Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Әртүрлі қарым-қатынас стильдері. Аналитикалық ойлау қабілеті дамыған тұйық адам 
эмоционалды сыныптастарына қарағанда суық әрі тәкаппар көрінеді. 
Өзгерістерді қаламау. Сен үйде туған күніңді басқаша атап өтуді ұсынасың, бірақ оның 
мүмкін еместігі туралы дәлелдерді ғана естисің. 
Міндеттерді бөлу туралы келісе алмау. Досың екеуің «Тик-Токта» қызықты парақшаны 
бірге жүргізуге шешім қабылдадыңдар, бірақ бір-бірің туралы өте аз идеялар ойлап табады 
деп ойлайсыңдар.
Өзін-өзі дәлелдеу ниеті. Білгіш адам басқалармен мұғалім секілді сөйлеседі, өйткені өзін 
құзыретті сезінгісі келеді және бұл әрекеті бәрін ашуландыратынын түсінбейді. 
Әр жанжалда мәселенің мәнін табу өте пайдалы. Егер осы дағдыға ие болсаңдар, кез келген 
келіссөздер тезірек өтеді. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
63 
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
 
3 адамнан тұратын шағын топтар құрыңыз. 
 
 
Ережелері:
Мектепте соңғы қоңырау ұйымдастырып жатсыңдар деп елестетіп көріңдер. Керемет мереке 
ұйымдастыру үшін сендерге миллион теңге бөлінді. Ақшаны қалай жұмсау керектігін шешу 
қажет. Талқылауға бір жарым минут беріледі, әр сөйлемді «Иә, бірақ...» сөздерімен бастау 
керек.
Екінші айналымға тағы бір жарым минут беріледі, бірақ енді сөйлемді «Иә, және ...» 
сөздерімен бастау керек.
Ең соңында қатысушылар екінші сөзді қолданған кезде келісімге келу қаншалықты оңай 
екенін салыстыруы тиіс. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
«Иә, бірақ... Иә, және…» сөздерін қолданып, үйде ойнап көріңдер. Айырмашылықты 
байқадыңдар ма? 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
64 
24-сабақ 
Тақырыбы: Жанжалдар. 
Ұғымдар: Жанжалдағы мінез-құлықтың 5 стратегиясы. 
Сабақтың мақсаты: жанжалдағы мінез-құлықтың 5 стратегиясымен танысу; жанжал 
кезінде қандай әрекет ету әдісін қолданатынымызды ұғынып үйрену; әр адам үшін қай 
стратегия тиімді әрі қолайлы екенін түсіну. 
Әдістері: жаттығулар, шағын дәріс, дәптермен жұмыс істеу. 
Ресурстар: плакаттар, проектор, жұмыс дәптерлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет