БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
69
26-сабақ
Тақырыбы: Кіріспе сабақ.
Ұғым: анонс.
Сабақтың мақсаты: алдағы сабақ тақырыптарымен танысу; алдағы сабақ тақырыптарын
оқу аясында өз қажеттіліктерін анықтау; өзін-өзі талдау дағдысын бекіту.
Әдістері: дәптерде жеке жұмыс істеу, өзін-өзі талдау, ой-талқы.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптерлері, «Болжамдар» плакаты.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу.
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 5 минут
Кіріспе бөлім. Алдағы сабақ тақырыптары туралы айту және «Болжамдар» плакатын
толықтыру
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушыларға алдағы сабақ тақырыптары туралы айтыңыз. «Болжамдар» плакатын
қатысушылардың жаңа ұсыныстарымен толықтырыңыз.
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
Уақыт: 20 минут
Материалдар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері
Процесі:
Қатысушыларға өздері туралы ойланып, қиялдап көруді ұсыныңыз.
«Он жылдан кейін қандай боласыңдар? Көздеріңді жұмып, елестетіңдер – сендер жетістікке
жеткен ересек адамсыңдар. Неге қол жеткіздіңдер? Айналадағы адамдар қандай? Немен
айналысасыңдар? Өмірлерің несімен қызық?»
Топты бағыттап, болашақтары жайлы тыныш отырып ойлану үшін бірнеше минут уақыт
беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: