Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Мың бір интонация» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
 
Мұғалім-тренер оқушыларды шеңберге тұрғызып, шеңберге бір сөз айтады. Оқушылардың 
міндеті – бұл сөзді әртүрлі интонациямен айту. Егер басқалар жауабын тапса, интонация 
есептеледі. Егер оқушы жаңа интонациямен айта алмаса, онда ол шеңберден шығады. Сөзді 
соңғы айтқан адам жеңеді. 
Сөздер: музыка, жаңбыр, жүйрік көлік, үлкен кітап, ыстық шәй, достық. 
 
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы 
Уақыт: 5 минут 
 
Вербалды емес белгілер: 
- «көзбе-көз» байланысы – әр адам өз сөздеріне жауап ретінде қызығушылықты көргісі 
келеді; 
- дене қимылдары – ашық және жабық дене тұрыстарын кейін талдаймыз; 
- дыбыстық қоспалар (м-м-м, ы-ы-ы, а-а-а, иә, хм...) – баяндаушыны бөлмей, әңгімеге 
қатысып, жанашырлық білдіруге болады; 
- ойларымыз бен сезімдеріміз – кез келген адамға көрінетін ең негізгі нәрсе, оған қарап, 
диалогтың қаншалықты шынайы екенін білуге болады, сондықтан ішкі көңіл-күй сезіледі. 
 
Вербалды белгілер: 
- «Жаңғырық» тәсілі – сөйлеушінің мәлімдемесінен бір немесе екі негізгі сөзді қайталау
- «Айна» тәсілі – сөйлеушінің ойын оның сөзімен қайталау; 
- «Парафраза» тәсілі – сөйлеушінің ойын өз сөзіңмен, болымды түрде қайталау; 
- «Қорытындылау» тәсілі – сөйлеушінің ойын қысқаша және жалпыланған түрде жаңғырту; 
- «Ынталандыру» тәсілі – сөйлеушіні ашықтық пен сенім үшін ынталандыру: «Мұны маған 
айтқаның үшін рақмет», «Пікіріңді білу мен үшін өте маңызды», «Мен бұл туралы 
ойланамын». 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет