің кӛмекшісі жас инженер келіп тұрды. 
— Учаске басшылары түгел ме? 
— Түгел, бәрі осында. 

286 
Sauap.org
 
— Тӛртінші лавада бір винтик үшін врубмашина отыз сегіз минут тұрып 
қалды,— деп бастады Әшірбек сӛзін.— Демек, кӛмір ағысы отыз сегіз минут 
тоқталды.  Сонда  бір  винтик  неше  тонна  кӛмір  жегенін  есептеңіздер! 
Механизмнің  ұсақ  бӛлшектері  жұмыс  басында  неге  дайын  тұрмайды,  Әсет 
жолдас?  Бесінші  лавада  Әкімнің  шапқан  кемірін  рештак  кейде  алып 
үлгірмейді  екен.  Данченко  жолдас  кере  жүре  лентті  транспортер  орнатуды 
неге  ескермеген?  Жаңа  график  бойынша:  забойлар,  жолдар,  вентиляциялар 
дұрыс болуы, механизмдер бӛгетсіз істеуі, тіреулік ағаш запастары әр лавада 
суткеге  жетуі  шарт  еді.  Таутанның  учаскесінде  ағаш  жетпей  жатыр. 
Петровтың  учаскесінде  вагонеткалар  жолдан  тайып  жатыр...  Осындай  ұсақ 
кедергілерден  туған  үлкен  зиянды  қайсыбір  мастерлер  графикке  жаппақ. 
Мүмкін,  графиктің  де  кемшілігі  бар  шығар.  Бірақ,  мына  кемшіліктерге 
тікелей сол мастерлер, учаске басшылары жауапты. Әр басшы ӛз учаскесінде 
социалистік  жарысты  қыздыра  отырып,  еңбек  ӛнімділігін  ұйымдастыру 
шеберлігін  арттыра  беруге,  кӛмірдің  бағасын  арзандата  түсуге  міндетті. 
Циклді жұмыстың жаңа графигі осыны тілейді... 
— Дұрыс айтады. Коммунизмге біз кӛмірмен барамыз! 
— Кӛмірді  неғұрлым  кӛбейтсек,  солғұрлым  тез  барамыз...  деген 
дауыстар кӛтерілді. Шахтаға түсер алдында смена сайын болатын бұл шолақ 
жиналыста  сӛз  қысқа.  Инженер  бүгін  тым  қатал.  Сӛзін  бітірген  соң  учаске 
басшыларын 
трибунға 
біртіндеп 
шақырып, 
тергеп-тергеп 
алды. 
Ешқайсысымен кеңеспеді. Нұсқап, әмір етіп тұр. Ең ақырында: 
— Ӛндіріс  тәртібін  әскер  тәртібіне  жеткізсек  қана  график  бұзылмайды. 
Жеткіземіз!— деді де сахнадан түсті. 
Учаске  басшылары  жұмысшыларын  ертіп  шахтаға  жӛнелді.  Ермек  жер 
астынан  жаңа  қайтты.  Лампасын  тапсырып,  ойлы,  ауыр  тұрғанда  Әшірбек 
келді қасына. 
Бірі — шахтаның шығыс жағын, бірі — батыс жағын аралап келіп тұр. 
Суы қатты адамдар жұмсап қалыпты. Әшірбек: 
— Батыста не болып жатыр?—дегенде: 
— Олқылық!—деді  Ермек  шытынып.—Қателесіпсіз.  Жұмысшылардың 
ұсынысы да, Щербаковтің ескертуі де дұрыс. Графикті ӛзгертпей болмайды. 
— Мен де сол оймен қайттым. Екі сменаға кӛшу керек. 
— Жоқ! Жұмыс майданын жинақтап, учаскелерді ірілендіру керек... 
Екеуі ой таластыра моншаға енді... 
Жаңа  қалада,  жаңа  бақшаның  ығында  үш  қабат,  әдемі  күрең  үй  тұр. 
Үйдің қабатында, кең кабинеттің тӛрінде комбинат бастығы Сергей Петрович 
оңаша  отыр.  Он,  жағында,  кішірек  дӛңгелек  столда  бірнеше  телефон. 
Трубканың  бірін  алып,  бірін  салып,  дамылсыз  сӛйлеседі.  Трестермен  ғана 
емес, шахталармен де тікелей байланысады. Дүрдиіп, мансабын бұлдамайтын 
жадағай,  ақжарқын  адам  осы  отырғанда  Қарағандының  асты-үстін  бірден 
кӛріп  отырған  сияқты.  «Сендер  қалып  барасыңдар,  қимылдаңдар.  Сендер, 
оздыңдар,  осы  қарқыннан  жаңылмаңдар»  деп  біреуді  қайрайды.  Біреуді 

287 
Sauap.org
 
табыс  мәстығынан  сақтандырады.  Алматы,  Москвамен  де  ауызба-ауыз 
сӛйлесіп алды. Ӛшкен шылымын оқтын-оқтын тұтатқанда да оның ойы істеп 
жатыр еді. Сағатына қарады. Екі екен, тағы да телефон трубкасын кӛтерді: 
— Тыңдаңыздар!—  деді  жападан  жалғыз  отырып,—  бірінші  шахтаның 
техникалық  қысқаша  мәжілісі  ашық.  Шахта  бес  күнде  он  мың  тонна  кем 
берді кӛмірді. Жолдас Ермек Борантаев, қашан ӛтеледі бұл борыш? 
Сергей  Петрович  күнде  осы  уақытта  телефон  —  селектор  арқылы  бір 
шахтаның  қысқаша  мәжілісін  ӛзі  ӛткізеді.  Бұл  мәжіліске  әдеттегідей 
жиналмайды жұрт, әркім қызметінде отырып-ақ қатынаса береді. Ермек жер 
астында, екінші учаскеде тыңдап тұрған, дереу жауап қайырды: 
— Жұмыс  майданын  тым  жайып  жіберіппіз,  сіздің  ескертуіңіз  дұрыс 
екен.  Біздегі  партия  ұйымы,  озат  жұмысшылар  графикті  ӛзгерт  дейді. 
Ӛзгертудің керектігіне кӛзім жетті... 
— Қай бағытта ӛзгертпексіз? 
— Учаскелерді  кӛбейтіп,  ұсақтаудың  орнына  азайтып,  ірілендірмекпін. 
Забой жұмысын күшейте түспекпін. 
— Әкім бармысың, сен не айтасың? 
— Бармын,  Сергей  Петрович,—  деді  Әкім.  Жер  астында,  электр 
бӛлімінде тыңдап отырған, трубкаға аузын тақай түсті. Электрші қыз қыбыр 
етсе, қолымен ымдап басып тастайды.— Ерекең дұрыс айтты. Соның үстіне 
екі сменаға кӛшелік. 
— Сен бұл ақылды қайдан тауып жүрсің? 
— Жұмыстың ӛзі берді, Сергей Петрович. Менің лавамда ондаған тонна 
шабылған  кӛмір  далаға  шығарылмай  жатыр.  Кезінде  вагонетка,  тиісті 
жабдықтар  жеткізіліп  тұрмайды.  Олар  жетсе,  механизмнің  бірдемесін 
жӛндеуге  тура  келіп  қалады.  Үш  сменаның  бірін  дайындыққа  қойсақ,  бұл 
бӛгеттер  жойылады.  Еңбек  ӛнімі  арта  түседі.  Донбастағы  жолдастар  да 
осыны қуаттайды. Хат алып тұрамын... 
— Бас инженерді тыңдайық. 
Әшірбек жер үстінде, ӛз кабинетінде. Шашын тақырлап алып тастапты. 
Трубка құлағында, кӛзі алдындағы кӛп сызықты жер астының планында еді. 
Әлі де содан кӛзін алмай отырып сӛйледі. 
— Кейінгі  күндерде  еңбек  барысын  зерттеумен  болдым.  Техниканы 
сарқа пайдалануға, ӛндірісте бос уақыт қалдырмауға алдымен дұрыс график, 
жақсы  дайындық  керек.  Ермек  пен  Әкімнің  ұсынысын  қоссақ,  борыш  та 
ӛтеледі, бұл мақсат та орындалады. 
— Орталық Комитеттің партия ұйымдастырушысы не айтады? 
— Мақұлдайды,— деді Ысқақ. Кӛзінде кӛзілдірік, селдір, сарша сақалы 
ағарған,  қасында  шахта  газетінің  редакторы  бала  жігіт  бар,  партком 
кабинетінде  отыр.—  Бұл  ұсыныстар  ӛзіміздің  газет  бетінде,  парткомда 
талқыланған болатын... 
Щербаков әрқайсысын осылай қысқа, дәл сӛйлетіп пікірлерін алған соң, 
ӛз қортындысын да созбады: 

288 
Sauap.org
 
— Олай десеңіздер, екі сменаға кӛшуді әуелі бір лавада байқап кӛрелік. 
Әкім  қоймай  жүр  ғой,  соның  лавасынан  басталсын,  оған  толық  жағдай 
жасалсын. Ермек Борантаевич! Учаскелердің санын азайтып, ірілендірместен 
бұрын,  ойыңызды  қағаз  жүзінде  дәлелдеп  әкеліңіз.  Жауабын  сонан  кейін 
айтам. 
— Тезірек айта кӛріңіз,— деп еді Әшірбек. 
— Саспа,—  деді  Сергей  Петрович.—  Бәрін,  жабылып  жаңа  графиктің 
тұсында асықтырғансыңдар. Енді ол қатені қайталаман. 
— Менің тіреуім не болды, жолшыбай айта кетіңізші? 
— Жаңа  ғана  бұйрыққа  қол  қойдым.  Тіреуіңіз  барлық  шахталарда 
қолданылады. Ӛзіңізге он мың сом сыйлық беріледі. 
— Рақмет, Сергей Петрович, рақмет! 
Телефон  арқылы  Әшірбекке  тұс-тұстан  құтты  болсын  айтылып  жатыр. 
Сергей Петрович «айтсын» дегендей біраз кідіріп отырды да: 
— Мәжіліс жабылды, жолдастар,— деп іліп қойды трубканы. 
Ӛз  кабинетінде  отырып  Мейрам  да  телефон  трубкасын  ілді.  Мәжілісті 
бастан-аяқ тыңдады. Кепкесін қолына ала алдыңғы бӛлмеге шықты да: 
— Комбинатқа кеттім,— деді Антонинаға. 
Комбинат пен горкомның арасы бір-ақ квартал. Ыстық күнде аяғын жай 
басып, биік үйлердің кӛлеңкесінде жалаңбас, ойлы келеді Мейрам. Комбинат 
алдында  трест,  шахта  басшыларының  машиналары  тізіліп  тұр.  Кӛпшілігі 
«М»,  газиктер  некен-саяқ.  Солардың  арасында  бірінші  совхоздың,  фаэтонға 
жегулі  қос  қара  арғымағы  да  кӛрінеді.  Әдемі  арғымақтарға  сүйсіне  бір 
қарады  да  Мейрам  үйге  енді.  Бас  киімін  іліп  келіп,  жайдары  амандасты 
Щербаковпен. 
— Мәжіліс жақсы ӛтті. Жаңа пікірлер айтылды. 
Сергей Петровичтың да бетіне қан жүгіріп, күлімдей кӛтеріле сӛйледі: 
— Міне  бүгінгі  мәлімет.  Жүз  он  процент!  Шахтер  деген  намысқой 
халық.  Ерегіссе  бесжылдықты  тӛрт  жылда  орындап  жібереді.  Сендер  әмән 
алға  қарайсыңдар,  артқа  да  қарау  керек.  Арттағыларды  кӛтермелеп, 
алдағыларға жеткізіп алу керек. 
— Тек сол алдағыларды тежеуге айналмасын. 
Мейрам  арттағыларды  теңеуге  қарсы  емес,  алдағылар одан  әрі  шырқай 
берсін, дейді. Щербаков алдағыларды тежемек емес, бірақ арттағылар жетсін, 
дейді.  Сондықтан  аласұрған  ұшқыр  қиялдардан  гӛрі,  кейінде  қалған  жұмыс 
учаскелерін кӛтеруге кӛбірек кӛңіл бӛледі. Бірі — алды алыстан шолып, жол 
іздеген,  бірі—артын  жиыстырып,  топтаған  екі  басшы  ӛзара  ұғыныса  алмай 
қалады кейде. Біріне-бірі қынжыла жүрсе де ұғынысуға құмар. Мейрам қазір 
оңаша отырып, кеңірек сӛйлесуге келсе керек. 
— Каргрэс  бітті,—  деп  бастады  сӛзін.—  Су,  энергия  мәселесі  шешілді. 
Ойдағыны енді ортаға бір салайықшы. 
— Әбден-әбден. Мен осыны асыға күткемін. 

289 
Sauap.org
 
— Жұрттың  жасампаздық  күші  ӛсуде.  Ӛскелең  тілек,  ӛскелең  техника 
шыңға  шығып барады.  Кешегі  биік  бүгін  аласа боп  қалды.  Сол  аласаны  әлі 
биік деп алданудан аманбыз ба? 
— Ӛмір  сыры  кӛп  қой,  терең  ғой,—  деді  Щербаков.—  Білген  сайын 
кӛбейе,  тереңдей  түседі.  Бірақ,  бізді  адастырмайтын  нысана  бар.  Ол  — 
социалистік  тәжірибеге,  ғылымға  негіздеп  берген  партиямыздың, 
үкіметіміздің жоспары, директивтері. Осыны орындасақ адаспаймыз. 
— Жоспар,  директивтер  тәжірибеге,  ғылымға  негізделсе,  оның 
орындалуы  творчествоға  негізделген.  Ешбір  Иванның  яки  Байжанның 
творчестволық  қуаты  безбендеп  ӛлшенген  жоқ.  Іс  үстінде біреу  асып  түссе, 
біреу  кем  түседі.  Кемін  толықтыру,  асқанын  тӛкпеу  бізге  тапсырылған. 
Жоспардың, директивтің орындалу тетігі сол тапсырмада емес пе? 
— Әрине. 
— Олай болса, қалыптан асқанға қабілетіміз шамалы сияқты? 
— Мысалы? 
— Машинист  Әкім,  партком  Ысқақ  екі  сменаға  кӛшуді  ұсынады. 
Механик  Козлов  кӛмір  комбайнын  жасау  қамында.  Әшірбек  ашық  шахта 
мәселесін  кӛтеріп  жүр.  Ермек  жұмыс  майданын  жинақтап,  забойды 
күшейтпек,  участкелерді  ірілендірмек.  Осылардың  үстіне  күнбе-күн  түсіп 
жатқан  ұсақ  ұсыныстарды  қоссаңыз,  иектеп  тұрмыз.  Бастан  аспай  тұрғанда 
басқару амалын қарастырайық. 
Щербаков  жауаптан  бұрын  қойын  книжкасын  суырды.  Книжкадағы 
шыпырлаған,  әдемі  ұсақ  цифрларға  кӛзілдірігін  түзеп  киіп,  шұқшия 
қарағанда, қолы ойын бұзбастан шылымын тұтатып жатты. 
— Мӛлшерден  тысқары  шабандық  та,  шапшаңдық  та  зиянды,—  деп 
кӛзілдірігін былай алып қойды.— Қалыптасқан социалистік ӛндірістің ӛзіне 
тән қарқыны бар. Ол арындамайды, баяуламайды. Жоспарлы, есепті қарқын. 
Біздің  адамдар  кейде  тым  асығыс,  ұшқары  ойға  ереді...  «Байқа»  десең 
шамданады.  Әкім,  Ысқақтарға,  Ермек,  Козловтарға  байқайық,  зерттейік  деп 
едім, ренжіп кетті. Әшірбек тіпті болмасты айтып жүр. Мүмкін, олар мені—
«қорқақ»  не  «шабан»  дейтін  шығар.  Мен  есепшіл  адаммын,  есебім  түгел. 
Техникаға  қауырт  кӛшкен  алғашқы  бір  жылда  ғана  кӛмір  жоспарын  кем 
орындадық.  Ӛзге  жылдарда  толық, не асыра орындап  келеміз.  Еңбек  ӛнімін 
арттыру  жайында  биыл  түскен  жүз  алпыс  екі  ұсыныстың  тоқсан  екі 
процентін  іске  асырыппыз...  Бастан  асып  бара  жатқан  ештеме  кӛрінбейді 
маған. 
— Бәрі  рас,  Сергей  Петрович.  Тек  «кӛрінбейді»  деудің  орнына  «кӛре 
алмадым»  десеңіз  дұрысырақ  болар  еді.  «Кӛрінбейдімен»  алға  тартқан  кӛп 
ұсыныстар  жатыңқырап  қалды.  Жақсы  пікірді  тануға,  бӛгемей  жарыққа 
шығаруға асығу керек. 
— Ал, сонда не істемекпіз? 
— Ғылымдық-техникалық жаңа пікірлер күн сайын туып жатыр. Оларды 
бұл  әдіспен  басқару  жетімсіз.  Тәртіпке  салайық.  Бір  шахтаны  ерекше 

290 
Sauap.org
 
тәжірибеге  шығарып,  Бүкілодақтық  институттың  —  ВУГИ-дің  қарамағына 
берсек,  Қарағанды  кӛмір  кені  ғана  емес,  техникалық  ғылым  кеніне  де 
айналады.  Әшірбек  поезды  забойға  енгізем дейді.  Енгізсін.  Ашық  шахтадан 
неге қорқамыз? 
— Мейрам  Омарович,  мен  жиырма  бірінші  емеспін,—  деп,  басын 
шайқай  күлді  Щербаков.—  Бірнеше  миллион  түгіл  бір  сомды  неғайбілге 
жұмсағым келмейді. 
— Техникалық революцияда құрбансыз болмайды,-— деді Мейрам. Енді 
ашыңқы қабағы жабыңқы, баспалата сӛйлеп кетті.— Социалистік индустрия 
миллион  шығындармен  жасалып,  миллиардтаған  пайда  енгізді.  Бүгінмен 
болып, ертеңді ұмытсақ, жоспар директивті творчестволық сын демей, темір 
қалып деп ұғынсақ, бізден бишара жоқ. Егер сіз мені ұшқыр қиялға еліктеуші 
десеңіз,  мен  сізді  кешегі  тұрғыда  қалып  қойды  дер  едім.  Революциялық 
ӛткірлігін жойған ақыл — можа болған пышақпен тең. Мешеу Ресейге қарап, 
социалистік  Ресей  тон  пішпейді.  Бізге  енді  капиталистер  дүниесінде  ең 
жетілдім деген Америка да ӛлшеу бола алмайды. Барлық әлемге ӛлшеуішті, 
үлгіні  біз  береміз.  Бара-бара  біздің  техника,  қыруар  еңбек,  материалды 
жұтып  жатқан  осы  алып  шахталарды  жауып  тастауы,  кӛмірді  жер  астында 
ӛртеп,  тек  газын  ғана  алуы  мүмкін.  Ленин  бұны  Октябрь  революциясынан 
бірнеше жыл бұрын айтқан. Менделеев арман еткен. Техника, ұйымдастыру 
шеберлігі  қанша  жетілсе  де  одан  әрі  ӛспесе  шегінгені.  Ӛмір  заңы  —  әман 
ӛзгеріс,  әман  алға!  Сіз  ашық  шахтадан  қорқасыз.  Ұйымдастыру  әдістерін 
жаңартуға  қипақтайсыз.  Осыныңыз  тоқыраудың  нышанасы  емес  пе, 
байқаңызшы. 
Сергей  Петрович  ӛңі  күреңітіп,  үлкен  денесін  столға  арта,  жағадағы 
жартастай мызғымай қалыпты. Толқынша ұрған Мейрам сӛзі ӛндірістегі озық 
жолдастардың  да  сӛзі  екенін  түсініп  отыр.  Қалыптасқан  ӛндірістен, 
қалыптасқан  ойды  ӛзгерту  қиынырақ.  Бір  кезде  арман  болған  социализм 
дүниесі  орнады,  қалыптасты.  Сергей  Петрович  енді  оның  әp  болтын 
цементтен  бекітпек  болса,  Мейрам  «тоқырау»  деп  айыптамақ  болады. 
Жалаңаш  даланың  асты-үстіне  бірдей  жайылып  кеткен  кӛмірлі  қаланы  кӛз 
алдында жасатып, басқарып отырған үлкен адамға ауыр тиді бұл сӛз. Сыртқа 
шашыраған ашу кӛрінбесе де, қайыса отырып қайырды жауапты: 
— Талас  түйіні  қарқында  жатыр,—  деп,  книжкасын  қайта  жайды 
алдына.— Қарағанды бірінші бесжылдықтың орта шенінде басталып, ақырғы 
кезінде-ақ  ағылшын-орыс  байларының  алпыс  жылда  бергенін  берді  бізге. 
Қазір  сол  мақтанышымыздың  ӛзінен  он  бес-он  алты  есе  асып  түстік.  Еңбек 
тарихы  бұдан  артық  шапшаңдықты  білмейді.  Қайтадан,  қол  шелектен 
басталған  шахталарымыздың  алды  жүз  процент  машиналанды,  артын  соған 
теңгеріп  келеміз.  Техника  тарихы  да  бұдан  артық  шапшаңдықты,  байлықты 
білмейді. Капиталистер дүниесінде кӛмірді кӛбейту, арзандату еңбекшілердің 
діңкесіне  тисе,  бізді  сергітіп,  дене,  ой  қуатын  арттырып  барады.  Біздің 
жұмысшылар  мен  инженерлер  арасында  еңбекақы  айырмасы  жойылуға 
айналып келеді. Тек жаңа құрылыстарға ғана күніне бір миллион сом жұмсап 

291 
Sauap.org
 
отырмыз.  Ешқайда,  ешуақытта  тақыр  далада  орнаған  қала  бұндай  шапшаң 
ӛскен  емес.  Басшылық  тоқыраса,  шабандаса  қалай  ӛскен?  Әлде  мен  тек 
қарақшымын ба? 
— Жоқ,  сіз  жақсы  басқардыңыз.  Енді  одан  жақсы  басқармасаңыз 
жаманға айналады. Ӛмір қозғалысы шапшаңдай түсті. 
— Әрбір шапшаңдықтың да есебі бар. 
— Есептеуіңізге қанша уақыт керек? 
— Ай,  мүмкін  жыл  керек.  Кесіп  айтайын,  ашық  шахтаға  рұқсат 
берілмейді. 
— Себеп? 
— Бірінші себеп — Қарағанды жағдайында ашық шахта бола алмайды. 
Екінші  себеп—бола  алған  күнде,  оны  біз  емес,  жергілікті  отын  ӛндірісі 
министерствосы  ашу  керек.  Кӛмірді біз  заводтар үшін дайындаймыз.  Ашық 
шахтаның кӛмірі жергілікті отынға кетеді. 
— Заводтарға арналған сапалы кӛмірдің мыңдаған тоннасы жай отынға 
кетіп жатқанын есептейсіз бе? 
— Есептеймін, қынжыламын. 
— Ендеше,  Әшірбек  айтып  жүрген  ашық  шахта  тек  күшті  техникамен 
ғана  жасалады.  Ол  техника  сіздің  қолда.  Жергілікті  отын  ӛндірісі 
орындарының шамасы келмейді. 
— Басқаның ісіне қол сұғып керегі не? Ӛз ісіміз аз ба? 
— Бұ да ӛз ісіміз. Ашық шахтаның ӛнімділігі, жай отын үшін керектігі 
былай  тұрсын,  коксіленетін  кемірге  15  процент  қосса,  кокс  бұзылмайды,— 
дейді Чайков. 
— Чайков,  Әшірбектердің  қиялына  кӛз  жұмып  ере  береміз  бе,  Мейрам 
Омарович,—  деп  сылқ-сылқ  күлді  Щербаков.—  Чайков  ӛндіріске  атом 
энергиясын қолданса, дейді. Қандай жақсы қиял! Әшірбек, Ермектер кӛмірге 
үлкен  шабуыл  жасамақшы  болып,  жаңа  графиктерімен  құлады.  Біз  әр 
ұсынысты  әбден  салмақтап,  зерттеп  барып  қабылдауымыз  керек.  Сабырмен 
зерттеуді  сіз  шабандық,  дейсіз.  Меніңше  шабандық  пен  шапшаңдық  жігін 
тапқан жоқсыз. 
— Сіз  саспай  зерттегенше  уақыт  күте  ме,—  деді  де  Мейрам  орнынан 
ауыр тұрды.— Қалған әңгімені горкомда сӛйлесерміз. 
Сергей Петрович терезеге келіп, кетіп бара жатқан Мейрамға сыртынан 
қарап тұрды. Тентек бала қанша ренжітсе де, әке шіркін қия ма. Сол әкедей 
қиялмай,  не  кӛне  алмай  албарлы  ойымен  тұр.  Ол  тек  шаруашылық  есептің 
адамы емес. Ӛз дұрыстығына сенімді болса да, алға арындай ұмтылған кӛп, 
адал,  алғыр  жолдас  бекіре  балықша  басын  тасқа  соға  ма  деп  қауіптенеді. 
Онысы нағыз қауіп пе, әлде аяулысына әйеншек болатын барлық адамға тән 
белгілі  мінез  бе,  кім  білсін,  әйтеуір  қамқор  оймен  қынжыла  келіп  отырды 
орнына. Телефон трубкасын кӛтерді. 
— Обкомды  беріңіз...  Асан  Амантаевич  тағы  да  Щербаков  сӛйлейді. 
Мейрам  Омарович  асықтырып  барады.  Не  айтасыз?..  Алматы,  Москваның 

292 
Sauap.org
 
пікірін  күтеміз?  Онда  тым  жақсы!  Оған  дейін  Мейрам  Омаровичқа  ие  бола 
кӛріңіз.  Тіпті  терісіне  сыймай  жүр,—  деп  күлді  де  Щербаков  трубканы  іле 
салды. 
Қолтығында  жұмарлап  ораған  үлкен  табақ  қағаз,  рұқсат  сұрамай-ақ 
Козлов кірді. 
— Иә, Борис Михайлович тағы не? 
— Тағы сол. Кӛр, жасап әкелдім,— деді Козлов. Аласа, тӛртпақ қарт әлі 
ширақ. Қағазын жайып тастады. Толып жатқан сызық. Болашақ комбайнның 
суреті. Сергей Петрович шүйіле қарап отырып, сұрақтар қойды: 
— Ӛнімділігі қанша? 
— Сағатына елу бес тонна. Ұзындығы жүз елу метр лаваны сегіз сағатта 
бір шауып шығады. Шапқан кӛмірін рештакқа ӛзі салып жӛнелтеді. 
— Неше адам басқарады? 
— Тіреушілерді қосқанда жеті кісі жетеді. Смена сайын он бес-жиырма 
адамның  еңбегі  үнемделелді.  Мен  кемірек  айтып  отырмын.  Комбайн  ӛнімі 
ұлғая бермек... врубмашинаша жүреді. Бары үшеу. Оның — екеуі қисық, бірі 
дүзу... 
— Бардың, механизм бӛлшектерінің дәл есебі неге кӛрсетілмеген? 
— Кӛрсетеміз, кӛрсетеміз... 
— Соларды  кӛрсетіп,  макетін  жасап  әкелмейсіз  бе!—  деді  де  қағазды 
ысыра  салды  Сергей  Петрович.  Козлов  жалма-жан  жинап  жатыр.  Маңдайы 
қызарып, ерні жыбырлап кетіпті. 
— Бюрократизм!—  деді  бір  кезде  дірілдеп.—  Горкомға  барам.  Сені 
партия талқысына салмаса болмайды... 
Жасынан  бірге  істескен,  бірге  ӛскен  қарт  жұмысшы  қатты  ашуланды. 
Щербаковке қарағанда тұлғасы торғайдай-ақ. Сонда да тӛніп-тӛніп қояды: 
— Сен  түгіл,  сенің  әкең,  марқұм  Петр  Алексеевич  те  бетімнен  қаққан 
емес-ті. Неге асқақтайсың, неге ысырып тастайсың, менің қағазымды!? Онда 
жұртшылықтың озық ойы жатыр. Аш кӛзіңді!.. 
Ұсыныс  артынан  ұсыныс,  керіс  артынан  керіс.  Сергей  Петрович  «ләм» 
деген жоқ. Козлов ұрсып болып, шаршап барып отырғанда ғана, жымың етіп 
тіл қатты: 
— Атылмай  қалған патроның болса,  тағы  ат.  Әйтеуір  құр дәрілеп  атып 
жатырсың. 
Хатшы әйел телеграмма әкелді. Сергей Петрович оқып жіберіп, сағатына 
қарады да орнынан тұрды: 
— Жанабіл  келеді.  Аэродромға  барам.  Істей  бер,  Борис  Михайлович, 
істей бер. 
— Ала кет, мен де барам. Ол менің шәкіртім!— деп Козлов қоса шықты 
кабинеттен. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет