БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
62
Теориялық блок
Уақыт: 5 минут
Біз жанжалдарды көбінесе жаман нәрсе деп қабылдаймыз, бірақ бұл адамдар арасындағы
қарым-қатынас пен өмір динамикасының табиғи бөлігі. Тіпті табиғатта да қарсыласу мен
соқтығысу үнемі орын алады, мысал ретінде табиғат күштерінің күресі немесе қасқырдың
қоянның артынан қууын келтіре аламыз.
Жанжалдар жақсы нәрсеге жетелеуі мүмкін, өйткені олар бізді ерекше шешім іздеуге
мәжбүрлейді, осылайша жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.
Сонымен қатар, жанжалдарды шешу арқылы біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Қатысушылар
басқалардың есебінен жеңе аламыз деп ойлағанда немесе жауды құрметтемегенде жанжал
нақты проблемаға айналады. Сондықтан кез келген жанжалды өзара жеңіс мақсатында
шешуге тырысу керек.
Сонымен қатар, біз көбінесе жаудың іс-әрекетінен алған моральдік зиянды асыра айтамыз
және өзіміз біреуді ренжіткен кезді әлдеқайда аз байқаймыз. Сондықтан атмосфераны бақылау
және қарсыласты қорламау өте маңызды.
Жанжалды тудыратын көптеген себептер бар, бастысы – олардың мәні неде екенін түсіну.
Мысалдар:
Адалдықтан айырылу. Сен досыңа өзіңді алаңдататын сезімініңді ашып айттың, ал ол оларды
жоққа шығарды.
Әлеуметтік құрылымнан шығару. Достарың жиналып, сенсіз кеш өткізді, сен өзіңді
оқшауланған болып сезінесің және ренжисің.
Мақсаттардағы айырмашылық. Қыз бала астанадағы университетке түседі және мансап
туралы армандайды, ал оның сүйген жігіті туған қаласында қалып, ерте отбасы құрғысы
келеді.
Қызығушылықтардағы айырмашылық. Бір әкенің бос уақыты аз, оны хоббиіне арнағысы
келеді, ал әйелі мен балалары оның назарын өздеріне аударғылары келеді.
Достарыңызбен бөлісу: