58
Эргономикалық қасиеттер
өнімді
пайдаланудың ыңғайлылығы мен
жайлылығын сипаттайды және күрделі көрсеткіштермен анықталады:
антропометриялық, физиологиялық (гигиеналық), психофизиологиялық,
психологиялық және т.б.
Антропометриялық қасиеттер
өнімнің
мөлшері мен пішінінің адам
денесінің өлшемі мен пішініне сәйкестігін сипаттайды.
Гигиеналық
қасиеттері
өнімнің
ластану және тазартылу қабілетін
сипаттайды, пациенттерге күтім жасау заттары үшін үлкен маңызға ие.
Психофизиологиялық қасиеттер
өнімнің
адамның қуат, есту, көру, дәм,
иіс сезу мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды.
Экологиялық тазалық
өнімнің
бүкіл қызмет ету кезеңінде болатын
медициналық бұйымдардың қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесін
сипаттайды. Экологиялық көрсеткіштер: зиянды химиялық шығарындылар
деңгейі, радиация, зиянды заттардың концентрациясы, сонымен қатар қайта
өңдеу
мүмкіндігі.
Эстетика
–
тұтынушылар тобына, тұтынудың нақты жағдайларына
және бұйымның мақсатына байланысты бұйымдардың эстетикалық
құндылығын сапалық және сандық бағалау көрсеткіші. Эстетикалық
көрсеткіштер өнімнің утилитарлық қасиеттеріне әсер етпейді, бірақ әлеуетті
сатып алушыларды тартуға көмектеседі, мысалы, орау мен таңбалаудың
эстетикалық көрсеткіштері.
Өндіріс көрсеткіштерінің жетілдірілуі және көрсетілім тұрақтылығы
контурлардың тазалығымен, жекелеген элементтердің дөңгелектенуі мен
қосылыстарының тазалығымен, көзге көрінетін өндірістік ақаулардың
болмауымен және беткі пішіні мен бетінің сыртқы қабаттың
мұқият
жасалуымен, элементтердің пайдалану кезіндегі әсері, фирмалық атаулар мен
белгілердің, ілеспе құжаттама мен ақпараттық материалдардың ресімделуінің
анықтығыныңсақталуымен белгіленеді
.
Қорларды
тұтыну
тұтынушының орташа техникалық ресурс кезеңінде,
яғни өнімді пайдаланудан шығарылғанға дейін өнімді сатып алу, пайдалану
және техникалық қызмет көрсету бойынша шығындарымен сипатталады.
Қорларды
тұтыну көрсеткіштері өнімдерді тікелей мақсаты бойынша
пайдалану шығындарын сипаттайды. Олар шикізат пен материалдарды, отын
-
энергетикалық ресурстарды, еңбек ресурстарын үнемді пайдалану
көрсеткіштеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: