Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Тіпті «жанжалды және жанжалсыз ойлау түрлері» болады



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Тіпті «жанжалды және жанжалсыз ойлау түрлері» болады. 
«Мен – Сен» (біз басқаларға адам сияқты, сезімдері мен тәжірибелері бар тұлғалар ретінде 
қараймыз; жанжалсыз ойлау түрі). 
«Мен – Бұл» (басқалары адамгершіліктен айырылған кезде олар біз үшін тек объектіге 
айналады; ойлаудың жанжалды түрі). 
Бұл жанжалмен жұмыс істеудегі бірінші қадам.
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
60 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Сабақта үйренгенді достарың мен жақындарыңа айтып, бөлісіңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
61 
23-сабақ 
Тақырыбы: Жанжалдар. 
Ұғым: жанжалдың позитивті нәтижесі. 
Сабақтың мақсаты: «жанжалдың позитивті нәтижесі» ұғымымен, оның құраушыларымен 
танысу; жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын меңгеру; тиімді қарым-қатынастың 
өзіндік тәсілдерін әзірлеу қабілетін дамыту. 
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар. 
Ресурстар: А4 парақтары, қаламдар, плакаттар, проектор. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: А4 парақтары, қаламдар 
Процесі: 
 
Қатысушыларға біраз ойланып, қиялдауды ұсыныңыз.
5 шағын топ құрыңыз. Қатысушыларды бір-бірінің жанына отырғызыңыз. Әр шағып топқа бір 
А4 парағы мен бір қалам беріңіз. 
1-раунд: парақта жанжалды жағдай мысалын жазу. Сипаттамасы бөтен адам түсінетіндей 
болуы тиіс. Жазуға берілген уақыт – 5 минут. 
2-раунд: парақтар сағат тілі бойынша екінші шағын топқа беріледі. Тапсырма – жанжалды 
жағдайды оқу және осы жанжалдың қатысушылары үшін бір ықтимал позитивті нәтиже жазу. 
Уақыты – 2 минут. 
3-раунд: парақтар сағат тілімен келесі топқа беріледі, тапсырма дәл сондай, бірақ тағы бір 
ықтимал позитивті нәтиже жазу керек. Уақыты – 2 минут. 
4 пен 5 раунд дәл сондай. 
6-раунд: парақтар бастапқы авторларына оралады. Қатысушылардан басқа шағын топтардың 
не жазғанын оқып, жанжалды жағдайдың өз позитивті нәтижесін жазуларын сұраңыз – 3 
минут беріледі. 
 
Топқа келесі сұрақтар қойыңыз:
- Жанжалдардың нәтижелері позитивті болады деп ойладыңдар ма?
- Жанжалды жағдайды сипаттау оңай болды ма, әлде қиын болды ма? Неліктен?
- Жанжал салдарын позитивті жағынан көру қиынға соқты ма?
Тапсырманы қорытындылаңыз.
Жанжалды жағдайларда адамның көңіл-күйінің позитивті болғаны маңызды. Тіпті жағымсыз 
жағдайдың өзінде жақсы нәрсе табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет