Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Тақырыптан жалтару. Егер адамға ыңғайсыз немесе жағымсыз сұрақ қойылса, ол мәселенің 
мәнінен алшақтататын жауап қайтара алады. Мысалы, «Кеше тағы ыдыс жуған жоқсың» – «Ол 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
65 
алдыңғы күні болды». Абстракция. Бұл тақырыптан жалтарудың жиі қолданылатын 
нұсқаларының бірі. 
Мысалы: «Мені сүйесің бе?» – «Философтар махаббат не деген ортақ қорытындыға әлі келген 
жоқ». 
 
Шамадан тыс жалпылау. Біз оны бойымызда «ішкі сыншы» оянған кезде өзімізге қатысты 
және сезімдеріміз жараланған кезде басқаларға қатысты қолданамыз. Жеке жағдай заңдылық 
ретінде, ал адамның ситуациялық мінез-құлқы оның тұлғасының қасиеті ретінде 
қабылданады. Жалпылау мәселенің мәнін бұрмалайды және егер сұхбаттасушы шынымен 
қателік немесе әдепсіздік жасаса, оны ренжітеді. Егер біз өзімізге теріс жалпылау жасасақ, бұл 
дәрменсіздік сезімін тудырады. Мысалы: «Сен әрдайым сөзімді бөлесің», «Мен адамдарға 
ешқашан ұнамаймын». 
Шынайы болмау. Біз осал болып көрінуден қорқатындықтан, сонымен қатар стратегиялық 
тұрғыдан өз сезімдерімізді көрсете бермейміз. Бірақ шынайы болмау жанжалды одан әрі 
ушықтырады. Егер адамнан бір нәрсе алғыларың келіп (және сендерге оны беруі тиіс деп 
ойласаңдар), өз тілектеріңді тұспалмен білдірсеңдер, түсінбеушілікті одан бетер 
арттырасыңдар. 
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер 
Уақыт: 15 минут 
Процесі: 
5 топ құрыңыз. Оларға жоғарыда аталған, диалогқа кедергі келтіретін тәсілдерді таратыңыз. 
Қатысушылардан өз көріністерін қоюды сұраңыз, онда жанжалдың бір қатысушысы осындай 
мінез-құлық танытсын. Көрініс қою уақыты – 10 минут. Презентация. Талқылау. 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
Біз бір жыл бойы түрлі дағдыларды үйрендік. Көшбасшы, яғни процесс, қарым-қатынас және 
нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдауға дайын адам ретінде сендер командадағы жанжалды 
елемей жүре алмайсыңдар. Жанжалды жағдайларды басқаруды үйрену керек! 
Жанжалды басқару дегеніміз – оны барынша ерте және аз шығынмен аяқтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет