БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
37
Уақыт: 7 минут
Процесі:
Әрбір оқушы «иә» сөзін барынша көп интонациямен айтуы, ал тыңдап отырғандар оларды
санауы тиіс. Тренер төменгі шекті белгілейді, ол топтың даму деңгейіне байланысты кемінде
5, 8, 10 түрлі интонация болуы мүмкін.
Сынып
екіге бөлініп, «Бері кел» сөйлемін түрлі интонациямен айтуы тиіс (ашу, қуаныш,
таңғалу, ойға бату және т.б.)
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
Уақыт: 5 минут
Сөйлеу қарқыны.
Уақытқа 100 метр жүгіру керек болғанда біз баяу жүріп,
айналадағы пейзажға
қызығушылықпен қарамаймыз. Жоқ, біз жүгіреміз. Және керісінше,
егер біз ешқайда
асықпасақ, өз ырғағымызға сәйкес жүреміз.
Біз көбінесе өзімізге ыңғайлы қарқынмен сөйлейміз. Уайымдаған кезде тезірек сөйлейміз.
Күмәнданған кезде баяу сөйлейміз. Сапалы сөз сөйлеу үшін қарқын өте маңызды.
Кідірістер.
Интонацияда паузалар ерекше орын алады (лат. pausa, грек. рausis – тоқтату, тоқтау). Тілде де,
музыкада да кідіріс – үнсіздіктің белгісі. Кідірістер қажет, өйткені олар сөйлеу ағынын бұзады
және мағынаны қабылдауды жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: