Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Презентацияны визуалдық түрде қалай ресімдеуге болады?



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Презентацияны визуалдық түрде қалай ресімдеуге болады? 
Ең стандартты және кең таралған әдіс – презентацияны Power Point-те жасау. Ол Windows 
жүйесін қолданатын барлық компьютерлерде бар, бұл формат көбінесе презентация көрсету 
үшін қолданылады. Mac жүйесіндегі аналогы – Keynote. 
Мұндай презентациялар мультимедиялық деп аталады, яғни ақпаратты берудің түрлі 
тәсілдерін (мәтін, суреттер, бейнелер, анимация, графика және т.б.) қолданатын 
презентациялар болып табылады.
Мультимедиялық презентация жасау үшін тағы қандай бағдарламалар немесе ресурстарды 
білесіңдер? 
Ең жиі қолданылатындары: 
Google презентациялары – файлдарды жасап, оларды өңдеуге және көрсетуге, сонымен 
қатар басқа пайдаланушылармен бірге кез келген жерде және кез келген уақытта жұмыс 
істеуге болады, мұның бәрі тегін. Шаблондар болады, жеке материалды (фотосуреттер, 
суреттер, бейнелер, аудио) жүктеп, басқа Google құралдарын қолдануға болады. Дайын 
файлды әртүрлі форматта, оның ішінде ppt (Power Point) және pdf форматтарында сақтауға 
болады. 
Canva – презентациялар мен түйіндемелерден бастап, есімхаттар мен мұқабаларға дейін бәрін 
жасауға болатын онлайн-конструктор. Өлшемдері қолайлы, көптеген әлеуметтік желілерге 
арналған сурет шаблондары бар (Instagram жарияланымдары мен stories бөлімдері). 
Презентация шаблондары мен суреттердің кітапханасы бар, сонымен қатар жеке суреттерді 
жүктеуге, дайын файлды әртүрлі форматта, оның ішінде ppt (PowerPoint форматы) және pdf 
форматтарында сақтауға болады. Ұялы қосымшасы да бар. 
Айтпақшы: pdf форматында сақталған презентацияны слайд режимінде де көруге 
болатындығын білдіңдер ме? Сендерге файлды Acrobat DC бағдарламасы арқылы ашу керек 
(pdf файлдарын көруге және онымен жұмыс істеуге арналған ең көп таралған бағдарлама). 
Тағы бір нұсқа: 
Үлкен парақтардағы презентациялар – компьютерсіз презентация жасаудың бір түрі. 
Үлкен парақтарды пайдалану тұтас суретті жасауға және оны топтың барлық мүшелеріне 
жеткізуге; осы суреттегі өзгерістерді тудыратын факторларды ескеруге және көрсетуге 
мүмкіндік береді. Ол күрделі процестің сызбасын жасауға көмектеседі, осылайша оны 
жақсартуды жеңілдетеді. Онда жобаның барлық мүдделі тараптарын қамтитын карта жасауға 
болады. 
Мұндай презентацияларды жасау кезінде әртүрлі құралдар қолданылады: түрлі-түсті 
маркерлер, өлшемдері мен түстері әртүрлі жапсырмалар, ашықхаттар мен коллаждар және т.б. 
Бұл нұсқа 100 адамға дейінгі аудитория үшін қолайлы; көрермендер залда тиісті түрде 
орналасуы керек, әйтпесе ақпарат көрінбейді. 
Ірі компаниялар үшін маңызды мультимедиялық презентацияларды дизайнерлер графикалық 
редакторларда құрастырады, олармен жұмыс істеу әдісін үйренуге болады. БІРАҚ 
презентацияның сапасы мен нәтижелілігі – бұл визуалдық сурет емес, оған салған логика мен 
мағына! Біз осындай презентацияларды әзірлеу дағдыларын қазірден бастап үйренетін 
боламыз. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет