Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
 
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
 
2 топ құрыңыз.
Топтар «Креативтілік дегеніміз – ол…» тақырыбын ашу үшін бір нәрсе жазып, бейнелеуі тиіс. 
Жұмыстарын басқа топтарға көрсетіп, презентация жасайды. 
Ой-талқы қорытындысы – мұндай қасиеттер бәрінің бойында бар, оларды тек дамыту керек! 
 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
 
Креативтілік – ол мүмкіндіктерді көру/табу қабілеті. 
Шығармашылық қабілеттер – адамның шығармашылық шешімдерді, түбегейлі жаңа 
идеяларды қабылдау және құру қабілеті. 
Күнделікті өмірде шығармашылық қабілеттер тапқырлық ретінде көрінеді – ол мақсатқа 
жету, қоршаған ортаны, заттар мен жағдайларды әдеттен тыс қолдана отырып, шешімі жоқ 
болып көрінетін жағдайлардан шыға білу деген сөз. 
Кең мағынада – ол мәселенің ерекше және тапқыр шешімі, әдетте мамандандырылмаған 
құралдар немесе ресурстар арқылы қабылданады. Сонымен қатар, бұл проблемаларды 
ерекше, стандартты емес түрде шешу қабілетін де білдіреді. 
Көп жағдайда адамдар креативтілікті кәсіптермен (жазушылар, суретшілер, сценаристер, 
режиссерлер, бишілер және т.б.) немесе шығармашыл тапсырмалармен (жаңа стратегияларды, 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
52 
өнімдерді, шешімдерді әзірлеуге арналған ой-талқылар) байланыстырады. Бірақ креативті 
ойлау – бұл жағдайға жаңа көзқараспен қарау деген сөз. Креативтілік бәріне керек! Барлық 
кәсіптерде және кәсіби қызметтен тыс жерлерде шығармашылық болуы тиіс.  
Шығармашылық көбінесе ретсіздікпен және логиканың жоқтығымен байланысты болғанына 
қарамастан, креативті ойлау әдісіне аналитикалық және ұйымдастырушылық қабілеттер тән. 
Ерекше шешім қабылдау үшін қазіргі уақытта осы салада не болып жатқанын түсіну, зерттеу, 
талдау, қиын жағдайдан шығудың стандартты емес нұсқаларын іздеу қажет. 
Маңызды ерекшелігі – ол жаңа нәрсені қабылдау, тәуекелге бару және стереотиптерді 
ұстанбау болып табылады. 
Біз бүгінгі және келесі сабақта креативтілігімізді түрлі жаттығулар арқылы жаттықтырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет