Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Топта жұмыс істеу 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
 
Жұмыс топтарына бірігіп, өз тақырыптарың бойынша сөйлеу жоспарын құрыңдар. 
Қатысушылардың жанында болыңыз, қажет болса, көмектесіңіз. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Кез келген ыңғайлы немесе қызықты конструктор арқылы слайд түрінде презентация 
жасаңдар. Компьютер немесе телефон болмаған кезде немесе саналы таңдау кезінде – 
презентация плакаттарда көрсетілуі керек. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
51 
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
 
Мақсаты: қатысушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру. 
Қалаулы нәтиже: қатысушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көреді; 
қатысушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; қатысушылар күнделікті өмірде жан-
жақты болуға ынта алады. 
19-сабақ 
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту. 
Ұғымдар: Креатив, креативті ойлау қабілеті. 
Сабақтың мақсаты: заманауи әлемде креативтілік қасиетінің маңыздылығын түсіну; 
креативті адамдардың ойлау қабілетінің ерекшелігін түсіну. 
Әдістері: ой-талқы, шағын дәріс, жаттығулар. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, проектор (интерактивті тақта), бейнежазбалар, апта 
күндері жазылған парақшалар. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет