Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Физиологиялық шуыл. 
Мұнда хабарламаны қабылдаушы белгілі бір физиологиялық күйде болады, соның кесірінен 
хабарламаны қабылдау қиынға түседі (мысалы, құлағы естімейді немесе көзі көрмейді). 
Мағыналық шуыл. 
Хабарлама жіберетін және оны қабылдайтын адамның сөздердің мағынасын әртүрлі 
түсінуінен шыққан шуыл. Бізді көбінесе ата-әжелер түсінбейді, өйткені біз жаңа, сленг 
сөздерді қолданамыз. 
Синтаксистік шуыл. 
Грамматика немесе синтаксистегі қателер қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін. Әдетте бұл 
шуылдан хабарламаны басқа тілде беретін адамдар зардап шегеді. 
Мәдени шуыл. 
Оның себебі көзқарастардағы, әдеттердегі, дәстүрлердегі әлеуметтік, саяси, діни және кәсіби 
айырмашылықтар болып табылады, олар белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды басқаша 
түсінуге әкеп соғады. 
Психологиялық шуыл. 
Қабылдаушының көңіл-күйі тиімді байланысқа жетелеуі немесе керісінше, оны қиындатуы 
мүмкін. Ашу-ыза немесе мұң хабарламаны қабылдауға кедергі келтіреді.
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес 
Уақыт: 5 минут 
 
Вербалды байланыс – ол біз айтатын сөздер. Ол сөздердің мағынасы. Жазу және сөйлеу өте 
маңызды.
 
Вербалды емес байланыс:
Дыбыстық: дауыс тембрі, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, тіл (әсіресе шет тілі болса). 
Визуалдық: көз қарашығының өлшемі; сөйлеушілер арасындағы арақашықтық; тыныс алу 
жиілігі; қимылдар, дене қимылдары; дене мүсіні; киім; бет әлпеті; мәртебе белгілері; көзге 
тіке қарау. 
Вербалды коммуникация белгілі бір ақпаратты беретін ауызша және жазбаша байланыстарды 
қамтиды. Вербалды емес коммуникация сөздерді, ауызша немесе жазбаша тілді қолданбай 
ақпарат беруді білдіреді. Бұл ретте біз ақпаратты көзбен көру арқылы алып, оны бет әлпеті, 
қимыл, тұрыс, мимика, жалпы сыртқы көрініс сияқты мінез-құлықтың мәнерлі 
элементтерімен бекітеміз. Вербалды емес коммуникация сөздерді толықтырады, суреттейді 
немесе ерекшелеп көрсетеді. Кейде вербалды емес сигналдар мен ауызекі сөз тіпті бір-біріне 
қайшы келеді. Бұл жағдайда біз әдетте естігеннен гөрі көргенге көбірек сенеміз. Осылайша, 
вербалды емес коммуникация тиімділігі жағынан кейде вербалды коммуникациядан да асып 
түседі. 
Вербалды және вербалды емес коммуникация арасында келесі айырмашылықтарды бөліп 
көрсетуге болады. 
Вербалды коммуникация саналы, ал вербалды емес сигналдар автоматты және бейсаналық 
болып табылады. Адам қандай да бір әңгіме барысында дене қимылдарын жоспарламайды
бірақ әдетте не айтқысы немесе жазғысы келетіні туралы ойлайды. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
29 
Вербалды емес коммуникация вербалды коммуникация сияқты әрдайым анық бола бермейді 
және нақты ережелермен анықталмайды. Егер сұхбаттас сағатқа қараса, ол не білдіруі мүмкін? 
Ол сөйлесуден шаршады ма, әлде шұғыл жұмыстары бар ма? 
Байланыс туралы әсер, әсіресе бір-бірін онша танымайтын немесе мүлдем бейтаныс 
адамдарда 90%-ға вербалды емес элементтерден және тек 10%-ға вербалды компоненттен, 
яғни әңгімелесушінің не айтатынынан тұрады. Осыдан болар, қазір әлеуметтік желілерде бет-
жүзі әдемі, жақсы сөйлейтін танымал блогерлер өте көп, бірақ олардың сөздері көп жағдайда 
мағынасыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет